Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады – фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірлі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.
Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.
Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.
Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.
Өткізгіштік. Жүректің әртүрлі бөліктерінде жүректі өткізгіш жүйесіне жататын кардиомиоциттер орналасқан. Бұлар шығу тегі мен құрылысы жағынан ет тініне, ал қызметіне байланысты нерв тініне ұқсас, себебі электрлік импульстерді түзумен қатар тез өткізуге өабілетті жасушалар. Жүректе мқндай кардиомиоциттердің 3 түрін ажыратады: 1. Р-жасушалары (Пейсмекер жасушалары); 2. Аралық жасушалар 3. Пуркинье талшықтарындағы жасушалар.
Р-жасушалары (импульсті өздігінен жүргізетін) өсінділі, цитоплазмасында ашық түсті ядросы бар мембранасынан Na+ ионын жасушаға, ал жасушадан К+ ионын шығарып өздігінен жиырылатын кардиомиоциттер. Бұлар жүректегі синоаурикулярлы (құлақшадағы) түйінінде орналасады. Бұл жасушалардың d=8-10 мкм нексустар арқылы байланысады. Цитоплазмасында аздаған ғана миофибриллалары бар, митохондриялары аз, бос Са+ ионы айтарлықтай көп.
Аралық жасушалар жүрекше қарынша түйінінде орналасады. Бір-бірімен қарапайым және қыстырма дискілерімен байланысады, цитоплазмасында миофибриллалары көп. Қызметі: тітіркену реакциясын жұмысшы кардиомиоциттерге, одан Пуркинье талшықтарындағы жасушаларға өткізеді. Жүректңғ инфаркт миокардысында және басқа да патологиялық сырқаттарында Р-жасушалары мен аралық жасушаларындағы байланыс үзіледі. Осының әсерінен ауру адамның жүрегінің соғуы минутына 30-40 ретке дейін төмендеп, дене-қимыл жұмысына жарамсыздығы байқалады. Мұндай науқастарға арнайы құралдар – кардиостимуляторлар пайдалануға тура келеді. Аталмыш құралдың электродтарын жүректің қызметіне әсер ететіндей етіп миокардпен жалғастырады.
Пуркинье талшықтарының жасушаларынан Гисс түйіні мен Пуркинье талшықтары түзіледі. Бұл жасушалар өте ірі (15 мкм), цитоплазмасы ашық түсті, гликоген қосындыларына өте бай. Бір-бірімен десмосомалар және нексустар арқылы байланысады. Қызметі: нерв импульсін аралық кардиомиоциттерден қарыншадағы жұмысшы кардиомиоциттерге өткізеді. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесінің атиптік кардиомиоциттерінде гликоген мен анаэробты гликолизге қатысатын ферменттері көп, ал липидтер аз жасушалар болып табылады.
Жүрекше – қарынша будасы (Гис будасы)
1- жиырылғыш кардиомиоциттер; 2- жүрек-ше – қарынша будасының (Гис будасы) өткізгіш кардиомиоциттері; 3-дәнекер тіні; 4-нерв тал-шықтарының будасы (В.Д. Ваколюк препараты). |
Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. 1 – синус-жүрекше түйін, 2 – жүрекше-қарынша түйін, 3 – түйінаралық байланыстар, 4 – жүрекшеаралық шоғы, 5 – жүрекше-қарынша байланыс, 6 – Гис шоғы, 7 – сол жақ Гис сабағы, 8 – сол жақ Гис сабақтын тармағы, 9 – оң жақ Гис сабағы.
|
Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық. Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.
Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.
Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.
Жүрек ырғағы.
Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді – брадикардия. Жүрек ырғағына ми қыртысының күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған. Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады.
Ырғақты ипульстердің өздігінен өндірілуі синус- жүрекше түйінінің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады. Осы жасушалардың үйлесімді қызметі олардың тығыз байланысы (нексустер) арқылы және электротонды өзара әсерлесуі арқылы қамтамасыз етіледі. Синусты-жүрекше түйінінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі- әрбір жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі. Қалыпты жағдайда синусты-жүрекше түйіні минутына 60-80 электр импульстерінқорытып шығарып, оны жүректің өткізгіштік жүйесіне бірқалыпты таратып тұрады.
Синусты-жүрекше түйінінен алыстауына қарай өткізгіштік жүйенің әртүрлі бөлігінің автоматияғақабілеттілігі төмендейді, ол автоматия градиенті деген шамамен анықталады.
Әдетте өткізгіштік жүйенің төмен орналасқан бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйінінен келетін жиі импульстермен жойылады.
* Синусты- жүрекше түйіннің зақымдануы не істен шығуы кезінде жүрек ырғағын жүргізушінің ролін жүрекше- қарынша түйіні атқарады. Осы кезде импульстер минутына 40-50рет пайда болады.
* Егер осы түйін істен шықса, онда жүрек ырғағын жүргізуші жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры) талшықтары болады.
Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды.
* Егер осы жүргізуші істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье талшықтарының жасушаларында өздігінен пайда болуы мүмкін. Осы кезде жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20рет.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің (тиіспелер)– нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы контактілер (тиіспелер) қозудың бір жасушадан басқа жасушаға берілетін жері болып табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард біртұтас жүйе түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралу сенімділігін арттырады.
Синусты- жүрекше түйінінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйініне жетеді. Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше- қарынша түйіндері арасында, оң және сол жүрекшелер арасында арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығынан біарз ғана артық болады. Бұлшықет талшықтарының кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында жүрекше- қарынша түйінінде қозудың таралуы бөгеледі. Осының салдарынан жүрекше – қарынша шоғырына және жүректің өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) қозу тек жүрекшелер бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып үлгергеннен кейін ғана жетеді.
Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен қарыншалардың тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше – қарынша шоғырында және диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішітік миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке жетеді, ол жұмыс миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының арқасында қарыншалардың миокард жасушалары бірдей жиырылады, яғни синхронды. Жасушалардың жиырылу синхрондылығы миокардтың қуатын және қарыншалардың ығыстырушы қызметінің тиімділігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни диффузиялы, онда асинхронды жиырылу уақыты біршама ұзақ болушы еді, миокард жасушаларын жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп қатысушы еді және қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді.
Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:
1) импульстердің ырғақты өндірілуін (әрекет потенциалы);
2) жүрекшелер мен қарыншалардың тізбекті жиырылуын;
3) қарыншалар миокардының жасушаларының жиырылу үрдісіне синхронды қатынасуын (ол систоланың тиімділігін арттырады). Қозудың жұмысшы миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады.
Жүрек қуатты электр генераторына айналады. Дене ұлпаларының электрлік өткізгіштігі жоғары. Бұл жүректің электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін (биопотенциалдарын) зерттеудің В. Эйнтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. ұсынған әдістемесі электрокардиографиядеген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы объектіден. ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған (+) бөліктері арасында пайда болатын электрлік күш сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ-мманың түрі және оның тістерінің вольтажы әртүрлі болады.
Жүрек қызметінің көрсеткіштері.
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз – әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі.
Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды. Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.
Жүрек қызметінің сыртқы көріністері.
Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.
Осы берілгендерге жеке тоқталайық:
- Жоғарғы ұшының соққысы.
Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.
- Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.
Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон- созыңқы және төмен.
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.
Жүрек қызметі.
Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды.
Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.
Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты- жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше- қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы түйіншектен жүрекше- қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады. Жүрек басының бөлігінде жүрекше- қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары қарай иіліп, қарыншалардың жұмысшы (жиырылғышты) миокардіне батырылған өткізгіш миоциттер тізбегіне (Пуркинье талшықтары) ауысады.
Миокард жасушасының электрлік белсенділігі.
