Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.

 

Физикалық белсенділіктің маңызы

Компьютердің, смартфондардың және басқа да құрылғылардың пайда болуымен техникалық прогрестің орын алуы салдарынан, адамнің күнделікті өмірі мен жұмысы жеңілдеп,  соңғы он жылмен салыстырғанда физикалық белсенділігі немесе қимыл-қозғалысы бірден қысқарды.

Бұл өз кезегінде уақыт өте келе адамның функционалдық қабілетінің төмендеуіне, қаңқа-бұлшықет аппаратының әлсіреуіне, ішкі ағзалардың жұмысының нашар жағына өзгеруіне әкеп соғады. Қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі мен энергияжұмсау барлық жүйелердің (бұлшықет, қантамыр, жүрек, тыныс алу) жұмысын нашарлатып, түрлі ауруларға бейім етіп қояды.

Міне сондықтан да спорттың адам денсаулығына әсері ұшан-теңіз. Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады.

Қимыл-қозғалыстың жүйелер мен ағзаларға әсері

Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыфстарында жазылып та, айтылып та жүр. Ондағы жазылған мәліметтерді қысқаша және қолжетімді түрде топтастырып көрейік. Сонымен, спорт адам ағзасы үшін келесідей себептермен пайдалы:

  • Тірек-қимыл аппаратын нығайтады: бұлшықеттің көлемі үлкейеді және күш көрсеткіші жоғарылайды, қаңқа сүйектері жүк салмаққа төзімді болады. Жаттығу залында жаттығу немесе жүгіру, жүзу, велоспорт нәтижесінде бұлшықеттің оттегімен демалуы жақсарып, қантамыр жұмысына оң әсерін тигізеді. Тұрақты түрде жаттығу бұлшықет тіндерінің химиялық құрамын өзгертеді, яғни онда энргетикалық заттар артып, заталмасу процесін жақсартып, жаңа клеткалардың пайда болуына әсер етеді. Денешықтырумен жүйелі түрде шұғылдану остеохондроз, омартқааралық жарық, артроз, атеросклероз, остеопороз секілді тірек мүшелерінің ауруларының алдын алады.
  • Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды  үйренеді.
  • Жүрек-қантамыр жұмысы жақсарады. Спорттың адам ағзасына әсері жүрек пен қантамырлардың төзімділігінің артуынан көрінеді. Жаттығулар бүкіл ағзаны интенсивті түрде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшықеттерге күш түскен кезде көбірек қанмен қамтамасыз етуді талап етеді де, жүрекке белгілі уақыт ішінде қанды оттегімен байытуға мәжбүрлейді. Тыныштықта жүрек аортаға минутына шамамен 5 литр қан итеріп отырса, жаттығу кезінде ол 10 және 20 литрге дейін ұлғаяды. Спортпен шұғылданатын адамдардың жүрегі мен қантамырлары күшке тез үйренеді және кейін тез қалпына келеді.
  • Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады.
  • Иммунитет көтеріліп, қанның құрамы жақсарады. Тұратқты түрде жаттығатын адамдардың эритроциттері 5 млннан 6 млнға дейін көбейеді. Сонымен қатар лимфоциттердің мөлшері де артады. Бұл спорттың қорғаныш қызметін жақсартып, бізді қоршаған зиянды заттарға қарсы тұра алатындығының бірден бір дәлелі. Физикалық белсенді адамдар сирек науқастанып, бактериялар мен вирустарды тез жеңеді.
  • Метаболизм жақсарады. Жаттыққан ағза қандағы қант және басқа да заттарды реттеуі жақсарады.
  • Өмірге деген көзқарас өзгереді. Физикалық белсенді жандар өмірге құштар, күйзелістен аулақ болады.

Жетілуші ағзаға спорттың әсері

Спорт пен баланың денсаулығы қаншалықты байланысты екендігін медициналық статистика көрсетеді. Дәрігерлердің статистикасына сүйенсек, жиі ауыратын балалар мен жасөспірімдердің 70 пайызы спортпен шұғылданбайды және денешынықтыру сабағына қатыспайды. Мектепте миға түсетін салмақ, үйде үнемі компьютердің немесе теледидардың алдында телміріп отыру ағзаның физикалық қуат алмауына әкеп соғады.

Бұл функционалды бұзылыстарға соқтырып, оқушылар мен студенттерді «жас қарияға» айналуына әсер етіп, үлкен жастағы кісілерде кездесетін түрлі аурулардың дамуына себеп болады.

Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Қазіргі балалардың қимылы аз өмір салты дәрігерлер мен педагогтардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Спортты насихаттау

Физикалық белсенділіктің адамға пайдалы екендігін медициналық зерттеулер, практикалық бақылаулар мен фактілер, тіпті халық даналығы да дәлелдейді.

Замануи медицина және педагогика спортты насихаттауа және қоғамның дене тәрбиесіне деген оң көзқарасын туғызуға барынша тырысып келеді. Мектептерде және жоғары оқу орындарында денсаулық және спорт күні өткізіліп тұрады. Оқушыларға бассейндер мен жаттығу залдарына баруға тегін абонемент беріледі. Дегенмен, дене тәрбиесінің денсаулыққа әсеріне немқұрайлы қарайтындардың саны әлі де көп.

Спортпен шұғылданғанда қауіпсіздік шараларын ұмытпаған да жөн!

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика