Түнгі апноэ синдромы – бүл түнгі уақытта қысқа мерзімге тыныс алудың тоқтап қалу патологиясы. Бұдан бөлек қорылдау және күндізгі ұйқысырау мазалайды.

Апноэ әдетте тыныс алу жүйесінің бұзылуынан болады. Ұйқыдағы обструктивті апноэның екі түрі бар:

Толық апноэ – бұл көмей бұлшық еттерінің толық босаңсуынан тыныс алудың бітеліп қалуы. 10 секундтан ұзаққа созылған апноэ патологиялық болып саналады.

Гипоапноэ- бұлшық еттер мен жұмсақ ұлпалардың босаңсуы тыныс жолын жартылай бітеуі.

Бұл патологиялық процесстен бөлек, түнгі орталық жүйкелік апноэ қарастырылады. Бұл процесс мидың басқаруымен болады. Әдетте ми жұмысының бұзылуынан орын алады.

Себептері:

Негізі себептерінің бірі – көмей бұлшық еттері мен ұлпаларының босаңсуы. Алайда одан бөлек әсер етуші факторлар да бар. Олар:

Симптомдары:

Адам өзінде апноэ синдромы бар екенін білмейді, сезбейді. Әдетте қасында бірге тұратын адамдар байқайды . Ең негізгі симптомы- тыныстың қысқа мерзімге тоқтап қалуы. Қосымша, адамдар жиі үзіліп тұратын және қорыл аралас қатты тыныс алуға шағымданады. Сонымен қатар, күні бойы ұйқысырау, либидоның төмендеуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бастың жиі ауруы, ауыздағы құрғақтық, оянғаннан кейінгі тамақтағы ауырсыну, ұйқықанбаушылық, депрессия, назар салудың қиындауы байқалады.

Емдеу

Бұл патологиялық процессті емдеу үшін, алдымен тудырушы факторды анықтап, сол факторды жою керек. Түнгі апноэда келесі ем-домдар көрсетілген:

Алкогольді ішімдікті шектеу

Артық салмақтан арылу

Профилактика