Жүрек пен қан тамыр жүйесіне кіріспе
Жүрек пен қан тамыр жүйесі құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар, метоболизм өнімдері бар, ағзада қанның және лимфаның таралуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы (жүрек, қан және лимфа тамырлары).
Жүрек пен қан тамыр жүйесі құрамында жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Ағзадағы қан тамырлар жүйесі мен жүрек ондағы қоректік және биологиялық белсенді заттардың, метоболизм өнімдерінің мүшелерге таралуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты негізгі қызметтері:
– Тасымалдаушылық, ағзаны қан және лимфамен қамтамасыз етеді де, трофикалық тыныс алу және экскреторлы қызмет атқарады.
– Интегривті қызмет – мүшелермен жүйелерді бір – бірімен байланыстырып, ағзамен бір тұтастығын жүзеге асырады. Патологиялық үрдіс.
– Реттеушілік қыметі – мүшелермен тіндерге көптеген медиаторларды тасымалдап, олардың жалпы қызыметін реттейді.
– Жүрек пен қан тамыр жүйесі патологиялық үрдісте иммундық қызмет атқарады
Қан тамырлар – тасымалдау қызметін жүзеге асыратын мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар тіндер арасындағы зат алмасу процессін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.
Дамуы. Алғашқы Қан тамырлар эмбриогенездің 2 – 3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасындағы мезенхимадан пайда болады. Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан аралшықтары деген бөлігінде дамиды. Аралшықтарында орналасқан мезенхима жасушаларының біразынан алғашқы қан эндотелиі түзіледі. Ал аралшықтары орта бөлігінде жасушалар дөңгелек пішінге айналып, алғашқы қан жасушалары түзіледі. Құрсақта дамудың үшінші аптасында құрсақ тамырлары құрсақтан тыс тамырлармен байланысады. Қан тамырларының одан әрі дамуы күрделеніп, денедегі гемодинамикалық жағдайлар қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы тамырлар қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етеді.
Қан тамырларының жіктелуі .
Жалпы сипаттамасы.
Қан тамырлар жүйесіне: артериялар, артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар, веналар мен артериола – венулярлы анастамоздар жатады. Артериялар мен веналар арасындағы анастамоздарды құратын микроциркуляторлы арналар болады. Бұл қан веналық қанды әкететін өкпелік артерияны есептемегенде оттегіге қанық. Вена арқылы қан жүрекке келеді. Гемокапилярлар артерияны көк тамырмен жалғастырады. Онымен қатар аттас екі артериялар арасында (мысалға бүйрек артериялары ) болатын ғажайып торлар деп аталатын бөліктер де бар. Қантамырлары қайсысы болмасын қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі ( tunica intima) ортаңғы (t.media ) сыртқы (t.adventita) Бұлардың қалындығы мен тіндік құрамы әр түрлі.
Артерия және олардың түрлері.
Артерия құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес үш топқа бөлінеді: эластинді, бұлшық етті және аралас (эластинді және бұлшық етті). Бұлардың ерекшелігі ортаңғы қабығында.
Эластин типті артериялар
Эластин типті артерияларға қан жоғары қысыммен (120-130 сынап бағ.) және үлкен жылдамдықпен жылжитын (0.5-1.3) ірі қолқа мен өкпе артериясы сияқы тамырлар жатады. Бұл тамырлар қанды тікелей жүректен, не соған жақын қолқа доғасынан келеді. Ірі калибрлі артериялардың алдымен транспортты қызмет атқарады. Қабырғасында эластинді элементердің көп болуы (талшықты мен мембраналар) бұл тамыларға жүректің сиастоласы кезінде созылуға, диастоласы кезінде бастапқы қалпына келуге жағдай жасайды. Эластинді тамырларға мысал ретінде аорта – қолқа құрылысы алынған. Қолқаның ішкі қабырғасында эндотелий, эндотели асты, эластин талшықтарының өрімі бар.Адам қолқасының эндотелиі базальды мембранада орын алған, пішіні мен мөлшері әр түрлі жасушалардан тұрады. Мұндай жасушалардың (эндотелиоциттердің) ұзындығы 500мкм, ені 150мкм болады. Эндотели асты қабатының қалыңдығы жалпы қабықтың 15 – 20% қалыңдығындай, жіңішке фибирилярлы жұлдыз тәрізді жасушалар мен миоциттерден тұрады. Эндотели астындағы ішкі қабықтың құрамында эластин талшықтарының өрімі бар. Қолқаның ішкі қабығының жасуша аралық аймақта гликоза амингликондар мен фофолипидтердің көп мөлшерде болатыны анықталды. Олардың трофикасында атқаратын рөлі зор. Бұлардың физика – химиялық жағдайы тамыр қабырғасының өткізгіштік дәрежесін анықтайды. Орта жастағы және қарт адамдардың жасуша аралық затында холестерин мен май қышқылдары болады. Қолқаның ішкі қабығы жүректің шыға берісінде үш қалта тәріздес қақпақша құрайды (жарты ай тәріздес клапан қақпақшасы болады). Қолқаның ортаңғы қабатының – құрамында көп мөлшердегі эластинді элеметтер бар, бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығы. Эластинді мембраналар арасында ет жасушалары мен аздаған фибробласт болады. Ортаңғы қабығындағы мұндай құрылымдар қолқаға созылғыштық қасиет береді. Электронды микроскоп арқылы зерттеулерде эластин мембраналардың үш түрі бар :гомогенді, талшықты және аралас түрі бар. Адамда осының екі түрі бар екені (гомогенді және аралас ) анықталған.
Ортаңғы қабықтағы миоцитердің секреторлық қызмет атқаратындығы да анықталғанды (гликозаамингликондар мен эластин коллагендер синтездейді).
Қолқаның сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен, сонымен қатар эластин және коллаген талшықтарынан тұрады. Қолқаның ортаңғы және сыртқы қабаттарында басқа ірі тамырлардағыдай қоректік жолдар мен нерв бағаналары өтеді. Сонымен қатар сыртқы қабаты созылып кетуден және жыртылудан сақтайды.
Ет типті артериялар
Ет типті артериялар негізінен диаметрі жағынан алғанда, орташа және ұсақ тамырларға жіктеледі. Ағзадағы артериялардың көпшілігі (дене, қол – аяқ және ішкі мүшелердегі) осы типке жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көптеген ет жасушалары орналасып, тамырға едәуір жиырылғыштық қасиет береді, ал бұл қанның мүшеге келуін реттеп отырады. Ішкі қабығында құрамында эндотелий асты және ішкі эластинді мембрана болады. Жүрек,б үйрек, аналық жыныс безінде, жатыр, өкпе артериялық ішкі қабығында миоциттер де баршылық. Ортаңғы қабығында өте көптеген ет жасушалары мен коллаген талшықтар бар. Коллаген талшықтары тамырдың каркасын түзеді. бұл тамырдың құрамында эластин талшықтары да кездеседі, бұлар тамыр қуысының жабыспауы үшін маңызды рөл атқарады. Ет жасушаларының қан қысымы бір қалыпты болуына, қан ағысын майда қан айналымдарға қалыпты өткізіп отырудағы маңызы өте зор. Ортаңғы қабық пен сыртқы қабық арасында эластинді мембрана орналасады.
Сыртқы қабығы – борпылдақ талшықты дәнекер тіні, құрамында vasa vasorum талшықтары болатындығымен ерекшеленеді.
Аралас типті артериялар
Артериялардың бұл түріне ұйқы және бұғана асты артериялары жатады. Қабырғасындағы ішкі қабығы базальды мембранаға бекінген: эндотелийден, эндотелий асты қабаттан және эластинді мембранадан түзілген. Соңғы мембрана ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында орналасқанды. Аралас типті артерияларының ортаңғы қабығы мөлшері жағынан тең дәрежедегі тегіс салалы ет жасушаларымен (миоциттер) cпиральды бағытталған эластинді талшықтарынан (1:1) және терезелі эластинді мембранадан тұрады. Бұлардың арасында аздаған фибробластар мен коллоген талшықтары да бар. Аралас артерияның сыртқы қабығы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты миоциттер жігінен, ал сыртқы ұзыннан және қиғаш орналасқан коллаген, эластин талшықтарының шоғыры болып табылады. Бұл қабықтың құрамында «Vasa vasorum» және нерв талшықтары да болады. Бұғана асты артериясының ерекшелігі белсенді түрде жиырылып қана қоймай, тіпті қанның қысымы артқанда анық білінетін жоғары эстетикалық қасиеттері де баршылық.
А-базальді мембранасы мен эндотелиальді клеткасы тұтас қалыпты гемокапилляр. Б-базальді мембранасы мен эндотелиальді клеткаларында жұқарған бөліктері бар, фенестрлі гемокапллияр. В-қабырғасында тесіктері бар, синусоидты гемокапилляр. І-адвентициальді клетка; 3-эндотелиоцит; 3-базальді мембрана; 4 – перицит; 5 – эндотелий мен перициттің тоғысқан (байланысы) жері; 6 – феyестр (жұқарған жері); 7 – нерв ұшы; 8-базальді мембрана мен эндотелийдегі саңылаулар. |
Майда қантамырлар арнасына құрамында артериолалар, венулалар мен бірге артериола – венулярлық анастомоздары бар ұсақ тамырлар жүйесі жатады. Қан тамырлары лимфа капиллярларымен, дәнекер тінімен қоршала отырып, мүшелерге қан беруді (толтыруды) реттейді. Капиллярлар зат алмасумен қоса, дренижды – қан тасымалдау қызметін де атқарады. Арнаның құрамындағы капиллярға дейінгі, капиллярлық, капиллярдан кейінгі жүйесі немесе бөліктері болады.
Ағзадағы әрбір мүшелердің, кызметіне сәйкес микроциркуляторлық арна тамырларының (майда кан тамырлардың) өзіне тән ерекшеліктері болады.
Артериолалар
Артериолалар тым ұсақ, көбінесе ет типті, диаметрі 50-100 мкм-ден аспайтын, бір ұшы артериялармен байланысқан, ал екінші ұшы біртіндеп капиллярларға ауысып отыратын тамырлар жүйесі. Артериоларда жалпы артерияға тән үш қабық сақталады, ішкі кабығы базальді мембранаға бекінген эндотелийден, жұқа эндотелий асты қабаттан, ішкі эластинді мембранадан тұрады. Капилярларға дейінгі артериолада ет жасушалары жеке-жеке орналасады. Ет жасушаларының көп болуы жиырылғыштығын үдетеді. Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Функциональдық жағынан алғанда И.М. Сеченовтың айтуынша, артериолалар эфферентті нерв талшыктарымен нервтелетін, спиральді бағытталған ет жасушаларының жиырылу арқасында, ағзада қан ағысын реттеп отыратын «қан тамырлар жүйесінің крандары» болып табылады.
Капиллярлар
Капиллярлар диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі. Капиллярлардың мүшедегі ерекшеліктері, олардың функциональдық жағдайларымен анықталады. Ең жіңішке диаметрі 4,5-ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде, өкпеде, ал одан кеңірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады. Қан жасайтын мүшелерде, ішкі секреция бездерінде, бауырда диаметрі 20 – 30 мкм болатын капиллярлар кездеседі. Мүндай капиллярлар синусоидты деп аталады. Көптеген жағдайларда капиллярлар жүйесі, тұзақ (терінің емізікті қабатында, ішекте т.б) және шумақтар да түзеді (бүйректе). Түрлі мүшелердегі капиллярлардың саны әр түрлі. Жалпы капиллярлардың қабырғасында oтe жұка үш қабаты бар. Ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелий, ортаңғы қабаты перициттер (бұл да базальді мембранаға енгізілген), ал сыртқы қабаты аморфты затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады. Капиллярлар мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты, бірнеше топқа бөлінеді; 1. фенестрлі түрі – (бүйректегі капиллярларыдың шумақтары, эндокринді бездерде) эндотелийдің цитоплазмасында жұқарған жерлері болса, 2. синусоидты капиллярлар немесе саңылаулы капиллярлар, бұлардың қабырғасында тесік, саңылаулары болады (бауырда, көкбауырда). Үшінші түрі. Ең көп кездесетін соматикалық капиллярлар. бұлардың қабырғасы тұтас эндателийден базальді мембранадан, перициттерден, адвентициальды жасушалардан тұрады. (48-сурет).
Каплиярлардың эндотелиі, базальді мембранасы күрделі қызмет атқарады, олардың қалыңдығы 30 – 35 нм. Капилярлардың қуысы әр түрлі физиологиялық және потологиялық жағдайларда өзгеруі – капиллярлардағы қанның қысымына, артериолалар мен ұсақ веналардың, капиллярға дейінгі сфинктердің ет жасушаларының тонусына, артеиоловентрикулярлық анастомоздар мен принциптердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Венулалар үш топқа – посткапллярлық, жинақтаушы, етті болып бөлінеді.
Посткапллярлық венула d=8 – 30 мкм, өзінің құрылысы бойынша капиллярлардың веналық бөлігін еске түсіреді, бірақ құрамында перициттері көбірек. Жинақтаушы венула, d=8 – 30 мкм, құрамында ет жасушалары бар, сыртқы қабығы ерекше көрінеді.
Етті венула, d=8 – 30 мкм, құрамында ет жасушалары көп, сыртқы қабығы салыстырмалы түрде жақсы дамыған.
Артериола–Венулярлық анастомоздар (АВА)
Бұл артериялық қанды капилярлық торлардан айналып өтіп, (капиллярсыз) веналарға апаратын тамырлар жүйесі. Бұл барлық мүшелерде дерлік кездеседі. АВА – диаметрі 35 – 500 мкм – ге дейін ауытқиды, ал ұзындығы 4 мм дейін жетеді. Қан айналымы өте тез, егер капиллярда 1 мл қан 6 сағатта жылжыса, ал АВА – да осындай мөлшердегі қан екі сағатта ғана жылжиды. АВА минутына 12 рет жиырылуға мүмкіндігі бар. Жіктелуі. АВА – екі тобы бар; I – тазалық артериялық қан жүретін нақты АВА – шунттар, II – аралас қан жүретін атипті АВА – жартылай шунттар.
Анастомоздардың бірінші түрі (шунттар) сыртқы пішіні – әртүрлі: қысқа, түзу салалы, ілмегі тармақталған тамырлар. Құрылысына қарай бұлар кішігірім екі топқа бөлінеді: а) қарапайым АВА; б) арнайы жиырылғыш құрылымы бар АВА. Нағыз анастомоздардың бірінші тобында бір тамырдың екіншісіне өтуі артериоланың ортаңғы қабығы біткен жерінің шекарасына сәйкес келеді, қан ағымын реттеу арнайы жиырылғыш құрылымсыз артериоланың өзінің ортаңғы қабығының миоциттері арқылы жүзеге асады.
Екінші топтың анастомоздары ұзыннан ұзақ орналасқан эндотелий асты қабатындағы арнайы жиырылғыш валиктер немесе жастықшалар бар түрі. Қарапайым АВА эпителиойдты түрінің ортаңғы қабығында ішкі және сыртқы циркулярлы орналасақан миоциттері веналық тамырдың ұшына жақындағанда ашық түсті Е жасушаларына ауысады. Эпителиойдты типтегі күрделі шумақты АВА – лардың ерекшелігі: қанды тасымалдаушы артериола 2 – 3 тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың барлығы бір ғана дәнекер тінді қабықпен қоршалады. Мұндай анастомоздар тері дермасында және гиподермада жиі кездеседі. Екінші топшаға – атипті (жартылай шунттар) артериолалар мен венулалар жалғасады. Олар қысқа, бірақ диаметрі 30 мкм капиллярлық тамырлармен жалғасады, сондықтан, мұндағы қан аралас болады. АВА әсіресе шумақты типтілері жақсы иннервацияланған. Артерия – венулалық жүйелердің капиллярыз жалғасуы қанның қысымын реттеуде үлкен маңызы бар. Бұл жалғаулар венозды қан ағысына жағдай жасайды, венозды қанның артериолануына, қанның мобилизациялануына және тіндік сұйықтың венозды арнаға өтуіне белгілі рөл атқарады. Ағзадағы қан айналымы бұзылғанда және патологиялық процестердің орнын толтыру реакцияларында АВА – ның ақаратын қызметі өте зор.
