Отбасын жоспарлау сұрақтары бойынша тиімді кеңес жүргізуде студентке ескертпе.

Жалпы ұсыныстар:

  • Науқаспен сөйлесу барысында шыдамдылық танытыңыз.
  • Сыпайылық қарым – қатынаста болыңыз.
  • Отбасын жоспарлаудың барлық тәсілдерін жақсы біліңіз
  • Науқасқа кеңес беру барысында  алынған мәлімттердің барлығы құпия түрде сақталатындығын түсіндіріңіз.
  • Науқастың сөзін бөлмей, зейін қоя отырып тыңдаңыз.
  • Тек маңызды мәліметтерді жеткізіп,қысқа сөйлеңіз.
  • Орынды сұрақтар қойыңыз
  • Жәй қысқа «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деумен   шектелмейтін,   сұрақты толық жауап беретіндей етіп қойыңыз.
  • Науқасты сұрақ қоятындай етіп көңілін өзіңізге аударыңыз
  • Науқасқа түсінікті тілде сөйлеңіз
  • Анық инструкция беріңіз

 

Станция:  ОҚКЕ     Жанұяны  жоспарлау бойынша сұрақтарға кеңес берудің коммуникативті дағдылары

Бағалау  дағдысындағы критерий Балл бойынша баға
1 Науқаспен сәлемдесу Науқаспен сыпайы түрде сәлемдесу

Отыруын өтіну

Науқасқа өзін таныстыру

Науқастың атын және жасын сұрау

Қандай мақсатта келгенін сұрау .

2 Науқастың өмірінен қысқа анамнез жинау

Репродуктивті мақсатын анықтау

 Технологияны пайдалана отырып науқастан жүктілік пен босануларының  санын, тірі балааларының санын, олардың жастарын сұрау керек. Анамнезінде операция немесе  жарақаттардың,  ЖЖБА болған-болмағандғын анықтау.

Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған.

Қосымша: бұрын отбасының жоспарлауда – қандай әдістерін қолдагғанын: қаншалықты  ұзақ пайдаланғанын, неге тоқтатылды,қолданғанда жағымсыз жайларды анықтау.

Емшекпен қаншалықты жиі емізеді, қосымша тамақ  немесе су беретіндігін анықтау.

Ұсыныстар: науқаспен сөйлесу барысында мынадай қалыпты таңдау керек: науқасқа басын бұрып, денесін  босаң ұстап, еркін отыру. Ашық   сұрақтар қолданып, науқастың сөзін бөлмей  мұқият тыңдау. Сөйлеу ырғағын сәл бәсеңдетіп, аздап үзінді жасап, сыпайы түрде әңгімені маңызды тақырыпқа ауыстыру керек.

3 Науқасқа отбасын жоспарлаудың әдістерін ұсынды.(лактационды амонарея тәсілін)

 

 

Лактационды амонарея тәсілі туралы айту: туғаннан кейін  6 ай ағымында қолдануға болады, бұл әдіс жыныстық қатынаспен қатынасы, жанама әсері жоқ, қаралудың қажеті жоқ, тегін, оңай  қолданылады.

Әдістің  тиімділігі 98%, ана сүтімен баланы емізгенде, жыныс жасушасының жетілуіне қажетті гормондардың

түзілуін тежейді.

4 Осы тәсілді дұрыс қолдануды үйрету. Науқасқа осы тәсілді дұрыс қолдануын  үйрету: баланы емізу күніне 6-10 рет, түн мезгілінде кемінде 1 рет болуы тиіс.Емізу арасы 6 сағаттан аспуы керек. Қосымша тамақ қолданбау қажет.
5 Кемшіліктерін айту Әдістің кемшіліктерін айту. Бұл тәсіл тек туғаннан кейін 6 айға дейін тиімді. Ол ЖЖБА, ЖИТС (СПИД) қорғамайды. Қосымша тамақ қолдану мен емізу аралығы ұзарса әдіс  тиімділігі бұзылады. Егер етеккірі келген жағдайда  гинекологқа тексеріліп, әдісті жалғастыру мүмкіндігін сурау.
6 Науқастан инструкцияны қайталауын өтіну Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау.
7 Науқастың әдіс туралы түсінбеген сұрақтары бар ма, егер бер болса жауап береміз. Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.
8 Науқаспен сыпайы түрде қоштасу   Науқаспен сыпайы түрде қоштасып, кез келген уақытта.  Сізге келе алатынын айту.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика