Қылмыс дегеніміз  жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік.м

Қылмыстық жауапкершілік— құқықтық жауапкершіліктің бір түрі;

Қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады.

Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады.

Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату — қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады 

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.

Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.

Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.

Бас бостандығынан айырусотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика