Темперамент – ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдардың мінез-құлқын сырттай бақылай отырып, олардың әрқайсысына тән өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері бар екенін байқаған. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден – әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозға-лыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психи-калық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, зандылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
1.Темперамент туралы жалпы түсінік
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады. Осы шарттарды негіз етіп, айтылған ерекшеліктерді еске алып, тнмпераменттерді 4 түрге бөлуге болады. Олар: 1. Сангивиникалық. 2. Холерикалық. 3. Флегматикалық. 4. Меланхоликалық темперамент.
Жоғарыдағы айтылған негізгі шарттарға сүйене отырып, бұл темпераменттердің әрқайсысына мына сияқты сипаттама беруге болады: 1. Сангвиникалық темпераментіндегі адамның жан қуатының ағымы ширақ, дене қимылдары мен бет қимылдары өзгермелі, эмоциялық қозулары әлсіз, көңіл күйі тез ауысып отырады. Жүріс- тұрысы да жылдам, ашулануы да, қуануы да тез, көңіл күйі өзгермелі болады. Мұндай кісі онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегісіп қалса, біраздан кейін ашуы тарап кетеді; 2. Холерикалық темпераменттің өкілінде психикалық әрекеттің ағысы тез және күшті болып келеді. Көтеріңкі, көңілді көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді, былапыт сөзге үйір. Бір сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам. 3. Флегматикалық темпераментіндегі адам психикасы жай, жайбарақат болады. Дене қимылы, бет қимылы шабан, көрнексіз. Тежеулері бір қалыпты, қимыл – қозғалысы баяу, көңілі тұрақты болып, жайбарақат тіршілікпен жүріп жатады. Бұл адамдар көбінесе өздерінің жүріс – тұрысында сабырлы, мінезді болып келеді. 4. Меланхоликалық темпераментіндегі адамдардың психикасы жай, дене, бет қимылдары баяу, солғын болып келеді. Меланхоликалық кісі жүріс – тұрыстары өте жай, аса сылбыр, қимыл – қозғалыстары көрнексіз, ажарсыз болады, ойын – күлкіні көп жақтырмайды, көпшіліктен аулақ жүреді, жұртпен араласуды қаламайды, өзінен — өзі тұңғиыққа батқандай, үнемі уайым – қайғыға түскендей қалып байқатады.
Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары да бар. Егер сангвиниктің ширақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса, көңіл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады.
Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңілінің өте қатаң ұйытқымалылығы, ұстамсыз – тұрақсыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің сабырлы, салмақты, көңілі тұрақты болуы жағымды болса, қимыл – қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхоликалық адамның көңілінің тұрақты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен — өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынауысы жақсы, мынауысы жаман деп айтуға болмайды. Темпераменттердің осы түрлері шартты түрде сипатталған деуге болады. Өмірде темпераменттердің таза түрін кездестіру қиын, өйткені бұлардың жекелеген элементтерін әр темпераменттен де кездестіруге болады. Жүйке саласының өзгешеліктерін лабораториялық жағдайда зерттеу арқылы ғана бұларды даралап анықтауға мүмкіндік туады.
2.Конституционалды психикалық типтер
Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытаи (б.э.д. VIII ғ.) емшілерінен бастау алады екен. Адамдардың арасындағы өзіндік ерекшеліктерді олар стихиялы-материалистік тұрғыда түсін-дірген. Яғни, адами ерекшеліктер айырмашылығы денедегі элементтерге байланысты дейді. Қытай және үнді емшілері темпераментке үш элементті: 1] ауамен тыныстауды [ЦИ], өтті (немесе қанды және сөлді негіз етіп алды. Осы үш элементтің біреуінің басым түсуіне байланысты адамдардың мінез ерек-шеліктерін үш түрге бөледі. Айталық, өт [қаны] басым адамдар жолбарыс сиякты күшті әрі батыл, «циі» басымдар маймыл тәрізді ұшып-қонған тынымсыз: сілекейі көптер жайбасар, шабандау қимылдайтын болып келеді.
Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик – (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады [2].
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құры-лымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
3.Кречмер бойынша темперамент жіктелуі
ХХ ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э.Кречмер (1888 – 1964). Ол «Тән құрылысы және мінез» атты еңбегінде темперамент түрлі адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты болады деді. Кречмер адамдарды бөледі. Олар: пикник, атастик, астеник. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі төртпақ, қол, аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, сүйектері борпылдақ, іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді; Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен бөксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрлысы пропорциялы болып келеді. Астениктер (лептозондар) арық, беті сопақ, аяқ-қолы, мойыны ұзын, денесінің терісі, сүйектері бос болып келеді.
Адамның дене құрылысын осылайша сипаттай келе, Кречмер темпераменттерді екіге бөледі.Пикниктердің темпераментін Кречмер көбінесе – сиклотиник, ал атлетик пен астениктің темпераменттері – шизотимик деп атайды.Сиклонитик және шизтимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне жатқызады. Сау адамдар мен ауру адамдардың ортасында ауруға шалығайын деп тұрған адамдардың темпераментін Кречмер сиклойд тепераментіне, ал астеник, атлетиктердің темпераментін – шизойд иемпераменті деп атаған. Оның айтуынша, сиклойдтардың және шизойдтардың өзіне тән аурулары болады. Мәселен, сиклойдтар көбінесе кем ақылдың – депрессивтік психоздармен ауырады. Кречмердің сипаттауынша сиклойдтар өте жігерлі, әрекетсіз, уайымшыл, бірақ тез көнгіш, ақ көңіл, өтн жұмсақ, жүйесіз қимылдайтын басқа адамдардың уайым – қайғысына ортақтасып, айналасындағы дүниеге, жағдайдың өзгеруіне ыңғайланғыш болып келеді. Шизойдтер – жай, қщзуы өте шабан, тұйық, жабық адам, бірақ табанды, тұрақты болып келеді. Маникалдың депрессив психозымен ауырған адамдардың мінезі жеңіл, тұрақты, өте сезімді, көңілі аумалы болып келеді. Шизофренмен ауырған адамдардың көңіл күйі түсінкі,өз жағдайын ойлай беретін, қайғы – қасіретке бейім адамдар.
Кречмер темперамент балаға ата – анасынан балаларға тұқым, нәсіл арқылы отырады, олар өзгеріске түспейді, баланың туысынан темпераменті қандай болса, сол темпераменттерді үлкейген кезде де сол бойынша қалады дейді. Әрине, темперамент жөнінде осылайша кесіп айту дәл болмайды, темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен өмір сүру барысында аздап өзгеріске түсіп отырады.
Э. Кречмер конституциялық типо-логия теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-поскопиялық әдісті қолданды [3].
4. У.Шелдон бойынша темперамент жіктелуі
У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:
1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз ке»де агрессивті мінез-құлық байқалады.
3) Эктоморфты тип – арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.
У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.
5.Вунд теориясы
Неміс психологі В.Вундт та темпераменттерді екі топқа бөлді: 1) эмоциясы күшті темпераменттер; 2) әлсіз эмоциялы темпераменттер. Біріншісіне холерик және меланхолик темпераменттерін жатқызады. Өйткені, холериктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте шабан, жай болып келеді.
Эмоциялы әлсіз темпераменттерге сангвиник және флегматик темпераменттер жатады. Сангвиниктің қозулары, сезімдері күшті, әрекеттері жылдам болып отырады. Ал флегматиктің эмоциялары күшті, бірақ олардың әрекеті шабан болып келеді. Вундттан кейін кейбіреулердің теориялары адмның темпераменттерінің негізіне, адамның көңілінің жағымды, я жағымсыз болуын қояды. Олар адамның темпераменттерін шаттық, көңілді темпераменттерге және уайым, мұңды темпераменттерге бөледі. Әрине, бұл жоғарыда айтылған пікірлердің барлығы бір беттілк қате теориялар. Бұл теориялар Гиппократтың теориясын өзгертіп осы уақытқа дейін қолданылып келеді.
6. А.Е. Личконың жасөспірімдер типтері
А.Е.Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы:
1.Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі.
2.Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл – күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл –күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта.
3.Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді.
4.Астенал – невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі.
5.Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез – келген істі орындаумен толтырады.
6.Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады.
7.Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз.
8.Эпилептойдты тип. Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады.
9.Истероидты тип. Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік.
- Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі.
- Комформды тип. Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді.
Қорытынды
Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент тиологиясын жаңа мәліметтермен толықтыруда. В.С. Мерлин мектебінде темпераменттің негізгі 9 параметрлерін бөліп көрсетті: 1) эмоционалдық қозғыштық; 2) зейіннің қозғыштығы; 3) эмоцияның күші; 4) мазасыздық; 5) еріксіз қозғалыстардың реактивтілігі; 6) мақсатты бағытталған әрекеттің белсенділігі; 7) пластикалық- ригидтілік; 8) қарсылық; 9) субъективация. Алайда барлық ұсынылған сипаттамаларды темпераментке жатқыза алмаймыз, мысалы, зейіннің қозғыштығы таным үрдістерін сипаттайды, ал еріктің бел-сенділігі және субъективация мінездің қасиеттеріне жатқызамыз (4).
В.М. Русаловтың ойынша темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына, яғни, адамның дауыс ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қате-лердің болуына, жауаптардың жыл-дамдығына, пікірлердің ұзақтылығына, адамдармен әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы алғанда, әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қайөқай темпераментте таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның бойында бір темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа темпе-раменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. Темперамент арқылы адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін анықтау мүмкін емес. Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын ғана сипаттайды.