Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршік сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680’120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, белок, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. [1] Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б. Өкпе омыртқалылардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда, қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтары жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.[2]

Мазмұны

  • 1 Өкпедегі газ алмасу
  • 2 Өкпе қабынуы
  • 3 Өкпе қатерлі ісігі
  • 4 Өкпе секвестрациясы
  • 5 Сильвестрдің өкпедегі ауа тазартқыш тәсілі

Өкпедегі газ алмасу

Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0.03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4.0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы – өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.[3]

Өкпе қабынуы

Өкпе қабынуы, Пневмония.

Өкпе қатерлі ісігі

Өкпе қатерлі ісігі, өкпе рагы – адам өкпесіне түскен қатерлі ісік; созылмалы ауру. Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына сыртқы және ішкі себептер әсер етеді. Сыртқы себептерге: тыныс алу жолдары мен өкпеге физикалық, химиялық, канцерогендік заттармен ластанған ауаның, зиянды заттардың (шаң-тозаң, асбесвт, хром, т.б.) енуі, темекіні жиі тарту; ал ішкі себептерге: өкпедегі әр түрлі созылмалы қабынулар, иммундық жүйке қызметінің төмендеуі жатады. Өкпе қатерлі ісігіне әйелдерге қарағанда 45 – 60 жас аралығындағы ер адамдар жиі шалдығады. Бұл дерт анатоммя тұрғыдан төрт топқа (жалпақ клеткалы, бездік, бронхоальвеолярлық, пісіп жетілмеген) жіктеледі. Ісік клеткаларының пісіп-жетілуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым оны болжау қиынға түседі, ісік тез өсіп, ауру асқынады, яғни бөгелме ісіктер пайда болады. Өкпе қатерлі ісігінің клиникалық белгілері оның орналасқан жеріне, кеңірдек қуысының ісікпен бітелу дәрежесіне, бөгелме ісіктердің болу, болмауына тікелей байланысты. Дерт алғашқыда кеуденің шаншып ауруымен (әсіресе дем алған кезде) басталады. Бұл кезде науқас құрғақ жөтеледі, сонан соң жабысқақ қақырық пайда болып, оған қан араласады. Адам ентігіп, демігеді, дене қызуы көтеріліп, қатты жүдейді. Ауру асқынғанда қатерлі ісік клеткалары қан мен лимфаға араласып, бүкіл организмге таралуы мүмкін. Мұндай жағдайда ешқандай ем қолдануға мүмкіндік болмайды. Ауруды анықтау үшін: жалпы клиника (анамнез, сипау, кеудені тыңдау, т.б.); параклиника (рентген, компьютерлік томография, ультрадыбыс арқылы, т.б.); бронхоскопия, бронхография, т.б. әдістер қолданылады. Диагноз қою қиындағанда диагностик. және емдік торакотомия (кеуде қуысын ашу) жасалынады. Емі: ісікке қарсы дәріні кешенді және араластыра беру, хирургиялық операция жасау, сәулемен емдеу, химиялық терапия әдістерін қолдану.

Өкпе секвестрациясы

Өкпе секвестрациясы — өкпедегі тканьнің өлі етке айналып, айналадағы тірі тканьнен дербес бөлінген бір бөлігі, дамудың ақауы, әдетте ауытқып дамитын өкпе тканінің бір бөлігі аз қан айналымында әдеттегі анатомиялық-физиологиялық байланыстан (кеңірдек тарамы мен қан тамырларынан) бөлінеді және үлкен қан айналымында әдетте қолқадан бұрылып кететін күре тамыр қанымен жабдықтандырылады.[4]

Сильвестрдің өкпедегі ауа тазартқыш тәсілі

Сильвестрдің өкпедегі ауа тазартқыш тәсілі — өкпедегі жасанды ауа тазартқыш тәсілі, шалқасынан жатқан зақымданушының қолын басына қойып, демін ішке жұтқызу, ал демді шығарғанда қолын түсіріп, оның көкірек қуысын қысып сығу.[5]

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994. ISBN 5-625-02459-6
  2. ↑ «Қазақ Энциклопедиясы»
  3. ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-36-557-1
  4. ↑ Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  5. ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

Рефераты.kz » Медицина

Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері

Arman марта 17, 2009 – 00:46

Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің ішінді ең жиі кездесетіні жатыр ісігі (80 % дейін). Сирегірек аналық без (15-16 %) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап (2-4 %) ісігі кездеседі.

Жатыр ісігі.
Қатерсіз ісіктер.
Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері ішінен ең жиі кездесетіні жатыр миомасы – бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын ісік. 30 – 50 жас аралығындағы гинекологиялық науқас әйелдердің ішінен миома 8 – 14% жиілікте кездеседі. Ісіктің гармонға тәуелді екені анықталды. Жатыр миомасы бар науқас әйелдерде фолликулостилеулдеушігормон секрециясы жоғарылаған, лютеинизирлеуші гормон синтезі төмендеген, менструальды циклдың сары дене фазасы қысқарған және гиперэстрогенемия байқалады.
Қазіргі кездегі классификациясы бойынша жатыр миомасы сублеукозды, интрамурольды және субсерозды деп бөлінеді. Ісік түйіндері жатырды деформациялауы мүмкін, жақын жатқан мүшелермен (несепағар, қуық, кіші жамбас қан тамырлары) физиологиялық байланысын бұзады.

Клиникасы
Жатыр миомасының клиникалық көрінісінде негізгі және ең ерте симптомы қан кету болып табылады.Гиперполименорея немесе метроррагия типті жатырдан қан кету науқас әйелдердің 40 – 45% кездеседі. Әрбір екінші қан кетуі бар науқас әйелдерде екіншілік постгеморрогиялықанемия анықталынады. 18 – 20% ауырсыну синдромы, 12 – 15% көмей ас залалдың функциясының бұзылуы анықталады. 30% жағдайда науқас әйелдер ешқандай шағым айтпайды, ісік тек профилактикалық тексеру кезінде ғана анықталады.
Диагностикасы клиникалық көріністері мен арнайы гинекологиялық тексерулерге негізделеді. Сублукозды миоматозды түйінді анықтау үшін қосымша зерттеу әдістері қолданылады – гистеросальпингография және гистероскопия.

Емі
Жатыр миомасының емі клиникалық көрінісінің айқындылығына, түйіндердің локализациясына, ісік көлеміне және науқас әйелдің жасына байланысты шұғыл операцияға көрсеткіш: түйіндердің қысылып қалуы, никрозы, субмукозды миоманың «тууы», екіншілік операцияның анық болумен жүретін шамадан тыс қан кетулер, миоманың инфицирленуі, зәр шығару мен нәжіс шығарудың айқын бұзылыстары, ісіктің қатерлі ісікке айналу күдігі.
Үлкен көлемді субмукозды орналасқан ісіктерде (жүктіліктің 14-15 аптасы және одан жоғары) әрқашанда оперативті емтағайындалады. Ал көлемі кіші субсерозды және интромуральды орналасқан ісіктерде, клиникасы айқын болмаған жағдайда күту тактикасы (кварталына 1 ретқаралу) қолданылады. Себебі менопауза кезінде ісіктің өсуі тоқтайды да кері дамуы жүреді. Жатыр миомасы кезіндегі консервативті ем кең таралмаған. Андрогенмен емдеу айқын нәтиже бермейді, ал сәулелі кострация қазіргі кезде қолданылмайды.
Болжамы жағымды.

Әлеумет 3 81 Баспаға шығару

Жұрт «жаман ауру» деп атап кеткен қатерлі ісік кеселі кейінгі кезде ел арасында дендеп барады. Ақтөбе облысында осы сырқатқа шалдықты деп ем-дом жасаған үш жасар Артемнің жағдайы қазір дау туғызып отыр. Себебі, отандық дәрігерлердің Артемге жасаған емін Мәскеу мен Германияның мамандары «жоққа» шығарыпты. Еліміздің дәрігерінен көңілі қалған бүлдіршіннің ата-анасы енді баласын қыр асып, Мәскеуде емдететіндігін айтады.

Ал өңірдегі дәрігерлер, керісінше: «Мойын безі ісініп, хал үстінде ауруханаға жеткізілген бөбектің жағдайы бүгінде тәуір», – дейді. Сондай-ақ олар шетел мамандарының баланы ешқандай тексеруден өткізбей, отандық дәрігерлер жасаған сараптама негізінде диагноз қойғанын айтады. Дауға айналған осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Артемнің анасы Елена Бубновамен кездестік.
Еленаның айтуынша, Артем 2010 жылы мойын безі ісініп сырқатқа шалдығыпты. Жергілікті дәрігерлерге көрсеткенде олар биопсия жасату керек­тігін айтыпты. Баласының дертін «жаман ауруға» баламаған ата-ана көрші Орынбор қаласына барып, ол жақтың мамандарының кеңесіне де жүгінген екен. Орынборлық дәрігерлер баланың бойында ешқандай қауіпті сырқаттың жоқтығын айтып, алаңдамауларын өтініпті. Бірақ баланың мойын безі ісігі басылмаған соң 2011 жылдың мамырында өңірдегі мамандар биоп­сия жасап, «соңғы дәрежедегі қатерлі ісік» деп диагноз қойған көрінеді.
– Елена ханым, балаңыздың қатерлі ісік дертіне шалдыққанын қайдан естідіңіз?
– Ақтөбелік дәрігерлер «балаңыз қауіпті қатерлі ісік дертіне шалдықты» дегенде жанымды қоярға жер таба алмадым. Алматыдағы онкология және радикология ғылыми-зерттеу институтына келіп, тағы да тексерілуден өткенімізде, бала бойындағы ісіктің «қатерсіз» екендігі анықталып, Артемге төрт рет химиятерапия жасалды. Кейін Алматыдағы дәрігерлердің өздері жасаған емдеріне күмәнмен қарап, сараптама қорытындысын Мәскеу мамандарына жолдап, тексеруін өтінген-ді.
– Дәрігерлердің өздері жасаған емдеріне күмәнмен қарағаны қызық екен! Ал мәскеулік дәрігерлер не дейді?
– Қызығы, мәскеуліктер Артемнің ешқандай қауіпті дертке шалдықпағанын хабарлады. Емдеуші дәрігердің нұсқауымен мұнан соң, біз баланы Мәскеудегі Н.Блохин атындағы институтта тексеруден өткіздік. Содан кейін Германияға арнайы барып тексеріліп, елге қуанышты хабармен оралдық. Артем қатерлі ісік дертіне шалдықпапты.
– Сонда ресейлік дәрігерлер Артемге қандай диагноз қойып отыр?
– Ресей мамандары «бала ағзасы инфекциялық дертке шалдыққан, болмаса гармон жүйелері зақымданған» дейді. Германия мамандарының пікірі де осыған саяды. Баламның бойынан қатерлі ісіктің жоқтығын естігенде, қуандым. Бірақ бүлдіршінге бір емес, бірнеше рет химиятерапия жасатқанымыз жанымызға батады.
– Артемнің қазіргі хал-күйі қалай?
– Жағдайы қазір жақсы. Бірақ отандық дәрігерлер­ден әбден қалды. Әсіресе, бала ағзасын тексеріп, сараптама жасайтын лаборант мамандардың ұқыпсыздығы жанға батады. Алматыдағы онкологиялық балалар ауруханасында емделіп жатқан бүлдіршіндердің жағдайы жоқ. Дәрігер мамандар жетіспейді.
Бубновтар отбасына жұртшылық баласының жазылып кетуі үшін тілек білдіріп, қаржылай көмек етіпті. Артемнің әжесі Ақтөбегі сауда орны мен базарға, банктерге немересіне көмек керек екендігі туралы парақша ілген. Және өңірдегі кейбір мекеме басшыларына жолығып, жағдайын айтып өтініш те жазған. «Көп түкірсе – көл» деген емес пе, қазақстандықтардың және Орынбор қаласы тұрғындарының қаржылай қолдауымен Артем Мәскеу және Германия елдеріне барып, қауіпті кеселге шалдықпағанын анықтады. Артемнің анасы Елена «Жас қазақ» газеті арқылы отбасы қиналғанда қолұшын созған барша қазақтың баласы мен Орынбор қаласының тұрғындарына алғысын жеткізді. Сонымен қатар ол баласының денсаулығына салғырт қарап, жыл бойы өздерін әуре-сарсаңға салған дәрігерлердің үстінен шағымданбайтынын сөз етті. «Бұл қателік еліміздегі медицина саласының нашарлығын айтпай-ақ көрсетіп тұр. Мұндай ауыр жағдайлар менің ғана емес, Қазақстанда тұратын балалары сырқат аналардың бәрінде кездеседі. Біреуге кінә артып қайтем, бастысы, балам аман ғой», – дейді ол.  Шынында да, қазір ғаламтор сайттарын ашсаңыз, мемлекет бюджетінен онкологиялық ауруханаға біршама қаражат бөлінгенін жазады. Бірақ еліміз бойынша тек қана Алматыда орналасқан онкологиялық балалар ауруханаларының жағдайы қазір «мәз» емес. Аурухананың жөндеу жұмыстары сын көтермейді, орын жетпейді. Сауатты онколог, педиатр, лаборант мамандары аз. Дәрі-дәрмектер де жоқтың қасы. Біле білсеңіз, лаборант мамандардың тексерген бір парақ қағазы адам өмірі үшін маңызды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі басшылары дәрігерлердің әрбір іс-әрекетін «бақылап» отырса екен!
Айтпақшы, Артем енді отандық дәрігерлерге емес, күзде Мәскеуге барып емделеді. Бұл отандық дәрігерлердің өз ісіне салғырт қарайтынын, болмаса білікті маманның жоқтығын аңғартпай ма, қалай ойлайсыз?!

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика