Отит(отиттер) деп құлақтың қабыну ауруларын айтады.
Құлақ үш бөліктен тұрады:
Құлақтың сыртқы бөлігі құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолынан тұрады. Сыртқы бөлігінінің қабынуында сыртқы отит дамиды.
Құлақтың ортаңғы бөлігі сыртқы дабыл жарғағы арқылы байланысады және дабыл қуысы мен есту шеміршектерінен тұрады. Ортаңғы бөлігінің қабынуында ортаңғы отит дамиды.
Құлақтың ішкі бөлігі шеміршекті және жарғақты лабиринттерден тұрады және ішкі бөлігінің қабынуында ішкі отит немесе лабиринтит дамиды. Отиттің бұл түрі балаларда кездеседі.
Отиттің түрлері
Отит өткір және созылмалы болып бөлінеді.
Өткір отит 3 аптадан артық созылмайды, ал созылмалы отит 3 айдан аса созылады.
Қабынудың пайда болуына байланысты инфекциялық және инфекциялық емес (аллергиялық немесе жарақаттан болған) деп қарастырады.
Қабынудың түріне байланысты отиттер экссудативті, іріңді және катаралды болып қарастырылады.
Себептері:
Ортаңғы отитті тудыратын себептер:
- Өткір жұқпалы вирустық инфекциялар
- Адениодтар, кеңсіріктің ісіп ауруы немесе созылмалы тонзиллит, аңқадағы өскіндердің пайда болуы
- Атмосфералық қысымның ауытқуы (ұщақ ұшқанда не қонғанда), альпинизммен айналысқанда -аэроотит
- Мареотит (судың тереңдігіне сүңгігенде)
- Созылмалы аурулар (қант диабеті)
- Балалардың иммунитеті толық қалыптаспауынан
Сыртқы отит құлақ қалқанының зақымдануынан, сыртқы есту жолында сыздауықтың шығуынан немесе ортаңғы отиттің іріндеуінен дамиды.
Лабиринит (ішкі отит) – ортаңғы отиттің асқыну салдарынан болады.
Симптомдары
Сыртқы отит симптомдары:
- Құлақта ауырсыну синдромы болады
- Құлақ қалғаны ісіп, қызарады
- Құлақ терісінің гиперемиясы
- Ірің
- Құлақтың бітеліп қалуы, қышыма
Ортаңғы отит симптомдары:
- Құлақтың ішкі бөлігінің ауырсынуы
- Дене қызуының көтерілуі
- Басты қимылдатқана ауырсынудың күшеюі. Ауырсыну жаққа, көз немесе басқа беріледі.
- Есту қабілеті төмендейді, құлақта шуыл пайда болады
Ішкі отит симптомдары:
- Бас айналу
- Жүрек айну, құсу
- Құлақта шуыл болады және есту қабілеті төмендейді
Диагностика
- Қан талдауы, науқас анамнезін қарау
- Отоскопия
- Мұрын және шеке қуыстарын рентгенге түсіру
- Аудиометрия
- Бактериялық зерттеулер
- Компьютерлік томография
Емдеу
Отитті дәрігер-оториларинголог емдейді.
Асқынуы
Егер ауруды дұрыс емдеген жағдайда аурудың асқынуы күрделі ауруларға әкеп соғады. Олар:
- Мастоидит
- Менингит
- Мидың абцесі