СӨЖ

Тақырыбы: Жүрек ырғағы бұзылуының клиникалық-электрокардиограммалық диагностикасы(синустық брадикардия, синусты тахикардия,жыбыр аритмиясы, қарыншалық экстрасистолия)

 

Аритмиялар деп жүрек ырғағының бұзылуын айтады. Жүрек ырғағының бұзылуының басты себепкері – жүректе импульстің пайда болуының нашарлауы.Синустік түйіннің автоматизмі күшейгенде синустік тахикардия, ал автоматизмі төмендесе – синустік брадикардия байқалады.

Cинустық тахикардия жүрек соғуының минутына 90-нан артық жиілеуімен сипатталады. Әкеліп соқтыратын мәнбірлерге қозу, физикалық күш түсу, қызба, қан аздық т.б. жатады. Науқас жүрек лүпіліне шағымданады. Жүрек соғуы минутына 120-дан асып кетеді.

Синустық тахикардия мына жағдайларда пайда болады:

  1. симпатикалық нерв жүйесі ықпалының күшеюінде
  2. кезбе нервісі тонусының төмеңдеуінде
  3. синустық атриовентрикулярлы түйіні жасушалырының гипоксияның, ацидоздың, уланудың немесе гипертермияның салдарынан тітіркеңуінде

ЭКГ өзгерістері:

Айқын СТ кезінде байқалады:

а) P-Q(R) аралықтарының қысқаруы (бірақ 0,12 с төмен болмау керек) және Q-T аралықтарының ұзаруы,

б) I, II, aVF тіркемелерде Р амплитудасының жоғарлауы,

в) Т тісшесі амплитудасының жоғарлауы немесе төмендеуі,

г) RS-T сегментінің қиғаш жоғары депрессиясы (бірақ изосызықтан 1,0 мм төмен болмау керек).

а – тыныштық жағдайда тіркелген дені сау адамның ЭКГ тіркемесі (ЖСЖ минутына 77 рет), б – осы адамның физикалық жүктемеден кейінгі ЭКГ тіркемесі (синусты тахикардия, ЖСЖ минутына 150 рет).

Синустық брадикардия – синустық атриовентрикулярлы түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60 – тан кем (60-40 шамасында)

Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар:

  • физиологиялық ваготония (тынысты тоқтатқанда, күшенгенде)
  • патологиялық ваготония (ми сауытішілік қысымының биіктеуінде, невроздарда,

нейроэндокриндік ауруларда)

  • уланулар
  • жұқпалы аурулар
  • синустық атриовентрикулярлы түйінінінің зақымдануына әкелетің аурулар (ЖИА, миокардит, кардиомиопатиялар)

Клиникалық көрінісісимптомсыз немесе жүрек соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну. Пульс минутына 60 – 40, ырғақты және толық.

ЭКГ белгілері:

ЭКГ-көріністері(52-сурет):

1) ЖСЖ минутына 59-40 соққыға дейін төмендеуі (R-R аралықтарының ұзаруы);

2) қалыпты синусты ырғақтың сақталуы (барлық циклдерде QRST комплекстері мен Р тісшелері кезектілігінің дұрыс сақталуы және I, II, aVF,V4 – V6 тіркемелерде Р тісшесінің оң болуы).

Ваготония салдарынан пайда болатын СБ экстракардиальды түріне физикалық жүктеме мен атропин енгізген кездегі ЖСЖ жоғарлауы және оның жиі синусты тыныстық аритмиямен бірігуі тән. Органикалық СБ (интракардиальды түрі) тыныстық аритмия болмайды, атропин енгізгеннен кейін ырғағы жақсарады, ал физикалық жүктемеден кейін ЖСЖ шамалы ғана жоғарлайды.

Синустық брадикардия – жүрек соғуының минутына 60-тан азаюымен сипатталынады. Әкеліп соқтыратын мәнбірлерге синустық түйіннің зақымдануы, кезбе жүйке ширығуының артуы және симпатикалық жүйке ширығуының төмендеуі т.б. жатады. Сонымен бірге кейбір дәрілердің әсерінен де пайда болуы мүмкін, мысалы, жүрек гликозидтері, В-адреноблокаторлары. Синустық брадикардияда науқастар аса денсаулығына шағымданбайды, кейде ғана басының айналуын сезеді.

 

а- дені сау адамның ЭКГ көрінісі (ЖСЖ минутына 77 рет), б – тыныштық жағдайда тіркелген дені сау спортсменнің ЭКГ көрінісі (синусты брадикардия).

Жыбыр аритмиясы- жүрекшелерден шыққан жиі және жүйесіз импульстер әсерінен пайда болатын қарыншалардың ретсіз ырғағы.Терминді Г.Ф.Ланг ұсынған.

Жыбыр аритмиясының диагнозын ЭКГ көмегіне сүйеніп қояды.

  1. Барлық тіркемеде Р тісшесінің болмауы;
  2. Барлық жүрек циклының бойында түрі мен амплитудасы әр түрлі ырғақсыз ұсақ ff толқындарының анықталуы;f толқындары V1-2,II,III,avF тіркемелерінде жақсы тіркеледі.Ірі толқынды ЖА жиі тиреотоксикоз бен митральдық стенозда кездеседі.Ұсақ толқынды ЖА атеросклероздық кардиосклерозда, ЖИА кездеседі.
  3. Қарыншалық QRS комплексінің ырғағы сақталмаған.
  4. QRS комплексі көп жағдайда өзгермеген, қалыпты күйде сақталады.

Жыбыр аритмиясының жүрекшелік экстрасистолиядан, синустік аритмиядан, атривентрикулярлық блокададан айырмашылығы онда Р тісшесінің болмайтыны, келтірілген аритмияларда ЭКГ-да Р тісшесін табуға болады.

Жүрекшелер дірілінде жыбыр аритмиясымен салыстырғанда F толқыны тұрақты болып келеді және дұрыс ырғақ сақталған.

Қарыншаүстілік пароксизмальды тахикардиямен салыстырғанда жыбыр аритмиясында ритм жүйесіз болады.

Қарыншалық экстрасистолиның ерекшелігі ол қалыпты синус ритмімен кезектесіп отырады.

Қарыншалық ұстамалы тахикардияның жыбыр аритмиясынан айырмашылығы қарыншалық ырғақтың дұрыс болатындығы.

Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромында D- толқыны болады, жыбыр аритмиясында ондай белгі болмайды.

  1. Сонымен Барлық тіркемеде Р тісшесінің болмауы
  2. Барлық жүрек циклының бойында түрі мен амплитудасы әр түрлі ырғақсыз ұсақ ff толқындарының анықталуы
  3. Қарыншалық QRS комплексінің ырғағы сақталмаған
  4. QRS комплексі көп жағдайда өзгермеген,қалыпты күйде сақталады.

Қарыншалық экстрасистолия-қарыншалардың өткізгіш жүйесінің әр жерінен шыққан импульстердің әсерінен жүректің мезгіліне бұрын қозуы.

ЭКГ-лық белгілері

-Өзгерген қарыншалық QRS комплексінің ЭКГ-да бұрын пайда болуы.

-Экстрасистолалық QRS комплексінің анағұрлым кеңуі (0,12 с дейін және одан да жоғары) мен деформациялануы;

-Экстрасистоланың RS-T сегменті мен Т тісшесінің QRS комплексінің негізгі тісшесіне дискордантты орналасуы;

-Қарыншалық экстрасистоланың алдында P тісшесінің болмауы;

-Қарыншалық экстрасистоладан кейін толық компенсаторлық үзілістің болуы.

Share This Class:

Яндекс.Метрика