Сүт безінің майлы қабатының некрозы

Сүт безінің майлы қабатының некрозы – әртүрлі жарақаттан кейін болатын көкіректің майлы ұлпаларының ошақты өлі еттенуі.

Сүт безінің майлы некрозы (олеогранулеа, липогранулема, стеатогранулема) ферменттік емес некрозыға жатады, яғни, әдетте некроз әртүрлі жарақаттардан пайда болады.

Жарақаттаушы факторлар ретінде соғып алу, соққы алу, медициналық манипуляциялар, спорт жаттығулары және т.б.  болуы мүмкін. Сирек жағдайда майлы некроз жылдам салмақ тастаудан және сәуле терапиясынан кейін пайда болады. Кей жағдайларда майлы некроз мастэктомиядан кейін маммопластика жасатқан науқастарда кездеседі.

Сипмтомдары:

  • Көзбен шолғанда және пальпация кезінде көкіректе бұдыр түйіндер байқалады. Ем қолданбаған жағдайда көлемі үлкейеді.
  • Дене қызуының көтерілуі, қалтырау
  • Түйін пайда болған жер ыстық, қызыл түсті келеді. Қатты және ауырады, тері тығыз келеді.
  • Некроз ошағының пайда болған жерде локальді сезімталдық жоғалады.
  • Жақын жатқан лимфалық түйіндер қабынады
  • Көкіректің, емшектің пішіні өзгереді
  • Сүт безінен ірің бөлінеді
  • Асқынған түрінде іріңді жара мен жарылу (сызат) пайда болады.

Диагностика

Майлы некроз кезінде науқас төмендегі медициналық тексерулерден өтеді:

Маммография.

МРТ (магнитті-резонансты томография).

Эхографикалық анализ.

КТ (компьютерлік томография).

Рентгенді және ультра дыбысты мониторингті көкіректің биопсиясы

Цитологиялық және гистологиялық пункциялық талдауы

Емдеу

Сүт безінің май некрозы хирургиялық жолмен (секторлық резециямен) емделеді. Ауру асқынған түрінде көкіректі түгелімен кесіп алып тастауы мүмкін.

Отадан кейін қабынудың асқынбауы үшін науқасқа дәрі-дәрмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қайта қалыпқа келу үшін физиопроцедуралар көрсетілген.

Профилактика

Отадан кейін дәрігердің кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдау, дәрігердің бақылауында болу.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика