Адам өмірінің ең бір сәулелі сәті сәби сүйіп, ұрпақ жалғастыру десек, табиғат сыйлайтын бүгінде осы бакыттан шет калып жататындар көп. Міне, бұл – қоғамның түйткілдерінің бірі.

Әлемде 150 миллион ер адам эректильді дисфункция дертімен сыркаттанса, біздің елдің өзінде бүл ауруға жарты миллион азамат шалдығыпты.  Қазақстан  бойынша 24 мың ер адамның 56 пайызы түрлі формадағы эректильді дисфункция сырқатымен ауырады екен. Ал Алматыдағы салауатты өмір салтын калыптастыру орталығының мәліметіне жүгінсек, жас кыз-келіншектердің жиырма пайызы бала туу қабілетінен айырылған. Әсіресе, 18-25 жастағы бойжеткендерде бедеулік жиі кездесетін көрінеді.

Жалпы, «сәби сүю бақытынан айыратын сырқат неден туындайды, одан айығудың жолы қандай» деген сауалдар әркімнің де көкейінде жүрері сөзсіз. Көптеген дәрігерлер бедеулік пен белсіздіктің себептерін жастайынан денсаулықты күтпеуден көреді. Бүл дерттің дәл казіргі таңда кең етек жаюының бір себебі – бүгінгі бойжеткендеріміздің бабымен бой түзей алмауы. Расында да, мықыны мен кіндігін ашып, кеудесін тар киіммен құрсаулай киінетін сәнқой қыздардан көшеде көз сүрінеді. Ал темекі мен сыраға әуес каракөздеріміз өз келешегін өзі улап, түншықтырып жатқанын, сірә, байқай бермейді-ау, шамасы. Сонымен қатар дәрігерлер ер-азаматтардың да денсаулығы сын көтермейтінін айтады. Орын алған олқылықтың аз да болса орнын толтыратын амалдар да болады. Денсаулығына байланысты бала сүйе алмай жүргендерге көмек қолын созып, жасанды жолмен үрықтандыру тэсілін үсынып жүргендердің бірі – биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова.

Салтанат Берденқызының айтуынша жаратылыстағы барлық  тіршілік

иелерінің ішінде адамзаттың жүкті болу кабілеті өте төмен екен. Дертке дауа іздеген медицина ғылымдарының кандидаты Салтанат Берденқызы жасанды ұрықтандыру жолы арқылы балалы болу бақыты да бәріне бірдей бұйыра бермейтінін айтады. Мүндай әдіспен жүкті болуға 20 жастағы келіншектердің – 15-20 пайызы, ал 40 жастағы әйелдердің бес пайызы ғана қабілетті. Жасанды ұрықтандыру тәжірибесі ерлердің бес пайызында мүлде үрық болмайтынын көрсеткен. Көбіне белсіздік ауруы 30 жасқа дейінгі ерлерде кездессе, ал 30 жастан асқандар ішімдіктің немесе сол секілді зиянды әрекеттердің кесірінен кеселге килігетін көрінеді. Жасанды ұрықтандыру жолы арқылы балалы болу бақытына 100 пайыз кепілдік бере алмайды, тек 95 пайыз бедеулік пен белсіздікті жеңе алады.  Балалы болу бақытынан айыратын сырқатқа кей жағдайда адам өзін-өзі апарады. Мәселен, ерте жастан жыныстық қатынаска түсу, жасанды түсік жасату – басты себеп. Ал жасанды ұрықтандыру жолы арқылы бала сүюге бәрінің бірдей қаржысы жете бермейді. Айталық, Израильде мұндай амалға жүгінетіндерге үкімет 2 балалы болғанға дейін тегін қызмет көрсетеді. Ондағы мақсат-халықтың санын көбейту. Кең-байтақ жері бар қазаққа да демографияны арттыру үшін осындай бір бағдарлама керек, -дейді «Экомед» медициналық орталығының ғылыми директоры Салтанат Берденқызы.

Кейбіреулерге жаратылысынан, енді біреулерге күтінбеуден берілетін бедеулік пен белсіздікті екінші қырынан, яғни діни наным тұрғысынан қарастырып көрсек, сәби сүю бақытын тәрк еткен көкек-аналардың кесапаты да секілді. Халық сенімі бойынша ананың бойына бітетін бала -Жаратқанның жіберген сыйы. Сол сыйды біле тұра өз қолымен өлтіріп, түсік жасату немесе баланы тастанды ету кесірлі іс емей, немене? Кеселге шипа іздеген әдіске «Жаратушы ғана беретін баланы қолдан калай жасайды, бүл – күпірлік» деп қарайтын теріс түсінік те бар. Негізінде, «Алла тағала әрбір ауруды жібере отырып, оның емін де қоса береді» дейді. Сөзімізге арқау болып отырған осы амалды қолданысқа әкелген   Салтанат Байкошқарова: «Алла адамға ақыл, сана, денсаулық берді, соны пайдаланып, ары карай ізгі іс жасау – адамның қолыңда. Тіпті, бұл әдістің өзі 100 пайыз сәтті шыға бермейтінін айтып жүрміз», -дейді.

Яғни, сәттілік Жаратушының жарылкауынан деп түсінейік.

Балалы бола алмау шаңырақтың шайқалуына да бірден-бір себеп болатынын, талай жұбайлардың ажырасуына ықпал ететінін де көріп жүрміз. Бүгіндері жас аналар арасында құрсаққа біткен шарананы сақтай алмау сырқаты да басым. Сондай-ақ қазір дүниеге келетін нәрестелердің жартысынан астамы бас сүйегінің қан қысымымен, түрлі кемістікпен туылады. Ал бірқатар аналарымыз өз күшімен босана алмай, кесер тілігінің көмегіне жүгінеді. Бұл да – бір індет.

Дәрігерлердің айтуынша, ананың құрсақ көтеріп, өз күшімен дені сау баланы дүниеге әкелуіне бірден-бір қауіп – қаназдық ауруы. Сондықтан ақ халаттылар каназдықпен бала күннен күресу керектігін ескертеді.

Ал сәбилердің ауру болып туылуы -ата-анасының денсаулығының нашарлығынан. Мамандар соңғы кездері «даун» ауруымен туылатын балалар көп кездесетінін айтады. Сәбилердің мұндай сырқатқа тумысынан шалдығуына әке-шешесінің жыныс жолдары ауруына шалдығуы себеп болады екен. Дәрігерлер қауымы жастар отау қүрғанда отбасын жоспарлауды ескермейтінін, үй болуды тек үйленумен ғана толығатын шаруадай көретіндіктерін айтады. Басты байлықтан байқаусызда айырылып қалып, жаратылыстың сыйынан құр қалмаудың қамын күйттеген жөн-ақ.

Қамар ҚАРАСАЕВА.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика