Поликлиникалық дәрігерлерде көбінесе тыныс алу жүйесінің мүшелерінің зақымдалуымен ауыратын науқастар кездеседі. Осындай зақымданулар жүздеген және оның дұрыс танылуы өте қиынға соғады. Осы жағдайдың себебін әртүрлі өкпе аурулары салыстырмалы түрде жеңіл дәрежеден ауыр дәрежеге дейін дамуы көп жағдайларда бірдей клиникалық симптомдармен көрінуімен байланыстырады: дене температурасының жоғарылауы, жөтелуімен, аускультация кезінде біртиптік тыныс алу шуларымен, өте төмен дәрежеде айырылатын лабораториялық анализдермен. Сондықтан өкпе ауруларының анықталуы мен дифференциациясында рентгенологиялық зерттеу әдісі өте маңызды орын алады. Флюорография, рентгенография, рентгеноскопия өкпенің визуальды диагностикасының  ең жиі түрлері.  Барлық ересек адамдарға кәсіби тексеріс өткенде міндетті түпде флюорографиялық тексеріс өтеді. Ол арқылы өкпе туберкулезінің жасырын кезеңдерін, өкпе рагін, көкірек аралық ісіктерді дер кезінде анықтайды. Ол аурудың таралу жиілігін төмендетеді. Биологиялық жас тұрғысынан, визуальді диагностика әртүрлі жастық топтарда жеке ерекшеліктермен болады. Сол себепті балалар мен қарт адамдардың тыныс алу жүйесінің визуальді диагностикасында ерекшеліктер болады. Бұл физиология, анатомия, қарт адамдарда сонымен қоса ілескен ауруларға байланысты  визуалді диагностикасында өзгерістер болады.

Қарт адамдардағы тыныс алу жүйесінің визуалді диагностикалау ерекшеліктері

Қарт адамдарда орта жастағы адамдарға қарағанда, аурудан тыс пневмониямен ауруы 2 есе жоғары, және осы ауруымен госпитализация жиілігі 10 есе рет жоғары болады. Басқа жастағы топтарға қарағанда өлім-жітім пневмония кезінде 60 жастан асқан адамдарда 10 есе жоғары болады және де пневмококкты пневмония кезінде 10-15 %-ға жетеді.

Егде жастағы адамдарда созылмалы пневмония өту барысы көбінесе ілеспе ауруларға негізделген (ХОБЛ, қантты диабет, ИБС, созылмалы гепатит, созылмалы жүрек жетіспеушілігі).

Крупозды пневмонияның бастапқы стадиясында рентгенология жағынан өкпелік суреттің локальді күшеюі және өкпе  ашықтығының зақымдалған бөліктің немесе  сегменттің жоғарылаған қантолуымен байланысты шамалы төмендеуі анықталады.

 

Балалардағы тыныс алу жүйесінің визуалді  диагностикалау ерекшеліктері

Науқастың дұрыс тұрған қалпы кезінде бұғананың ұштары орта сызыққа қарасты бірдей қашықтықта алынып тасталады. Екі жақтанда ол арақашықтықты тексеру үшін өкпе алаңындағы қабырғаның алдыңғы ұшынан орта сызыққа дейінгі арақашықтық тең болу керек. Суреттің айқындылығы артқы 8-9 қабырғалардың артқы бөліктері немесе 6 қабырғаның алдыңғы бөлігі көрінуі адекватты болу керек. Жас нәрестелерде артқы қабырғалардың бөліктерінің көрінуі өте қиынға соғады, себебі ондағы артқы қабырғалар горизонтальды орналасқан және олар алдыңғы қабырғалармен сәйкес келеді. Дұрыс алғанда жүрек көлеңкесінен  омыртқа аралық кеңістіктер көрінеді. Қалыпты жағдайда шешім қабылдаудың бір қиындығы болатыны ол көкірек аралықтың кең болуы және ондағы айырша бездің көлеңкесін лимфа түйіндерінің ұлғайғандарымен шатастырып алуға болады. Қалыпты жағдайда 4 жастан үлкен балаларда айырша без көрінбейді. Егерде ол көрінсе, онда оны «Желкен симптомы» деп атайды.

Пневмониямен ауырып калуы балаларда 4-12 жағдай 1000 балаларға шаққанда 1 айдан 14 жасқа дейінгі жиілікпен кездеседі. Жалпы, ересектерге қарағанда, балаларда атипиялық пневмониямен ауырып қалуы айтарлықтай жоғары. Микоплазмді және хламидийді пневмония ересек адамдарға қарағанла балаларда жиі кездеседі.