Веналар
Веналар қан тамырлар жүйесінің ішінде, қанды мүшеден кері қайтарушы, (везды) тармағы болып табылады, бұлар посткапиллярлық венулалардан басталады. Қан қысымы төмен 15 – 20 мм сынап бағанасымен, жылдамдығы (мүшелерде) 10 м/с. Қабырғасындағы эластинді элементтері салыстырмалы түрде әлсіз дамыған. Құрылысына байланысты веналар екі топқа бөлінеді: талшықты (ет типті) және талшықсыз (етсіз вена). Талшықсыз (етсіз венаға) миды жұмсақ және қатты қабықтарындағы веналар жатады. Көздің торлы қабығында да етсіз вена болады. Бұл аталған қабықтардағы қан өзінің ауырлық күшіне қарай ірі венозды тармақтарға өте оңай жылжып өтеді. Бұлардың қабырғасы өте жұқа, ортаңғы қабығы тіпті болмайды.
Ет типті веналар қабырғасында етті элементтер жақсы дамыған, диаметрі әртүрлі. Ортаңғы қабығының құрамындағы ет жасушаларының дамуына байланысты бұл веналар үш топқа бөлінеді: нашар етті, орташа етті және етті элементтер күшті дамыған болып. Етті элементтер әлсіз нашар дамыған веналарға (ірі) жоғарғы қуысты вена, кеуде, қол веналары жатады. Адамның тік жүруіне байланысты бұл веналардағы қан өзінің салмағымен және кеуде (көкірек) жасушасының дем алу қимылдарының арқасында қанды жүрекке алып келеді.
Етті элементтері орташа дамыған иық венасы. Етті жасушалары күшті дамыған венаға дененің төменгі бөлігіндегі ірі веналар жатады. Ет жасушалары бұл веналардың үш қабығында да болады. Оның ішінде ең негізгі жамбас венасы. Жамбас венасының ішкі қабығының құрамында қатпарлар тәрізді клапандары (қақпақшалары) болады. Клапандар венаның саңылауына қараған эндотелиальды жасушалардан түзілген – (қақпақшалар).
Тамырлардың саңылауына қараған жақтауында эндотелий астында эластинді талшықтар басым, ал қарама – қарсы жағында коллаген талшықтары көп. Мұндай клапандар венозды қанды кері ағуына кедергі келтіріп, оны жүрекке бағыттайды. Сонымен бірге клапандар венада әртүрлі сыртқы әсерлердің арқасында болатын (атмосфера қысымының өзгеруі, бұлшық еттің қысылуы т.б.) өзгерістерден де сақтайды. Төменгі қуысты венада етті элементтері жақсы дамыған.
Лимфа тамырлары
Лимфа тамырларының құрамына лимфа түйіндері де кіреді. Қызметі жағынан алғанда лимфа қан тамырларымен тығыз байланыста болады, әсіресе микроциркуляторлық арнаның орналсақан аймақтарында тіндік сұйықтың қалыптасуы жүзеге асып, лифаға өтіп отырады. Ұсақ лимфа жолдары арқылы лимфациттердің қаннан үнемі шығып және олардың лимфа түйіндерінде жаңаланып отыруы жүзеге асады.
Лимфа капиллярлары интра, экстра – мүшелік (немесе лимфаны мүшелерге таратушы) және мойынның ірі венасына жалғасатын денедегі ең басты лимфа – көкіректің және оң жақтағы лимфа тамыры. Құрылысына байланысты лимфа тамырлары: талшықты, талшықсыз болып бөлінеді. Лимфа капиллярлары тіндерден зат алмасу өнімдерімен бірге тіндік сұйықты әкелетін, ал потологиялық жағдайларда бөтен заттар мен микроорганизмдер келетін лимфа жүйесінің бастапқы бөлігі. Лимфа сұйығымен қатерлі ісік жасушалары да таралады. Лимфа капиллярлары бір жағы бітеу, эндотелиальді түтікшелер жүйесі, кейде бір – бірімен байланысып, анастомоздар түзіп мүшелерге өтеді. Диаметрлері қан тамырларына қарағанда үлкен, қабырғасында базальді мембрана мен перициттер болмайды. Лимфа капиллярларының эндотелиі өзін қоршаған дәнекер тінімен стропты немесе бекітуші деп аталатын филаменттермен, коллаген талшықтарымен тығыз байланысады. Лимфа капиллярлары сау ағзада микроциркуляцияның қасиетті шарты ретінде гемоталогиялық тепе – теңдікті қамтамасыз етеді. Лимфа тамырларының құрылыс ерекшелігі – оларда клапандары мен сыртқы қабығы жақсы дамыған. Клапандары орналасқан жерінде лимфа тамырлары қолба тәрізді кеңейеді. Лимфа төменгі қысыммен жүрекке бағытталады. Диаметрлеріне қарай лимфа тамырлары майда, орташа және ірі болып бөлінеді. Орташа мен ірі тамырлардың қабырғасында үш қабығы болады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында анық көріне бермейтін эластинді мембрана орналасады.
Тамырлардың васкуляризациясы. Ірі және орташа қан тамырларында өзін қоректендіретін «тамырдың тамырлары» (Vasa – vasorum) деп аталатын жүйесі болады. Олар тамырды қоршаған дәнекер тіндерімен артериялар, бұлар тамырлардың ортаңғы қабығына дейін өтеді. Ал, ішкі қабығы өзінің ішінен өтетін қанмен тікелей қоректенеді. Тамырлардың қабырғасында эфферентті нерв талшықтары болады.
Жасқа байланысты ерекшеліктері – адам өмірінің өн бойында тамырлардың құрылысы үздіксіз өзгеріп отырады. Қан тамырларының негізгі функциональды қалыпты қызметі даму мөлшерімен (адамның) отыз жаста тоқтайды. Одан әрі қарай артериялардың қабырғасында қабықтарының қалыңдауына әкеліп соғатын дәнекер тінінің өсуі байқалады. Эластин типті артерияларда бұл процесс күштірек көрінеді. Ішкі және ортаңғы қабықтардың құрамында сульфатталған глюкозамин – гликандар жиналады. 60 – 70 жастан кейін барлық артерилардың ішкі қабықтарында коллаген талшықтарының өсіп, қалыңдауы байқалады. Эластинді мембраналар жас ұлғайған сайын біртіндеп жіңішкереді де ыдырайды. Қарт адамдарда ішкі және ортаңғы қабықтары өсіп, онда инвестік қорлар мен липидтердің пайда болуы да байқалады. Сыртқы қабықтың құрамындағы ет жасушаларының шоғырлары пайда болады. Веналардағы өзгерістер артерияларымен ұқсас. Қарт адамдардың мүшелерінің лимфа тамырларында көптеген ұсақ жуандаған варикозды бөліктер пайда болады. Олардың құрамындағы коллаген талшықтары өсіп, саны көбейеді.
Қан тамырлары, әсіресе лимфа тамырлары тек қана жасқа байланысты емес, сонымен бірге мүшелердің қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалға, жатыр мен аналық безде овариальды – менустриальды циклге байланысты өзгереді.
Регенерация процесі қан мен лимфа тамырларында өте жоғары. Тамырлы қабықтың ақауы зақымданғаннан соң қалпына келуі немесе регенерациясы эндотелийдің өсуімен басталады. Авторадиография әдістері арқылы тамырлардың жарақаттануларынан кейінгі қайта қалпына келуіне эндотелиоциттер, адвентициальді жасушалардың, ал майда тамырларда перицидтердің маңызы өте зор екені анықталған. Зақымданған тамырлардың ет жасушалары әдетте өте баяу, ақырын қалпына келеді, элатинді элементтері әлсіз дамиды. Орташа және ірі тамырлар үзілсе, оларды орташа және ірі тамырлар үзілсе, олардың қалпына келуі операциясыз болмайды, бірақ сол аймақтағы қан айналымының қалпына келуі өте тез байқалады. Бұл бір жағынан коллатеральдық тамырлардың пайда болуының, екінші жағынан ұзақ капиллярдың дамуының нәтижесі болып табылады. Лимфа тамырларының дамуы (регенерация) өте баяу жүреді.
ЖҮРЕК (COR)
Жүрек — қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын негізгі мүше. Қабырғасы үш қабықтардан тұрады: ішкі – эндокард, ортаңғы- миокард, сыртқы – эпикард.
Жүректің қызметі – қанды айдайтын насос. Артериялық қан қысымын сақтайды (АҚҚ).
