Американың онкология қоғамы обыр кеселінің пайда болуына себеп болатын бірнеше жаңа мәліметтерді атады.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, обыр зиянды әдеттер және өмір салтын дұрыс ұстанбау нәтижесінде пайда болады.

Обыр кеселінің пайда болуына ең алдымен темекі өнімдерін тұтыну себеп болады.

Барлық онкологиядық дерттердің 19-29 пайыз өлім жағдайы темекі шегу салдарынан болады.

Адамның артық салмағы да әртүрлі қауіпті ауруларға себеп болатындығы белгілі.

Сонымен қатар, обыр ауруының пайда болуының 7 пайызына артық салмақ себеп болады. Өлім жағдайларының 6 пайызы да осы артық салмақ кесірінен болады.

Обыр ауруының дамуына сонымен қатар алкогольді ішімдіктерді тұтыну, дене тәрбиесі белсенділігінің төмен болуы да себеп болады.

Зерттеу барысында жоғарыдағы себептердің обырдың 26 түріне әсері анықталды.

Дәрігерлер зиянды әдеттер нәтижесінде әсіресе өкпе обыры және тоқ ішек обыры көп кездесетінін мәлімдеді.

Сала мамандарының сөзінше, зиянды әдеттерден аулақ болу, үнемі дұрыс тамақтану және дене тәрбиесімен тұрақты да белсенді айналысу обыр ауруының алдын алады.

Сонымен қатар, мамандар жыл сайын онкологиялық ауруларға қарсы тексерулерден өтіп тұруға кеңес береді.

 

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика