Эндокриндік жүйеде «биліктің шыңына» шыққан гипофиз – сирек жағдайда ғана сәбидің тырнағынан асатын кішкентай без. Бүкіл ағза мен жүйелердің жұмысына әсер ететін, эндокриндік жүйені біріктіретін арнайы безден қанға бөлінетін гормон.

Олар: бүйрек безі, қалқанша безі және аналық без (әйелдерде), аталық без бен ұрық (ер адамдарда), ұйқы безі, гипоталамус және гипофиз.

Гипофиздің жұмыс істеу принципі

Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сол жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық мимен тығыз байланысты. Без қанмен өте жақсы жабдықталады. Оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді сондықтан гапоталамустың нейросекрециялық торшаларынан бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге өтіп, оның троптық гормондарының түзілуін күшейтеді.

Гипофиз гормонының жеткіліксіздігі мен артық болуы ауыр ауруға шалдықтырады.

Гипофиз гормонының жеткіліксіздігі

Гипофиз гормонының артық болған жағдайда:

Себептері

 

Гипофиз ауруларының себебін іздегенде ол бастың ми бөлігінде орналасқанын ұмытпауымыз керек. Оның үстінен көру нервтері, жанынан ми қабыршықтары өтеді.

Гипофиз гормонының көптегінің себебі – көп жағдайда гипофиздегі ісік – аденома болып келеді. Мұндай жағдайда гомаондардың деңгейі жоғарылап кетеді. Өсіп жатқан аденома өте қауіпті. Аденомамен ауыратын барлық адамда бас ауруы, көру қабілетінің нашарлауы байқалады.

 

Гипофиз гормонының жеткіліксіздігіне мыналар себеп болуы мүмкін:

Гипофиз ауруларының диагностикасы

Гипофиз ауруларын анықтау және ем тағайындаумен эндикринолог –дәрігер айналысады.  Бірінші қабылдауда дәрігер науқастың шағымдарын, тұқымқуалаушы аурулармен ауратындығын сұрайды, гормондарға қан тапсырады, тиролиберинмен тест, синактенмен тест, және т.б. зерттеулер жүргізеді. Қажет жағдайда  бас миын компьютерлік томографияға түсіру секілді шаралар қолданлуы мүмкін.

Гипофиз ауруларын емдеу

Гипофиз ауруы кезінде тағайындалатын ем қан құрамындағы гормондарды қалпына кетіруге, аденома жағдайында ісіктің қысымын төмендетуге бағытталған. Гормон жеткіліксіздігі жағдайында гормондардың орнын басатын терапия қолданылады. Кейде мұндай ем өмір бойы жүргізілуі мүмкін.

Гипофиз ісігін жоюда төмендегі әдіс-тәсілдер қолданылады:

 

 

2 Responses

  1. Мен былгым келгены мынау отынемын жауап берсеныз , гипофиз безын ояту ушын не стеу керек кандаи дары кажет ? Коптеген жагдаиларда спортка бои керек болып жатады жасым 15 те боиым 180 тагы да осргым келеды не усынасыз аита кетсеныз отыныш