СӨЖ
Тақырыбы: «Шағын, орта, ірі кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылық түрлері және олардың алдын-алу »
Акционерлік қоғам – рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. Ұйымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.
Айыппұл (штраф) — заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы.
Баға — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері.
Бақылау – жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)- бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Жоспарлау – стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу.
Жалған кәсiпкерлiк – кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру.
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау – негiзгi мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетика ресурстарын үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсi өндiретiн және сататын өнiмдердiң адамдар өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi;
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлері дегеніміз – қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлер
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады.Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады.Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.
Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады. ҚР АК 10 бабы келесідей анықтама береді: “Кәсіпкерлік – ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады”.
Кәсіпкерлік қызмет түсінігі – қызмет етуші субъектілердің новаторлық инициативалық қызметі. Кәсіпкерлік – экономиканың және ұйымдастырудың жағдайлары, жаңа материалдың қызмет көрсету мақсатында, және тапқан пайданың шығындарын қысқарту бағытына арналған қызмет түрі.
Кәсіпкер – бұл тәуекелден қорықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз. пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғаның жауапкершілігімен жүзеге асады.
Кәсіпкерлік іс– мұліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз өызметі солардың негізінде және солар арқыы жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз– кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және таңы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10 бабы ҚР-ң әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады. Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс;
2) кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі. ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есепке ала тіркеу туралы” Заңмен заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі белгіленген, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды да. Тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі. Қазіргі жағдайда мағнасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор бәсекелестік,т.б.). Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір тіркеуші органға жүгінуге тиіс.Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса, тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т.б. талап етуге құқығы жоқ. Осы заңның 6 бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарай. Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. Өтінішке ҚР-ң заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (ҚР АК 42 бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті.
3) мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді заңнамалық актілермен шектеу.ҚР кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке меншік кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы», Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша Нұсқау. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады.Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі.Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады.
4) кәсіпкерлік қызметті заңнамалық актімен қарастырылған негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша мәжбүрлікпен тоқтату.
Кәсіпкерлік қызмет кез-келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. ҚР АК 49 бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылу жағдайларын қарайды:
банкрот болған жағдайда;
заңды тұлғаны оны құрғанда заңнамалық бұзушылық жіберілген кезде тіркелгенін заңсыз деп мойындаған кезде;
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы қызметті әрдайым жүзеге асырғанда;
қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті, немесе бірнеше дүркін немесе дөрекі заңнамалық бұзушылықпен, оның ішінде декларация бермеумен жүзеге асырылса;
заңнама қарастырған басқа жағдайларда.
5)заңнамалық актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдерін белгілеу.ҚР АК 49 бабының 2 т.4 т. заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған кезде заңды тұлғаны сот тәртібінде таратуын қарастырады. Мұндай актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдер қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін шектеу олардың құрылтай құжаттарымен және олардың құқықтық мәртебесі туралы нормативтік актілермен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық келісімдерімен қарастырылған;
6) мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа тұлғаларды және ұйымдарды кәсіпкерлер алдында олардың қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін заңнама белгілеген мүліктік жауапкершілікке тарту. ҚР АК 922 бабы мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік қарастырылады.Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес емес актілер шығарғаны нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімі негізінде, акт шығарған органдардың, лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, орнын толтыруға жатады. Зиян орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың әкімшілік басқару саласындағы Заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян орны осы органдардың билігінде тұрған ақша есебінен жалпы негізде толтырылады;
7) атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға кәсіпкерлік субъектілермен осы органдардың функциясына жататын міндеттерді орындауға келісім-шартқа тұруға тыйым салу. Кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қатынастарға түсу ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы қарастырған сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына қайшы, оның 5 бабының 9 тармағы бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік реттеудің болмауы туралы жариялайды.
Келісім-шарт – сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы,лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Коммерциялық заңды тұлғалар – өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейді.Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындау тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Сонымен қатар оны басқада заңды тұлғалардан айырбатауға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi.
Коммерциялық құпия – жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.
Мотивация – кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру.
Микробизнес субъектілері- Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар.
Несие – пайыз (%) төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптастыратын экономикалық қатынас соммасы.
Орта кәсіпкерлік субъектілері– Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар.
Өндірістік кооператив – азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив болып танылады.Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады.
Сатушы дегеніміз – шарт бойынша сатып алушының иелігіне мүлік немесе жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығын беретін тұлға.
Салық дегеніміз– мемлекет бржвқты тәртіпен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтесіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Сенім серіктестігі -(ағыл. commandite, limited partnership; нем.Kommanditgesellscliaftf (KG); фр. commandite – сенiмде серiктестiк) – Серіктестіктін міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктін (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктін кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік.
Толық серіктестік – толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ, жауапкершілікте болатын серіктестік.Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі.Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса,белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады. Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.Қазіргі кезде бұндай серіктестік кездеспейді.
Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші.
Шаруа (фермер) қожалығы – aдамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi деп танылады.
Ұйымдастыру – барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру.
Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері– Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойы активтерінің саны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар.
Шаруа (фермер) қожалығы – aдамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi деп танылады.
Ірі бизнес субъектілері– кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамнан астам және активтерінің жалпы құны жыл ішінде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар.