Тақырыбы: Еңбек құқығының негіздері
Жағдайлық есептер
- «Т» есімді азамат «С» есімді азаматтың қол астында жұмыс жасайды. Оның жұмысында барлық қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімдері түгелдей қамтылған. Бір күні «Т» есімді азамат жұмыс уақытында белгісіз себептермен жұмыста үш сағат болмайды, сонымен қоса еңбек ету барысында қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімін кимей жұмысқа кірісіп, денсаулығына зиян келтіреді.
Сұрақ: «Т» есімді азамат жұмыс беруші «С» есімді азаматқа денсаулығы жөнінде шағымдана ала ма?
Жауап: «Т» есімді азамат жұмыс беруші «С» есімді азаматқа шағымдана алмайды. Себебі жұмысшының өзі қауіпсіздік ережелерін сақтамай өз денсаулығына өзі зиян келтірді.
- «Б» есімді азамат мектепте оқитын 14 жастағы «Р» есімді азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алады. Бір айдан кейін жұмыс беруші «Б» есімді азамат 14 жастағы «Р» есімді азаматты аптасына 36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді.
Сұрақ: Бұл жерде қандай заңсыз оқиға көрініс тапқан?
Жауап: Бұл жерде жұмыс беруші «Б» есімді азаматтың кінәлі екенін көруге болады. Себебі ол 14 жастағы «Р» есімді азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алып ғана қоймай, сонымен қоса 14 жастағы «Р» есімді азаматты аптасына 36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді, бірақ заң бойынша 14 жастағы қызметкерлер үішн аптасына 24 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс күні белгіленген.
- Жұмыс беруші «Б» есімді азамат «А» есімді азаматты жұмысқа алады. Жұмысқа тұрар кезде олар еңбек шартын жасасты. Еңбек шартында демалыс, айына жалақы алу т.б жағдайлар қарастырылды. Еңбек шартында айына жалақы алу туралы айтылғанымен ,«А» есімді азамат үш ай жұмыс жасаса да, өзінің жалақысын ала алмайды.
Сұрақ: «А» есімді азаматтың жұмыс беруші «Б» есімді азаматқа талабы?
Жауап: Қазақстан Республикасының 24 бабына сәйкес әрбір жұмыс істейтін азамат жалақы алуға құқығы бар. Еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші «Б» есімді азамат «А» есімді азаматқа жалақы төлеуге міндетті. Жалақы төленбеген жағдайда «А» есімді азаматтың заңға жүгінуге құқығы бар.