Аденоидті жою үшін өткізілетін ота кезінде қорқыныш пен толқу қатар келіп, болуы мүмкін асқынулар, ота кезіндегі ауыртпауға арналған шаралар қалай болады деген сауалдар туындайды.

Аденотомия  (аденоидті жою немесе алып тастау) аденоидті емдеудің бірегей оңтайлы әдісі болып табылады. Аденоидті алып тастау операциясы диагноз қойылғаннан бастап ертерек өткізілуі тиіс. Бірақ көрсеткіштер арқылы тағайындалатынын да естен шығармаған жөн.

Операция (ота) қажет пе?

Баланы аденоидті өскіннен құтқаруға қауқарлы ешбір дәрі, «тамшы», «домалақ дәрі», емдік процедуралар және «астыртын әрекеттер» жоқ. Оған ата-аналарды иландыру көбінесе өте қиынға соғады. Ата-аналар мұндай аденоидті өскін – анатомиялық дене деген қарапайым фактті қабылдағысы келмейді. Ол пайда болып, қайтадан кетіп қалатын ісік емес, сорылып немесе тарап кететін сұйықтықтың жиналуы емес, қол немесе аяқ секілді дененің бір бөлігі. Демек, пайда болса, өздігінен ешқайда жоғалып кетпейді.

Егер әңгіме аденоидит деп аталатын, аденоид тіндерінің созылмалы қабынуы  жайлы болса ол басқа жадай. Ереже бойынша, аденоид тіндерінің ұлғаю жағдайы. Аденоидит өз алдына консервативті емдеуге келеді. Аденоидті алып тастау жайлы шешім басқа ем түрлерінің бәрі нәтижесіз немесе аденоидит пен аденоидтің бірігіп кетуі жағдайында ата-ана мен емдеуші дәрігердің ақылдасуымен қабылданады.

Балаларда аденоид пен таңдай безінің параллельді түрде қатар өсуі жиі кездеседі.Мұндай жағдайда да ең оңтайлы ем түрі хирургиялық әдіс болып табылады.

Егер аденоидті алып тастамаса аденоид тіндерінің өсу сатысы жоғарылап, мұрынмен тыныс алу бұзылысына әкеп соғады. Мұндай жағдайда бала жиі аузымен демалып, тістері қисық болып, бет сүйегінің қалыптасуы бұзылады. Балада оттегі жетіспеушілігі туындап, тез шаршап, басы ауырып, сабақ оқу қабілеті нашарлайды.

Дегенмен барлық асқыну жағдайлары әр адамда әртүрлі болып келетіні де өтірік емес.

Жансыздандыру (ауыртпау)

Жансыздандырудың әсері күшті әдісі табылмаған кезде аденотомия барлық науқастарға анестезиясыз жасалатын. Сондықтан ата-аналар өзіне немесе таныстарына наркозсыз операция жасағанда жиі алаңдайтын. Қазіргі күндегідей уайымдайтын.

Бүгінгі таңда жансыздандырып, ауыруды сездірмейтін көптеген әдістер бар. Батыста лор-хирургияға қатысты барлық аденоидті алу операциялары жалпы жансыздандыру (наркоз) арқылы іске асады.

Әрине, балаға аденотомияны наркоз арқылы жасау ойға қонымды, абзал. Көзін жұмады, енді бір көзін ашқан кезде ота жасалып қояды. Алайда кез келген наркоз түрлі асқынуларға соқтыратынын ұмытпаған жөн.

Жансыздандырудың келесі түрі – жергілікті анестезия. Ол көмекейге ауртпайтын құралды себу немесе жағу арқылы іске асады. Әдіс мейлінше нәтижелі – ауыру сезімдері толығымен жойылады. Бірақ бір кемшілігі – операция үстінде бала есін біліп, айналада не болып жатқанын біліп жатады. Қанды көрген сәтте қорқады және жылайды, ол өз кезегінде баланың психикасына теріс әсер етуі мүмкін.

Негізінде аденотомияны жансыздандыру арқылы да жасауға болады. Бірақ тәуекелге бармаған жөн.

Операциядан кейінгі кезең

Аденоидті алу операциясы өткен күнгі кешке немесе келесі күні таңертең баланың дене қызуы көтерілуі мүмкін. Заң бойынша, 38 градустан аспауы тиіс. Температураны түсіру мақсатында ешбір жағдайда құрамында аспирині бар препараттарды қолдануға болмайды. Олар қан кетуін туғызуы мүмкін.

Операциядан кейін бір нәрсе – екі рет ұйыған қан құсуы мүмкін. Кейде іш болар-болмас ауырып немесе үлкен дәрет бұзылуы мүмкін. Ол Баланың операция кезінде қан жұтып қойғанынан болады. Бұл симптомдар тез өтіп кетеді.

Көп жағдайда операциядан кейін-ақ мұрынмен тыныс алу жақсарғаны байқалады. Алайда келесі күні бала мыңқылдап қалуы мүмкін. Ол операциядан кейін шырышты қабаттағы ісіктің пайда болуымен байланысты. Шамамен он күннен кейін қайтады.

Аденотомиядан кейінгі бала күтімі

Операциядан кейін бір ай көлемінде физикалық салмақ, күш салынбауы тиіс. Ең азы үш күн ішінде балаға ыстық суға шомылуға болмайды. Сонымен бірге ашық күн астында, ыстық, қапырық жерлерде жүруге болмайды.

3-10 күн бойы (дәрігердің нұсқауына байланысты) диета ұстау қажет. Ол кезде баланың тағамынан ірі туралған, қатты және ыстық тамақтарды алып тастаған жөн. Тамақ барынша сұйық түрде, дәруменге бай және калориясы мол болғаны жөн.

Операция жарасының жазылуын жақсарту үшін мұрынға арналған тамшылар тағайындалады. Кемі бес-он күн бойы түрлі тамшылар мен ерітінділер тамызады.

Сізге кеңес берген ЛОР дәрігерінен тыныс алу жаттығуларын сұрап алуыңызға кеңес береміз.

Операциядан кейін аденоид қайта өсуі мүмкін бе?

Өкінішке орай, қайталау (аденоидтің қайта өсуі) жиі кездесетін жағдай. Оның негізгі себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Ең негізгісі – жасалған операцияның сапасы. Егер хирург аденоид тіндерін толығымен жоймаса, тіпті «миллиметр» қалып қойса, аденоид қайта өсуі мүмкін. Сондықтан операция мамандандырылған балалар аурухаанасында, білікті хирургтің қолымен жасалуы тиіс. Бүгінгі күнде эндескопиялық әдіс тәжірибеге еніп отыр. Ол аденоидті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
  • Аденотомия неғұрлым ерте өткізілсе, соғұрлым қайталау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Балаларға аденотомияны үш жастан кейін жасаған абзал. Дегенмен нақты көрсеткіштерболған жағдайда кез келген жаста жасай береді.
  • Аллергияға бейім балаларда қайталау көп кездеседі.
  • Аденоидті тіндері өсуге бейім балалар болады. Ондай жағдайда ештеңе жасауға болмайды. Ондай ерекшеліктер тұқымқуалау арқылы беріледі.

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика