Везикулярлық тасымалдау

Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бірі- заттар ағынын қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз: біріншіден- жасуша ішінде, кедір- бүдір эндоплазмалық торда синтезделген ақуыздардың органеллалар арасында әрлі- берлі тасымалдануы; екіншіден- көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың, асқорыту ферменттерінің, антиденелердің, өсу факторлардың және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы; үшіншіден- сыртқы ортадан жасушаға үнемі әртүрлі […]