Онтогенез (грек ontos – туу және генез), организм тіршілігі аяғына дейін байқалатын кезекті морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістер. Жоғары сатыдағы организмнің онтогенезі жалпы алғанда ұрықтық кезең, жастықшақ, ержету, көбею, қартаю. Онтогенез филогенезбен тығыз байланысты. Онтогенез жыныссыз жолмен көбейетін организмдерде жаңа организм дамудан, ал жынысты жолмен көбейетіндерде ұрықтанған аналық клеткадан (зигота) басталады. Жануарлардың ұрықтық дамуынан кейінгі дамуының бастапқы сатысы (жастық шағы) тікелей даму немесе метамарфоз жолмен өтеді. Көп клеткалы жануарлар онтогенезінің ұзақтығы олардың түріне байланысты бірнеше сағаттан (кейбір насекомдар, біте) 200-300 жылғы (крокодил, тасбақа) жетеді. өсімдік онтогенезінде де өсу, даму және қартаю процесстері байқалады. Өсімдік онтогенезінің негізгі ерекшелігі жыныссыз (спорафит) және жынысты (гометафит) ұрпағы алмасуында. Бұл екі процесс нәтижесінде тиісті оргон құрылуы аяқталады. Мысалы: попоротник тәрізділердің спорофитінде ұрық, кормус споранги және спора, ал гометафитінде өскінше, орхесоний мен антериди, аналық клетка және сперматозоид дамиды. Өсімдіктерде онтогенездің ұсақтығы 20-30 мин-тан (бактерияларда) бірнеше мың жылға (секвоя, арша, бамбук) созылады. Онтогенездің негізі – организм дамуының әр түрлі сатысында клеткадағы тұқым қуатын қасиеттердің іске асуының күрделі процессі. Сыртқы орта жағдайы, клетка аралық және ткань аралық әсер, гуморалдық гормоналдық және нерфтік реттеуге т.б.

Онтогенез

Онтогенез – аналық жасушаның ұрықтануынан өлімге дейінгі организмнің жеке дамуы. Онтогенез типтері:

  • Тікелей даму.

а/ ақуызы көп жұмыртқа басу /құстарда/; б/ құрсақішілік даму /сут қоректілер/;

  • Тікелей емес /метаморфозды/ даму.

а/толық емес метаморфозбен: жүмыртқа – личинка – қуыршақ-ересек ұрық.

б/ толық метаморфозбен: жүмыртқа-личинка-қуыршақ-ересек ұрық.

Онтогенез кезеңдері:

1/ Проэмбриональдық /ұрық алдындағы/ кезең;

2/ Эмбриональдық /пренатальды/ кезең;

3/ Постэмбриональдық /постнатальдық/ кезең.

Проэмбриопальдық кезең – бұл жыныс жасушаларының пайда болу және жетілу кезеңі. Бұл кезеңнің маңызы зор, өйткені ондағы қалыпты және мутантты гендердің мөлшеріне және олардың ұрықтану кезіңдегі бірігуіне көп жағдайда болашақ ұрпақтың «сапасы» байланысты болады.

Эмбриональды кезең ұрықтану сәтінен басталады, туылумен немесс жұмыртқадан шығумен аяқталады. Ұрықтанудаи кейін ұрық-зигота бөліне бастайды, бластомерлер біртіндеп шетіне қарай бірқабатты ұрық- гаструла пайда болады. Сосын эктодерма және энтодермадан тұратын екіқабатты ұрық – гаструла пайда болады, алғашқы ауыз – бластопор және қуыс – гастроцель дамиды. Кейінгі сатысында жасушалардың үшінші қабаты – мезодерма қалыптасады. Осы жасушалар жиынтығынан тіндер, мүшелер пайда болады, яғни гисто және органогенез процестері жүреді.

Адамның эмбриональды дамуынын, төмендегідей кезеңдерін ажыратады:

1/ бастапқы – ұрықтанудан кейінгі 1-ші апта;

2/ қрықты /рықты эмбриоп деп атайды/ – ұрықтанудан кейінгі 2-ші аптадан 9 аптаға дейінгі аралықты қамтиды.

3/ құрсақішілік нәресте 9-11 апта аралығы.

Жіктелудің генетикалық негіздері.