Эндокринді қызметі НУФ гормонды синтездейді натрийуретикалық факторды бөледі.
– Информациялық қызмет атқарады. Зат алмасу процессінің өзгеруімен – АҚҚ – параметрінің өзгеріп отыруынан информация (хабар) береді.
Дамуы. Жүректің алғашкы бастамасы 1,5мм эмбрионда үшінші аптаның басында ұрықтың бас бөлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл жасушалар висцеральді жапырақшаның астында орналасады. Кейінірек бұл жасушалар висцеральді жапырақшамен бірге қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады, ол ұрық денесінің целомдық қуысына кіріп тұрады. Одан әрі пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард пайда болады.
Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральді жапырақшаларынын аймағы миоэпикардиальді пластинкалар деп аталады. Пластинка екіге болінеді: ішкісі – миокардтың бастамасын, ал сыртқысы
– эпикардтың бастамасын береді. Миокард бастамасының жасушалары кардиомиобласттар бөлінеді де, Т – жүйелері пайда болады. Кардиомиобласттардың байланысқан жерінде қыстырма дискілер п.б. Ұрықтың екінші айының соңына қарай жүректің өткізгіш жүйесі қалыптаса бастайды да, бесінші айға қарай толық жетіледі. Жүрек клапандары эпдокардтың дупликатурасы ретінде дамиды.
Құрылысы. Эндокард – жүректің ішкі қабығы. Қалыңдығы әр түрлі, жүректің сол жақ камераларында, әсіресе қарынша аралық бөліктерінде аорта мен өкпе артериясының байланысатын жерлерінде қалың, ал сіңірлік жіпшелерінде жұқа. Жүректің эндокарды кұрамында полиганальді жасушалары бар, эндотелиймен тысталған. Бұл жасушалар базальді мембранаға бекінген. Мұның астында дәнекер тінді эндотелий асты және эластинді-етті қабаты болады. Ет жасушалары эндокардпен аортаның байланысқан жерінде жақсы дамыған. Эндокардтың коректенуі диффузды түрде ішіндегі қаннан коректік заттарды алу арқылы.
Крадиомиоцит пен қыстырма дискінің қүрылысы.
1-базальді мембрана: 2-миофибрилла; 3-саркосома (митохондрий), 4-Т-түтікшесі; 5-саркотубулярлы тор; 6-лизосома; 7-қыстырма диск; 8-пексус; 9-миохрибрилланың бекіну запасы; 10 -десмосома; 11-гликоген; 12- мезафрагма: 1З-телофрагма.
|
Клапандар. Жүректің клапандары жүрекше мен қарынша арасында, сонымен бірге ірі тамырларда болады. Жүрекше мен қарынша (атриовентрикулярлы) арасындағы клапаны жүректің сол жағындағы – екі қакпақты, ал оң жағыида үш қаклакты болып келген. Клапандар эндотелиймен тысл-алған, қүрамында тиғыз іалпыкты, дәнекер тінді күрылымы бар. Қақпақшалардың негізгі затында гликозаминогликандар баршылық. (49-сурет).
Миокард – жүректің ет кабығы, тығыз орналасып, бір – бірімен байланысқан көлденең жолақтың ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады. Мұндай кардиомиоциттердің арасында борпылдақ дәнекер тіні, қан тамырлары, нервтер орналасады. Кардиомиоцитердің үш түрі бар, олар: жиырылғыш (жұмысшы) ет жасушалары, ал екіншісі жүректің өткізгіш жүйесіне жататын – өткізгіш жасушалар. Ал үшіншісі – секроторлы немесе эндокринді кардиомициттер.
Жоспар
Кіріспе
- Жүрек пен қан тамыр жүйесіне кіріспе
Негізгі бөлім
- Қан тамырларының жіктелуі .
Жалпы сипаттамасы
3.Артерия және олардың түрлері
4.Эластин типті артериялар
- Ет типті артериялар
- Аралас типті артериялар
- Артериолалар
- Капиллярлар
9.Артериола – Венулярлық анастомоздар (АВА)
- Веналар
- Лимфа тамырлары
- Тамырлардың васкуляризациясы
- Жасқа байланысты ерекшеліктері
- ЖҮРЕК (COR)
Қорытынды