Қабырғааралық невралгия – қабырға араларындағы жүйкелердің тітіркеніп, қысылып немес қабынуынан болатын патологиялық процесс. Бұл неврологиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кезедесін ауру. Ауру өте ауыр және азапты ауырсыну туғызады. Симптомдары көп жағдайда басқа дене мүшелерінің, әсіресе, кеуде, құрсақ қуынсының және омыртқа ауруларына ұқсас келеді.

Невралгия сөзі «жүйкенің ауырсынуы» деген мағына береді. Демді ішке тартқанда және шығарғанда кеудеде ауырсыну болады.

Себептері:

Қабырғаралық невралгия әртүрлі себептерден пайда болады.

  • Сирек кездесетін себебі – қабырға жүйкелері қабықшаларының зақымдануынан болатын патологиялық өзгерістер.
  • Әртүрлі жарақаттар, микрожарақаттар және ағзаның улану (бактериялық уыты,ауыр металдар, кейбір дәрі-дәрмектер)
  • Омыртқаның патологиялық аурулары (-остеохандроз, сколиоз, омыртқаның жылжып кетуі, қосымша қабырға, омыртқаралық диск жарығы, деформацияланған спондилез)
  • Бұлшықеттің қысылуы және қабырға бұлшық етінің қабынуы қабырғаралық жүйкелерге қысым түсіріп, неврологиялық симптом береді.
  • Әртүрлі инфекциялар мен аурулар: полирадикулит, шашыраңқы склероз, туберкулез, өткір жұқпалы вирусты аурулар, белдемелі теміреткі, плеврит, аорта аневриміз. Жүйкені қысатын ісік өскінділері де неврологияны тудырады.

Басқа факторлар.

Алкоголь пайдалану, иммунитеттің түсуі, созылмалы шаршау, сонымен қатар эндокриндік жүйенің патологиялық аурулары (қант диабеті, тиреотоксикоз), асқорыту жүйесінің аурулары, жүрек-қантамыр аурулары.

Гормоналды өзгеріс, жас шама

Әйелдер менопауза (етеккірдің тоқтауы) кезеңінде қабырғааралық невралгиямен ауырады. Ауру ағзадағы гормондық өзгерістердің салдарынан туады. Сонымен қатар, егде жастағы кісілер де осы аурумен ауыру қаупі бар, ол жас өте келе мүшелер мен ұлпалардың өзгеруінен болады.

Симптомдары:

  • Ауырсыну синдромы; шаншып ауыру, қарқынды ауырсыну
  • Қабырға арасындағы жүйкелерді пальпациялау кезінде ауырсынудың күшеюі
  • Науқас аурудың қайдан және қайда жылжып жатқанын түсіндіре алады
  • Зақымданған жердің жарым-жартылай немесе толықтай сезімталдығы жоғалады

Қосымша симптомдары:

  • Тершеңдік
  • Гиперемия немесе терінің бозғылт тартуы
  • Кейбір бұлшықеттер сегментінің жиырылуы

 

Жүрек ауырсынуы мен невралгияның ауырсынуын қалай ажыратуға болады?
Қабырғааралық невралгияда ауырсыну сезімі үнемі бар, денені қозғалтқанда, еңкейгеде, терең тыныс алғанда, жөтелгенде, қабырғаны және аралығын ұстап көргенде ауырсыну сезімі күшейеді.Ал жүректің ишемиялық ауруларында (стенокардия) ауырсыну физикалық күштен туындайды. Ауырсыну сезімі шаншып емес, қысылып ауырсыну сипатына ие. Ауырсыну бірден пайла болады және нитроглицерин ішкенде бірден кетеді. Денені қозғалтқанда, терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. ЖИА-да ауырсынумен қатар артериялық қысым көтеріліп, жүрек соғысы өзгереді.

Емдеу

Барлық медициналық тексерістен өткеннен соң, диагноз нақтыланғаннан кейін қажетті ем көрсетіледі. Өз бетінше емдеуге болмайды, өйткені бұл аурудың симптоматикасы көп ауруларға сай келетіндіктен, симптомдардың астында басқа ауру болуы мүмкін. Дәрігерге қаралып, рентгенологиялық, ЭКГ, узд тексерістерінен өту керек.

Егер аурудың себебі омыртқа аурулары болса, мысалы, остеохандроз, омыртқааралық дискінің жарығы және т.б., онда арнайы медициналық терапиямен емдейді. Олар стероидты және стероидты емес топтарындағы ауру басатын дәрі-дәрмектер, емдік массаж, миорелаксанттар, мануалды терапия.

Невралгия вирусты аурулардан болса – арнайы вирусқа қарсы ем көрсетіледі. Қосымша иммунитет көтеретін, тыныштандыратын терапия жасалады.

Жалпы терапиялық шаралар:

  • Ауырсыну күшейгенде науқасқа асты қатты төсек режимі және қозғалысты азайту көрсетіледі.
  • Ауырсынуды басу үшін ауру басатын дәрі-дәрмектер ішіледі.
  • Қабырғааралық невралгияға қабынуға қарса дәрі-дәрмектер көрсетіледі (вольтарен, целебрекс жне т.б.), бұлшықеттің қысылуынан миорелаксанттар (сирдалуд, тиназидин) мен жүйке ұлпаларына пайдалы В тобындағы дәрумендер көрсетіледі.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика