Жануарлар организмдеріндегі ұлпалардың классификациясы. Эпителий ұлпаларының жүйелері. Ішкі орта ұлпалары.
Жоспар:
- Ұлпа туралы жалпы ұғым.
- Мезенхима .
- Ішкі орта ұлпалары туралы жалпы түсінік.
Жануарлар және өсімдіктер клеткадан тұрады деген көптеген мағұлматтарға сүйеніп 1939 жылы Шлейден мен Шванн атақты клетка теориясын ашты.
Ұлпа дегеніміз жалпы атқаратын қызметіне, құрылысына кей жағдайда шығу тегіне ұқсас клетка және клетка аралық жйынтығы.
Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, қуыс органдардың ішкі бетін және организмнің секрет бездерін алып жатады.
Эпителий – шекарлық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ішкі эпителийі арқылы қоректік заттар, белок, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы организмге таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады.Көп уақытта организмнен сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі – ұлпадан сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады.Эпителий шекарда тұрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол оранизмді химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді.
Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды қызмет атқарады, өйткені ол секрет бүкіл органимдегі зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық және механикалық өзгерістерден сақтайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас қорыту процесінде үлкен роль атқарады.
Қалқанша безі шығаратын гормон жалпы организмдегі алмасу процесін реттейді.
Шығу тегі және атқаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда қан тамырлыры болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. Эпителий ұлпасын класификацияға бөлгенде оның шығу тегіне, құрлысына және атқаратын қызметіне қарайды. Қазіргі кезде филогенетикалық және морфофункционалдық бойынша оның шығу тегінің эволюция процесінде қалыптасуына байланысты, атқаратын қызметіне және морфологиясына қарап бөлуді айтады. Бұл классификация бойынша тері, ішек, бүйрек, целом эпителиясы деп бөледі. Осы көрсетілген, әр түрлі эпителий өзіне тиісті ерекше міндетін атқарады. Тері эпителийінің атқаратын қызметі – сыртқы ортаға зат алмасу процесінде жиналған заттарды шығарады және бір қабатты болып келеді.
Екінші класификация бойынша атқаратын қызметіне байланысты негізінде құрылысына қарайды.
Эпителий бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді
Морфологиялық классификациялау эпителийі бір қабатты көп қатарлы клетка пішініне қарай бөледі. Пішіні пирамида, куб тәрізді, жалпақ, цилиндр тәрізді. Онтофилогенетикалық классификация эпителийдің қай ұрық жапырақшасының қай өсімімен шығуына байланысты. Эктодерма, эндодерма, мезодерма шығарған Хлопин.
Эпидермальді эзктодермадан – жабынды, тері, без эпителиялары, ауыз қуысындағы эпителий, сілекей безінің эпителиясы пайда болады. Эпендима пекальді эпителий негізінде нерв трубкасынан және эпендимадан пайда болады.
Қызметіне қарай классификациялау:
- Жабынды эпителий (тері эпителийі)
- Шырышты органдардың қабатын астарлап жататын эпителий.
- Превральді перикордиальді және құрсақ қабаттарын алып жататын эпителий.
- Ішкі органдардың паренхимасын алып жататын эпителий.
Осылардың ішіндегі жақсы зерттелген тері эпителиясы.
Омыртқасыз жануарларда жабынды эпителий бірнеше қызмет атқарады:
Қорғаныштық – бұл қаңқа қызметімен байланысты. Осы жабынды эпителий омыртқасыз жануарларда қимыл қызметін атқарады. Өйткені тері арқылы қимылдайды.
Омыртқасыз жануарларда талшықтар, өсінділер көп болады. Олардың тері эпителясы экскреторлы қызмет атқарады. Олардың құрамындағы секретті сыртқа шығарады. Ішек қуыстарында стрекательді клетка
болады. Бұлар әртүрлі улы зат жіберу арқылы өзінің қорегін тауып алады.
Омыртқасыз жануарларда тері эпителиясы бірнеше қызмет атқарады.
Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителий қабаттары. Жоғары сатылы жануарлардың шырышты эпителийі бүкіл асқорыту жүйесін, тыныс алу жүйесін, жыныс және зәр шығару жолдарын алып жатыр. Шырышты эпителий мынандай қызмет атқарады:
- Қорғаныштық ( ішкі ортамен сыртқы ортаның)
- Зат алмасу қызметін – секрет бөлу, кейбір жағдайда оларды жинақтау.
- Сұйық заттарды және қатты түйіршіктерді шырышты қабаттар арқылы жылжыту. Астың, бөгде заттардың, жыныс органдардың продуктыларын, зәрдің жәнен слиздің жылжуы.
Шырышты эпителийдің құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты болады. Қорғаныштық қызметін іске асыру үшін клетканың апикальді бетінде талшықтар мен микробүртіктер болады ал көп қабатты эпителийде – мүйізді құрылым болады. Клетка байланыстары және клетка органоидтары жақсы жетілген. Эпителий қабатында бір клеткалы бездер орналасады.
Асқазаның шырышты эпителийі. Омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімінің эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің эпителийінің құрылысы оның тек қана жапырақшалардан пайда болуында ғана емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да байланысты.
Адамдарда және сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамақтануына байланысты. Базальді қабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері эпителийінде морфология жағынан өте ұқса келеді.
Құстарда өңеш эпителийі көп қабатты болып келеді. Көбінесе шырышты – талшықты. Бауырымен жорғалаушылар да жабынды эпителийдің айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп қабатты кейде көп қатарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың құрамында шырышты эпителий көп кездеседі.
Амфибийде және кейбір балықтарда өңешті эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты.
Салыстырмалы гистологиялық зерттеулер бұлардың бәрі энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде және онтогенезде эпителий бір қабатты негізгі ішектен пайда болады.
Бір қабатты куб пішінді эпителий. Эпителидің бұл түрі организмде сирек кездеседі; үш ұрықтық жапырақшалардың бәрінен де дамиды.
Ол аналық жыныс безін қаптайды, бүйректің жұмсақ затын жинаушы түктерін, бездердің ұсақ өзектерін астарлап тұрады. Қалқанша безде байқалады. Бүйректің каналшықтарында сіңіру функциясы атқарады. Бүйректің эпителийі секрет бөлу қызметінде атқарады. Бүйрек каналшықтарында эпителийінің бос бетінде микробүрлер болады. Клеткаларының үлкедігі бірдей, ядросы цитоплазмасының ортасында орналасады.
Бір қабатты цилиндр пішінді эпителий клеткалары бір деңгейде орналасып клеткалар қабатын құрайды. Негізінде энтодерма мен мезодермадан пайда болады.
Энтодермадан пайда болған эпителий ас қорыту жолының, өт қабының бауыр мен ұйқы безінің өзектерінің ішкі бетінде орналасқан. Мезодермадан түзілген эпителийлерге бүйрек жинаушы түктерін, жатыр түктерін астарлаушы бір қабатты цилиндр пішінді эпителий кірпікшелерімен жабдықталған клеткалардан тұрады. Цилиндр пішінді эпителий базальдік мембранаға жайғасқан клеткалардың қабаты. Ас қорыту жолын астарлайтын энтодермалық цилиндр пішінді бір қабатты эпителийді ішек эпителийі деп атайды. Ішек эпителий күрделі гетерогендік жүйе болып есептелініледі, негізгі клеткалары сіңіруші және секрет бөлуші клеткалар. Сіңіруші эпителийінің құрылысы өздерінің атқаратын функциясына бейімделген. Сіңіруші ішек эпителийіне тән ерекшелік, оның клеткасының апикальдық бетінде щеткалық көмкерме ( кутикула лат. тері ) деп аталатын көлденең сызылған құрылым болады. Цитоплазмалық өсіндісілер –микробүрлер.
Щеткалық көмкерме клеткаларының ауданын арттырып сіңіруге себепші болады. Ішек эпителийінің бір клеткасында 3000 дейін микробүрлер болады.
Ішектің 1мм2 бетінде микробүрлердің саны 200,000,000 дейін жетеді.
Ішек эпителий клеткалары мен базальдік мембрананың арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ішектердің үздіксіз қимылы мен эпителийдің үдемелі жұмысы клеткалардың тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің барлық клеткалары 30 – 36 сағаттың ішінде жаңарып отырады.
Кірпікшелі эпителий нематодтар мен буынаяқтылардан басқа жоғары сатыдағы көп клеткалы жануарлардың барлық тобына дерлігінде кездеседі.
Адамада кірпікшелі эпителий тыныс органдарында , есту органдарында, жыныс органдарында, орталық нерв жүйесінде кезеседі.
Жарық микроскопен қарағанда кірпікшелердің ішкі құрылысы байқалмайды, гомогенді болып көрінеді. Оның нәзік құрылысын электрондық микроскопен анықталады. Кірпікшелер плазмалеммамен қоршалған цитоплазма өсіндісі, матриксінде екі орталық дара, тоғыз жұп шеткі түтікшелер орналасады.
Электрондық микроскоп кірпікшелердің тоғыз шеткі жұп микротүтікше –лері базальдық денешікпен байланысытынын, ал олардың орталық микротүтікшелері базальдық денешікке жетпей аяқталатыны анықталды. Базальдық денешіктер цитоплазманың эктоплазмалық қабатында орналасады. Кірпікшелі эпителий қорғаныш функциясын атқарады.
Көп қабатты эпителий. Төменгі сатыдағы жануарларда көп қабатты эпителий болмайды, бір қабатты болады. Көп қабатты эпителий омыртқалардың эктодермасын және оның туындысына тән.
Көп қабатты эпителий клеткалардың көп қабатынан тұратын және тереңдегі қабаты базальдық мембранаға жайғасқан эпителийлік қабат. Құрылыс ерекшелігіне байланысты көп қабатты эпителий сіңіруді тиімді қамтамасыз атқара алмайды. Сонымен бірге секрет бөлу қызметінде де нашар бейімделген. Секрет эпителийдің астында орналасқан бездеріне келеді де, өзінің өзектері арқылы эпителийдің бетіне ашылады. Көп қабатты эпителий қорғаныш қызметін атқарады.
Көп қабатты эпителийдің мүйізденбейтін және мүйізделуші деп аталатын екі түрі бар.
Безді эпителий. Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғарғы сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер атқарады.
Без эпителийі метаболизм процесінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.
Ішкі орта ұлпалары организмнің ішкі ортасының негізігі бөлігін құрайды. Түрлі огандар құрамына кіріп сыртқы ортамен тікелей қатынасқа түспейді.
Ұлпалардың бұл тобының бәріне ортақ белгілері клеткаларының гетерополярлы болмауы мен қабат құрмауы. Сонымен бірге клеткалардан және талшықтар мен негізгі заттан тұратын клеткааралық материалдан тұратындығы.
Ішкі орта ұлпаларының негізгі топтары – меншікті дәнекер ұлпа, май ұлпасы, қан мен лимфа, шеміршек пен сүйек ұлпалары. Ішкі ортаның ұлпалары әр түрлі функциялар атқарады. Мысалы, қан мен лимфа және борпылдақ дәнекер ұлпасы негізінде организм клеткаларының қоректенуін қамтамасыз етіп, трофикалық функция атқарады; организмнің ішіне түскен инфекциямен немесе бөгде белоктармен күресіп қорғаныш қызметін де атқарады; шеміршек, сүйек, сіңір, апоневроз, шандыр механикалық функцияны қамтамасыз етеді.
Эволюция процесінде ішкі орт а ұлпалары эпителий ұлпаларымен бір мезгілде пайда болған. Ішкі ортаның ұлпаларының бәрі онтогенезде мезодермадан дамиды.
Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзілетін дәнекер ұлпасы. Мезенхима негізінде мезодермадан бөлініп шығатын ұрықтық жапырақшалардың арасын толтырып тұратын, тармақтары бір – бірімен ұштасып жатқан тор құрайтын жұлдыз пішінді клеткалардан тұрады. Мезодермадан пайда болатын мезенхиманы энтомезенхима деп атайды. Мезенхима қан клеткаларына, дәнекер ұлпасына, шеміршек, сүйек ұлпаларына жіктеледі. Мезенхима клеткаларының ядросы ірі, пішіні сопақша болып келеді. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген және митохондриялар көп болады. Клеткааралық заттарда негізінде белоктар, қанттар кездеседі.
Қан трофикалық және қорғаныш функцияларын атқаратын сұйық дәнекер ұлпа. Клеткалық элементтер мен плазмадан тұрады. Клеткалық элементтерге қызыл және ақ клеткалар жатады.
Эритроциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан, қанның негізгі клеткалары лейкоциттерге қарағанда 500 – 1000 есе көп. Ерлердің 1мм3 қанында 5млн. Жуық, әйелдерде – 4 – 4,5млн. Эритроцит болады. Адам организміндегі эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестенің 1мм3 қандағы эритроциттер санының кемуі қан аздық кезінде байқалады. Эритроцит құрамында 66% су, 33% жуығы гемоглобин белогі. Гемоглобин белоктік бөлік-глобин мен онымен қосылған пигменттен тұрады.
Лейкоциттерді 1673 ж. Левенгук ашқан . Лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда аз. Бір лейкоцитке 1000 эритроцит келеді. Ересек адамның 1мм қанында 6-8 мың лейкоциттер, жаңа туған нәрестеде – екі есе көп болады. Мысалы ас қорыту кезінде көбейеді. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмасы оларда гемоглобин болмайды, бұлар ядролы клеткалар және өздеріне тиісті қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан тыс атқарады, жалған аяқ түзіп қозғала алады.
Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты аморфты немесе негізгі заттан және коллагендік, эластиндік, ретикулалық талшықтан тұрады. Аморфты зат гель тәрізді сұйық құрылым, клеткалармен талшықтардың арасын алып жатады.
Аморфтық заттың негізгі компоненті полисахаридтердің комплексі – қышқыл мукополисахаридтер мен аздаған мөлшерде нейтральдық муко полисахаридтер. Бейколлагендік белоктарда кездеседі.
Коллагендік талшықтар негізінде гликол, пролин, оксипролин, аргинин сияқты амин қышқылдарынан тұратын белок коллаген талшықтары фибриллдер шоғырынан тұрады. Фибрилла параллель орналасқан бірнеше протфибриллден түзілген.Көлденең сызылғандығы қоңыр және ақшыл учаскілердің кезектесіп орналасуының нәтижесі. Коллаген талшықтары мықты болып келеді, қайнатқан кезде желімге айналады.
Эластиндік талшықтарда арнаулы бояу әдісітерімен өңдегеннен кейін жарық микроскопымен байқауға болады. Эластиндік талшықтардың коллагендік талшықтардан ерекшелігі бір – бірімен жалғасып тор құрайды және көлденең сызылғандық байқалмайды. Әрбір жеке эластиндік талшық жіңішке талшықтардан – протофибриллерден тұрады.
Эластиннің құрамында гликокол, лейцин, фенилаланин, валин сияқты амин қышқылдары көп болады.
Ретикулалық ұлпа латының «ретикулум» (тор) деген сөзінен шыққан. Ретикулалық клеткалар мен ретикулалық талшықтардан тұрады. Ретикулалық клеткалардың көпшілігі тармақтармен бір – бірімен байланысып лимфалық органдар мен қан түзуші ұлпалардың, тірегін құрайды. Ретикулалық клеткалар шала жіктелген, камбиялық клеткалар. Макрофагтар деп аталатын фагоциттерге жеңіл айнала айнала алады.
Ретикулалық ұлпа организмнің көптеген жерінде, әсіресе сүйек майында, көк бауырда, лимфалық түйінде, таңдай бадамша бездерінде, ішектің кілегейлі қабықшасында, бауырда, бүйректе көп болады. Оған фагоцитоз тән- бөгде бөлшектерді, өлуші клеткаларды, бактерияларды фагоциттейді. Бұндай клеткалар өкпенің альвеоларында, бауырдың, бүйрек үсті бездің, гипофиздің қылтамырларында да кездеседі. Қорғаныш қасиеттері бар дәнекер ұлпасының барлық элементтерін біртұтас аппаратқа біріктіріп ретикула – эндотелийлік немесе макрофагалық жүйе деп атайды.
Талшықты тығыз дәнекер ұлпасы негізінде аморфты заттан және талшықтардан құралған. Клеткалары өте аз болады. Талшықтардың орналасуы мен бағытына байланысты тығыз дәнекер ұлпасның қалыптаспаған және қалыптасқан дәнекер ұлпасы деп ажыратылады.
Қалыптаспаған тығыз дәнекер ұлпасына сүтқоректілер мен адамның терісінің тор қабаты, буындар мен кейбір ішкі органдарды қаптап тұратын дәнекер ұлпалық қабықшалар жатады. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасына тән ерекшелік клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі бағыттарда жатады және олардың орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды.
Ұлпаның негізгі массасын құрайтын талшықтардың түріне байланысты қалыптасқан коллагендік және серпімелі деп бөледі.Коллагендік қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасының сіңір жатады.Коллаген талшықтары –І реттегі шоғырлар бір – біріне паралель және тығыз орналасады.Талшықты шоғыр арасында саңылаулар аморфты затта фиброциттер(сіңір клеткалары) жатады.
Тығыз қалыптаспаған эластиндік ұлпа дәнкер ұлпасы адам мен сүтқоректілерде желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды.Өкпе , тыныс жолдарында кездеседі. Құрылысы тығыз қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас, айырмашылығы оның механикалық қасиеттерін анықтайтын негізгі құрылымдық компоненті коллагендік талшық болмайды.
Шеміршек ұлпасы механикалық функциясы атқаратын ұлпасының жоғары дәрежеде жіктелген тобына жатады. Ол адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Мезенхимадан дамиды, тығыз негізгі затта орналасқан клеткалар мен талшықтардан тұрады.
Шеміршек қатты, бірақ иілгіш ұлпа . Пішінінің өзгеруіне қарсы тұруға жақсы бейімделген, оның аралық заты серпімелі келеді және сүйектердің буын беттерінің арасында жиі пайда болатын үйкеліс күшін кемітетін қасиеті бар. Клеткаларын хондробластлер деп атайды. Хондробластомер даму процесі кезінде хондриттерге айналады. Хондроциттер шеміршек ұлпасының негізгі клеткасы, клеткааралық затта ерекше қуыстарда капсуламен қоршалып орналасады. Хондриттің беттері электрондық микроскоппен байқалатын микробүрлермен жабдықталған. Бұл клеткалардың ядросы жұмыр келеді, хроматин аз болады. Цитоплазмасында митохондриялар, белоктарды синтездейтін гранулуалық эндоплазмалық тор мен жақсы жетілген Гольджи жүйесі болады. Хондрициттер 2 – 4-оннан да көп болып топтасып бірігіп «изогендік топ» деп аталатын компелкс құрайды.
Шеміршекті мезенхиманың клеткаларынан түзілетін шеміршек қабықшасы, немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасын қаптап тұрады. Перихондрдың екі қабатын ажыратады: тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан тұратын сыртқы – фиброзалық қабат пен құрамында хондробластлер бар ішкі – хондрогендік қабат.
Коллагендік және эластикалық талшықтар мен негізгі заттың санына байланысты шеміршек ұлпасының үш түрін ажыратады: гиалинді, эластиндік және талшықты шеміршектерді.
Гиалинді (гректің гиалос –әйнек) шеміршек шеміршек ұлпасының ең көп тараған түрі. Адам мен сүтқоректілер ұрығының қаңқасы шеміршектің осы түрінен тұрады. Хондробластер мен хондроциттерден, клеткааралық аморфты және талшықты заттан тұрады.
Клеткааралық затты құраушы негізгі химиялық қосылыстар коллаген, қышқыл мукополисахаридтер, нейтральдік мукополисахаридтер мен бейколлагендік белоктар. Гиалинді шеміршекті шеміршек қабықшасы қаптап тұрады. Перихондрдың құрамында жас шеміршек клеткалары – хондробластлер, фибробластлер иен фиброциттер және коллаген талшықтарының жуан шоғырлары болады. Олардың арасында борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасының өте жұқа қабаты мен қан тамырлары және нервтер болады.
Эластиндік шеміршек .Адам мен сүтқоректілердің құлақ қалқаншасында, сыртқы есту жолында, көмекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектерінде – мүйіз тәрізді және сына тәрізді шеміршектерінде кездеседі. Құрылысы гиалиндік шеміршекке ұқсас, бірақ құрамында тығыз тор құрайтын эластиндік талшықтар көп болады, изогендік топтарда аз келеді. Хондриоитинсульфаттарда гиалиндік шеміршекке қарағанда аз болады. Эластиндік шеміршектің тағы да бір ерекшелігі известелінбейді.
Талшықты шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің дискілерінде, санның жұмыр сіңірінде , жамбастың шат сүйектерінің байланысқан жерінде, төменгі жақ буынында байқалады. Талшықты шеміршектің құрылысы гиалиндік шеміршекке ұқсас. Айырмасы коллаген талшықтарының шоғырлары параллель орналасқан қатарлар құрап орналасқан; шеміршек клеткалары коллаген талшықтар шоғырының қатарларының арасында параллель қатар құрап жайғасқан.
Шеміршек ұлпасы тірек функциясын атқарумен бірге көмірсулардың алмасуына да қатысады.
Сүйек ұлпасы тек қана омыртқалы жануарларда кездеседі. Тірек функциясын атқаруға бейімделген және организмнің минералдарының алмасуында да маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге сүйектің қызыл майы қанның пішінді элементтерінің түзілетін орыны, қорғаныш қызметінде атқарады.
Сүйек мезенхимадан дамитын клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелінген дәнекер ұлпасының түрі. Клеткааралық негізгі зат органикалық матрикс пен тұздардан тұрады. Органикалық қосылыстар негізгі заттың 30% жуығын құрайды, ал қалған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Негізгі заттың органикалық компонентері электрондық микроскоппен байқалатын көлденең сызылғаны байқалатын коллаген талшықтары мен белок – полисахаридтер комплекстер.
Cүйек ұлпасның клеткалары остеоластлер, остеоциттер және остеокластлер.
Остеобластлер (грекше «osteon» – сүйек, «blastos» – ұрық) сүйек ұлпасының түзуші клеткалар. Қуыстардың ішінде жайғасады. Қуыстар өзара жіңішке каналшықтармен жалғасады. Осы каналдар мен каналшықтар арқылы қан тамырлар өтеді. Қалыптаспаған сүйектерде сүйек ұлпасының ыдырауы мен қалпын келу учаскілерінде ғана кездеседі. Пішіндері – куб, пирамида, көп бұрышты болып келеді.
Остеобластың секрециялық белсенділігінің негізгі өнімі проколлаген және сүйек матриксінің аморфтық компоненті және кейбір ферменттер. Проколлаген коллаген талшықтарына айналады.
Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі митозға қабілетсіз ересек жануарларға тән клеткалар. Клеткалар мен сүйек каналшықтары қасиеттері жағынан клеткааралық заттан қосылған полисахарид пен жіңішке коллаген талшықтарынан тұрады.
Остеокластар (грекше «osteon» – сүйек, «clao» – талқандау) – сүйек пен шеміршекті талқандаушы ірі көп ядролы клеткалар. Цитоплазмасында тор нашар жетілген, оның есесіне митохондрийлер мен лизосомалар және вакуольдер көп болады. Гольджи кешеніде жақсы жетілген.
Сүйектің клеткааралық затындағы коллаген талшықтарының орналасуына байланысты сүйек ұлпасының екі түрін ажыратады: ірі талшықты және пластинкалық. Ұрықтар мен жаңа туған жануарларда сүйек ұлпасының клеткааралық заты ірі болады.
Емік, немесе трабекулаларының, сүйек трабекула деп аталатын бірі – бірімен байланысы жататын жіңішке сүйек элементерінен тұратын тор.Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмақтың бағытына сай. Кемік сүйек ұрықтар мен өсуші организмдерге тән, ал ересеск организмде жіліктердің эпифиздерінде сақталады. Тығыз сүйек қоршап орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндерден тұрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады.Осы арқылы қан тамырлары өтеді. Олар қоректік заттарды клеткаға жеткізеді де клеткадан метболизм қалдықтарын алып кетіп отырады. Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін ашқан ғалымның атымен Гаверс жүйесі, немесе остеон дейді. Остеон сүйектің тығыз заттының құрылымдық бірлігі . Жілік сүйек бірі – біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген санынан тұрады.
Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан тұрады. Осы талшықтардың арасында остеобластлер жатады. Бұлар әсіресе
Жас өсуші сүйектерде көп болады. Периосттың сыртқы қабаты тығыз келеді және коллагендік талшықтардың жуан шоғырларынан тұрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қан тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарынан өтіп сүйекті қоректендіреді.
Сүйектің дамуы немесе остеогенез. Сүйек екі жолмен дамиды:
1) ұрықтық дәнекер ұлпаснан, немесе мезенхимадан тікелей дамуы; 2)шеміршектердің орнына дамуы. Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында дамудан бұрын басталады. Дәнекер ұлпасының клеткалары остнобластарға айналады. Синтездеу қабілетінің артыуымен остеобластармен айналады. Синтездеу қабілетінің артуымен остеобластлер аморфтық клетка аралық зат пен коллагендік талшықтарды түзеді. Негізігі зат қалыптасқаннан кейін остеобластлер сүйек клеткаларына – остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болған клеткааралық зат мукопротеид пен коллагеннен тұрады. Коллаген талшықтарында кальцийдің жиналуына кедергі болатын мукополисахаридтер болғандықтан мұнда минералдық тұздар болмайды. Мұндай сүйек тәрізді ұлпа жұмсақ келеді, пышақпен жеңіл кесіледі. Дамудың кезектегі кезеңінде ұлпа органикалық фосфаттарды ыдыратып минералдық тұздардың шөгуін қамтамасыз ететін фосфатазалар көп мөлшерде пайда болады. Осымен бір мезгілде сүйек тәрізді ұлпаның клеткааралық затында мукополисахарид молекулаларының ыдырауымен олардың қалдықтарының еруі жүреді. Осы кезеңнен бастап клеткааралық заттың органикалық бөлігі толықтай дерлік коллагеннен тұрады.
Сүйектің шеміршектен дамуы. Ұрықтың қуыс сүйектері шеміршектен тұрады. Шеміршек қалыбының орнына сүйек пайда болады. Олар шеміршек қабатымен қапталған , шеміршектің ішінде қан тамырлары жақсы жетілген.
Шеміршектің сүйектенуі ең бірінші диафизінде жүреді, одан кейін эпифизге ауысады. Клетка аралық заттарында кальций тұздары болады. Сүйектену нүктесі пайда болады. Перихондриальді және эндохондриальді сүйектенулер оссеин ұлпасының ішінде остеобластардың кіруі арқылы жүреді.
Қан екі құрылымнан тұрады: қан клеткаларынан және плазмадан. Қан клеткалары 40 – 45 % құраса, қан плазмасы 55 – 60 % құрайды.
Нейтрофилдер барлық лейкоциттердің 62 % -құрайды. Олардың диаметрі 10-12 мк, түйіршіктердің көлемі 0,2 – 0,2мк. Нейтрофильділердің ядросы сигменттелген. Клетка неғұрлым ертерек түзілсе, оның ядросы соғұрлым көбірек сегменттдерден тұрады. Олардың саны 5-ке дейін жетеді. Жас нейтрофильдердің ядролары әлі сементтеле қоймағандықтан иірілген таяқшаға ұқсас болып келеді, мұндай клетканы таяқша – ядролы клеткалар деп атайды.
Электрондық микроскоппен қарағанда нейтофильділердің цитоплазмасында түрлі органоидтардың бар екені байқалған. Нашар дамыған эндоплазмалық тордың едәуір мөлшері ұсақ митохондриялары мен көпіршіктері кездеседі. Түйршіктердің кейбіреулері лизосомалар түрінде берілген. Нейтрофильдердің барынша активті фагоциттер. Дененің ішкі ортасына инфекция енгенде олар тамыр арнасын тастап, бірінші болып бөгде бөлшектер енген жерге ұмтылады. Егер ұсақ заттар кірсе, нейтрофильдер оларды қоршап алады да, қортып сіңіреді.
Организмнің зақымдануды жоюға бағытталған реакция. Міне, сондықтан олар арнаулы лейкоциттер мен микрофаг деген атау алған. Соңғы атауды 1883 жылы орыс ғалымы И.Н.Мечников ұсынған.
Эозинофильдердің мөлшері қалыпты жағдайда 3-4 %. Организмде глистер болса, олардың мөлшері күрт артады. Эозинофильдердің нейтрофильдерге қарағанда аз қозғалады. Олардың диаметрі 12 – 14мк.
Лимфоциттер организмде қорғаныш қызметін атқарады, сондай – ақ жарақаттанудан кейін регенерация кезіндегі ұлпалық процестердің стимуляторлары болып табылады.
Моноциттер лейкоциттердің ішіндегі ең ірілері . Олардың диаметрі 20мк-ға жетеді. Ядролы бұршақ тәрізді және эксцентрлі жатады. Моноциттерді қанның макрофагы деп қарастыруға болады.
Қанның жасалуы. Қаның дамуын гемопоэз (haima – қан, poesis – жасалу) дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық. Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін – эритропоэз, гранулоциттердің түзілуін – гранулопоэз, тромбоцитттердің түзілуін – тромбоцитопоэз, монциттердің түзілуін – моноцитопоэз, лимфоциттердің түзілуін –лимфоцитопоэз деп атайды.
Эмбрионарда қан бастапқы кезде сары уыз қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында, лимфа түзуші органдарда жасалады. Қанның бапрлық клеткалары мезенхиманың клеткаларынан пайда болған. Эмбриондық қан жасалу кекзінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасу жүреді. Қан жасалудың ең ерте гемопоэз ұрықтан тыс болады. Мезобласта қан аралықшықтары пайда болады. Қан аралықшықтары қосылып тамырлар торын құрайды.
Адам ұрығында «бағана» клеткаларының қай кезеңде пайда болатыны жайында дерек жоқ. Ал тышқандарда 7-9 күндері пайда болады. Әрі қарай бірінші эритобластар, бірінші лейкоциттер пайда болады.
Эритроциттердің түзілуі гемоцитобластарда гемоглобиннің жиналуынан басталады. Ересек адамдарда қанның пішіндік бір-бірінен бөлек орналасады элементтері арнаулы қан жасушасы мүшелер түзеді. Ал лимфоциттер – көк бауыр, жілік майында түзіледі. Жілік майында эритроциттердің, гранулоциттердің және қан пластинкаларында жаңадан түзілу процессі жүреді. Жілік майында эритроциттердің, гранулоциттердің және қан пластикаларында жаңадан түзілу процесі жүреді. Жілік майының қан жасаушысы ұлпасы – миелоидті ұлпа деп аталады. Моноциттер миелоидті және лимфоидті ұлпалардан түзіледі.
Қан жасалудың ең көп тараған теориясы бойынша миелоидты жәе лимфоидты ұлпалардың қан жасаушысы ретінде детерминделген ортақ бастама клеткалары болады. Бұл дің клеткалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің түрлі учаскелерінің үздіксіз дің клеткаларын алмастыруы және олардың қоныстануы жүреді.
Гемицитобластардың бөлінуі арқылы пайда болған клеткалар эритропоэз кезінде амеба тәрізді қозғалуға қабілетсіз, ең бастысы цитоплазма күшті базофилияланылады. Бұл клеткалар проэмбриобластер немесе базофильді эритробластар деп аталады. Қайталап көбею және гемоглобиннің мөлшерінің артуы нәтижесінде полихроофильді деп аталатын бірқатар эритробластар пайда болады.
Гемицитобластар гранулоцитопоэзде митоздық жолмен бөлініп, промелиоциттер – сопақ ядросы бар, цитоплазмасы әлсіз базофильді, центисомасы жақсы байқалатын және жалпы түйіршікті клеткалар түзіледі.