Эпидемиология – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді.
Клиникалық эпидемиология- бұл қатаң ғылыми әдістерді қолдана отырып, аурулар тобын зерттеу арқылы, ұқсас клиникалық жағдайлардағы ауру ағымын зерттеу негізінде, әрбір науқас сырқатының нақты нәтижесін болжауға мүмкіндік беретін ғылым.
Клиникалық эпидемиология мақсаты –клиникалық тәжірибедегі диагностикалық тәсілдердің маңыздылығын және қалыпты деңгей шектерін анықтау, аурудың ағымы мен оның соңын болжау, емнің тиімділігін және жанама әсерлерін анықтау, аурудың алдын алу, клиникалық бақылаудың және алынған мағлұматты талдаудың тәсілдерін енгізе отырып, дүрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ету.
КЭ негізгі қағидасы – бұл әр клиникалық шешім қатаң түрде ғылыми негізделуі қажет. Бұл қағида «evidence-based medicine» — «дәйектемелі негізделген медицина» деп аталды. КЭ алғашқы рет 80-ж Канада мен АҚШ-да негізі қаланды. А.Кокран есімімен байланысты
Негізгі бөлім
Клиникалық эпидемиология дамуында 3 эра бар:
- Санитарлық статистика. Санитарлық статистика адам ауруының негізгі себебі анық болмағанда, оны миазм теориясымен байланыстырған: су,ауа және жердің залалды әсерінін улану. Аурудың таралуының алдын алу және ауру ошағына қарсы шараларды ұйымдастыру үшін аурушаңдықты тіркеу қажет болды.
- Инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы. Микробиологияның дамуымен қатар инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы да дамыды
- Барлық аурулардың эпидемиологиясы. ХХ ғасырдың ортасында эпидемиология енді барлық аурулардың дамуын және себептерін зерттей бастады. Бұл даму “қара жәшік” теориясы аталды, яғни ішкі әсері бар “КІРІС” деп қаралса, ал аурудың дамуын шығыс деп қараған, бірақ объектінің ішінде не болып жатқан процесс бізге беймәлім.
Эпидемиология дамуындағы кезеңдер:
- Ежелгі немесе «Гиппократ алдындағы» — XII-V ғасырлар — Эмпирикалық конъюнктураның кезеңі және белгілі бір фактілердің жинақталуы
- «Гиппократ» кезеңі- V-IV ғасырлар. XV-XVI ғасырларға дейін. -бірінші кезекте жаппай сырқаттардың себептерін (этиологиясын), орын мен жылдар конституциясының доктринасын ойлаған.
- Бактериология алды кезеңі- XV-XVI ғғ. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін — D. Frakostoro, T.Sidenheim, D.S. Самойлович, Э. Дженнер және т.б.
- Бактериологиялық — XIX ғ. екінші жартысы. ХХ ғ. бірінші жартысына дейін — Л.Пастер, Р.Коч, И.И. Мечников, Н.Ф. Гамалея, Д.И. Ивановский және т.б.
- Қазіргі немесе ғылыми эпидемиология — XX ғ. бірінші жартысынан бастап. қазіргі заманға дейін — ғылым ретінде эпидемиологияның пайда болуы (Д.К. Заболотный, Л.В. Громашевский, II Элкин, В.Д. Береков және т.б.).
Ертедегі Шығыс Азия халықтары жүқпалы аурулардың мәні туралы кейбір мағлұматтардан хабардар болған. Мысалы, олар алапес
ауруының жүқпалы екенін білген, ондай ауруларды халық арасынан
аластаган немесе ерекше “алалестер қорасына” қамаған. Қытайда
осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын халықты шешекке қарсы
егу әдісі қодданылған. Қазақстан жерінде де Өгейбойдақ Тілеуқабыл-
ұлы деген халық емшісі шешекке қарсы егуді осыдан 500 жыл бүрын
шамасында, ал Дженнерден 350 жыл бұрын жасап, іс жүзінде пайда-
ланып көрген.
Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштардың тудыратыңдығы алғаш
рет Гиппократтың (біздің дәуірге шейінгі 460-372 ж.) жөне басқа да
Греция жөне Рим ғалым-философтарының еңбектеріндегі болжам
ретінде айтылған.
Тек қайта өркеңдеу дөуірінен бастап медицина ғылымы дами түсті. Соның ішінде жұқпалы аурулардың мәні туралы еңбектердің ғылыми негізі қалыптаса бастады. Бүл дәуірде алғаш рет эпидемиологияға үлкен үлес қосқандардың ішінен Италия ғалымы Фракастор-ды (1483-1553 ж.), ағылшын зерттеушісі Сиденгамды (1624-1689 ж.) атап өтуге болады. Микробиология әлі пайда болмаған кезде ағылшын дөрігері Э. Дженнер (1749-1823 ж.) шешек ауруьна қарсы сиыр шешегінің қабыршағын (вакцина) адам денесіне енгізді. Бүл әдістің кейін қауіпсіз жөне тиімді екені дөлелденді.XVIII гасырда Ресейде өндірістің жедел өркендеу дөуірі бастал- ды, осы жылдары гылым да тез қарқынмен дамыды. Әрине, медицина, соның ішінде жұқпалы аурулармен күресу жолдары да әжептәуір дамыды. Бұл жерде орыс ғалымы Д. Самойловичтің (1724— 1810 ж.) еңбегін ерекше атал өту керек. Осы ғалым эпидемиологияның іргетасын тұңгыш қалаушы болып есептелінеді. Ол өзі тікелей қатысьш Москвада, Қара теңіз жағалауында жөне тағы да көптеген жерлерде оба ауруына қарсы күресте көп еңбек етгі. Алғаш рет оба қоздырғышын микроскоп арқылы іздеген жөне обаның тірі қоздырғышы бар деп сенген.
ХХ-шы ғ 80-90 жылдары жүйелі шолу және мета анализ пайда болды, медициналық зерттеулерде ғылыми пинциптердің маңызының жоғарылауы дәлелді медицина бағытының пайда болуына әкелді. 1990 жылы Мак Мастер университетінің (Торонто Канада) ғалымдары “Дәлелге негізделген медицина” деген ұғым енгізді (Дэвид Сакет ұсынған атау).
Профессор Арчибальд Леман Кокран – ДМ-нің принциптерінің негізін салушы. 1972 жылы баспаға шыққан “Денсаулық сақтау туралы кездейсоқ ойлар” деген мақаласы клиникалық зерттеулердің тәжірибеге енуіне түрткі болды.Негізгі принципі – денсаулық сақтау ұйымының ресурстарын дұрыс жүргізілген зерттеулер мен дәлелденген тиімді медициналық көмек түрлерін қолдану.
Тарихи жолмен, XX ғасырда КСРО-да ғылым ретінде эпидемиология ұғымы, бірінші кезекте, эпидемиялық процесті зерттеуге байланысты болды. Бұл бізге түсінікті, себебі революция, ұжымдастыру және индустрияландыру, екі дүниежүзілік соғыстар, содан кейін Кеңес Одағының ыдырауы жұқпалы аурулардың жаппай таралуымен бірге жүретін экономикалық апатқа алып келді. Сонымен қатар КСРО-да ғылым әлемнен салыстырмалы түрде оқшауланған болатын.
КЭ әр түрлі клиникалық бақылаулар мен әдістерді жетілдіріп, мағлұматты талдау негізінде науқастарға дұрыс қорытынды жасауға экономикаға шығын келтірмеуді қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда, DM технологиялары клиникалық практиканың бұрынғы принциптерін толығымен алмастыра алмайды және оларды толықтырып, жаңа, тиімді шешімдер ұсынып отырады. Осы позициялардан дамыған елдерде DM технологияларын қолдану жағдайын талдау қызығушылық тудырады. Ол шынайы клиникалық шешімдер медициналық мекеменің ерекшелігіне, дәрігерлік даярлық деңгейіне, науқастың қалауы және т.б. сияқты бірқатар факторлардың әсерінен орындалғанын көрсетеді.
Осылайша, дәрігер клиникалық ақпараттың сенімділігін бағалау үшін клиникалық эпидемиологияның негізгі ұғымдарын, анатомияны, патологияны, биохимияны, фармакологияны сиақты білуі қажет. Сондықтан қазіргі кезде клиникалық эпидемиология заманауи медицинада іргелі ғылымдардың бірі болып саналады.