1.1Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология,эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:

  1. ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
  2. эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроппен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
  3. ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.

Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.

2.1 Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден,  биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден,  қоғам мүшесі, үшіншіден,  адамның  пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.

Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады,  ол адамды приматтар отрядындағы   Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес.  Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта,  мұнда адам көбенсе тірі  табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды.  Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.

Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның  жақын  аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану,  адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.

Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты  ғылымдар да  зерттейді. Мысалы,  адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық  ұйымы ретінде адам анатомиясы  және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.

Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты,  өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және  тізбекті даму процессінен  тыс  түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология  және салыстырмалы биохимия жатады.

Антропогенез  жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған  алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына  аса қызыға қараған И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.

Биологиялық түр ретінде адам  дамуын түсінуде  зоопсихология мен адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология  маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша В.Келер және  Н.Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында  адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.

Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар  оның дамуында маңызды рөл атқарады.  Оларға генетика және археология жатады. Тілдің пайда болуын,  оның дыбыстық құралдарын және басқару механизмдерін  зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы  -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.

Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез проблемаларымен  тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет.  Оларға адам қоғамының дамуын  және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін палеосоциологияны жатқызуға болады.

Осылайша  биологиялық түрдің өкілі ретінде адам  көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1.7 суретте  Б.Г.Ананьевтің  Homo sapiens  жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде  адамның пайда болуы мен дамуын  зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады.  Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы  туралы  жасаған  қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты (ңантропогенез бен социогенездіңң шекаралас кезеңі)  және адам эволюциясында биологиялық дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.

Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи таңдау заңдары дамудың басқа сападағы  заңдарымен ауысты.

Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр.  Осы проблемаға орай  бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда: мутация салдарынан адам миы супермиға айналып,  жануарлар әлемінен бөлініп шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П.Шошардың көзқарасы. Ол бойынша  тарихи кезеңде  мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.

Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол  мидың органикалық дамуы мен  түр ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда,  дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды.  И.А.Станкевичтің зерттеулеріне қарағанда,  адам миында құрылымдық өзгерістер болады,  жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде  прогрессивті даму,  жаңа иірімдердің бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы  байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра ма деген сауалға ңиәң деп толық жауап беруге болады.  Дегенмен мұндай эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының  әлеуметтік өмір сүру жағдайына әсер етеді,  ал Homo sapiens  түрінің биологиялық өзгеруі қосымша мәнге ие болады.

Осылайша,  адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі  ретінде  ғылымға қызықты,  себебі Homo sapiens  түріндегі қазіргі заман адамы  биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір  сүреді.

Социогенез проблемасын  қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес.  Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын  бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен байланысты ғылымдар.

Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі топқа  бөлінеді: қоғам дамуын  барлық элементтердің өзара қатынасында бүтіндей қарастыратын ғылымдар,  адамзат қоғамы дамуының  жеке аспектілерін зерттейтін ғылымдар.  Ғылымдарды осылайша бөлу  адамзат өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге,  көптеген жекелеген адамдар боп танылады.  Сондықтан  барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не  социум  элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады.  Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені  көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.

Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне  қоғамның өндірістік күші  жайлы,  адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы,  өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет,   өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.

Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек.  Осыған байланысты биогеохимиялық ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі қызықты – онда ғалым өзара қатынастағы және еркін оттегі О2 молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және қайта қалпына келу қызметтері.  Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен байланысты. В.И. Вернадскийдің пайымдауынша адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.

Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның  өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы жайлы айтылып тұр.

Ноосфераң ұғымын 1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге отырып енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған биогеохимиялық теориясын негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфера немесе ңойлаушы қабатң — біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.

Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар.  Бұған жеке организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады.  Осы бағытта  адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында  адам іс-әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысы зерттеледі.

Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жйлы бүтіндей көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның әр түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зертейтін құбылыстары бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-әрекетін анықтайды.

Осылайша адам – көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі әдіснамалық сипатқа ие болуы керек.Сондықтан да адамды зертеудегі ең негізгі әдіснамалық тұжырым- жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол әлем құрылымының жүйелігін көрсетеді. Осы тұжырымға сай кез-келген жүйе жүйежасайтын  фактор болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін ғылымдар жүйесінде мұндай фактор адам, оны көпқырлы көріністе және сыртқы өмірмен байланысты зерттеу қажет, өйткені сонда ғана адам және оның әлеуметтік — биологиялық даму заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.

2.2 Экологиялық түрғыдан адамзатты биологиялық түрдің жалпы әлемдік популяциясы ретінде, Жер экожүйесінің негізгі қүрамдас бөлігі ретінде қарастыруіа болады. Алайда бүл түр ерекше, ғаламшардағы басқа барлық түрлерден айрықша. Адамның экологиялық қуысы бүкіл Жер беті болып табылады. Жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалған жоқ. Барлық аралдар ашылды, барлық ыстық және мүзды шөлдер зерттелді, барлық тау шыңдары бағындырылды. Адам ғарышқа үшты. Физика, химия биология мен экологияның негізгі заңңары адамга таралды да, адамзат пен табиғаттың өзара байланысын олардың дағдарысқа және өзін-өзі қүртуга үшырауының алдын алу, табиғат пен қоғамның түрақты дамуын қамтамасыз ету, жер беті экожүйесшің бүтіндігін сақтау үшін жан-жақты зерттеуді қажет етуде.

Адамның Жер бетіндегі басқа биологиялық түрлермен экологиялық үқсастығы экологиялык байланыстардың спектрінің үқсастығынан көрініп, адамның биологиялық тегімен және тірі табиғат әлеміне жататандығымен түсіндіріледі.

Адамның биологиялык табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Бүл табиғи қажеттіліктерге адамзаттың мекендеу ортасымен үздіксіз өзара әрекеттестікке түсуі арқылы қол жеткізіледі. Барлық адамдар қоректік тізбекте I және II қатардагы консументгер бола отырып, тағам түтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организадерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.

Адам — Жер бетіндегі казір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердід бірі.

“Əдетте адам баласы үш: ақ (европеоид), сары (моңғолоид) жəне қара (негроид) нəсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нəсілдер бұдан əлдеқайда көп — 20-дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын австролоидтық, американоидтық жəне койсан нəсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер). Нəсілдік айырмашылықтардың адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дəлелденген.

Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Мұны əртүрлі нəсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дəлелдейді. Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тəжірибе жүргізді — планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 миллионнан аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нəтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды”.

2.3Адам экологиясы:

1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзарақарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады.

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандары

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам — табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат — адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі — адам денсаулығына әсері.

Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су — қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам — табиғат карым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;
  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;
  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтылары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады 

3.Аталған мәселелердің барлығы  бір нүктеде қиылысады. Ол – Адам. Адам биологиялық , сондай-ақ әлеуметтік  тіршілік иесі. Адам табиғаттың құрамдас компоненті болып табылыды.

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Адамдарға табиғат ортадан басқа    әлеуметтік – мәдениеттілік ортасыда қажет.  Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей   болашағын болжай алмайды.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика