Мазмұны
- Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі
- Халықты жұмыспен қамту мәселесін халықарылық құқықтық реттеу
- Халықты жұмыспен қамту туралы Конституциядан алынған баптар
Халықты жұмыспен қамту-мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа жағдайында бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі. Жұмыспен қамту мәселелері қолда бар еңбек потенциалын сақтауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды көздейтін қазақстан экономикасы үшін өзекті болып отыр. Онсыз Қазақстанның нарықтық реформалау жолымен ары қарай жылжуы және оны елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі алғышарты болып, өндірістің нәтижесіне мүдделі және тұрақты жұмыспен қамтылған, жоғары білікті икемді жұмыс күші табылатын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне толыққанды интеграциялау (біріктіру) мүмкін емес. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді қаматамасыз етуге бағытталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге, олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың құрылымы болып табылады. Біздің алдымызда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы тұр. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастырудамыз. Қазір әлем елдерінің әлеуметтік әлеуеті, жалпы хал-ахуалы ондағы халықтың жұмыспен қаншалықты қамтылғандығымен де өлшенетіні белгілі. Себебі экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер әсері айтарлықтай зор. Осыған орай жұмыссыздықпен күрес әрбір мемлекеттің қашанда басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қар¬жы¬лық дағдарыстың салдары да осы жұмыссыздыққа кеп жұ¬ғыс¬қан болатын. Талай елде береке кетіп, басына қиын күн туды. Мұн¬дайда, «жұмысы жоқтық ашын¬дырар адам баласын» демеске ама¬лың жоқ. Себебі әлемде орын алып жатқан көтерілісшілердің көп-шілігі, бей-берекет бүліктің, тіп¬ті қантөгістің құрбандарының кө¬бі осы жұмыссыз жүргендер. Осы тұрғыдан алғанда халықтың табысты да тұрақты жұмыспен көбірек қамтылуы қоғам орнықтылығының аса маңызды шарттарының бірі болып табылады, мұның өзі елдегі экономикалық және әлеуметтік ахуалға айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Жекелеген адамның әл-ауқатын арттыруда атқаратын аса маңызды рөлі туралы айтылғанның өзінде, жұмыспен қамту кәсіптік машықтарды кеңейтіп, ұштай түсуге мүмкіндік береді, халықтың барлық санаттарының өзін-өзі көрсете білуіне жол ашады және түптеп келгенде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді, яғни көптеген неғұрлым ауқымды міндеттерді шешудің кепілі болып табылады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту еңбек қатынастарының сипатын ғана емес, біздің айналысатын істерімізді де өзгертетін, түрлендіретін және былайша айтқанда, өзімізді де өзгертуге қабілетті негіз қалаушы функцияға ие болып отыр. Халықаралық еңбек ұйы¬мы¬ның мәліметінше, 2007 жылы қаржылық дағдарыс басталғаннан бері әлемде жұмыссыздық деңгейі 28 млн. адамға көбейіпті, ал 2009 жылы 199 млн. адам жұмыстан босатылған. Одан кейін жұмыссыздық шамалы азай¬ға¬нымен, 2012 жылдан бастап қайтадан арта бастады. 2012 жылы олардың қатары 197 млн. адамға жеткен. Ал 2013 жылы әлемде жұмыссыздық деңгейі 5 млн.-нан артып, 202 млн. адамға жетуі мүмкін деп болжанған. 2014 жылы жұмыссыздар қатары тағы 3 млн. адамға көбейіп, 2017 жылы 210,6 млн. адамға жетеді-мыс. Дүние жүзіндегі экономикалық белсенді халықтың арасында жұмыссыздар қатары 6 пайыз деңгейінде болмақ. Швейцарияның Женева қа¬ла¬сында орналасқан Халықаралық еңбек ұйымы әлемде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы – шамамен 75 миллион адам жұмыссыз қалған деп отыр. Олар «әлемде 6 миллионнан астам азамат жұмыс табудан үмітін үзген» деп хабарлаған. Осын¬дай мәліметтермен дабыл қаққан Халықаралық еңбек ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс орнын ашу мәселесін «ең бас¬ты мақсат» деп қарастыруға шақырған болатын. Ұйым өкілі Хосе Мануэль Салазар-Ксиринакс «Дағдарыс деңгейіне жеткен жас¬тар арасындағы жұмыссыздық проблемасы жұмыс орнын ашу мен шешім шығару үрдістеріндегі басты мақсатқа айналып, жекеменшік секторындағы инвестиция айтарлықтай дамыса ғана бұл мәселе шешілуі мүмкін» деген дейді G-Global коммуникативті алаңы жариялаған ақпарат көзі. Олай болса, жұмыспен қамту проблемасы – бүгінде әлемдік күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Мысалға Еуропалық одақты алайық. Бүгінгі таңда Грекияда, Португалияда, Испанияда, Италияда және Еуропаның басқа елдерінде болып жатқан жағдай – жұмыссыздықты туындататын экономикалық проблемалардың айқын салдарлары, бұл терең әлеуметтік және тіпті саяси дағдарысқа ұласып барады. Күні кеше ғана мерейі асып- тасып тұрған осы елдерде жұмыссыздық деңгейі қазіргі кезде айтарлықтай жоғары болып отыр. Бұл әлі де жалғаса түсуі мүмкін. Ең бастысы – адам және зияткерлік капиталын пайдаланудағы ұстанымдардың белгілі бір дәрежеде жоғалуы айқын көрініп тұр. Мұның аясында Қазақстандағы жағдай айтарлықтай жақсы. Елімізде тиімді алдын алу шаралары қолданылып, олар тіпті әлемдік қаржылық дағдарыс шарықтап тұрған шақта да жұмыссыздық деңгейін 6,6% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Қазір елімізде жұмыспен қамтылмаған, бірақ жұмыс істеуге қабілетті халық саны 5%-дан сәл-ақ асады. Бұған білім деңгейін арттыруға, кәсіби кадрларды даярлау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Мемлекет айқындалған міндеттер шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыс күшін оқыту және қайта мамандандыру, нақты экономикаға «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп аталатындар санатын тарту жөніндегі тікелей менеджер функциясын өз мойнына алды.
Оның үстіне 2010 жылдың наурыз айында Қазақстанда «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен табысын арттыру болып табылады.
Халықты жұмыспен қамту мәселесін халықарылық құқықтық реттеу
Біздің Қазақстанда жұмыспен қамтудың осы жаңа ағымдық құбылыстары алдын-ала ескеріліп отыр деп айта аламыз. Елбасымыз жастардың ортасында болған кезде «әр адам өз кәсібінің шыңына шығу үшін ол ең алдымен білімді болуы керек» деген сөзді жиі айтады. Осы қағида біздің мемлекетіміздің білім саласындағы саясатының басты өзегін құрайды. Мұны орта білім жүйесінің 12 жылдық оқытуға қарай бағытталып келе жатқандығынан, елімізде интеллектуалдық мектептер жүйесінің құрылуынан, «Болашақ» бағдарламасының әзірленіп, ел жастарының шетелдің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен тегін оқытылуынан анық байқауға болады.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша, дәл сол сәтінде жұмысы жоқ, бірақ оны белсенді түрде іздестіріп жүрген, еңбек биржасында ресми тіркеуден өткен адам жұмыссыз деп есептеледі. Әрине, көптеген елдерде жұмысы жоқ адамдардың барлығы бірдей ресми тіркеуден өте бермейтіндігі белгілі. Мұны «жасырын жұмыссыздық» деп атайды. Мұндай елдер халықаралық еңбек ұйымының талаптарына толық жауап бере алмағандықтан, көп жағдайда оның қорытынды есептерінен тысқары қалып жатады.
Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық сарапшылар жұмыссыздықтың өзін бірнеше түрге бөледі. Олар фрикциялық, құрылымдық, циклдік, маусымдық және ерікті жұмыссыздық деп аталады. Осылардың ішінде біздің елімізге қазіргі күні құрылымдық жұмыссыздық түрі тән болып отырғандығын айта кетпекпіз. Елімізде қабылданып отырған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында осы мәселе қатты ескерілген. Бағдарламаның негізгі мақсатының өзі жұмыссыз халықты қайта оқыту арқылы даярлықтан өткізуді, оларды еңбек рыногында қалыптасып отырған жаңа жағдайларға бейімдеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жұмыс іздеуші адам тиісті мемлекеттік органға хабарласқан жағдайда, ол жұмыссыз ретінде тіркеліп қана қоймай, сонымен қатар, мемлекетпен тиісті келісім-шарт жасасады. Осы шарттың негізінде ол адам мемлекет есебінен тегін оқытылатын болады. Оқудан өткеннен кейін оған жаңадан игерген мамандығы мен даярлығына сәйкес жұмыс қарастырылады. Мұндай жұмыс басқа жерлерден табылған жағдайда, мемлекет оның жаңа жерге келіп орналасуына, үй сатып алуына, жаңа ортада бейімделуіне қолайлы жағдай туғызатын болады.
Әлемде қазіргі күні 1 миллиард адам кедейлік құшағында. Үстіміздегі мыңжылдықтың басында БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен жаһандық мыңжылдық кездесуде аталған ұйым ұлттық мемлекеттер мен бизнестік құрылымдар алдына кедейлік деңгейін төмендету талабын қойған болатын. Осы талап бойынша 2015 жылы әлемдегі кедей адамдар саны 0,7 миллиард адамға дейін азайтылуы керек. Бірақ қазіргі оқиғалардың барысы бұл межеге қол жеткізудің оңай болмайтындығын көрсетіп отыр. Мәселен, әлемдегі ең бай ел саналатын АҚШ-тың өзінде кедейлік шегіндегі адамдардың үлесі 13,2 пайыздан 14,3 пайызға дейін өсе түскен. 43,6 миллион адам кедей деп табылған. Бұл аталған елдегі соңғы 50 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш болып отыр.
Халықты жұмыспен қамту туралы Конституциядан алынған баптар
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84 Заңымен .
3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
- Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
- Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
- Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
- Жұмыспен қамтусаласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) алып тасталды – ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
кепілдіктер
- Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) алып тасталды
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
- Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар;
жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
ҚазақстанРеспубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2005.10.22 N 84, 2007.05.15 N 253, 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Қазақстан әлемді шарлаған дағдарыс салдарын еңсеру бағытында жүргізген түрлі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық шаралардың нәтижесінде бұл қиындықтан едәуір серпіліспен шықты. Осы қиын кезеңнің өзінде халықтың жұмыспен қамтылуын төмендетпей, қайта оның деңгейін жақсарта түсті. Қазақстанның бірегей бұл батыл қадамы Халықаралық еңбек ұйымының назарына ілігіп, оның жақсы бағасына ие болды. Ал енді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, халықты жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын белгілеген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске қосылатындығы еліміздегі жұмыссыздықты еңсеріп, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту бағытында жаңа бір қадам, нәтижелі бастама болып табылатындығы анық. Азаматтарды кәсіби бағыттау еңбек нарығын реттеу формаларының бірі болып табылады, адам ресурстарын дамытуға ықпал етеді, кәсіптік білімнің, кәсіби білікті мамандарға нақты қажеттілігімен байланысын қамтамасыз етеді. Ашығын айту керек, бізде мамандық таңдау мен ішкі еңбек нарығы сұраныс арасында алшақтық орын алып отыр. Қазіргі таңда басты міндет – әрбір қазақстандыққа сұранысқа ие мамандықты таңдау және ол бойынша білім алу тәртібі мен шарттары туралы мемлекеттен толық ақпарат алу мүмкіндігін беру. Осы орайда, халықты жұмыспен қамту механизмдері бір-бірімен байланысып толық жұмыс жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды жүзеге асыру тиімді болады.