Мендель заңынан өзгеше тұқым қуалайтын аурулар
Соңғы жылдардағы деректер бойынша тұқым қуалайтын аурулардың тек 1/3 ғана дәстүрлі, моногенді аутосомды жолдармен тұқым қуалайды. Қалған тұқым қуалайтын аурулардың тұқым қуалаушылығы Г. Мендель заңдарынан өзгеше болады. Қазіргі кезде оларды 4 топқа бөледі. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын аурулар, яғни жыныс хромосомаларындағы гендердің мутациясы арқылы дамитын аурулар; Митохондриялық аурулар – митохондриялардың құрылысының және биохимиялық үрдістерінің […]