Энтеровирусты гастроэнтсриттер.
Участкелік, терапевтке азық-түлік дүкенінде тасымалдауіііы болып істейтін 20 жастагы иауқас В., келіп, мынандай шаымдар жасады: катты элсіздік, температурасы 37,4° С көтерілгсн, тәбеті төмендегеп, тұмау, жөтел пайда болган. Ауырғанына үш күн болгандыгы аныкталды. Ауруын салқындап тонуымен байланыстырады. Аурудың алғашқы ксзеңінде температурасының көтерілуімсн бірге әлсіздік, жөтел, тұмау, тәбетінің төмендегені байқалады. Кслесі күні кіндік маңы және асказан үсті аймақтары ауырган, жүрсгі айныган, бір per құсқан жәнс үш per коп молшерлі сулы, жагымсыз иісті, көбіктенгсн үлкен дәрет болған. Дәрігерге көрінген күні дәрет пен құсу болмаған.
Участкелік дәрігер өткір респираторлы ауру диагнозын қойып, ауруханалық парақ берді және тексеру тағайындады: қан мен зәрдің жалпы анализі, гельминггердің жұмыртқасын тексеруге нәжіс, Р-ға қан, вирустың антигендерімен РПГА. Науқасқа көп сұйықтық, ромашка, итмұрынның қайнатпаларын ішуге кеңес берді. Препараттар жазып берді.
Сұрақтар:
- Аурудың симптомдарынан синдромдарға топтаңыз.
- Алдын ала қойылған диагнозбен келісесіз бе?
Тақырыбы: Бүрге энцифалиті көктемгі-жазғы.
Жсдел-жәрдем бригадасы 10.06. күні сагат 15-00 да шақыру бойынша Ақмолада тұратын 34 жастағы инженер-геодезистің үйіне келді. Шағымдары: дене қызуы көтерілген, басы қатты ауырған. құсқысы келген. Жалпы к.арағанда: денесінің температурасы 39,4° С. Беті қызарған, көздің ақ қабықшасы қызарған, көз алмасы козғағанда ауырады, жас ағады, терісінде бөртпе жоқ. Қоршаған ортаға немқұрайлы, ұйқысырап жатыр, құсқысы келіп тұрады. Желкесінің бұлшық еттері қатайып тартылып тұрады. Керниг симптомы екі жақтан оң көрсеткішті, оң жағындағы ерін және мұрын ортасындағы бүрмесі жазықталған. Пульсы минутына 92 рет, қанағаттанарлык., АК. 100/75 мм. рт. ст. Жүрек тондары анық естілмейді. Тыныс aлy козғалысы минутына 32 рет. Аускультативті өкпені тындағанда везикулярлы тыныс алу естіледі. Іші кепкен, пальпация кезінде ауырады. Бауыр мен көк бауыр үлкейген. Төрт апта бұрын Иркутск қаласынан келгені анықталды, онда ата-анасының үйінде 1 ай болыпты, «қаладан 40 км жердегі ауылда бірнеше рет болған, екі рет үстінен бүргелерді алған.
Жедел жәрдем дәрігері науқасқа өткір менингит деген диагноз қойды.
- Сіз осы алдын ала диагнозбен келісесізбе?
- Бұл тұжырымды қай негізде қабылдаған?
Такырыбы: Құтырма /бешенство/.
Аудан ауруханасына жедел жәрдем бригадасымен 56 жастағы Ж. Деген науқас әкелінді тұратын жері белгісіз. Келгендегі диагнозы: созылмалы алкоголизм, ақ қызу. Науқас қозған, айғалап жүгіреді, түкіреді, өзін және маңайындағыларды тырнайды. Қабылдау бөлімінде науқаста дем алуының бұзылуы ұстап қалды, тыныс алуы шулы тоқтамалы, мойны мен бетінің бұлшық еттері тырысты. Беті көгерген, қорқьнышты көрсетеді, көз қарашықтары кеңейген, мойны созылғап. 10 минуттан кейін осы айтылған белгілер жоғалып кетті. Науқас тынышталды. Сілекейінің көп мөлшерде бөлінетіндігі байқалды. Қарағанда oң колының басында колемі 4×2 см болатын тыртык. табылды.
Сұрақ:
- Иаукастан қосымша қандай мәліметтер aлy керек?
- Алдын aлa диагнозды қойып беріңіз?