Аналық жасуша бірегей жасуша болып табылады, цитоплазманың әртүрлі аймақтары әртүрлі химиялық құрамнан және әртүрлі потенциилық күштен түрады. Анимальды полюс мандйында -цитоплазманың эктодерманың потенциялық күші, вегетативті полюс маңайында — энтодерманың потенциялық күші, ал экваторда – мезодермалық потенциялық күші болады.

Жіктелу кезеңдерінің реттілігі.

1/ Жасуша жіктелуінің алғашқы себептерінің бірі аналық жасуша цитоплазмасының әркелкілігі болып табылады.

2/ Бұл процесс ұрықтанудан кейін күшейе түседі.

3/ Аналық жасуша цитоплазмасының химиялық әркелкілігі баластомерлер цитоплазмасының химиялық әркелкілігіне өтеді.

4/ Осыдан кейін әртүрлі бластомерлерде әртүрлі индукторлар болады.

5/ Әртүрлі индукторлар жүмысқа әртүрлі транскриптондарды қосады.

6/ Әртүрлі белок-ферменттер түзіледі.

7/ Әртүрлі белок-ферменттер биохимиялық реакциялардың әртүрлі типтеріне катализатор болады.

8/ Әртүрлі бластомерлерде тпптік және арнайы тін белоктарының тү зілуі жүреді.

9/ Осының салдарынан жасушалардың әртүрлі типтері /морфологиялық әркелкілік/ пайда болады.

10/ Жасушаның әртүрлі типтсрі әртүрлі тіндерді түзеді.

11/ Әртүрлі тіндерден әртурлі мүшелер қалыптасады.

Аналық жасуша цитоплазмасының әркелкілік схемасы. /Алуан түрлі таңбалар цитоплазманың әртүрлі химиялық қүрамын белгілейді./

Жұмысқа барлық қажетті гендер бөліктерін кірістіретін аналық жасуша цитоплазмасының индукторлардың толық жиынтығынан тұратындығын дәлелдейтін Дж. Гердонның /1964-1966 гг/ тәжірибесі болып табылады. Құрбақаның ядросы алынған аналық

Ұрықтың бөліну схемасы

жасушасына ол соматикалық жасушаның /ішек немесе тері эпителийі/ ядросын отыр-ғызады.  Көп жағдайларда осындай жасушадан қалыпты бақа баласы және тіпті ересек бақа дамыды.  Бұл тәжірибелер соматикалық жасуша ядросының біртұтас организмнің дамуы жөніндегі толық  генетикалық ақпараттан  тұратындығын,  ал аналық жасушаның цитоплазмасы барлық қажетті гендер бөлігін кірістіретін индуктор лардың толық жиынтығынан тұратындығын көрсетті.

Гендерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:

І.Барлық жасушаларда қызмет ететін /мысалы, энергиялық алмасу ферменттерін кодтаушы гендер/;

2.Бір тіннің жасушаларында қызмет ететін гендер /мысалы, бұлшық ет тіндерінің барлық жасушаларында миозинді түзуші гендер/;

З.Жасушалардың әрбір типіне тән арнайы гендер /мысалы, эритробласт жасушаларындағы гемоглобин гендері/.

Жіктелудің ең басты механизмі

Онтогенездің әрбір сатысында әртүрлі транскриптондарды жауып тастау және ашу /Георгиев схемасы/. Жәндіктердің сілекей бездерінің жасушаларындағы алып хромосомаларды зерттеу барысында, оның жекеленген бір бөліктерінде томпайған, яғни ісінген жерлердің /пуффалар/ бар екендігі анықталынды. Осы аймақтардағы дезоксирибонуклеопротеидты жіпшелердің шиыршықтары кетіп қалған және сол арқылы акпараттың есептелуі жүреді. Даму сатысына байланысты пуффалар жіпшенің әртүрлі аймақтарында пайда болады. Шыбын дрозофиласы личинкасының сілекей бездерінің жасушаларындағы бір хромосоманың 3-ші личинкалық кезеңнің ақырында өзіне тән 3 пуффасы    болады.

Личинка қуыршақ алдындағы сатыға өткенде, пуффалар жойылып кетеді, бірақ олардың орнына осы хромосоманың басқа бір бөлігінде осы тәрізді пуффалар пайда болады.

Бөлінудің ерте сатыларында бластомерлер тотипотентті болып табылады,  яғни олардың әрқайсысы біртұтас организмнің бастамасын бере алады. Тритонның тотипотенттілігі  16, ал қояңдарда 4-ші бластомерлер сатысына дейін сақталынады. Адам бластомерлерінде тотипотенттіліктің бар екендігін бірнеш монозиготалы егіздердің туылу жағдайы білдіреді. Біртіндеп жасушалар детерминацияланады, яғни олардың даму барысы толығынан бағдарланған болады және олар жасушаның тек қана белгілі бір типінің бастамасын бере алады, мысалы, эпителиальды, жүйкелік және т.б.

Жіктелудің а/ тәуелді және б/ тәуелсіз деп аталатын    екі сатысын ажыратады. Эмбриогенез басында /ерте гаструл кезеңіне дейін/ тәуелсіз жіктелу байқалады,  бұл  кезде жасушалар салыстырмалы  әлі  тотипотентті  және  олардың жіктелуі индукторларға және көршілес жасушаларға байланысты болады. Мысалы,  хордалылар ұрығының арқа бөлігінің эктодерма жасушалары жүйке түтігіне бастама береді, ал құрсақты бөліктері эпидермисіне бастама болып табылады. Ұрықтың құрсақ бөлігі эктодермасының жасушаларын алып, оны ұрықтың арқа бөлігіне отыргызғанда жүйке түтігі дамиды.

Эмбриогенездің анағұрлым кештеу кезеңдерінде /кеш гаструл кезеңі/ жасушалар детерминацияланған болады және олардың дамуы алдын ала анықталынған, орналасқан жеріне байланысты емес, олар болжанған жоспар бойынша /тәуелсіз жіктелі/ жіктеледі. Мысалы, егер кеш гаструл кезеңінде бластопордың жоғарғы ернінен жасуша алып, оны төменгі ерінге отырғызса, онда ұрықтың құрсақ бөлігінде жүйке түтігі пайда болады.

Организмнің дамуында эмбриональды индукцияның алатын орны ерекше. Эмбриональды индукция – бұл эмбрионның жасуша топтарының қатар орналасқан жасушалардың жіктелуіне әсер етуі. Эмбриональды индукция құбылысы Г.Шпеман және Г.Мангольдпен 1924 жылы ашылған болатын. Алғашы индуктор келесі екіншілік индукцияны туғызады. Алғашқы индуктор энтодерманың дорзальды бөлігінен хорданың пайда болуына әсер ететін бластопордың дорсальды ернінің жасушалары болып табылады, ал хорда – эктодерманың арқа қапталы жасушаларының жіктелуіне әсер етіп, жүйке түтігінің пайда болуын, сонымен қатар энтодерманың вентральды бөлігінің жасушаларынан асқорыту түтігінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Осылайша ұрықтың белгілі бір морфологиялық құрылымға ие болуы, яғни морфогенез процесі жүреді.

Қазіргі кездері эмбриональды индукцияны жақын орналасқан жасушалардагы гендердің белгілі бір бөлігін кіргізіп және шығаратын арнайы индуктордың бөлінуімен тығыз байланысты деп есептейді.

30-шы жылдары А.Г.Гурвич және Н.К.Кольцовпен эмбриогенездегі даму процестерін интегралдайтын морфогенетикалық өріс копңепциясы жасалды. Олардың табиғаты нақты анықталынбаған, оның алуан түрлі: электрлік, гравитациялық, температуралық және т.б. болуы мүмкін.

Осы уақытта Ч.Чайлд ұрықтың физиологиялық белсенділігінің градиенті жөніндегі мәліметті жасады, алмасу процестерінің қархындылығы ұрықтың басты бөлігінен құйрықты бөлігіне қарай біртіндеп төмен түсетіндігін көрсетті. Бұл жаңа туылған нәрестелерде жақсы білінеді, дене бөліктерімен салыстырғанда басы үлкен және жақсы дамыған, жоғарғы жақтары және денесі біршама нашар дамыған және одан да нашарлау дамығаны денесінің төменгі бөліктері болып табылады.

Эмбриогенездің қатерлі кезендері.

Қатерлі кезеңдер дегеніміз сыртқы орта факторлерінің әсеріне / температура, инфекция, дәрі-дәрмектер/ ұрықтың анағұрлым сезімтал кезеңдері. Ұрықтың және құрсақішілік нәрестенің қоршаған орта факторлерінің әсеріне сезімталдығы ересек адам ағзасына қарағанда жоғары болады.

Адам ұрығының даму барысында 3 қатерлі кезенді ажыратады:

1/ Имплантация – ұрықтың жатырдың шырышты қабатына енуі /ұрықтанудан кейінгі 6-7-ші күндері/;

2/ Плацентация – плацентаның пайда болуы /ұрықтанудан кейінгі 14-15-ші күндері/.

3/ Босану кезеңі –  / жүктіліктің 39-40 аптасы/. Қатерлі кезендерді жан-жақты зерттеу барысы осы кезеңдердің жасушаның белсенді жіктелу уақытымен сәйкес келетіндігін, дамудың бір кезеңінің екіншісіне өтетіндігін, ұрықтың тіршілік ету жағдайларының өзгеретіндігін көрсетті. Ұрықтың бөлінуге және гаструляцияға өтуінде біртұтас жүйеде жасушалардын өзара әсерлесуіне  жаңа  жағдайлар жасалынады.  Сүтқоректілерде бластоцистаның жатырдың шырышты қабатына бекінуі қоректену мен  газалмасудың жаңа  жағдайға  көшуімен  сипатталады. Плацентаның дамуы және ұрықтың плацентарлық қоректену мен газалмасуға өтуі жаңа бейімділіктерді талап етеді. Жаңа туылған нәрестенің /дүниеге келген уақытында/ тіршілік жағдайының өзгерістеріне бейімделуі және барлық жүйе қызметтеріне қанайналым, газалмасу, қоректену және т.б./ қайта құрылулары қажет   болады.   Қоректену   әдістерінің   өзгеруі, «жаңа индукторлардың пайда болуы және «көне»  индукторлардың жоиылуы гендердің әртүрлі блоктарын кірістіріп, шығаруға әкеліп соқтырады және ұрықтың ортаның қолайсыз факторлеріне сезімталдығын жоғарылатады.

Анасының тіршілік жағдайының ұрықтың және құрсақішіңдегі нәрестенің дамуына әсері

Сыртқы орта факторлерінің адам эмбриогенезіне тигізер әскрі  алуан түрлі. Жүкті әйелдің тамақтануы бірқалыпты, бірақ әртүрлі баспаитын аминқыщқылдарының, витамиңцердің, минералі
газдардың және т.б. заттардың жеткілікті мөлшерде болуы тиіс, оның жетіспеушілігі ұрық дамуына қолайсыз әсер етуі мүмкін.

Дене температурасы қалыпты болуы тиіс. Әсіресе, фермент жүйесінің белсенділігін төмендететін жоғары температура /40° С-тан жоғары/, жұқпалы және инвазивты – құрт аурулары өте қауіпті болып табылады, өйткені көптеген паразиттердің зат алмасуының өнімдері биологиялық мутагендер болып табылады, сондықтан фенокопияны /мысалы, жүктілік кезінде токсоплазмозды жұқтыру құрсақішшік нәрестенің бас миының дамуын бұзады/ туғызуы мүмкін. Жүктілік кезеңінде дәрі-дәрмектерді қолдану аса қауіпті» болып табылады, өйткені олардың кейбіреуінің ұрық үшін тератогеңді әсері болуы мүмкін. Мысалы, адамның безгек ауруын және алдын алу үшін қолданылатын хлоридин препараты егеуқүйрықтыларда  ұрықтың микроцефалиясын,  ми жарығын, аяқ-қолдың ақаулығын туғызған. Дамып келе жатқан үрыққа ең қауіптісі алкоголь және никотин болып табылады. Егер ересек ағзасының жасушалары осы заттардың әсеріне салыстырмалы тұрақты болса, онда ұрық жасушалары оларға өте жоғары сезімтал болады. Алкогол мен никотиннің әсерінен әртүрлі мүшелер мен жүйелер, оның ішшде ең алғашқыларының бірі болып, жүйке жүйесі зақымданады. Әсіресе, иондалған сәулелер эмбрион жасушаларына күшті әсер етеді, мутация және жіктелу бұзылуларын  ақаулардың дамуына ықпал етеді. Сонымен продесіне ішкі орта факторлері де, мысалы  қызмеггің бүзылуы әсер етеді. Анасының қандай-да ішкі Реция бездерінің жетіспеушілігі ұрықтың соған сәйкес безінің гипертрофиясын /шектен тыс өсуі/ туғызуы мүмкін.

Ағзаның өсуі

Өсу – бұл дене салмағы мен өлшемдерінің үлкеюі. Адам ағзасының өсуі генотиппен /полигенді түқым қуалау/ және сыртқы орта факторлерімен анықталынады. Ағза өсуінің нақтыланған және нақтыланбаған түрлері бар. Нақтыланган өсу барысында ол белгілі бір жас шамасында /жәндіктер, құстар, сүтқоректілер, адам/ тоқтайды. Нақтыланбаган өсуде ағзалар барлық өзінің тіршілік ету ағымы бойында /өсімдіктер, балықтар, қосмекенділер/ өседі.

Адамның өсу барысы біркелкі емес, тез өсу кезендері оның жәй өсу кезеңдерімен ауысады. Өте қарқынды өсу сәби өмірінің бірінші жылында байқалады, бұл кезде бала денесінің ұзындығы шамамен25 см-ге жетеді. Ары қарай өсу қарқыны баяулайды: 2 жаста сәби 10-11 см-ге өседі, 3 жаста-8 см-ге, 4-7 жас аралығында – 5-7см жылына өседі. Балалық шақтың 2-ші кезеңінде /төменгі мектеп жасы/ өсу қарқыны жылына 4-5 см-ге баяулайды. Жасөспірім шақта /жыныстық жетілу кезеңі/ кенеттен өсу-пубертатты секіру /жылына 7-8 см-ге өседі/ байқалады. Осыған сәйкес дене салмағы да өседі. Шамамен 10 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалардың бой ұзындықтары мен дене салмақтарының өсу қарқыны бірдей болады. 11-12 жастан бастап бой ұзындығы мен дене салмағының өсуі қыз  балаларда жеделдей туседі. 15 жастан кейін осы көрсеткіштер бойынша ер балалар қыз балаларды басып озады және осы өсім ары қарай да сақталынады.

Сонымен, өсудің ең жоғарғы қарқыны сәби өмірінің алғашқы жылында және жыныстық жетілу кезеңіңде байқалады.

Адамның мүшелері мен тіндерінің барлығы бірдей өспейді. Мушелер мен тіндер өсуінің 4 негізгі типін ажыратады.

1/Жалпы тип / дене, бұлшық еттер, қаңқа, тыныс алу мүшелері, бауыр – біртүтас өседі/. Олар дене ұзындығының өсу қисығының барысын қайталайды және өсу қарқының екі шыңы болады – сәби өмірінің 1-ші жылы және жыныстық жетілу кезеңі.

2/ Ми және бас типті/бас және жұлын миы, көздер, бас өлшемі/ . Олар дененің басқа бөліктеріне қарағанда ертерек дамиды. Олардың өсу қарқыны дүниеге келгеннен кейін байқалады және 10-12 жаста ересек адамның өлшемінің шамасына жетеді.

3/ Лимфоидты тип /тимус-айырша без, лимфа түйіндері, ішектің, талақтың, бадамша бездің лимфоидты тіндері/. Лимфоидты тіндер қарқынды өседі және өсудің ең жоғарғы сатысына /ересектермен салыстырғанда, артық/ жасөспірім шақ басталғанға дейін /11-12 жас/ жетеді, сосын жыныс гормондарының әсеріне байланысты керу даму өзгерісіне ұшырап, ересектер деңгейіне жетеді.

4/ Репродуктивті тип /аталық без, қуық асты безі, шәует қуықшасы, аналық бездер, жатыр түтікшелері/. Бұл мүшелердің көлеміне өсуі жыныстық жетілу кезеңіне дейін онша байқалмайды, ал сосын өсуі қарқынды жүреді, жыныстық жетілу кезеңінде ересек адамның көбею мүшелерінің көлеміне дейін жетеді.

Адам ағзасының өсуін реттеуде ішкі /гормонды/ және орта факторлерінің үлкен ролі бар. Ағза өсуінің гормонды реттелуінде гипофиздің соматропин гормонының маңызы зор, оның жетіспеушілігінде – ергежейлік , ал артық мөлшерінде гигант, яғни алыптық /бой үзындығы 2 м – ден жоғары/ байқалады. Әдетте соматропин гормонының түзілуі жыныстық жетілу кезеңінің басталуымен тоқтайды.  Егер ересек жаста гормонның түзілуі                          

Адам денесі ұзындығының өсу жылдамдығы.

жалғасса, онда кейбір жеке мүшелердің – саусақтардың, табанның, бет бөліктерінің шамадан тыс өсіп кетуі /ауру акромегалия деп аталады/ байқалады. Ағза мүшелерінің өсуіне қалқанша және жыныс бездерінің де белгілі бір әсері бар. қалқанша без гормоны митохондриядағы тотығу процестерін шамадан тыс күшейтеді, ол энергиялық алмасудың жоғарылауына әкеліп соқтырады. Жыныс гормондары негізгі зат алмасу шамасына, майдың түзілуі және жинақталуына әсер етеді.

Ағза өсуіне сыртқы орта факторлерінің де /жарық, температура, тамақтануы, витаминдер, микроэлементтер және т.б./ әсері бар. Күн көзі – жарықтың Д витамині – кальциферолдың түзілуінде маңызы зор. Температураның анағүрлым жогарылауы немесе төмендеуі ферментативтік реакциялардың жылдамдығын өзгертеді, ол адам есуіне әсер етеді. Сәби ағзасының қалыпты өсуі үшін үтымды жоне үйлесімді тамақтану /сандық және сапалық жағынан / қажет. Витаминдерге, оның ішінде А, Д, В топтарының витаминіне және микроэлементтерге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар адам үшін әлеуметтік-экономикалық факторлердің бүкіл кешенінің маңызды ролі бар. Соңғы 100 жылдар көлемінде балалар мен жасөспірімдердің  физикалық және физиологиялық дамуының жеделдеуі байқалады. Мұны акселерация құбылысы деп атайды. Акселерация процесі құрсақішілік даму сатысында білінеді, жаңа туылған сәбилер бойының үзындығы 0,5-1,0 см-ге және дене салмағы 50-100 г-ға өскен. Қазіргі уақыттарда қыздардың көп-шілігінде бойдың өсуі 16-17 жаста, ал бозбалаларда 18-19 жаста тоқтайды. Бой өсуінің анағұрлым ерте тоқтауына қарамастан, соңғы 30 жыл ішінде ересек адамдармен салыстырғанда шамамен 8 см-ге өскен.

Акселерацияны түсін-діретін көптеген гипотезалар

бар. Акселерацияның бірден-бір басты себептерінің бірі аралас некенің әсерінен жас ұрпақтың гетерозиготтылығының өсуі деп генетиктер жорамал жасайды. Көптеген гипотезалар бұл қүбылысты әлеуметтік факторлермен: тамақтанудың жақсаруы, балалар ауруларының төмендеуі, урбанизация, тіршілік ырғағының жеделдеуі және т.б. байланыстырады. Радиациялық фонның жоғарылауы, жердің магниттік өрісінің езгеруі, теле және радиоқондырғылармен жүмыс істеу барысында электромагниттік толқындар әсерінің белгілі бір маңызы болуы мүмкін. Акселерация процесі көп фактор әсерінің нәтижесі болып табылады және ары қарай зерттеуді талап етеді.

Гомеостаз – ішкі ортаның тұрақтылыгы, яғни ағзадағы ішкі ортаны сақтап тұрудың арнайы механизмдері бар. Бұл процесс ағза мүшелері мен физиологиялық жүйелері аркылы іске асырылады. Мысалы, адамның өмір сүру жағдайында қоректік заттар тұрақты жұмсалып отырылады. Ал оның орны асқорыту мүшелерінің қызметтері арқылы толықтырылады. Дегенмен, гомеостазды үнемі тұрақты қалыпта ұстап тұруға функциональдық жағынан мүмкіндіктердің жетіспей қалуы мүмкін. Егер ағза ұзақ уақыт бойына қолайсыз жағдай әсерінде болса. онда гомеостаз тұрақтылыгы бузылады.

АДАМНЫҢ ӨСІП-ДАМУЫ

Жасушаның үрықтануынан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін өсіп-даму мерзімі адамнын, өсіп-дамуы немесе онтогеноз деп аталады. Әрбір адамның өмірін туғанға дейінгі (пренатальды) және туғаннан кейінгі (постнаталъды) кезеңге бөлуге болады.

Ана күрсағындағы баланын. әр мүшелерінің біртіндеп калыптасу заңдылықтарына карай: үрықтын. өсіп-даму (эм-бриональды — алгашкы екі ай-ды камтиды) кезеңі жөне іштегі баланың өсіп-даму (феталды— үрыктың 3—9 айды камтиды) кезеңі болып бөлінеді.

Аталык, жыныс жасушасы мен аналык жыныс жасу-шасының қосылуы (үрықтану) аналыктын. жатыр түтігінде жүзеге асады. Егер екі жыныс жасушалары косылса (үрык-танса), ол күбылыстың нәтижесінен үрық (зигота) пайда болады. Үрықта аталык та, аналық та барлык. касиет-тері мен белгілерін сактап калады.

Үрықтың өсіп-даму кезе-ңіне кыскаша тоқталайық.

Үрық алғашқы аптада толык бөліне бастайды, сөйтіп ол біртіндеп жатыр түтігімен жылжып, жатырдың ішіне қарай өтеді. Бүл жагдай 3—4 күнге созылады. Үрык алдымен түйіршіктеніп, бластулаға, одан өзгеріске үшырап, бластомерге айналады. Бүдан әрі үрык. жатырдың ішінде күрделі бөлінуге үшырайды. Аптаның соңында үрықтың бластомері айқындалып, ашық түсті үсак жасушалардан (трофобласт) сыртқы кабат, ал ірі қара дақты жасушалардан (эмбриобласт) ішкі қабат пайда болады. Бүл екі қабаттың аралығына біраз сүйыктық жиналады. Үрық 6—7 күн өткеннен кейін трофобласт жасушалары аркылы жатырдың ішкі сілемей қабатына батып, орнығады. Дәл осы кезеңде жатыр да ісініп, қалындығы 3—4 есе (8 мм) артады да үрықты қабылдауға дайындала бастайды.

Үрықтың трофобласы жатырдың кілегейлі кабатын жібітіп, бүрлерге айналып бірігеді. Мүндай бүрлі кабат (хорион) үрықтың ана денесінен қоректенетін мүшеге — бала жолдасына (плацентке) айналады.                                                                  

Екінші аптада ұрықтың сыртқы қабатындағы жасушалардың көбеюі салдарынан ішкі ортаның сүйықтығы-на толы эктобласты көпіршік кабат, ал үрықтың ішкі кабатындағы жасуша-лардан эндобласты (сары уызды) көігір-шік пайда болады. Осы көігіршік кабат-тар біртіндеп үрыктың сыртқы каба-тына (эктодермаға) жөне ұрыктың ішкі кабатына (энтодермаға) айналады. Оның сыртқы (дорсальды) жөне ұрықтың ішкі (вентральды) беттері айқын-далып, денесінде жасушасыз мезен-хималар түзіле бастайды. Аптаның соңына таман үрықтың үзындығы 1,5 миллиметрге жетіп, күйрық (кауда-льды) бөлігі жуандай түседі.

Үшінші аптада ұрык үш кабаттанып, одан өрі дамиды. Бұл кезде сыртқы және ішкі эндотерма қабаттарының арасында мезодерма делінетін үшінші кабат дамиды. Мезодерма жасушалары үрықтын. баскы бөлігіне карай тез өсіп-дамуының нәтижесінде сырткы және ішкі қабаттардын. арасында арка желісі (хорда) түзіледі. Желінің қүйрык (каудальды) бөлігінен гөрі бас жактағы (краниальды) бөлігі тез өседі.

Үшінші аптаның соңында үрықты бойлай сыртқы қабатында жүйке сайынын. созылып, тереңдеуінен, оның екі жағы иіліп, үштары бірігеді де жүйке өзегі пайда болады. Кейін бұдан жүйке жүйесі қүралады. Ұрықтың ішкі қабатының артқы бөлігінен ұрықтың несеп калташасы немесе үрыктың куығы (аллантоис) дамиды да аллантоис кабатынан кіндік (плацент-тік) қан тамырлары түзіледі. Ұрықтын. эктобласт және эндобласт көпіршік-терінің мезенхимасынан сары сулы қағанак (амнион) және сары уызды калташалар өсіп дамиды.

Төртінші аптада үш кабатты үрык көлденеңінен және үзынынан иіліп, дөңгелек пішінді түлға қатпарларына айналады. Үрыктын, иілген эндо-дермасынан екі үшы түйык алғашқы ішек пайда болады. Ішекке үлкен тесігі аркылы сары уызы бар калташа жалғасады.

Алғашкы ішектің алдыңғы үшын эктодермадан түзілген ауыз-жүтқын-шак жарғакшасы (мембрана) жабады, бүл жер ауыз бугазы деп аталады. Алғашқы ішектің артқы үшындағы эктодермадан артқы тесік (клоака) те жарғақшамен жабылады. Ең алдымен ауыз-жүтқыншак, жарғақшасы осы аптада жарылып, ауыз бүғазымен қосылады да күрделі өзгерістерден ке-йін ауыз жөне мүрын қуыстары пайда болады. Ал клоаканың жарғакшасы шамамен 3 айда ғана жарылады.

Үрықты қағанақ суы сактап түрады. Қағанақтың калташасы одан әрі дамы-май, екі ай шамасында жойылып кетеді.

Кіндік қан тамыр өсіндісі кейін кіндік бауға айналады. Үрыктың мезодерма кабаты сырт жағынан (дорсальды) катталған бөліктерге (сегменттерге) бөлінеді, оларды сомиттер деп атайды. Үрықтын, өсуіне қарай 20 күнде — 3 жүп, 30 күнде — 30 жүп, 35 күнде — 43 — 44 жүп сомиттер пайда болады. Үрыктың мезодерма кабаты ішкі (вентеральды) жағынан бөлінбейді. Ішкі жағындағы ортада спланхноплевра (ішек қат-паршағы), бүйір жағында соматоплевра жүқа қабаттары болады.

Асқорыту жүйесінін. түтігі — спланхноплевра мезенхимасынан, ал эндодермадан асказан бездері, ішектер, бауыр, ет шығатын жол, үйкыбез жөне тыныс алу жолының бездері пайда болады. Ішкі қабат-тардан, сондай-ак қүрсак үлпершек куыстары түзіледі.

Мезодерманың спланхноплевра аралығынан бірінші реткі бүйрек түзілетін невротом, арка (дорсальды) бөлігінен қаңқа түзілетін склеротом, одан шеткерірек бүлшықет түзетін миотом, одан да шеткерірек келешек тері (дерма) түзілетін дерматом пайда болады (33-сурет).

Төртінші аптада эктодермадан қүлақтың (бастапқыда есту шүңкыры, одан кейін есту көпіршігі), көздің жобасы калыптаса бастайды. Бет бөлігінің жобасы мен ауыз бүғазының айналасы да осы кезенде пайда болып, маңдай, үстіңгі жөне астыңғы жақ-сүйек жобалары білінеді.

Үрык денесінің алдыңғы бетінен жүрек жөне бауыр түзілетін дөңестер білінеді, сол дөңестер аралығынан пайда болған көлденең сай көкетке айналады.

Бес апта шамасында қол мен аяқтың қалақ төрізденіп біліне бастағанын байкауға болады. Сыртқы қүлак, саусак, бакайлар алты, жеті аптада айқын білінеді.

Жетінші аптаның соңында үрықтың қабағы білініп, көз алмасы айқындалып, қабағы білініп қалады.

Үрықтың адам бейнесіне енуі тоғыз аптада немесе 3 айда жүзеге асады. Шамамен 10 айда (ай 28 күннен есептеледі) үрықты үрық деп атамай қурсақтагы (іштегі), жатырдагы бала (зоеіие) деп атайды. 3—9 ай бойы қүрсақтағы бала өсіп-дамып дене мүшелері жетіле береді жөне осы кезеңде жыныстық белгілер де айқындалады.

Бес ай шамасында саусактарының тырнағы білініп, қас, кірпіктері пайда болады, жеті айда кабактары ашылып терісінің астына май жинала бастайды.

Қүрсақтағы бала анасынын. каны мен баланың жолдасы (плацент аркылы қоректенеді және тыныс алады («Қүрсақтағы баланың қан айналымы» деген тараудан толығырак оқисыздар). Күні жетіп, ана қүрсағынан босанған (туған) күннен бастап күрсақтағы баланы нәрестед,еп атайды.

Ана қүрсағында адамның өсіп даму (пренатальды) кезеңін немесе эмбриональды дамуын қорыта келіп, адамның барлык мүшелері мен үлпаларының эндодермалык, мезодер-малык және эктодермалык қабат-тардан пайда болатынын байкадык. Енді үрықтың үш қабатынан пайда болатын үлпалар мен мүшелерге назар аударайық.

Эндодермадан — өңештің эпителий кабаты, қарын және ішектер, кеңір-дектің эпителий қабаты, ауатамырлар, өкпе, бауыр, үйқы безі, ет калтасының эпителий қабаты, калқанша безі және калқанша маңы безі, несеп шығаратын түтіктін. эпителий кабаты пайда болады.

Мезодермадан — бірыңғай салалы бүлшықеттер, көлденең жолакты бүл-шықеттер, дәнекер үлпалары, сүйектер мен шеміршектер, бүйректер, аталык без (ен) жөне аналық без түзіледі.

Share This Class:

Яндекс.Метрика