Аналық және аталық жыныс бездерінің функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары. 

Жоспары:

  1. Аналық жыныс мүшелерінің дамуы.
  2. Жатырдың, жатыр түтігінің және жұмыртқаның

         функциональдық анатомиясы.

  1. Аналық жыныс мүшелерінің даму ақаулары.
  2. Аталық жыныс мүшелерінің дамуы.
  3. Еннің функциональдық анатомиясы.
  4. Еннің қабықтары және олардың туындылары.
  5. Еннің умаға түсу процесі.
  6. Шәуеттің шығару жолдары.
  7. Тұқым шылбыры және шәует шығару жол.
  8. Тұқым көпіршігі.
  9. Аталық жыныс мүшелерінің даму ақаулары. 
  1. Аналық жыныс мүшелерінің дамуы.

Адам эмбриоында жыныс бездері 5-ші аптада пайда болып, 6-шы аптаға дейін біркелкі түрдей хромосомдық аталық және аналық ұрықтары дамиды. Бұл алғашқы жыныс безі, ен болыпта, жұмыртқа болыпта есептелмейді.

Ол аталық немесе аналық жыныс бездеріне жасырынды даму қабілетіне ие болады. Сонымен, ішкі құрсақтың дамудың ерте кезеңінде ұрықтың дамуын «қос жынысты! Тірі организм /гермафродит/ ретінде қарастыруға болады.

Алғашқы жыныс безінде екі зонаны ажыратады.

  1. Сыртқы, қыртысты-дәнекер ұлпамен көрсетілген.
  2. Ішкі, миы-эпителиальді ұлпамен көрсетілген.

Дәнекер ұлпаның бастамасы алғашқы бүйректің даму процесінен қалыптасады, одан вольфов денесі пайда болады. Вольфов денесін жауып тұратын эпителий көп қабаттық эпителийден дамиды, немесе оны алғашқы жыныс безінің эпителиальді бастамасы /ұрықтық білік немесе белдік / деп атайды. Оның құрамында ұрықтық қапшықтан дамитын алғашқы жыныс клеткалары (гоноциттер) болады.

Ұрықтық белдік вольфов денесінен ішіне енеді. Ол алғашқы жыныс топ тартпалары, олар үш типті клеткалардан тұрады.

  1. Алғашқы жыныс клеткалары (гоноциттер) –болашақ сперматозоидтар және овоциттер.
  2. Дәнекер клеткалар-болашақ жыныс бездерінің трофикалық және қорғаныш қызметін атқарады.

Аталық және аналық жыныс бездерінің диффенецировкасы ішкі құрсақтық дамудың 6,5 аптасынан басталады. Алғашқы жыныс безінен жұмыртқаның дамуы дамудың 10 және 14 апта аралығында жүреді.

Дамуға түрті болып жаңа эпителиальді клеткалардың –болашақ овоциттердің қыртысты зонаға енуі саналады. Дәнекер клеткалар аналық жыныс гормондарын өндіреді. Сонымен, овоцитті қоршаған гранулярлық қабат пен дәнекер клеткалары алғашқы фолликуланы түзеді. Жыныстық жетілу кезеңіне дейін аналық жыныс мүшелерінің дамуына жыныс гормондары керек емес, даму сатысы ырықсыз түрде жүреді.

Жатыр түтігі несеп немесе Мюллер жолының жоғарғы бөлігінен, ол жолдың төменгі бөліктері бір-бірімен қосылып жатырда және қынаптың жоғарғы 1/3 бөлігін түзеді. Жыныс жолы бекітіліп жұмыртқаның қосымшасына және жұмыртқа маңына айналады.

2.Жатырдың, жатыр түтігінің және жұмыртқаның функциональдық анатомиясы.

Жатыр баланы туғанша көтеріп жүруге арналған. Ұрық орнының дамуына байланысты, ұрықтың дамуы мен қоректенуіне оптимальді жағдайлар жасалады. Сонымен қоса ұрық орны ұрықтың шығару қызметі мен алмасу процесін қамтамасыз етеді. Жүктілік кезінде жатыр сапалық және сандық өзгерістерге ұшырайды. Бұлшықет клеткаларының размері ұлғаяяды және олардың саны да ұлғаяды. Сонымен қатар, жүктілік жатырда бірталай өзгерістер болады.

Жатырдың кілегейлі қабығы немесе эндометрийінің жағдайы жұмыртқаның функциональдық жағдайына байланысты.

 Аналақ жыныс жүйесінің қызметінде циклдік байқалады.

Етеккір циклінің 3 фазасын ажыратады (21-30 күнге созылады)

  1. Етеккір фазасы-3-5 күнге созылады, базалды қабаттан кілегейлі қабық күшпен алынады. Тамырдың жиырылуынан 30-50 мм. Қан бөлініп шығарылады.
  2. Аралық, постменструальдық фаза, 12-15 күнге созылады. Пісіп жетілудегі фолликуладан бөлінген эстроген гормонының әсерінен кілегейлі қабықтың қалпына келу процесі жүреді. Жатыр бездерінің қуысы тар, секерті жоқ.

Овуляциядан кейін (14 күн) жұмыртқаның сары денесі прогестерон бөледі. Гормон бездердің кілегейлі қабығы мен эпителийдің қалпына келуінің нығайтушы стимуляторы болып саналады.

  1. Пременструальдық, функциональдық фаза 10 күнге созылады. Эпителиальді клеткаларда гликоген, липидтер, витаминдер, микроэлементтер жиналады, яғни кілегейлі қабық ұрықтанған жыныс клеткасы қабылдауға және ұрық орнының дамуына дайындалады. Жүктілік болмаған жағдайда менструация басталады.

Жатырдың келесі қызметі-туу актысы уақытында ұрықты қуып жіберу.

Жатыр түтігінің қызметі:

  1. Жыныс клеткасының ұрықтануы жатыр түтігінің ампуласында жиі пайда болады.
  2. Ішперде қуысынан жатырға клеткасын өткізу. (транспорттық қызмет). Бұл екі себепке байланысты жүреді.
    • Жатыр түтігінің бұлшықет қабатынан перистальтикалық жиырылуына байланысты.
    • Жатыр түтігінің кілегейлі қабығының кірпіктік эпителиінің теңселуіне байланысты. Еске сала кететін жағдай, менструальдық циклдің алғашқы жартысында теңселу жатырдан, овуляциядан кейін жатырға бағытталған.

Жұмыртқаның функциональдық анатомиясы.

Жұмыртқа екі қызмет атқарады:

  1. Ішкі секреция безі болып саналады, яғни қан мен лимфаға гормондар бөледі.
  2. Генеративтік қызмет-жыныс клеткаларын түзеді. Сонымен жұмыртқа аралас типті жыныс безі.

Жұмыртқаның өсуі балалық шақтан жыныстық жетілу мерзіміне дейін жүреді.

Жаңа туған қыздың жұмыртқасында 400 000 мың жыныс клеткалары бар, кейін көбі өліп, жыныстық жетілу кезеңінде 200-300 қалады. Бірақ, өмір сүру уақытында, теориялық 20-50 жыныс клеткасы ұрықтануы мүмкін, практикалық одан да аз. Жетілуге бейімделген жыныс клеткалары, яғни жұмыртқаның милы қабатынан дамитын клеткалар қыртысты қабатқа көтеріліп, оның беткейінде граафов көпіршектері түрінде пайда болады.

Бұл процесс гипоталамус-гипофиз жүйесінің әсерінен циклдік түрде жүреді (менструальдық цикл). Бұл циклді овуляция да жарылған граафов көпіршегінің орнына алғаш лютеинді, кейін прогестеронды түзетін сары дене пайда болады. Прогестерон жаңа фолликулалардың дамуын тежейді. Жүктілік болмаған жағдайда сары дене атрофияға ұшырап тыртыққа айналады.

Әйелдердің екінші жыныс белгісінің дамуы және де психико-эмоциялық жағдайы  жұмыртқаның түзетін гормондарына байланысты.

Бұл гормондарға:

  1. Эстрадиол-сары дененің тыртыққа өтуіне әсер етеді, сонымен қатар фолликулалардың жетілуіне және менструальдық циклдің дамуына әсер етеді.
  2. Прогестерон-бездердің секрециясын және жатырдың кілегейлі қабығының дамуын, сонымен қатар ұрықтың дамуына, сүтбездерін ұлғайтып, дамуын реттейді.

 3.Аналық жыныс мүшелерінің даму ақаулары.

Жатырдың ақаулары:

  1. Ректовагинальды тесік.
  2. Екі мүйізді жатыр.
  3. Жатырдың мүлдем болмауы.
  4. Жатырдың екі есе үлкейтілуі.
  5. Дамудың кідірісі, тоқтауы (инфантильді жатыр).
  6. Жатыр түбінің бөлінуі.
  7. Жатыр мойнының атрезиясы.

Жатыр түтігінің ақаулары.

  1. Бір жақты.
  2. Екі жақты (стерилизация әсерінен).

Жұмыртқаның ақаулары:

  1. Жұмыртқаның кистасы.
  2. Поликистоз.

4.Аталық жыныс мүшелерінің дамуы.

Еннің дамуы.

Еннің дамуы несеп жыныс жүйесі жолдарымен байланысты. Алғашқы бүйрек деңгейінде тәж түрінде еннің бастамалары қалыптасады.

Тәждер сары қапшықтың энтодермальды клеткаларының туындысы болып есептеледі. Тәждің гонад клеткалары жыныс жолының алдыңғы бөлігінің маңында дамиды. Дамудың ІҮ айында тәждер жойылып, ен қалыптасады. Жыныс жолының әрбір өзекшесі 3-4 қыздық өзекшелерге (болашақ иірімді тұқым өзекшелеріне ) бөлінеді. Содан соң иірімді тұқым өзекшелері бірігіп тік өзекшелерге жалғасады. Ен размері ұлғайған сайын, ол париетальды ішпердені алдынан итереді. Соның       әсерінен жыныс жолының жоғарғы, көкеттік қатпары немесе жалғамасы және төменгі шап жалғамасы пайда болады. Төменгі қатпар еннің бағыттаушы жібіне айналады. Оның негізінде ішперденің ілгері шығуы қалыптасады. Бұл ілгері шығу алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттарымен бітіп кетіп, уманың қалыптасуына қатысады. Сонымен, ҮІІ-ҮІІІ айларда ен шап өзегі арқылы өтіп, туатын мезгілде умаға орналасады.

  1. Еннің қабықтары және олардың туындылары:
№ с/р Еннің қабықтары: Олардың туындылары:
1. Тері Тері
2. Бұлшықеттік Майлы клетчатка
3. Сыртқы жыныс фасциясы Сыртқы қиғаш бұлшықетінің                                                                 меншікті фасциясы
4. Енді көтеретін бұлшықеттің фасциясы Ішкі қиғаш бұлшықет пен көлденең бұлшықеттің фасциялары
5. Енді көтеретін бұлшықет Көлденең бұлшықет
6. Ішкі жыныс фасциясы Іштің көлденең фасциясы.
7. Қынаптық қабық. Ішперденің қынаптық өсіндісі:

А. Париетальді.

Б. Висцеральді.

 5.Еннің умаға түсу процесі

Еннің умаға түсуіне әсер етуші әрекеттер:

  1. Гипофиздің гормондары.
  2. Плацентаның гормондары.
  3. Еннің гормондары.
  4. Ен мен бел аймағының әркелкі дамуы.

Еннің умаға түсу мерзімдері.

  1. Еннің эмбриональдық бастауы ІІІ бел омыртқасы деңгейінде.
  2. Еннің орны кіші жамбас астауына кіреберісте 3-4 айда.
  3. 5 айда.
  4. 6 айдың аяғында.
  5. 7 айдың аяғында, 8 айдың басында ен шап өзегінің терең сақинасында, шап өзегінің қабаттарына тереңдейді.
  6. Ен шап өзегінде, 8 айда.
  7. Ен шап өзегінің беткей сақинасында, 8 айдың аяғында, 9 айдың басында.
  8. 9 айдың ортасында ен умада орналасқан. (Смирновтың, 1949 жылғы көрсеткіш мерзімдері).
  9. Кіші жамбас астауына кіреберіс, шекаралық сызық.

7 айдан бастап еннің қозғалысы бағыттаушы жіптің жолына байланысты. Бірақ жіп тарту күшімен иемденбейді, тек қозғалыс бағытын көрсетеді. Еннің умаға түсуінің биологиялық маңызы болып, сперматоген эпителийінің толық дамуы, кейін сперматозоидтардың дамуына құрсақ қуысына қарағанда төмен 1 градусқа (2-4 градусқа дейін) қажеттілігі есептеледі. Умаға терморегуляцияны бағыттаушы жіптің қалдығы, ума жалғамасы реттейді. Бұл оның екінші, негізгі қызметі.

Еннің түсу процесінің кедергісі және умада жоқтығын крипторхизм деп атайды. Крипторхизм бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін (Мысалы; Гитлер, Тамерлан).

Бір еннің жоқтығын-монорхизм.

Екі еннің жоқтығын-анорхизм деп атайды. 

6.Еннің функциональдық анатомиясы

Ен аралас типті без, қызметі ішкі секреторлы және сыртқы секреторлы.

  1. Ішкі секреторлы, эндокринді бөлік-гормондардың (тестостерон, дегидростерон, андростерон) қанға бөлінуі.
  2. Сыртқы секреторлы, экзокринді бөлік-сперматозоидтардың түзілуі.

Шәуеттің шығару жолдары.

Еннің ішкі құрылыс бүйректің ішкі құрылысына сәйкес. Еннің бөліктері конус пішіндес.

7.Шәуеттің шығару жолдары.

  1. Иірімді шәует өзекшелері, tubuli seminiferi contorti.

Сперматоген эпителиймен төсеген әрбір бөлікте 2-3 иірімді өзекшелер болады. Барлығы бөлік 250 ден 300, яғни иірімді өзекшелердің жалпы саны 500 ден 900-ге дейін.

  1. Тік шәует өзекшелері, tubuli seminiferi recti.
  2. Ен торы, rete testis ен қосалқысында орналасады.
  3. Еннің шығарушы өзекшелері, ductuli efferentes.
  4. Ен қосымшасының жолы, ductus epydidimis.

Ол иірімді ен қосымшасында орналасқан, оның ұзындығы 6-8 м-

ге жуық. Сонымен қоса, ен қосымшасының басы мен

құйрығында соқыр бітетін жолдар болады.

  1. Шәует шығарушы жол, ductus defferens (50 см.). Оның 4 бөлігі бар:
  2. Шәует шығарушы жол кеңейіп ампула түзеді. Ұзындығы 3-4 см., диаметрі 1,0 см.
  3. Тұқым көпіршегінің шығарушы жолы, ductus excretorius.
  4. Шәует лақтырушы жол, ductus ejaculatorius.

Тұқым төмпешігінің бүйірінде несеп жібергіш өзекке ашылады. Ұзындығы 2-3 см., қуысы  -1,0 мм. Қуыстың тарылуына байланысты қысымы ұлғайып, шәуеттің лақтырылуына әсер етеді.

  1. Несеп жібергіш өзек, ортасы қышқыл, шәуеттің шашылуы алдында ол негізделуі қажет.
  1. Тұқым шылбыры және шәует шығарушы жол. 

Тұқым шылбыры funiculus spermaticus, ол ұзын жіп, ұзындығы 12-20 см, еннің жоғарғы полюсының шап өзегінің терең сақинасына дейін орналасады.

Оның құрамына кіреді:

  1. Ен артериясы
  2. Шәует шығарушы жол.
  3. Шәует шығарушы жолдың артериясы
  4. Веналық өрім
  5. Лимфа тамырлары
  6. Нервтер.
  7. Ішперденің қынаптық өсіндісінің қалдығы-жіңішке фиброзды тәж түрінде
  8. Ішкі тұқымдық фасция.
  9. Енді көтеретін бұлшықет.
  10. Енді көтеретін бұлшықеттің фасциясы
  11. Тұқым шылбырының сыртқы қабығы болып сыртқы тұқымдық фасция есептеледі, ол сыртынан тұқымдық шылбырды түгелімен жауып тұрады.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика