ТақырыбыЖүрек ырғағы бұзылуының клиникалық электрокардиографиялық диагностикасы

Жүрек ырғағы бұзылуының түрлері

      Жүрек  аритмиялары -жүректің қалыпты  ырғағының  бұзылыстарын  айтады.

Синустық тахикардия-деп  синустық-жүрекшелік  торапта  серпін   пайда  болуы  жиілуінен  дамитын  жүрек қағуын  айтады. Жүрек соғуы  минутына 100-140 шамасында. ЭКГ-да  жүрекше –қарынша  кешені  өзгермейді, тек  диастолалық  үзіліс, Т-Р өркеші  қысқарады.

Синустық брадикардия- синустық-жүрекшелік  торапта  серпін   пайда  болуы  дамитын сиреуінен  жүрек қағуын  айтады. Жүрек соғуы  минутына 60 аз шамасында. ЭКГ-да  жүрекше –қарынша  кешені  өзгермейді, тек  диастолалық  үзіліс, Т-Р өркеші  ұзарады.

Синустық аритмия– синустық-жүрекшелік  торапта  пайда  болатын  серпіндердің жиілігі  өзгеріп  тұруынан жүрек  жиырылуының біресе сиреп,  біресе жиілеп  тұруын  айтады. Тыныс алумен  байланысты өзгереді,демді  ішке тартқанда жүрек соғуы  жиілейді, демді шығарғанда сирейді. Сондықтан  тыныстық аритмия  деп аталады.

  Экстрасистола–  бүкіл  журектің  немесе  оның  бөліктерінің  жиырылуын тудыратын   кезексіз  алдын алалық  импульс. Экстрасистолия – импульс  өтуінің  бұзылуы  және   қоздыруының  жоғарлауы  нәтижесінде  дамитын аритмия; екі немесе  одан  көп  экстрасистолиялар  бірінен  соң  бірі  өткенде  дамиды.

Синустық экстрасистолия-эктопиялық  ошақтың  синустық-жүрекшелік  тораптың  шеткері  жасушаларында   орналасуынан дамиды. ЭКГ-да   жүрекшелер  мен  қарыншалар   кешендерінің  өзгерісі  болмайды,  тек  жүректің кезексіз жиырылғанында  диастолалық  үзілістің  ұзақтығы  қысқарады  да, Т-Р  тісшелері жақындайды.  Бұл кезде  диастолоның  қысқаруынан  қарыншалар  қанға толып үлгермегендіктен  аз  қанмен жиырылады да,экстрасистола кезінде  тамыр  соғуы  бәсеңдейді.

Жүрекшелік экстрасистолия- эктопиялық  ошақ  жүрекшелердің  әртүрлі  бөліктерінде  орналасуынан дамиды. ЭКГ-да  Р  тісшесінің  өзгерісімен  дамиды. Бұл  кезде  QRST  кешені  өзгермейді,  бірақ  жүректің  кезексіз

жиырылуынан   кейін   диастолалық үзіліс  біршама  ұзарады.  Бұны  жартылай икемделістік  үзіліс  деп  атайды.

Атриовентрикулярлық экстрасистолия –қосымша қозу  ошағының жүрекше-  қарынша  аралық торапта  орналасуын  айтады. Бұл кезде  серпіннің жүрешелерге  қарай кері  бағытта   тарауынан ЭКГ-да   теріс  Р  тісшесі  іркеледі және теріс   Р  тісшесі қарыншалардың  QRS  кешенімен  бірігіп кетуі  мумкін.Экстрасистоладан кейін  диастоалық үзіліс біршама  ұзарады . Кейде  экстрасистола  жүрекшелер мен   қарыншалар  бір мезгілде  жиырылуымен  қабаттасады.

     Аллоритмия– қалыпты  синиустық  жоғарлауымен  қатар   белгілі  ретімен өтетін  экстрасистолиялармен  сипатталатын  аритмиялардың  бір  түрі. Оған: бигемиия, тригеминия, квадригеминия.

     Қарыншалық экстрасистолия– жүретің  насостық  қызметі және  әсерлі жиырылуың  тоқтауымен  сипатталатын қарыншалардың  ретсіз, қалыпсыз  электрлі  белсенділігі.  QRS кешені  және Т  тісшесінің  жоқтығымен  сипатталтын  хаосты  дұрыс емес  ырғақ.

 Жүрекшелер  жыпылығы– дұрыс емес  ырғақ,  Р  тісшесінің  жоқтығы, изолиниялардың  ретсіз   ірі  немесе   ұсақтолқынды  ауытқуларымен  сипатталатын  аритмия ( жыпылық  толқындары  F немесе f ). Жүрекшелік  толқындар  жиілігі  350-600 мин.  Негізгі   себептері : митральды ақаулар, миокард  инфаркты, тиреотоксикоз, өкпе  артериясының  тромбоэмболиясы.

   Пароксизмальды  тахикардия–  импульс  өтуінің  бұзылуы  және   қозудың жоғарлауы  нәтижесінде  дамитын аритмия; эктопиялық  ошақтан  дұрыс  ырғақ импульсациясының   ұстамалы  ұлғаюы.

Атриовентрикулярлы тосқауыл– жүрекшелерден  қарыншаларға  электрлі импульс өткізуінің  бұзылыстары  тән  жүрек ырғағы  бұзылысы.

  1 дәрежелі  АВ  тосқауыл–  электрлі импульс  өтуінің  бұзылысымен  байланысты  аритмия. Тән: PQ интервалы-0,20 с.  Әр  P тісшесіне  QRS  кешені сай.

2  дәрежелі  АВ  тосқауыл–  электрлі импульс  өтуінің  бұзылысымен  байланысты  аритмия. Тән: PQ интервалының  өсетін  ұзаруы  QRS  кешені  түсіп қалады.

3 дәрежелі  АВ  тосқауыл–  электрлі импульс  өтуінің  бұзылысымен  байланысты  аритмия. Тән: QRS  кешенінің  кезеңдерімен  түсуіне  тән. Әрі  қарай   ұзарусыз  P-Q интервалы.

4 дәрежелі  АВ  тосқауыл-  электрлі импульс  өтуінің  бұзылысымен  байланысты  аритмия. Тән: PQ   аралығы  өзгермелі. Жүрекшелер  және қарыншалар бір  біріне  тәуелсіз   қозады.

Синусты тахикардия

Синусты брадикардия

Синусты аритмия

Эктопиялық аритмия

Синустық  экстрасистолия

Жүрекшелік  экстрасистолия

Атриовентрикулярлық экстрасистолия

Проксизмальдық тахикардия

Жүрекшелер жыпылық аритмиясы

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика