Бүйрек және зәр шығару мүшелері ауруларының фармакотерапиясы
Пиелонефрит – бір мезгілде немесе біртіндеп бүйрек және бүйректің тостағаншаның паренхимасына зақым келтіретін спецификалық емес инфекциялық – қабыну үрдісі.
Пиелонефрит ағымына байланысты асқынған және асқынбаған болып бөлінеді. Асқынбаған түрі несеп жолдарының инфекциясы обстуктивті өзгерістері және қосымша ауыр аурулар жоқ болады. Асқынған пиелонефритпен ауратын пациенттерде несеп жолдарының обструктивті өзгерістер (құрылысы – несепағардың тарылуы, тастар, ісіктер, қуықасты безінің гипертрофиясы, нейрогенді қуық, қуық-несепағарлық рефлюкс), интрументалды зерттеу мен емдеуден кейін, қосымша ауыр аурулармен (қант диабеті, нейтропения) ауырғаннан кейін пайда болады.
Этиология. Асқынбаған инфекция түрін Enterobakteriaceae тұқымдасының микроорганизмдері туғызады. Негізгі қоздырғышы ішек таяқшалары – Escherichia coli сирек кезде Proteus spp., Klebsiella spp., және т.б. Симптомдары. Пиелонефриттін клиникалық суреттемесіне жалпы симптомдар (қалтырау, қызба, тахикардия, әлсіздік, кейде лоқсу мен құсу) және спецификалық белгілер (бел аймағында ауырсыну, диурездік жағдайлар) жатады.
Зерттеу және диагностика әдістері Қанды зерттеген кезде сол жақты нейрофильді лейкоцитоз, СОЭ, СРВ жоғарлауы гиперглобулинемия байқалады.
Пиелонефритті диагностикалауға басты ақпарат көзі несептін зертханалық зерттелуі болып табылады. Несептің микроскопиясында пиурия, кейде лейкоцитарлы цилиндрлар, бактериурия болып табылады. Несептің бактериологиялық зерттелуі инфекция қоздырғышын табуға мүмкіндік береді.
Қосымша зерттеу әдістері (бүйрек УЗИ, рентгенологиялық әдістер) асқынбаған пиелонефрит кезінде үлкен маңызы жоқ, ал асқынған түрінде бұл әдістер асқыну факторларын (тастар, қуықасты безінің гипертрофиясы) тауып және бағалауға көмек береді.
Пиелонефритті емдеу үшін ДЗ тағайындаудың клиникалы-фармакологиялық жолдары. Пиелонефриттің асқынған түрінде антибактериалды және дезинтосикациялық терапияны қатар қолданса науқастың тез және толық емделуіне әкеледі. Асқынған пиелонефрит кезінде берілген препараттардан басқа да қосымша емдеу әдістерін ауырлату факторларын жою үшін бағытталып жүргізіледі. Пиелонефрит емдеу жолдарын тандаған кезде ауру түрлеріне байланысты анықталады. өткізілген емнің нәтижесін бақылау. Антибактериалды терапияның нәтижесінің критериялары температураның қалыпқа келуі, ауру симптомдарының қарқынының төмендеуі және несепте бактериялар мен лейкоциттердің жойылуы болып келеді.
Этиологиялық емдеу
Этиологиялық емдеуге бүйрек венозды қанайналымына немесе несеп пассажының бұзылысына әкелген себептерді және инфекцияға қарсы терапия жатады. Несеп ағымын қалпына келтіру үшін хирургиялық әдіспен (қуықасты безінің аденомасын, несеп жолдар және бүйректегі тастарды алып тастау, нефропексия нефроптоз кезінде, несеп шығарғыш түтік немесе тостағаншалық несепағар сегментінің пластикасы және т.б) сонықтан несеп пассажын қалпына келтіру екіншілік пиелонефрит кезінде керек. Несептің пассажын керекті денгейге дейін қалпына келтірмеген жағдайда инфекцияға қарсы терапия аурудың тұрақты және ұзақ ремиссиясын бермейді.
Инфекцияға қарсы терапия созылмалы пиелонефриттің екіншілік және біріншілік варианттарын емдеуде ең басты шарасы болып табылады (егерде несеп жолдар бойымен несеп ағымы бұзылмаса). Препараттарды қоздырғыш түріне және оның антибиотиктерге сезімталдығын, алдыңғы емдеу курсы нәтижесін, препараттар нефротоксикалығын, бүйрек функциясының жағдайы, несеп реакциясынның дәрілік заттар эффективтілігіне әсерін ескере отырып тандайды.
Созылмалы пиелонефрит әртүрлі флорамен туады. Ең жие кездесетін қоздырғыш ішек таяқшалары одан басқа энтерококктар, вульгарды протея, стафилакокктар, стрептококктар, синегнойды таяқшалар, микоплазмалар, кейде саңырауқұлақтар, вирустар ауру қоздырғышы болып табылады.
