Дисфагия– жұтынудың қиындауы немесе жұтына алмай қалу. Бұл жоғарғы асқазан-ішек ауруларының және жүйке ауруларының симптомы. Жиі немесе үздік қайталанатын дисфагияда дәрігерле қаралу керек.
Симптомдары:
- Асты жұтқаннан соң тамақта, кеудеде болатын жайсыздық
- Жұтыну кезіндегі ауырсыну болады
- Жөтел, тамаққа булығу
- Тұншығу (ауа жетпеу)
- Дауыстың қарлығуы
- Сөлдің бөлінуі
- Жұтынғанда кеуденің төс тұсында «кесек тұрғандай», «бөгде зат» тұрып қалғандай сезімде болу
- Бастапқыда қатты тағамдарды жұтыну қиын болса, кейін сұйық тағамды да жұты қиындайды
Себептері:
Әдетте дисфагия өңеш ауруларының салдарынан дамиды.
- Эзофагит (өңештің қабынуы)
- Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру- асқазанның ішіндегі заттардың өңеш қабырғаларын тітіркендіретін патологиялық ауру.
- Өңештің бүйірқалталануы
- Химиялық күйіктің салдары
- Өңештің және асқазанның қатерлі ісігі
- Кардияның босаңсуы (ахалазия кардия)
- Дәнекер ұлпалардың аурулары
- Жүйелі склеродермия
- Дерматомиозит
- Жүйелі қызыл жегі
- Порталды гипертензияның салдарынан болатын өңеш тамырларының кеңеюі және бүйрек жетіспеушілігі
- Өңеште ірі заттардың тұрып қалуы ( астың ірі бөлшектері, сүйек және т.б.)
- Өңештің зақымдануы (суық қарудан зақымдану, өңештің іштен зақымдануы, мысалы, өткір не үштік затты жұтып қою)
- Өңештің тарылуы
Сонымен қатар
- Квинке ісігі (ауыр аллергиялық реакция)
- Ауыз-тамақтың қатерлі ісігі
- Баспа (тамақ ауруы)
- Жұтыну бұлшық еттерінің сал болып қалуы (инсульт, атеросклероз, мидың қатерлі ісігі және т.б. ауруларды салдары).
Диагностика
· Аурудың анамнезін талдау және науқастың шағымын тыңдау
· Науқасты тексеруден өткізу, ауыз қуысын тексеру, лимфа түйіндерін пальпация арқылы тексеру.
· Лабораториялық тексерулер
· Ларингоскопия, эзофагогастродуоденоскопия, Узд тексеру, өңештің рентгенологиясы, ирригоскопия, ЭЭГ, МРТ және т.б. әдістер арқылы тексеру.
Дисфагияда гастроэнтеролог, невролог, отоларинголог дәрігерлердің кеңесі қажет.
Емдеу
- Дәрі-дәрмектен: протонды помпа ингибиторлары, антибактериалды терапия көрсетілген.
- Хирургиялық ем: қатерлі ісіктерді, өңештің тарылуын, қабынуын және т.б. хирургиялық әдспен емдейді.
- Диета: асты аз порциядан жеу, асты мұқият шайнау, сұйықтықты көп ішу, алкогольден және өңешті тітіркендіретін ащы, ыстық, суық тағамдардан бас тарту.
- Өңешті бірнеше рет арнайы кеңейткішпен кеңейту.
Асқынуы мен салдары:
- Өңештегі ісіктен тыныс алудың бұзылуы, тіпті тоқтап қалуы
- Эзофагит (өңештің қабынуы)
- Созылмалы эзофагит өңештің қатерлі ісігіне немесе асқазанның бастапқы бөлігінің қатерлі ісігіне ұласуы мүмкін.
- Аспирациялық пневмония
- Өкпе абцессі
- Пневмосклероз
- Тамақтың дұыс түспеуінен денедегі салмақтың азаюы
- Ағзаның су жетіспеушілігінен құрғауы
Профилактика
- Ауруды асқындырмай емдеу
- Дұрыс тамақтану режиміне өту
- Темекі және ішімдіктен бас тарту
- Балаларға мұқият болу. Ойыншық, майда түйме және т.б. заттарды аузына салып қоймау
- Тамақты шайнап жеу процессін қадағалау