Дәрігер – аса жоғарғы жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Дәрігердің сыпайылығы, шынайылығы, адалдығы, әділеттілігі, жанкештілігі, сонымен қатар коммуникативті компетенттілігінің жоғары дәрежеде болуы көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне оң әсерін тигізеді. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі профессиональді маңызды қасиет. Дәрігер мамандығы әр түрлі дәрежеде, интенсивті және ұзақ қатынаста жүруімен сипатталады: науқастармен, олардың туысқандарымен, медициналық персоналмен, медициналық қызметкерлермен және санитардан бастап бас дәрігерге дейін, медициналық кеңселердің жетекшілерімен қарым-қатынасқа түседі. Дәрігер мінез-құлығы, адамгершілік дәрежесі түрлі деңгейдегі науқастармен жұмыс жасап, қарым-қатынаста болады. Сондықтан әр бір дәрігердің жоғары коммуникативті компетентті болуы шарт. Ал керісінше жағдайда, дәрігер ем жүргізу процессінде, науқастармен қарым-қатынас жасау барысында ешқандай жетістіктерге жете алмайды. Керісінше, науқастардың әртүрлі шағымдарына, арыз беру жағдайларына тап болуы мүмкін.
ІІ. Негізгі бөлімі:
«Дәрігердің өмірдегі маңызы»
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П. Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» — деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету — дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. Бір ғана дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің ( 1762 — 1836) сөздері қаламбур сияқты естілгенімен, мағынасы өте зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі». Дәрігердің ауру адамға көмегі тек оның толық сауығуына шейін емдегенде ғана толыққанды бола алады. Дәрігердің қарапайымдылығы — оның ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина көптеген керемет жетістіктерге жетті. Дегенмен, қазіргі кездің өзінде де біздің білгенімізден білмейтініміз көп: біз қолымыздан келіп, қанша тырысып, соған жеткіміз келсе де, көбінесе ауру адамға толыққанды көмек көрсете алмай жатамыз аурудың түрлері мен лоарды емдеу жолдары туралы біліміміздің жетіспейтіндігін мойыелау өзіңді кінәлау үшін емес, ол өзіңді — өзің тәрбиелеудегі, біліміңді жетілдірудегі басты қағида болуы қажет. Дәрігердің білім деңгейі мен жинаған тәжірибесі өз алдына бір бөлек. Белгілі дәрігер Абу Али Ибн Сина (Авиценна) адам шығармашылығының қорытындысын былайша белгілеген: « Мы умираем и с собой уносим лишь одно: сознание, что мы ничего не узнали». Дәрігердің өмірі – бұл ешқандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті — өмір бойы қоғам үшін оқу» — деген екен беделді клиницист А.А.Остроумов( 1844 — 1908).
«Жалпы медицина кәсіптік дәрігерлерінің психологиялық тұрғысы және суреттері»
Дәрігердің құқығы әрқашан қорғалуы керек. Дәрігерлер де соның есебіне өз міндеттерін тиянақты орындап, қателікке жол бермеуі тиіс.Әрбір дәрігер өз құқығын толық, жетік меңгерген жағдайда ғана, көптеген жетістіктерге жете алады. Жұмысында да, ем жүргізу процесінде де талай оң нәтижелерге қол жеткізері сөзсіз.
Бекітілген дәрігер құқығын бұлжытпай орындауы нәтижесінде, өзінің әріптестерімен де науқастармен де жақсы қарым қатынаста бола алады. Өз лауазымын көтеріп, әріптестері арасында ерекше құрметке, сыйластыққа ие болып, болашақта үлкен табыстарға қол жеткізуі әбден мүмкін. Ал керісінше дәрігерлік құқық жөнінде мүлдем хабарсыз дәрігерсымақ азаматтар, денсаулығы төмен науқастарға көмек беріп, жағдайын жақсарту орнына керісінше оның денсаулық көрсеткіштерін мүлдем нашарлатып алуы ғажап емес.
Сондықтан әрбір медициналық жоғары оқу орындарының студенттері болашақта жетік нағыз маман дәрігер болу үшін өз құқықтарын білуі қажет.
«Дәрігер мен сырқат байланысының психологиялық бейнесі»
Дәрігер үшін сырқат ең жақын, туыс адамы болуы тиіс, ал емделуші үшін дәрігер — өз өмірін қолына ұстатып, оған сенетін, сүйенетін адамы. Егер адам өз тағдырын дәрігерге тапсырса, оған сенетін болса, адам ретінде құрметтеуі, оның өз ісіне берілгендігін, осы шаруаның білгірі ретіндегі түйсінуін ерекше ілтипатпен білдіреді, мұндай жағдай сырқаттың өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жанашыр туыстарына да қатысты болмақшы. Дәрігердің емделушінің туыстарымен өзара байланысы әдетте пациенттің емге орналасуының алғашқы сәтінен және емханаға алғашқы келуінен қалыптасады. Бұл ретте тума-туыстарды аурудың диагнозы да, дерттің алдағы өрістеу деңгейі де мазасыздандырады. Олардың дәрігердің аузынан өздерін толғандырған барлық мәселеге қатысты жауапты шыдамсыздықпен және күйзеліспен күтетіні де табиғи жағдай. Сондықтан да мұндай әңгімелесу дәрігерден әдептілікті, сыпайылықты, қысқасы үлкен өнерді талап етеді. Дәрігер ешқандай алдауға бармай, болжамды диагноз, тексеру мен емдеудің жоспары туралы ақиқатты айтуы тиіс. Емделушінің жақындарына қажеттінің бәрі жүзеге асырылатындығын, сырқаттың көмексіз және қараусыз қалмайтындығын ұғындыруы қажет. Егер дәрігер сырқат болжамын үмітсіз деп есептейтін болса, бұл туралы туысқандарына сақтықпен айтуы, жанға ауыр тиетін хабарламаға оларды бірте-бірте даярлағаны жөн. Өте қауіпті жағдайдың өзінде кейде әрбір дерттің өз өрістеуі болатындығын және емдеу әсерімен алғашқы болжамдардың өзгеретіндігін айтқан дұрыс болмақ. Мұндай жағдайда сауалдарға иә немесе жоқ деген жауаппен шектелуге болмайтын да кездер кездеседі, ондайда үшінші түрді іздестіресіз. Тікелей ашықтық ылғи да орайласа бермейді, кейде туыстарға күрт мінез танытуға да тура келеді. Енді бірде диагноздың орнына оларға сырқаттың ерекшеліктері, оны емдеудің мүмкін жолдары туралы онсыз да жанұшырып жүрген адамдардың көңіліне кіреуке түсірмеу үшін әрбір сөзді салмақтап хабарлаған дұрыс болмақ. Сырқаттың туыстары олардың көзқарасы тұрғысынан қажетті қосымша тексерулер жүргізуге мәжбүрлейді, жаңа дәрі-дәрмектерді қолдануды талап етеді. Мұндай жағдайда қалыптасқан ширыққан ахуалды басу, көңілдегі түйіткілдер тетігін табу үшін түсінік бере білу, шыдамдылық, икемділік қажет болады. Туысқандардың кеңесшілер шақыру туралы табанды талабы ескерусіз қалмауы тиіс. Мұның өзі жақын адамның өмірін құтқару үшін барлығын, тіпті мүмкін еместі де жасау ұмтылысымен туындайтыны белгілі. Кеңес алуға қажеттілік болмағанның өзінде де табиғи адами әрекетке тыйым салуға болмайды. Басқа маманға көрсету пациентті де, оның туысқандарын да тыныштандырады, неғұрлым қолайлы психологиялық ахуалды құруға жағдай жасайды, ретсіз дау-дамай мен шағымды болдырмайды. Сырқат адам мен оның туыстарына жанама болса да басқа дәрігерлердің дұрыс емес әрекеттері туралы, мысалы, бұл пациентті бұрын емдеуші жөніндегі ыңғайсыз пікірлер айырықша теріс әсер етеді. Бұл сөз жоқ, дәрігердің өзінің ғана емес, сондай-ақ медицинаның да беделін түсіреді.
ІІІ. Қорытынды.
Қорытындылай келе, әрбір дәрігер жауапкершілікті, әр бір науқасқа медиициналық қызмет көрсету процесінде оны жеке тұлға ретінде сыйлап, жоғары коммуникативті компетенттілігін жоғары дәрежеде пайдалана біліп, іс жүргіссе, ол дәрігердің атына еш уақытта арыз жазылмайды. Егер науқас өзінің ем жүргізетін дәрігеріне сенсе, ол дәрігер тағайындауларын бұлжытпай орындайды, қажетті диагностикалық және терапиялық шаралардың бәрінен өтеді. Егер психологиялық байланыс болмаған жағдайда науқас дәрігер тағайындауларын орындамауы мүмкін және басқа дәрігерден немесе өзінің таныстарынан көмек сұрауы сондай-ақ өзін-өзі емдеумен айналысуы да әбден мүмкін. Дәрігер өзінің компетентілік деңгейін білуі шарт!