Вирусты пневмониямен ауырып қалуы дәрежесі жоғары. Сонымен қатар, жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларда негізгі пневмония қоздырғыштары пневмококк пен гемофильді таяқша болып табылады.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда крупозды және фокальды пневмониялардың рентгендиагностикасы зақымдалған аймақта шамасы субсегменттен плевраның тартуымен бөліктік зақымдалуына дейін біртектік тығыздылығымен көрінумен  жеңілдетіледі. Пневмония жойылғаннан кейін ең бірінші перисциссуральді тығыздық жоғалады. Пневмониялық тығыздық жойылғаннан кейін 5-10 күнге дейін өзгерген тамырлық сурет және тығыздалған плевраның сызығы зақымдалған аймақта қалады.

Сегментарлы пневмония өкпелік сегментпен шектелген өкпелік тканьдардың аймақтарында пайда болады. Сол себептен пневмониялық инфильтрат рентгенграммада ошақты пневмонияға қарағанда өте анық формада көрінеді (ауырған сегменттің проекциясына сәйкес келеді). Сегментарлы пневмония гиперерикалық реакцияларға бейімділігі бар және реактивтілігі қалыпты балаларда дамиды.

Біріншілік тіберкулез туберкулезбен ауыратын балаларда жиі кездеседі. Рентген суреттерде ол лимфа түйіндерінің  үлкеюімен көрінеді. Біріншілік ошақ өте кішкентай, сондықтан ол рентген суреттерінен көрінбейді, тек қана лимфа түйіндерінің ұлғайғандығын көруге болады. Біріншілік ошақ үлкендердегі сияқты жоғары бөлікте емес, барлық өкпе бөліктерінде кездесе береді. Біріншілік ошақтың арнайы орны жоқ, ол плеврадан 1-2 см арақашықтықта 1 см диаметрде болады. Сол жақтағы паратрахиальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы туберкулез кезінде оңашаланған түрде болады. Бүйірлік рентген суретінен өкпе түбірлік лимфа түйіндерінің үлкейгеннің көре аламыз.

Көбінесе рентген суретінен түбірлік лимфа түйіндерінің ұлғайғандығын көре алмаймыз немесе  оны өкпелік артериялармен шатастырып алуға болады. Мұндай жағдайда тыныс алу жолдарын мұқият тексеру қажет. Оң және сол жақ лимфа түйіндерінің басылуы ол өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің ұлғаюының бір себебі. Нәрестелерде лимфа түйіндерінің ұлғаюы тыныс алу жолдарының бастырылуына алып келеді. Тыныс алу жолдарының

бастырылуы бронхогендік кистада немесе тамырлар жүйесінің аномалиясында болады. Диагностиканы кальциферленген Гон ошағының болуы жеңілдетеді.

Туберкулез кезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюы бос бронхтарды бастырып тастайды содан астма тәрізді клиникалық көрініс пайда болады. Жас нәрестелерде лимфа түйіндерінің ұлғаюын кеңірдек пен бронхының бойымен жүріп анықтап алуға болады. Бұл бастырулар туберкулезді емдегенді жойылады.

Жасөспірімдерде плевра ауруы жоғарылайды. Бұл аурулар туберкулинді ақуызға жоғарғы сезімталдықты иммунды реакциядан туады. Бұл біріншілік ошақтан туберкулинді ақуыз немесе туберкулез микобактериясы плевра қуысына түскенде пайда болады. Балаларда ыстығы көтеріледі жән ентікпе пайда болады. Бұл плевра ауруын басқа аурулардан рентгенологиялық дифференциялау өте қиы,  себебі түбірлік лимфа түйіндер өте сирек көрінеді. Ол кеуде қуысын біраз бөлігін алып жатқан көлімімен ажыратылады. Ол косто-диафрагмальды синусқа дейін алып жатады. Плевра қуысын дренаждағаннан кейін  немесе ішіндегі сұйықтықты алғаннан кейін үлкейген лимфа түйіндерін немесе біріншілік ошақты көруге болады.

Туберкулезді перикардит- бұл туберкулездің жиі кездесетін формасы емес, перикардитті рентген зерттеуі арқылы анықтауға болады. Ол туберкулезбен ауыратын 1% кездеседі. Ол ентугімен және іркілу нәтижесінде жүрек жеткіліксіздігімен жүреді. Рентген суретінде кеуде қуысында үлкен бөтелке тәрізді көлеңке пайда болады. Жүректі жауып тұрады.

Қорытындылай келе, балалар мен қарттарда жастық ерекшеліктеріне байланысты өкпе ауруларының визуалді диагностикасы ересек адамдарға қарағанда өзгеше болады. Сондықтан дәрігер тарапынан әр жастық топтарға сай визуалді диагностиканың қай түрі тиімдірек және де қалай көрінетінін жақсы түсініп, айыра білу керек. Ауыру симптомдарына, анамнезіне негізделіп, диагностика қорытындыларын дұрыс интерпретациялағанда дәрігер аурудың түрін, этиологиясын содан кейін тиімді емін тағайындап науқастың жазылуына әкеледі.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика