Іскерлік ойын

Тақырыбы:  Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтың дамуы.

 

Іскерлік ойын.

Іскерлік ойын кезеңдері:

  1. Ең жылдам
  2. «Эрудит»
  3. Қызықты билеттер

Қажетті нәрселер:

  1. Баллдар жазылған қағаз
  2. Қиындығы бойынша құрастырылған сұрақтар
  3. Сұрақтар бар қағаздар

Жұмыс барысы:

  1. Топтағы барлық студенттер 3 топқа бөлінеді.
  2. Әрбір топ бөлек столға отырады.
  3. Тестті тез шешуі қажет.
  4. Әр сұрақ 10 баллды құрайды.
  5. Дұрыс жауап үшін тиісті балл алады.
  6. Оқытушы жауаптарды қабылдап, жауаптармен сәйкестігін тексереді.
  7. Ойынның екінші кезеңі.
  8. Топтарға сұрақтары бар сөзжұмбақ таратылады.
  9. Әр дұрыс жауапқа 25 балл беріледі.
  10. Әр сұраққа топтағы бір студент жауап береді.
  11. Жауап жазылған парақты тексеріп, тиісті бағалары оқытушымен қойылады.
  12. Ойынның үшінші кезеңі
  13. Сұрақтар көптеген қосымша материалдардан алынғандықтан, студентке ойлануға 1 минут беріледі.
  14. Топтан 1 студент жауап береді
  15. Әр сұрақ 33 баллды құрайды, жартылай жауап берсе 20 балл болмақ.

3 Кезең «Қызықты билеттер»

Сұрақтардың жауаптары: 

 Мемлекет ең алғаш қай елде пайда болды?

Шығыс елдері: Иран, Арабия

Мемлекет терминін ең алғаш кім енгізді?

 Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италияндық ойшыл Николло Макиавелли (1469 – 1527) енгізген

Республикалық басқарудың алғашқы белгілері қай қаладан байқалған?

Месопотамиядан

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика