Тонзиллит – бұл бактериялық және инфекциялық вирустардың зақымдануынан болатын бір немеше бірнеше көмекей бездерінің инфекциялық ауруы.

Тонзиллит жоғарғы тыныс жолдарының ең кең таралған инфекциялық ауруы.

Жұқтыру жолдары:

Тонзиллит ауруы келесі жолдармен жұғады:

  • Сыртқы ортадан: ауа-тамшылы жолмен немесе тағам арқылы
  • Өздігінен инфекциялану: науқас ағзасында созылмалы қабынудың ошағы болған жағдайда, мысалы, кариес, гайморит, этмоидит тәрізді ауруларда.

Түрлері:

Тонзиллит өткір және созылмалы түрге бөлінеді.

Өткір тонзиллит(тамақтың баспа ауруы) – лимфалық жұтыну аймағының, әдетте таңдайдағы бадамша бездердің стрептококк немесе стафилококк және басқа да микроағзалардың әсерінен болатын ннфекциялық ауру.

Өткір тонзиллиттің  бактериялық қоздырушысы ретінде  А тобындағы гемолиздік стрептококк жатады. Өте сирек тудырашы бактериялар-хламидин мен микоплазмалар.

Созылмалы тонзиллит – жұтыну аймағының және таңдайдың бадамша бездерінің созылмалы, ұзақ қабынуы. Тамақ баспа ауруынан кейін және басқа да инфекиялық қабыну ауруларға жанама ауру ретінде өршиді.

Созылмалы тонзилиттің симптоматикасы жергілікті тамақ аймағында болса, бұл созылмалы тонзиллитің қарапайым түрі саналады, егер қосымша дене қызуы көтеріліп, жүрек жұмысы бұзылса, тұрақты мойын лимфадениті мазаласа, онда бұл тонзиллиттің уытты-аллергиялық түрі саналады.

Симптомдары:

Өткір тонзиллиттің симптомдары

  • Жұтыну кезіндегі ауырсыну
  • Дене қызуының 40°С – қа дейін көтерілуі
  • Көмекей бездерінің қызаруы және ұлғаюы (ісінуі)
  • Көмекей бездерінің іріңдеуі
  • Лимфа түйіндерінің ауырсынуы және ұлғаюы
  • Бастың ауруы
  • Әлсіздік

Созылмалы тонзиллиттің симптомдары

  • Жұтыну кезіндегі ауырсыну мен жайсыздық
  • Тамақтың құрғауы, қышуы, жыбырлауы
  • Жөтел
  • Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы
  • Қатты шаршау
  • Субфебрильді дене қызуы
  • Ұйқының бұзылуы
  • Тәбеттің жоғалуы
  • Мойын лимфалық түйіндердің ауырсынуы

Аурудың асқынуы

Тонзиллиттің ең қауіпті асқынуы – ревматизмге ұласуы. Буындарды, жүрек қақпақшасын зақымдайды. Толық емделмеген тонзиллит бүйрек ауруларына (пиелонефрит, гломероулонефрит) әкеп соғады. Локальды асқынуы ретінде паратонзиллит және паратонзиллитырлық абцесс ауруларына ұласады.

Себептері:

  • Бактериялар
  • Вирустар
  • Венсана спирохетаның ұршық тәріздес таяқшамен селбесуі
  • Грибоктар
  • Жанама факторлар: ағзаның салқындап қалуы, иммунитеттің төмендеуі, бадамша бездерінің зақымдануы, мұрыннан тыныс алудың бұзылуы, ауыз қуысының, мұрын және мұрын жанындағы қойнаулардың қабыну аурулары және т.б.

Диагностика

Тонзиллиттің диагностикасын лор-дәрігер жасайды.

Емдеу

Науқастағы тонзилиттің түрі мен сипатына қарай ем қолданылады. Барлық медициналық тексерулерден кейін консервативті немесе операциялық ем қолданылатыны шешіледі.

Консервативті ем:

  • Дәрумендерге бай, жеңіл тағамдар
  • Тамақты шаю
  • Соратын дәрі-дәрмек қабылдау. Алайда, тамақты шаю дұрысырақ болады, өйткені шаю процессінде бактериялар мен іріңдер сыртқа кетеді, ал сору кезінде ішке өтеді.
  • Сұйықтық көп мөлшерде ішу (қарсы көрсетілім болмаса)
  • Симптомдарды басу үшін стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер ішу
  • Иммунитет көтеретін шөптесін дәрі-дәрмек қабылдау
  • Антимикробты дәрі-дәрмек қабылдау

Дәрігердің кеңесінсіз ешқандай дәрі ішуге болмайды!

Хирургиялық ем

Егер

  • Баспа жылына 2-4 рет қайталанса. Созылмалы тонзиллитке ұласса. Таңдай бездерінде патологиялық іріңді детрит болса, асқыну байқалса бадамша бездерін хирургиялық жолмен алып тастайды.

Профилактика

  • Гигиеналық шараларды жасау. Қол жуу, ауыз қуысын жуу, азық-түлікті пайдаланар алдында жуу және т.б.
  • Дұрыс тамақтану. Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану.
  • Бөлмені таза ұстау
  • Ауаны тазартып тұру, шаң-тозаңнан тазарту
  • Ауыз қуысындағы ауруларды асқындырмай, уақытында емделу. Стоматологқа қаралып тұру
  • Ринит, синусит ауруларында мұрын жолдарын шаю
  • Тұмау, жұқпалы өткр ауруларда иммунитет күшейтетін дәрілер ішу, ағзаны қорғайтын вирусқа қарсы дәрілер ішу
  • Тамақты шөптерден дайындалған тұнбалармен шаю
  • Тонзиллит жұқпалы ауру болғандықтан, инфекция тасушылармен қатынасты азайту керек.

.

 

.

Share This Class:

Яндекс.Метрика