Іскерлік ойын
Тақырыбы: Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері.
Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қаржы кодексін қолдана отырып ,салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны үшін жауаптылық шараларын оқыту, нәтижесінде ҚР салық жүйесі туралы негізгі түсінікті ашуға жол ашу.
Дайындық кезеңі:
1.Барлық студенттер 3 топқа бөлінеді.
2.Әр топ бөлек столға отырып,таза қағаз бен қаламсап дайындайды.
3.Қағазға бүгінгі күн, топтың аты,студенттердің аты жөні және іскерлік ойынның аты жазылады.
I тур. «Терминдерге анықтама беру»
Ойын барысы:
Жүргізуші терминдерді оқиды,топ мүшелері қол көтере отырып терминдерге анықтама береді.Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
Терминдер:
1.Салықтық құқық
2.Салық
3.Салық субъектілері
4.Акциздер
5.Салықтардың функциялары
6.Салық құқығының дереккөздері
Жауаптар:
1.Салықтық құқық- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
- Салық-заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
3.Салық субъектілері-заңды және жеке тұлғалар.
4.Акциздер-тауар бағасына,орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін тарифіне енгізілетін,нақты ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеп бекітетін,міндетті төлемдер.
5.Салықтың функциялары:фискалдық,қайта бөлу,салықтық реттеу.
6.Салық құқығының дерек көздері-Қазақстан Республикасының Салық кодексі.
ІI тур. «Жағдайлық есептерді шешу»
1 кезең.Ойын барысы
Үш топқа үш түрлі есептер практикалық есептерді ұсыну.Ойлануға және ақылдасуға 3 минут уақыт беріледі. Жауапты топтың кез келген ойыншысына беруге болады.
2 кезең:
Жауаптарға анлиз жасай отырып,берілген жауаптың толықтығына қарай бағалау.Егер жауап толық болып,салық кодексінің қай бабының қандай тармағына сәкес екендігі айтылса-10 балл.Жауап дұрыс болып, бірақ салық кодексімен айқындалмаса-5 ұпай.Жауап дұрыс емес болған жағдайда 3 ұпай беріледі.
Есептер:
1.Азамат Бекишев салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер алуы қажет болды.Сол үшін ол салық органдарына барып өтініш жазды.Бұл өтінішіне жауапты салық органдары 15 күннен кейін берді.
Сұрақ:азамат Бекишевтің қандай құқығы бұзылды?
2.Жеке кеңсесі бар нотариус Сарманова белгілі бір себептен қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Сұрақ:бұл уақытта азаматша Сарманованың салық органдарымен қатынасы қалай анықталды?
3.Жұбайылар Ахтановтар өздерінің жеке дүкендерін ашты.Кассалық-бақылау аппаратын сатып алып,бірақ есептеуді онымен жүргізген жоқ.Оларға келген азамат Б. түбіртек берілмеуіне байланысты салық органдарына шағымданатынын айтты.
Сұрақ:Ахтановтар салық төлеушілер ретінде қандай міндеттерін орындаған жоқ?
Жауаптар:
- Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 13-бабының нормаларына сәйкес салық төлеушісалықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына бұл ақпарат үшін өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде алуға құқылы.Бұл жерде азамат Бекишевтің құқығы бұзылып отыр.
2.ҚР салық кодексінің 42-бабына сәйкес жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.
Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
3.Қазақстан Республикасы салық кодексінің 11-бабының 5-тармағына сәйкес салық төлеушілер бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолдану тәртібін сақтауға міндетті болып табылады.
III тур «Дұрыс-дұрыс емес»
1 кезең:Ойын барысы
Жүргізуші әрбір топқа 4 пайымдаудан(пікірден) оқиды.Топ мүшелері кезек-кезек бұл пайымдау дұрыс немесе дұрыс емес деп сәкес жауап берулері тиіс.
2 кезең:
Жауаптардың дұрыстығына анализ жасау.Дұрыс берілген жауапқа 3 ұпай,қате жауапқа ұпай берілмейді.
1 топ пайыымдаулары:
1.Салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге құқылы
2.Салық төлеуші Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға міндетті емес
- Салық төлеуші Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге міндетті
2 топ пайымдаулары:
- Салық төлеуші салық құпиясының сақталуын талап етугі құқылы
- Салық Кодексіне сәйкес салық қызметі органдары көрсететін өзге де мемлекеттік қызметтерді тегін алуға құқылы
- осы Кодекске сәйкес бақылау-кассалық машиналарды қолданбауға және оларды қолдану тәртібін сақтаумауға құқылы
3 топ пайымдаулары:
- Салық төлеуші нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол бермеуге міндетті
- Салық төлеуші салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларында туындайтын мәселелерді жазбаша тіркеуге және осы мәселелерді көрсететін құжатты онымен келісуге құқылы
- Салық төлеушінің өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің телнұсқасын алуға құқығы жоқ
Жауаптар:
1 топ
1.дұрыс 2.дұрыс 3.дұрыс емес |
2 топ
1.дұрыс 2.дұрыс емес 3.дұрыс |
3 топ
1.дұрыс емес 2.дұрыс 3.дұрыс емес |