.
Синусит– мұрын қуысының шырышты қабықшасының қабынуы. Мұрын ауруларының ішіндегі ең жиі кездесетін, инфекциялық аурулардың салдарынан пайда болатын ауру. Синусит бір немесе бірнеше мұрын айналасындағы қуыстарды зақымдауы мүмкін.
Классификациясы
Синусит өткір және созылмалы болады.
Түрлері:
Экссудативті
- Іріңді синусит
- Катаралды синусит
- Сірлі синусит
Продуктивті
- Полипозды синусит
- Қабырғалық-гиперпластикалық синусит
Этиологиялық факторлар бойынша:
- Аллергиялық синусит
- Бактериялық синусит
- Вирусты синусит
- Грибокті синусит
- Дәрі-дәрмектіктен болған синусит
- Аралас синусит
- Зақымданудан болған синусит
Орналасу ошағы бойынша:
- Гайморит – жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығының қабынуы
- Ринит – мұрын қуысының қабынуы
- Сфеноидит- сына тәрізді қуыстың қабынуы
- Фронтит- шеке қойнауының шырышты қабыңының қабынуы
- Этмоидит- торлы сүйектің шырышты қабыңының қабынуы
Себептері
- Аллергиялық реакция
- Мұрын айналасындағы қойнаулардың деформациялануы
- Вирустық инфекциялар
- Грибоктар
- Ластанған немесе салқын ауа
- Авитаминоз (дәрумендердің жетіспеушілігі)
- Денеге салқын тигізіп алу
Симптомдары:
- Бетте (көз айналасында, ұртта, мұрын, шеке тұста) ауырсыну мен қысымның пайда болуы
- Иіс сезудің бұзылуы
- Дене қызыуының көтерілуі
- Тамақтың ауруы
- Әлсіздік пен шаршау
- Жөтел (әсіресе, түнде күшейеді)
- Ауыздан жағымсыз иістің шығуы
- Бай айналу
- Бас ауруы
- Тіс ауруы
- гиперемия
Синуситтың асқынуы
- сүйектердің зақымдануы (остеомиелит)
- көз аурулары
- құлақ аурулары
- тыныс алу мүшелерінің аурулары
Диагностика
Синуситтің диагностикасын лор дәрігер жасайды.
- Мұрын ішіндегі іріңді анализдау
- Эндоскопиялық зерттеулер
- Ұзд зерттеуі
- Компьютерлік томография
- Ядерлі-магнитті резонанс
Емдеу
- Егер синусит кезінде тұмау немесе суық тию болса, суық ауада сыртқа шықпау көрсетіледі.
- Егер дене қызуы көтерілсе ыстық басатын дәрілер көрсетіледі.
- Көп мөлшерде жылы сұйық ішу, әсіресе С дәрумені бар итмұрын мен лимон қосылған шай ішу керек. Жылы ванна қабылдау. Ингаляция жасау.
- Бактериялық синуситте антибиотиктер көрсетіледі.
Хирургиялық жолмен емдеу
Егер дәрі-дәрмектен синусит жазылмаған жағдайда, ауру асқынғанда хирургиялық жолмен емдейді.
Профилактика
- Салқын тиіп қалудан сақтану
- Салқын ауада ұзақ уақыт тұрып қалмау (салқын ауамен ұзақ тыныс алмау)
- Уақыттың көп бөлігін өткізетін бөменің ауасын тазартып тұру
- Белсенді химиялық заттармен жұмыс істемеу
- Темекі түтіні, лас ауа, шаң-тозаңеае аулақ болу
- Көп сұйықтық ішу
- Кондиционерді тазалап тұру
- Дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды пайдалану