Созылмалы пиелонефрит жиерек микробты ассоциациялар арқылы туады. Көп жағдайда ауруларды микроорганизмдер жасуша қабырғасын жоғалтып трансформиланған L-формалы бактериялар тудырады. L-форма – бұл химиотерапиялық заттарға микроорганизмдердің бейімделген түрінің жауабы. Өте көп қолданатын антибактериялық заттарға қабығы жоқ L-формалылар жету қиын, бірақ барлық токсикалы-аллергиялық қасиеттерін сақтайды және қабыну үрдісіне көмек береді.
Созылмалы пиелонефритті емдеуге әртүрлі инфекцияға қарсы препараттар – уроантисептиктер қолданады.
Пиелонефриттердің негізгі қоздырғыштары келесі уроантисептиктерге сезімтал.
Пиелонефриттің жеңіл және орташа ауырлық түрлері
Микробтарға қарсы препаратарды таңдау
Таңдау препараттары: пероральды фторхинолондар (левофлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин), амоксициллин/клавунат.
Альтернативті препараттар: пероральды цефолоспориндер ІІ-ІІІ ұрпағы (цефуроксим аксетил, цефалор, цефиксим, цефтибутен), ко-тримоксазол.
Терапия ұзақтығы: 10-14 күн
Пиелонефрит асқынған және ауыр түрі
Аурухана жатқызу керек. Дене қызуы қалпына келгенше дейін парентеральды препараттар емдеу үшін қолданады сосын пероральды антибиотиктер қабылдауға ауысады.
Микробтарға қарсы препаратарды таңдау
Таңдау препараттары: парентеральды фторхинолондар (левофлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин), амоксициллин/клавунанат, ампициллин/сульбактам.
Альтернативті препараттар: пероральды цефолоспориндер ІІ-ІІІ ұрпағы (цефуроксим аксетил, цефалор, цефиксим, цефтибутен), ко-тримоксазол.
Терапия ұзақтығы: пиелонефриттің жеңіл және орташа ауырлық түрлерінде қалтырау өткенге дейін антибиотиктерді парентералды енгізеді сосын антибиотиктерді пероралды енгізуге ауысады. Микробқа қарсы терапияның жалпы ұзақтығы 14 күнннен кем емес және клиникалы-зертханалық суреттемелер арқылы анықталады.
Бактерияға қарсы терапияны тағайындаудың негізгі ережелері:
- несептің микрофлорасына бактерияға қарсы заттардың сәйкес келуі және сезімталдығы.
- бүйрек функциясының жағдайына байланысты, СБЖ дәрежесіне ескере отырып препараттың дозалануы жүргізіледі.
- антибиотиктердің және антибиотиктердің нефротоксикалығын ескеру керек және нефротоксикалығы төмен таңайындайды.
- егерде препарат емдеуді бастаған соң 2-3 күн ішінде емдік қасиет көрсетпесе оны ауыстыру қажет
- қабыну үрдісінің белсенділігі өте жоғары болса, интоксикациясы айқын, аурудың ағымы өте ауыр, монотерапияның эффективті емес болған жағдайда уроантисептиктермен қосарлатып қолдану керек.
- бактерияға қарсы заттар әсеріне қолайлы қажетті несеп реакциясына қол жеткізу
Созылмалы пиелонефритті емдеуде келесі бактерия қарсы заттар: антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, нитрофуранды қосылыстар, фторхинолондар, нитроксолин, невиграмон, грамурин, палин қолданады.
СЕҚҚЗ қолдану
Соңғы жылдары созылмалы пиелонефритте СЕҚҚЗ қолдану мүмкіндігі туралы талқыланып жүр. Бұл препараттар қабынған аймақтың энергетикалық қамтылуын, капиллярлы өткізгіштігін төмендетеді, лизосома мембранасын тұрақтандырып, жеңіл иммунды депрессанттық әсерін, қызу төмендеткіш және жансыздандырғыш әсер туғызады соған байланысты қабынуға қарсы әсер береді.
Сонымен қатар СЕҚҚЗ қолданғанда инфекциялық үрдісті туғызатын реактивті құбылысты төмендетіп, пролиферацияны және фиброзды бөгеттерді жойып бактерияға қарсы препараттардың қабыну ошағына жетуіне көмек береді. Бірақ индометацин ұзақ уақыт қолданғанда бүйректік емізікшелерінің некрозы және бүйректің гемодинамикасының бұзылысы анықталған.
СЕҚҚЗ ішінде вольтаренді (диклофенак натрий) қабылдау дұрыс өйткені ол қабынуға қарсы әсері өте жоғары және токсикалығы төмен. Вольтаренді 0.25 г күніне 3-4 реттен тамақтан кейін 3-4 апта ішінде тағайындайды.
ЦИСТИТ
ЖЕДЕЛ АСҚЫНБАҒАН ЦИСТИТ
Микробтар қарсы препараттарды таңдау
Таңдаулы препараттар: фторхинолондар (левофлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин).
Альтернативті препараттар: амоксицилин/клавуланат, фосфомицин трометамол, нитрофурантоин, ко-тримоксазол.