Кәдімгі жағдайда миокард жасушалары белсенді ырғақты күйде (қозу) болады, сондықтан олардың тыныштық потенциалы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген жасушаларда оның мәні шамамен 90 мВ-ті құрайды және ол К+иондарының мөлшерлік градиентімен анықталады. Жасушаішілік электродтар көмегімен тіркелген жүректің әр бөлігіндегі әрекет потенциалдарының (ӘП) пішіні, амплитудасы, ұзақтығы жағынан елеулі айырмашылықтары болады.
Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркинье талшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуымен анықталады, яғни жасушалы мембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігімен анықталады. ӘП-ң шыңы кезінде мембраналық потенциалдың таңбасы өзгереді ( -90мВ-тан +30 мВ қа дейін).
Мембрананың деполяризациясы баяу натрий-кальций арналарының активациясын тудырады. Жасуша ішіне осы арналар арқылы иондарының ағыны ӘП-ң платосының (үстірттің) дамуына (2-ші фаза) әкеліп соғады. Плато кезінде натрий арналары белсенділігін жояды (инактивация), ал жасуша абсолютті рефрактерлік күйге ауысады. Біруақытта калий арналарының активациясы жүреді. Жасушадан шығып жатқан иондарының ағыны мембрананың жылдам реполяризациялануын қамтамасыз етеді (3-ші фаза), осы уақыт ішінде кальций арналары жабылады, бұл реполяризация үрдісін күшейтеді (өйткені мембрананы деполяризациялайтын енетін кальций ағыны төмендейді).
Мембрананың реполяризациясы калий арнасының біртіндеп жабылуын және натрий арнасының реактивациясын тудырады. Соның нәтижесінде миокард жасушасының қозғыштығы қайтадан қалпына келеді- осы период салыстырмалы рефрактерлік деп аталады.
Жұмыс миокардының жасушаларында (жүрекшенің, қарыншаның) мембраналық потенциал (әрбір келесі ӘП-ң арасындағы интервалда) аса үлкен не аса төменгі тұрақты деңгейде сақталып тұрады. Бірақ жүректің ырғағын басқарушы ролін атқаратын синусты- жүрекше түйіншегінің жасушаларында спонтанды диастолық деполяризация байқалады (4-ші фаза), ол кризистік деңгейге жеткен кезде жаңа ӘП-ы пайда болады (шамамен -50-мВ). Осы механизмге көрсетілген жүрек жасушаларының автоырғақты белсенділігі негізделген. Осы жасушалардың биологиялық белсенділігінің басқа да маңызды ерекшеліктері бар: 1) ӘП-ң жоғарылау қисығының аз майысуы; 2) баяу реполяризациясы; 3) ол жылдам реполяризация фазасына баппен алмасады (3-ші фаза), осы кезде мембраналық потенциал 60-мВ деңгейге жетеді (жұмыс миокарды кезіндегі – 90 мВ- тың орнына), содан соң қайтадан баяу диастолалық деполяризация фазасы басталады. Жүрекше-қарынша түйіншегі жасушаларының электрлік белсенділігінің де ұқсас жақтары бар, бірақ олардағы спонтанды диастолалық деполяризацияның жылдамдығы синусты- жүрекше түйіншегінің жасушаларына қарағанда төмен, соған сәйкес олардың потенциалдық автоматты белсенділігінің ырғағы төмен.
Ырғақты басқарушының жасушаларындағы электрлік потенциалдардың өндірілуінің иондық механизмдерінің мағынасы толығымен ашылмаған. Синусты- жүрекше түйіншегінің жасушаларының баяу диастолалық деполяризациясының және ӘП-ң баяу көтерілу (пайда болуы) фазасының дамуында кальций арналары жетекші роль атқарады. Олар тек иондарына ғана емес, сонымен қатар иондары үшін де өткізгішті. Жылдам натрий арналары осы жасушалардың ӘП-ң өндірілуіне қатыспайды. Баяу диастолалық деполяризацияның даму жылдамдығы автономды (дербес, вегетативті) жүйке жүйесімен реттеледі.
Адамның өмір сүруі бойы миокард жасушаларының үздіксіз ырғақты белсенділік күйде болу қабілеттілігі осы жасушалардың иондық арналарының эффективті жұмыс жасауымен қамтамасыз етіледі. Диастола кезінде жасушадан иондары шығады, ал жасушаға иондары қайтып келеді. Цитоплазмаға енген иондары эндоплазмалық тормен жұтылады. Миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі (ишемия) миокардты жасушалардағы креатинфосфат пен АҮФ-ң қорының төмендеуіне әкеліп соғады; насостар жұмысы бұзылады, соның салдарынан миокард жасушаларының электрлік және механикалық белсенділігі төмендейді.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің қызметтері.
Ырғақты серпіністердің спонтанды өндірілуі синусты- жүрекше түйіншектің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады және ол осы жасушалардың тығыз байланысы (нексус) арқылы және электротонды өзара әсерлесуімен қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына 60-80 серпіністерді өндіретін синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына қарай оның әртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін өрнектейтін автоматия градиенті бар болады.
Әдеттегі жағдайларда өткізгіштік жүйенің барлық төмен орналасқан бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйіншегінен келетін жиі серпіністермен жойылады. Осы түйіншектің зақымдануы не істен шығуы кезінде жүрекше- қарынша түйіншегі ырғақты басқарушы бола алады. Осы кезде серпіністер минутына 40-50 рет пайда болады. Егер осы түйіншек өшетін болса, онда жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры) талшықтары ырғақты басқарушы болып табылады. Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды. Егер осы ырғақты басқарушы да істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье талшықтарының жасушаларында спонтанды пайда болуы мүмкін. Осы кезде жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20 рет.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің – нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы контактілер қозудың бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің бар болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард тұтас біртұтас түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралуының сенімділігін арттырады.
Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегіне жетеді. Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше – қарынша түйіншектері арасында, және де оң және сол жүрекшелер арасында арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығынан соншалықты артық болмайды. Бұлшықет талшықтарының кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында жүрекше- қарынша түйіншегінде қозудың таралуының бөгелуі пайда болады. Осы бөгелу салдарынан қозу жүрекше – қарынша шоғырына және жүректің өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) тек жүрекшелер бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып үлгергеннен кейін ғана жетеді.
Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше – қарынша шоғырында және диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішітік миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке жетеді, ол жұмыс миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының арқасында қарыншалар миокарды жасушаларының жиырылуы бір мезгілде өтеді, яғни синхронды (сурет7.2). Жасушалардың жиырылу синхрондылығы миокардтың қуатын арттырады және қарыншалардың ығыстырушы қызметінің эффективтілігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни диффузиялы, онда асинхронды жиырылу периоды біршама ұзақ болушы еді, миокард жасушаларының жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп қатысушы еді және қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді. Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:
1) серпіністердің ырғақты өндірілуін (әрекет потенциалы);
2) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын (координациясын);
3) қарыншалар миокардының жасушаларының жиырылу үрдісіне синхронды қатынасуын (ол систоланың тиімділігін арттырады).
Жүрек өте күрделі жүйе, оның негізгі қызметі қанды қозғалысқа келтіріп мүшелерге айдау нәтижесінде ол барлық организмді түгелдей зат алмасу процесімен қамтамасыз етіп отырады. Ал жүректің бұл қызмет-тері оның жиырылып және босаңсу қасиетіне байланыс-ты, ал бұл қасиетін өткізгіштік жүйе жүзеге асырады.
Сонымен, жүрек организмнің және қан айналым жүйесінің үнемі өзгеріп отыратын жұмысына және талаптарына жауап бере алатын, жақсы дамыған көпсатылы реттеуші жүйемен жабдықталған. Жүрекішілік реттелу – қозу импульсі жүрек ішіндегі процестер нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылыс автоматия атауына ие болды. Жүректің жиырылғыштық функциясының координациясы мен реттелуі ек орталықпен іске асады, яғни синусты-жүрекше түйіні (Кис – Флек түйіні) және жүрекше-қарынша түйіні (Ашоф-Тавар түйіні) .