Тақырыбы: ҚР қылмыстық құқығының негіздері
ҚР қылмыстық құқығының негіздері тақырыбына арналған глоссарий:
Қылмыс
Қылмыстық заң
Қылмыскер
Қылмыстық заңның міндеттері
Қылмыс және мораль
Халықаралық қылмыс
Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Қылмыскер— қылмыс жасаушы адам, яғни мемлекеттің қылмыстық заңында қылмыс деп көрсетіліп, жаза белгілеу арқылы тыйым салынған әрекеттің жасалуына кінәлі адам. Қылмыскер ұғымының мағынасы кінәнің қасақана және абайсызда жасалуына орай ашылады. Бұл ұғымға, негізінен, үнемі қылмыс жасайтын, яғни қылмыс жасауды күнкөріс кәсібіне айналдырған (мысалы, кәсіби ұры, есірткі сатушы, жалдамалы кісі өлтіруші, т.б) немесе жүйке ауруына байланысты қылмысты өз сұранысын өтеу жолына айналдырған (мысалы,адамжегіш, вандалист, т.б.) адам сай келеді.
Қылмыстық заңның міндеттері – бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық-тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыс жасау, сонымен бірге, мораль нормасын бұзу болып табылады. Кез келген құқықтан гөрі моральдің реттеу ауқымы кең, ол басқа ешбір құқық саласы реттемейтін махаббат, достық, жанашырлық сияқты қасиеттерді, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, ұстаз бен шәкірттің арасындағы қатынасты, т.б. қамтиды. Мораль нормалары негізінен ауызша (әдет-ғұрып) кейде жазбаша (әдеп кодексі, Гиппократ анты, т.б.) көрініс табады. Алайда мораль нормаларын бұзушылық барлық уақытта бірдей жауапқа тартыла бермейді.
Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады.
ҚР қылмыстық құқығының негіздері тақырыбына арналған тест:
- Қылмыстық құқық жалпы құқықтық жүйесінде:
А. мүліктік сала
Б. Жетекші сала
Д. Қосымша сала
С. Негізгі сала
- Қылмыстық құқықтың қанша түрі бар?
А. 3
Б. 4
С. 5
Д. 2
- 2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет қылмыстың түрі
А. жеңіл қылмыстар
Б. ауыр қылмыс
С. аса ауыр қылмыс
Д. қарапайым қылмыс
- 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет қылмыстың түрі:
А. ауырлығы орташа қылмыс
Б. ауыр қылмыс
С. аса ауыр қылмыс
Д. қарапайым қылмыс
- 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет қылмыстың түрі:
А. ауыр қылмыс
Б. орташа қылмыс
С. аса ауыр қылмыс
Д. қарапайым қылмыс
- 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе неғұрлым қатаң жаза қолданылатын қасақана іс-әрекет:
А. ауырлығы орташа қылмыс
Б. ауыр қылмыс
С. аса ауыр қылмыс
Д. қарапайым қылмыс
- Қылмыстық құқығының негізгі мақсыты:
А. Қоғамдық қатынастарды қорғау
Б. Жалпы құқық ережелерін белгілеу
С. Жұмыс уақытын анықтау
Д. Азаматтық құқықты реттеу
- Қылмыстық құқықтың негізі:
А. Қылмыстық кодекс
Б. Басқа да заңдар
С. Нормативтік актілер
Д. Еңбек кодексі
- Қылмыстық Кодекс қабылданған жыл:
А. 1997 ж
Б. 1999ж
С. 2001ж
Д. 1993ж
- Қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
А. 16
Б. 15
С. 14
Д. 12
- Адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы?
а) азаматтық құқық
ә) отбасы құқығы
б) қылмыстық құқық
в) меншік құқығы
г) қаржы құқығы
- Нақты бір мемлекттің құпиясы болып табылатын экономикалық немесе басқа сипаттағы мәліметтерді астыртын жинау, ұрлау, немесе басқа мемлекетке беру түріндегі ұшырасатын қылмыс?
а) шпионаж
ә) тонау
б) ұрлық
в) терроршы
г) вандализм
- Қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы?
а) қылмыс
ә) әрекет
б) әрекетсіздік
в) мақсат
г) жемқорлық
- Жазаның ең ауыр, ерекше түрі?
а) айып салу
ә) өлім жазасы
б) мүлікті тәркілеу
в) тұтқындау
г) құқықтан айыру
- Қылмыстық заңдармен жазалау қатерімен салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет?
а) жемқорлық
ә) әрекет
б) әрекетсіздік
в) бұзақылық
г) қылмыс
- 1 Қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар?
а) қылмыстың субъектісі
ә) бұзақылық объектісі
б) әрекетсіздік объектісі
в) қылмыстың объектісі
г) жемқорлық субъектісі
- Қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам?
а) қылмыстың субъектісі
ә) бұзақылық объектісі
б) әрекетсіздік объектісі
в) қылмыстың объектісі
г) жемқорлық субъектісі
- Адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші?
а) жемқорлық
ә) әрекет
б) қылмыстық ниет
в) қылмыстық мақсат
г) кінә
- Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы?
а) жаза
ә) әрекет
б) кінә
в) жасөспірімдерді тәрбиелеу шарасы
г) моральдық ықпал
- Азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы?
а) қылмыс
ә) әрекет
б) әрекетсіздік
в) бұзақылық
г) жемқорлық
ҚР қылмыстық құқығының негіздері тақырыбына арналған жағдайлық есеп:
Есеп №1
16 жастағы жасөспірім Б. дүкенді тонауға бел буады. Ол өзінің танысы, яғни дүкеннің сатушысынан терезені ашық қалдыруын өтініп, келіседі. А. өзінің 16,17 жастағы достары Л. және Ю. дан көмек сұрайды. Түнде жасөспірімдер А. мен Ю. дүкенге ұрлыққа түсіп бейнеаппаратураны алып шығады да Л.-ның гаражына апарып тығып қояды.
Сұрақ: Әр қылмыскердің қатысу түрлерін анықтаңыз?
Есеп №2
26-жастағы Карбозов 14-15 жастағы жасөспірімдерден топ жинап алып, келе жатқан поездың апатқа ұшырап, жолаушылардың заттарын ұрлау үшін теміржол рельстарының бөлшектерін қасақана бұрап алған. Дегенменде, бұл дайындықпен жасалған әрекет дер кезінде анықталған.
Сұрақ: Карбозов және ол жинаған жасөспірімдер тобы қылмыстық жазаға тартылады ма?
Дұрыс жауаптары:
I – деңгей
1-а 11 – б
2-а 12 – а
3-а 13 – ә
4-а 14 – ә
5-а 15 – г
6-а 16 – в
7-а 17 – а
8-а 18 – г
9-а 19 – а
10-а 12 – б