АНАЛЬДІ ҚЫШУ

Анальді қышу

Анальді қышу (көтеннің қышынуы) өзінің жағымсыздығымен ғана емес, көтеннің аймағындағы білініп тұратын өзгерістерімен (қызару, тітіркену) де сипатталады.

Ол неден болады?

Анальді қышудың себептері мыналар:

1)Тікішек пен көтеннің аурулары: геморрой (көтеу), анальдің жарақаттануы;

2)Глистің болуы (паразит құрттар)

3)Жыныс мүшелерінің ауруы;

4)Іш қату;

5)Жеке бастың гигиенасы сақталмауы немесе шамадан тыс сақталуы

6)Бөксе, құйымшақ айналасындағы терінің зеді зақымдануы.

Қышу қант диабетінің жасырынған, ерте кезеңдегі белгісі болуы мүмкін.

Бірқатар жағдайларда артқы өтістің қышуының себебін табу мүмкін болмайды.

Не болады?

Артқы өтіс аймағының терісі тітіркеніп, тарамдалып (жіті қышу кезінде) немесе терінің жұқарып кетуі (ұзақ уақыт ауырғанда) байқалады.

Қышумен қатар өзге аурулардың белгілері (геморрой, анальді жарақаттану,т.б) мазалауы мүмкін.

Диагностика (Тексеру)

Жан-жақты қараудан кейін проктолог қышудың себебін анықтау үшін:

  • Қандағы қант мөлшерін анықтауға талдау жүргізуге;
  • Глист тұқымдарын қарау үшін нәжіс талдауына,
  • Гинекологтың кеңесіне (әйелдер үшін) жібереді.

Тікішектің ауруларына күмән туғанда ректороманоскопия және ирригоскопия жасауға, қалыпты емес үлкен дәрет жағдайында микрофлораны анықтау үшін нәжісті бактериологиялық анализ жасауға тура келеді.

Емдеу

Анальді қышуды емдеу үшін алдымен себебін анықтап алады.

Егер, глист (құрт) бар болса глистке қарсы препараттар, зең болған жағдайда зеңге қарсы дәрілер, дисбактериозда – ішек флорасын қалпына келтіретін препараттар тағайындалады.

Егер қышудың себебі тік ішек ауруларынан болса оларға тиісті ем беріледі (геморройды емдеу, анальді жарақатты емдеу).

Қышуды басуға көмектесетіндер:

  • Тыныштандыратын және жұмсартатын әсері бар дәрі-дірмек, жақпа, сеппелерді қолдану;
  • Мұқият (бірақ шектен тыс емес) гигена. Негізгі шарт: тері үнемі құрғақ болуы керек. Іш киімдер синтетика қосылмаған, таза мақта матадан болуы қажет.
  • Қышуды асқындыратын тағамдарды тізімнен алып тастау: ащы қоспалар, бұрыш, цитрустық жемістер, томаттар, шоколад, кофе, шай, кола, алкоголь.

Қышуды өз бетінше емдеу нәтижесіз және асқындыруға (экзема, қан кету, асқазанның ойық жарасы) соқтыруы мүмкін. Дәрігерге уақытылы қаралмаған жағдайда ауыр дерттің (мысалы, қант диабеті) басталуын өткізіп алуыңыз мүмкін.

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика