Глоссарий
Тақырыбы: ҚР Әкімшілік құқығының негіздері
Әкімшілік құқықтың жүйесі – өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары
Нормативтік құқықтық акт – құқық шығарушы кұзыреті субьектілер қабылдаған және әкімшілік құқықтық нормалары қаралағн заңдық акт.
Әкімшілік шарт – нормативтік мазмұны бар әкімшілік-құқықтық нормалары қралған құқық шығарушы субьектілердің арасындағы екі немесе көпжақты келісім.
Әкімшілік прецедент – нақты занды іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
Гипотеза – нақты шарттарды көрсететің норманын бөлігі, солар болғанда норма әрекет ете бастайды.
Диспозиция – тиісті мінез-құқылық ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субьектілері соны қолдануы керек.
Санкция – диспозицины бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдары көрсететің норманың бөлігі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларының негізіне пайда болатын басқару қатынастары, олардың қатысшыларының субьективтік құқықтары мен зандық міндеттері болады
Субьектілері – қатысушылар субьективті құқықтар мен зандық міндеттерді иелену болып табылады
Обьектілер – неге байланысты қатынас пайда болады, өзгертілді, тоқтатылды
Занды айғақтар (фактілер) – құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгертілуіне, тоқтатылуына әсер ететі нақты өмірлік жағдайлар
Мазмұны – субьективтік құқықтар мен зандық міндеттердің жиынтығы.
Оқиға – субьектілердің еріктерімен байланысты емес(бір-шамалық және абсолютті)
Әрекет – құық қатынастар қатысушыларының ең болмағанда біреуінің еркімен байланысты.
Жағымды – олардың бар болуы құқықтық қатынастардың пайда болуын әсер етеді
Жағымсыз – олардың жоқ болуы құқықтық қатынастар пайда болу үшін қажет.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызсетшілердің құрамына кірмейтің, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік лауазым – мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық окілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің міндеттері мен функияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Лауазымды адам – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтың адам
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты – мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететің әкімшілік лауазымдар жиынтығыныңсаралаушылық сипаттамасы.
Біліктілік талаптары – мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар.
Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.