Жұқпалы аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection – жұқтыру) –  бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Адам патологиясының  ішінде үлес салмағы 60-70 % (ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында). Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохеталар, саңырауқұлақтар және т.б. болуы мүмкін.

Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жұғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру – аса қауіпті жұқпа деп аталады.

Негізгі бөлім

Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:

  • ауру қоздырғышы (микроб),
  • сыртқы орта және
  • қабылдаушы сезімтал организм.

Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, және т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.

Жұқпалы аурулар кезеңдері:

  • жасырын (инкубациялық),
  • күмәнді (продромалдық),
  • ауру дамуы және
  • айығу (реконвалесцениттік)

20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эволюциялық даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б.

Аса қауіпті жұқпалы аурулар

Қазіргі таңда аса қауіпті жұқпалы аурулар (АҚЖ) термині ТМД елдерінде ғана қолданылады. Басқа елдерде  бұл түсінік халықаралық масштабта денсаулыққа аса қауіпті  жалпы жұқпалы аурулар деп танылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аса қауіпті жұқпалар тізіміне 100 аса аурулар кіреді.

Карантиндік жұқпаларға халықаралық санитарлық келісімдер таралған. Келісім қатаң мемлекеттік карантинді  ұйымдастыру іс-шаралары  тізімі кіретін құжат. Келісім аурулардың жүріп-тұруын шектейді. Жиі жағдайда карантиндік іс – шараларға мемлекет әскери күштерін жұмылдырады.

Карантиндік жұқпалар тізімі: полиомиелит,оба (өкпелік түрі), тырысқақ, табиғи шешек, сары безгек, эбол қызбасы және Марбург, тұмау (жаңа түр-түрлері), өткір респираторлық синдромы (АҚРС) немесе Sars.

Табиғи шешек жер бетінде жоғалған ауру деп саналғанына қарамастан ол  аса қауіпті инфекциялар қатарына кіреді, өйткені бұл аурудың қоздырғышы кейбір елдерде биологиялық қару арсеналында сақталуы мүмкін.

Халықаралық бакылауға алынған аса жұқпалы аурулар тізімі: бөртпе және қайтармалы тифтер, тұмау (жаңа түрлері), полиомиелит, безгек, тырысқақ, оба (өкпелік түрі), сары және гемморагиялық безгегі (Ласса, Марбург, Эбола безгегі, Батыс Ніл).

Өңірлік (ұлттық) қадағалауға жататын аса қауіпті инфекциялар  тізімі: ЖИТС, сібір күйдіргісі, маңқа, мелиоидоз, туляремия, сарып, риккетсиоз, орнитоз, арбовирустық инфекция, ботулизм, гистоплазмоз, бластомикозы, менингококктық инфекция, Рифт-Валли және Денге лихорадкасы

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.

«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

                   Туляремия

Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

  • Туляремияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары мен ұйымдарының табиғи ошақтардың (туляремияның белең алулары бұрын болған және қоздырғыштарының өсірінділері оқшауланған аудандардан бастап) ландшафтылы типтеріне байланысты эпизоотологиялық тексеру (көктемде және күзде) жүргізуі болып табылады.
  • Туляремияның табиғи ошақтарын эпизоотологиялық тексеру негізінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
    1) кейіннен тиімділікті бағалау арқылы іс-шараларды жүргізу көлемін және мерзімдерін негіздей отырып, туляремияның табиғи ошақтарын сауықтыру (дезинфекция, дератизация, кенелерді жою);
    2) жаңа аумаққа инфекцияның әкелінуінің алдын алу;

3) медициналық қызметкерлерді даярлау;

4) халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу.

  • Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялау қажеттілігін және жүргізу көлемдерін анықтайды.
  • Вакцинациялауға жататын контингентті жоспарлау және іріктеу табиғи ошақтардың эпидемиялық белсенділік дәрежесін есепке ала отырып, сарапталып жүзеге асырылады.
  • Адамдарды туляремияға қарсы профилактикалық вакцинациялауды (ерекше вакцинация) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне, және оларды жүргізу ережесіне халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органы жүргізуі тиіс.
  • Жайылмалы-батпақты, тау етегіндегі-өзен типіндегі табиғи ошақтарда және тұрақты резервация аймағының аумағында 7 жасқа дейінгі балаларды, 55 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, барлық тұрғындар жоспарлы вакцинацияланады.
  • Оқшау ошақтар аймағы аумағындағы табиғи ошақтарда жоспарлы екпелер туляремияның оқшау, нақты шектелген ошақтары бар жекелеген аудандар аумақтарында орналасқан елді мекендерде жүргізіледі.
  • Тоғайлы, далалық типтегі табиғи ошақтарда және тәуекел, шығару және салауаттылық аймағы аумағында мынадай тәуекел топтарына кіретін адамдар вакцинацияланады: аңшылар, балықшылар, олардың отбасы мүшелері, бақташылар, диқандар, мелиораторлар, сондай-ақ маусымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар.
  • Әрбір 5 жыл сайын қайта вакцинациялау жүргізіледі.
  • Туляремияға қарсы вакцинациялаудың уақтылы және сапалы өткізілуін бақылауды аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүзеге асырады.
  • Туляремиямен ауыратын науқас анықталған немесе оған күдік туындаған кезде ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар 12 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.
  • Диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен медициналық ұйым да 12 сағат ішінде ауру анықталған жердегі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органына өзгертілген диагнозды, оның қойылған күнін және алғашқы диагнозды көрсете отырып, жаңа шұғыл хабарлама жібереді.
  • Эндемиялық аудандарда бес күннен астам уақытта қызбамен ауыратын науқастардың, лимфадениттер, конъюктивиттер, этиологиясы белгісіз паротиттер мен баспамен ауыратын науқастардың қан сарысуын туляремияға серологиялық зерттеу жүргізіледі.
  • Туляремияның абдоминалдық, өкпелік, конъюнктивалық-бубонды, ангиноздық-бубондық, ойық жаралы-бубондық және бубондық түрлері бар науқастар ауру орташа және ауыр өткен жағдайда стационарлардың инфекциялық бөлімшелеріне жатқызылады.
  • Ауру жеңіл өтетін терілік-бубондық және бубондық түрлері, қалыпты лимфаденит пен 37,50С-дан аспайтын қызбалы реакция болған кезде амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі.
  • Туляремиямен ауырған адаммен байланыста болған адамдарға антибиотиктермен профилактика және медициналық бақылау жүргізіледі.
  • Адамның туляремиямен ауыруы жағдайларын аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тұрғыдан тексереді.
  • Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл эпизоотологиялық тексеру және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен туляремияның қоздырғышын тасымалдаушыларды және таратушыларды жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
  • Туляремиямен жаппай сырқаттану туындаған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдар тұрғындарға медициналық қадағалау ұйымдастырады және жүргізеді.
  • Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары белең алу типіне немесе аурудың жағдайына байланысты:
    1) суға, дайындалған теріге, ауланған жануарлардың тұтас еттеріне (аурудың кәсіпшілік типі кезінде);

2) қансорғыш буын аяқтыларға (трансмиссивті типі кезінде);
3) ауру жұқтыруы мүмкін шөпке, астыққа және басқа да өнімдерге (ауыл шаруашылығы типі кезінде);

4) тамақ өнімдеріне, ауыз суға, үйде тіршілік ететін кеміргіштерге (тұрмыстық типінде);

5) шикізатқа, малдан алынған кенелерге (өндірістік типінде) бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

  • Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аурудың типіне қарай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі:
    1) туляремияның суда белең алуы кезінде – шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін тексеру, тазалау және дезинфекциялау, шомылуға арналған жұқпалы су айдындарын пайдалануға тыйым салынады, ішу үшін тек қайнаған су ғана пайдаланылады;

2) трансмиссивті белең алу кезінде – қолайсыз аумақтарға туляремияға қарсы егілмеген адамдардың баруына шек қойылады, жәндіктердің, соның ішінде кенелердің санын азайту және оларды жою жөніндегі іс-шаралар (дезинсекция), қорғаныш киімі мен репеленттер пайдаланылады;
3) ауыл шаруашылығы жұмыстарымен байланысты белең алулар кезінде – дератизация, астық пен өңделмеген жемдерді залалсыздандыру, малдардағы иксодты кенелерді жою (кене басқан малды өңдеу (жоспарлы, шұғыл), ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарға жұқтырылуының алдын алу;

4) тұрмыстық белең алулар кезінде – кеміргіштерді жою, аулаларды, көшелерді, алаңдарды қоқыстан, сабаннан, шаруашылық қалдықтардан тазалау. Тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайларда дезинфекциялаушы құралдарды пайдалана отырып, кеміргіштерге тосқауыл, сумен тазалау қамтамасыз етіледі;

5) өндірістік жұқтыру кезінде – ауру жұқтырылған шикізат пен өнімдерді термиялық өңдеу жолымен залалсыздандыру жүзеге асырылады, ет комбинаттарында союға келіп түскен малдардағы кенелер жойылады;

6) аң аулаған кезде – қоянның, су тышқанының, көртышқанның және су егеуқұйрығының терісін сыпырып, денесін бөлшектегеннен кейін адамның қолы дезинфекцияланады, сыпырылған терілер залалсыздандырылады.

                 Қырым–Конго геморрагиялық қызбасы

Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

  • Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – ҚКГҚ) бойынша эндемиялық аумақта шағын топтардың жылына кемінде екі рет (сәуірде-маусымда және қыркүйекте-қазанда) зоологиялық-паразитологиялық тексеру жүргізу болып табылады; ерте және жылы көктем болатын жылдары тексеру наурызда басталады.
  • Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен органдарының және обаға қарсы күрес ұйымдарының бейінді мамандарынан құралады.
  • Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтар:
    1) түрлері және биотоптары бойынша кенелер санын есепке алуды (к2) бақылау табындарында 5-10 мал басын тексеру жолымен олардың жұқтыру деңгейін бағалау үшін ауыл шаруашылығы жануарларынан кенелерді жинауды;

3) кенелердің түрлік құрамын анықтауды;

4) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде олардың негізгі және жанама қоректендірушілерін айқындауды;

5) кенелер популяциясының санына табиғи, антропогенді және шаруашылық факторларының әсерін талдауды;

6) кенелердің тіршілік әрекеті цикліне фенологиялық бақылауды;

7) зертханалық зерттеу үшін ашық жерлерде және көбейетін орындарда (үй-жайлар, індер) кенелердің әртүрлі даму кезеңдерінде оларды жинауды;
8) кенелердің өте көп пайда болуы және олардың адамдарға белсенді шабуылы кезінде үй-жайларды тексеруді;

9) ҚКГҚ-мен ауыратын науқастар тіркелген кезде елді мекендерді тексеруді;
10) жаздық жайылымға көшкен кезде мал шаруашылығы үй-жайларын, ашық қораларды және уақытша орындарда кенелердің бар-жоғын тексеруді (айына кемінде 1 рет);

11) кенелерге қарсы іс-шаралар жүргізілгеннен кейін табиғи ошақ аумағында сауықтыру дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

  • ҚКГҚ-ның табиғи ошақ аймағындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын:

1) кенелерге қарсы дәрілеу іс-шараларын жүргізу үшін дезинсекциялық құралдарды (препараттарды) қаңтардан кешіктірмей сатып алуды;
2) денсаулық сақтау, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринариялық-санитариялық бақылау органдарының және өзге де ұйымдардың кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізуін үйлестіруді;
3) мал шаруашылығы үй-жайларын, ҚКГҚ табиғи ошағы аймағында орналасқан елді мекендердегі жеке үй-жайларды тазалауды (қидан, қоқыстан) ұйымдастыруды;

4) малдарды жаздық жайылымға айдаған кезде уақытша орындарды, ашық қораларды және қоршаған аумақты тазалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

  • ҚКГҚ бойынша эндемиялық аумаққа жыл сайын кемінде екі рет (көктем, күз) кенеге қарсы жоспарлы іс-шаралар жүргізіледі.
  • Кенелерге қарсы іс-шаралар алдын ала немесе шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі.
  • Алдын ала профилактикалық жұмыстар алдыңғы өңдеу жылына алдын ала белгіленеді және жоспарлы тәртіппен орындалады; науқастар тіркелген жерлерде соңғы сырқаттану тіркелген кезден бастап кемінде екі жыл жүргізіледі.
  • Шұғыл алдын алу типі бойынша іс-шаралар өңдеу жоспарланбаған учаскелерде:
    1) адамның ҚКГҚ-мен сырқаттануы тіркелген жағдайларда;
    2) ҚКГҚ вирусының болуына кенелерді зерттеудің оң нәтижелері кезінде;
    3) кенелердің саны көп болған кезде жүргізіледі.
  • Кенелерге қарсы іс-шаралар мына бағыттарда жүргізіледі:
    1) ауыл шаруашылығы малдарындағы энзоотикалық ауруларды тасымалдаушы кенелерді және мал шаруашылығы қора үй-жайларындағы кенелерді жою – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелері ұйымдастырады;
    2) аула құрылыстарына кенеге қарсы өңдеу жүргізуді қоса алғанда, елді мекендердің жеке үйлеріндегі және мұнда ұсталатын малдардағы, оның ішінде үй құстарындағы кенелерді жою – үй және мал иелері жүргізеді;

3) кеміргіштерді терең дустациялау немесе аэрозоляциялау әдісімен кедергілік өңдеу (тұрақты немесе уақытша елді мекен айналасына қорғаныш аймағын құру) – аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдары мен обаға қарсы күрес ұйымдары жүргізеді;
4) тұрақты немесе уақытша елді мекендерде үй жануарлары болатын бұталарды, суаттарды және басқа жерлерді инсектоакарицидті препараттармен өңдеу – жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері ұйымдастырады;

5) агротехникалық және жалпы санитариялық іс-шаралар (үй-жайларды және аумақтарды қи мен қоқыстан, бұталардан механикалық тазарту, жарықтарды жөндеу, ойықтарды, індерді алдын ала мазутпен, автолмен, керолинмен және көрсетілген заттар сіңірілген балшық құя отырып) – үй иелері мен шаруашылық субъектілері жүзеге асырады. Барлық көрсетілген іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі.

  • Кенелерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген инсектоакарицидті құралдар пайдаланылады.
  • Қолдану түрі препараттарды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.
  • Hyalomma asiaticum asiaticum кенелері басым аудандарда кенелерге қарсы іс-шаралар наурыз-шілдеде және қыркүйек-қазанда, Hyalomma anatolicum кенелері басым орындарда шілде-тамызда жүргізіледі. Ошақтың паразиттік жүйесінде аталған түрлерден басқа Dermacentor niveus кенелері болған кезде кенелерге қарсы іс-шаралар жылдың барлық жылы мезгілде жүргізіледі.
  • Кенелердің ерте белсенділігі кезінде кенелерге қарсы іс-шараларды бастау бір айға жылжытылады: кенелерге қарсы іс-шаралардың бірінші туры наурызда басталады және сәуірдің басынан кешіктірмей аяқталады. Өңдеулердің біреуін мал қырқу алдында 1-2 апта бұрын жүргізеді.
  • Өңдеулер еселігі қолданылатын акарицидтердің қалдық әсерінің ұзақтығына байланысты айқындалады; осыған байланысты өңдеулердің жиілігі жылдың барлық жылы мезгілінде айына 2-3-тен 2-3-ке дейін өзгеруі мүмкін.
  • Hyalomma тұқымдас кенелермен күресу үшін кез келген инсектоакаридті заттарды жұмсау нормасын Ixodes тұқымдас кенелерге ұсынылғанмен салыстырғанда 2,5-3 есе көбейтіледі.
  • Жайылымдарды инсектоакарицидті заттармен өңдеуді мал көп жайылатын жерлерде жүргізуге болмайды. Эндемиялық аймақта олар ретті (КҚГҚ қоздырғышы анықталған жылдан кейінгі келесі 1-2 жылға ошақтық учаскелерді айналымнан алып тастау) пайдаланылады.
  • Науқас адамдарды анықтауды ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
  • КҚГҚ-ның белгілері бар адам медициналық көмекке жүгінген кезде медицина қызметкерлері биологиялық қауіпсіздік (медицина қызметкерінің өзіне, науқасқа және барлық айналасында адамдарға қатысты) қағидаларын сақтай отырып, науқасты тез арада инфекциялық бөлімшеге емге жатқызады және эпидемиологиялық анамнез жинайды.
  • Этиологиясы белгісіз қызбаға байланысты амбулаториялық емделіп жүрген науқастар геморрагиялық синдром қосылған жағдайда, алғашқы тексеру кезіндегі аурудың ауырлық дәрежесіне қарамастан, биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, инфекциялық бөлімшеге шұғыл емге жатқызылады.
  • КҚГҚ-ге күдіктену немесе онымен ауыратын науқас анықталған кезде медициналық ұйым 3 сағат ішінде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына шұғыл хабарлама жібереді.
  • Сырттан келген адам КҚГҚ-мен сырқаттанған жағдайда, науқастың тіркелген орны бойынша аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы 3 сағат ішінде оның тұрып жатқан орны бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды.
  • Эндемиялық аумақта жоқ дегенде бір науқас бар бүкіл елді мекен КҚГҚ эндемиялық ошағы болып есептеледі; эндемиялық аймақтан тыс орналасқан қалаларда және кенттерде науқастың болған орны (бөлек үй, пәтер немесе медициналық мекеме) эндемиялық ошақ болып есептеледі.
  • КҚГҚ ошағындағы барлық жұмыстар арнайы қорғаныш костюмінде (бұдан әрі – қорғаныш костюмі), арнайы аяқ киіммен (етік немесе қонышы ұзын бәтеңке) және резеңке қолғаптармен жүргізіледі.
  • Қорғаныш костюмдері болмаған жағдайда, комбинезон немесе басқа да қорғаныш киім пайдаланылады; бұл ретте оның жоғарғы бөлігін шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салады.
  • КҚГҚ ошақтарындағы жұмыс кезінде әр сағат сайын киімге түскен кенелерді уақытында анықтау үшін өзін-өзі тексеруді және бірін-бірі тексеруді жүргізу қажет.
  • Шағын зоологиялық-паразитологиялық топтардың персоналы қорғаныш киімінің импрегнациясы үшін аэрозольды акарорепелленттерді немесе ұнтақ тәрізді инсектоакарицидті заттарды пайдаланады. Импрегнация аптасына кемінде бір рет және әрбір кір жуған сайын жүргізіледі.
  • Ауыл шаруашылығы малдарын қырқу және жүндерді өңдеу қорғаныш киімі мен қолғаптарды киіп орындалады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика