Әртүрлі маман дәрігерлердің кәсіби өзгерістері

Дәрігер – аса жоғарғы жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Дәрігердің сыпайылығы, шынайылығы, адалдығы, әділеттілігі, жанкештілігі, сонымен қатар коммуникативті компетенттілігінің жоғары дәрежеде болуы көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне оң әсерін тигізеді. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі  профессиональді маңызды қасиет. Дәрігер мамандығы әр түрлі дәрежеде, интенсивті және ұзақ қатынаста жүруімен сипатталады: науқастармен, олардың туысқандарымен, медициналық персоналмен, медициналық қызметкерлермен және санитардан бастап бас […]