Организмнің ауытқыған дене бітімінің бір түрі болып диатездер (грек. Diathesis-бейімділік) есептеледі. Диатез- әдеттегі немесе ауру туындататын әсерлерге организмнің бұрынғы қалпынан ауытқып жауап қайтаруымен сипатталатын жас балалардың дене бітімінің өзгеруі. Бұл кезде балалардың кейбір дерттік үрдістерге бейімділігі байқалады. Диатездің бірнеше түрлері белгілі.Олардың бастапқы кезеңдері байқалмауы мүмкін. Ал, баланың қоректенуі бұзылудан, қоршаған ортаның басқа ықпалдарының әсерлерінен олар айқын түрлеріне ауысады.
Диатез термині негізінен бейімділік деген мағынаны білдіреді, яғни қонституция ақаулары Ю.Е.Вельтищев анықтамасы бойынша қалыпты фенотиптен ауытқулар арқылы объективті анықталатын полигенді тұқым қуалайтын бейімділік. Ю.Е.Вельтищев 4 топты анықтайды: тұқымқуалайтын аллергиялық, дисметоболикалық, органдық және нейротопикалық. Отандық педиатрияда 20-жылдардан бастап 4 диатез түрін сипаттайды:
Диатез |
Аллергиялық |
Нервті-артритикалық
|
Лимфатико-гипопластикалық
|
экссудативті-катаральды
|
Экссудативті—катаральды диатез
Экссудативті-катаральды диатез түсінігі 1906 жылы А.Чернимен енгізілген. Экссудативті-катаральды диатез дегеніміз – бұл тері мен шырышты қабаттардың жоғары тіріткендіргіштігімен және рецидивті инфильтративті-дескваматозды жарақаттануға бейімділігімен, сыртқы ортаға бейімділіктің өзгеруімен, инфекциялық ауруларға қарсы тұру күшінің төмендеуімен және патологиялық процестердің жеңіл дамуымен, созылыңқы өтуімен, лимфоидты гиперплазиямен, су-тұз алмасуының тұрақсыздығымен сипатталатын организмнің ерекше функциональдық жағдайы.
Этиологиясы. Ерте жастағы балаларда белоктарды толық ыдыратуға қажетті ас қорыту ферменттерінің белсенділігінің жетіспеушілігінің әсерінен ішектің барьерлік функциясы төмендеген болады. Кейбір мәліметтер бойынша 2 жасқа дейінгі балалардың 40-60% қысқа уақытқа болса да экссудативті-катаральды диатездің эпизоды болады екен. Экссудативті-катаральды диатез негізінде иммунологиялық реактивтіліктің атопиялық ерекшеліктері жататындығы белгілі. Бұл гомоцитотропты иммуноглобулиндердің /Е және G4/ артық өндірілуіне бейім болуы болып табылады.
Экссудативті-катаральды диатездің бар екендігін баланың өмірінің алғашқы айында-ақ байқауға болады, егер мынаған назар аударсақ: балада дұрыс тамақтандыруға қарамастан салмақ қосуының дұрыс болмауы, дұрыс күтімге қарамастан баздану және себореяның оңай пайда болуы, жоғары нервті қозғыштық. Ал тері мен шырышты қабаттардың зақымдалуы көбінесе 3,5 айда пайда болады, бірақ одан да ерте көрініс беруі мүмкін. Оның айқындалуы 6 айдан 1,5 жасқа дейінгі аралықта. Екі жасқа таман клиникалық көріністері біраз жұмсарып, біртіндеп жоғала бастайды.
Экссудативті-катаральды диатезбен балаларда аллергиялық бейімділікті анықтауға үлкен назар аудару керек, өйткені бұл аурудың өтуі мен шегін болжауға мүмкіндік береді.
Экссудативті-катаральды диатездің симптомдары: гнейс, молочный струп, тұрақты баздану табиғи тері қатпарларында, экзема /құрғақ және ылғалды/, географиялық тіл, ауыздың шырышты қабатының десквамациясы, асқазан-ішек трактісінің функциональды бұзылыстары, эозинофилия.
Экссудативті-катаральды диатез бар балалардың жаппай барлығында ОНЖ зақымдалуының белгілері болады – бұл тітіркенгіштік, жылағыштық, ұйқысының нашар болуы.
Экссудативті-катаральды диатездің екі типін анықтайды: пастозды және эретикалық. Пастозды типінде балаларда дене салмағы артық болады, тканьдердің гидрофильдігі жоғары. Сырт қарағанда олар толық, болбыр, аз қозғалады. Тері мен шырышты қабаттары бозарған, терідегі диатез элементтері ылғалды, көбінесе ылғалды экзема. Эретикалық типінде балалар арық, диатез элементтері құрғақ, қышиды.
Әдетте диагноз қою қиындық тудырмайды, бірақ оны балалар экземасы мен басқа тері ауруларынан ажырата білу керек. Шынайы экзема кезінде экссудативті-катаральды диатезден айырмашылығы аурудың аллергиялық тегі анық болады және аллергия бойынша тұқымқуалаушылық бейімділік болады. Диатез кезінде мысалы, сиыр сүтін көп беріп қою тері процесінің пайда болуына әкеледі, ал оның мөлшерін азайту немесе сүтқышқылды өнімдерге ауыстыру тері көріністерін азайтуға әкеледі. Ал шынайы экзема бұл өнімдердің аз ғана мөлшерінің өзінде көрінеді. Ауру тұрақты түрде жүріп, аллергиялық аурулардық барлық сипаты көрінеді.
Емдеу. ЭКД-ны емдеу ұтымды тамақтанудан басталу керек. ЭКД-мен науқас балалар жасына сай белок, май, көмірсулар мөлшері үйлестірілген тамақтану болу керек. Салмағы артық балаларға тамақтану калориялығы жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (каша, кисель, қант) шектеу арқылы жүргізілуі қажет. Тамақтағы майдың 30 % өсімдік майлары есебінен енгізу керек. Диатезбен барлық балаларға валенттілігі сілтілі өнімдер, ас тұзын шектеу, калийді қосымша енгізу керек. Егер бала табиғи жолмен тамақтанатын болса анасының рационынан жұмыртқаны, цитрустарды, құлпынайды, шоколад, кофе, ашты шай, сыр, какаоны, консерваларды, колбасаны шектеу керек. Жасанды жолмен тамақтанатын балаларға сиыр сүтінің мөлшерін барынша азайту керек. Жемістердің пюресін, ботқаларды сүтте емес, жемістердің қайнатпаларында дайындау дұрыс. Сүттің орнына балаларға айран немесе биолакт беру қажет. Қосымша тағам жасанды тамақтанатын диатезбен науқас балаларға 4-4,5 айда енгізілуі қажет және жемістердің пюресі түрінде берілуі керек. Ал табиғи тамақтанатын балаларға қосымша тамақ әдеттен жайырақ енгізілуі керек. Маңызды фактор – тағамның ұтымды витаминизациясы. Витамин В6 диатезбен балаларға 50-75мг тәулігіне мөлшерде тағайындалады. Құрғақ экзема кезінде 3 апта бойы 1000 МЕ/кг салмаққа витамин А тағайындалады. Процестің өршуі кезінде коферменттер қолдану керек: кокарбоксилаза, рибофлавин мононуклеотид, ары қарай – пантотенат кальций курсы тәулігіне 100-150 мг, пангамат кальций 50-100 мг тәулігіне. Токоферол 25-30 мг тәулігіне. Лактобактерин және бифидумбактерин 10 күндік курспен тағайындалады, 3-4 күн сульфат магний (25 % 3-4 рет күніне 1 ш.қ.).
ЭКД кезінде 7-10 күндік курспен антигистаминді дәрілер қолданылады. Шөптің қайнатпалары (череда, зверебой, крапива,) жақсы нәтиже береді.
Емдеудің маңызды бөлшегі зақымдалған теріні жергілікті емдеу. Бұған баздануларды уақытында және дұрыс емдеу, суға түсіру. Суланулар көп болған кезде калинамен, ромашкамен ванналар, тальк және цинк тотығы қосылған ботқалар, Буров, Дорохов сұйықтықтары қолданылады.
Диатез түрлерінің ішінде экссудативті- катаральды диатез ең жиі кездесетін түрі, 2 жасқа дейінгі балаларда 12- 25% жиілікпен байқалады.
Себептері:
- Баланы тамақтандырудағы кемшіліктер (ерте сүт қоспаларымен аралас және қолдан тамақтандыру).
- Көптеген жұқпалы аурулардың әсері.
- Баланың күтіміне және еміне әртүрлі химиялық заттарды, дәрілерді жиі қолдану.
- Үй тұрмыстық жағдайларының төмендігі, күтімнің нашарлығы.
- Тұқым қуалаушылық.
Патогенез.Аллергиялық диатездерде сырттан енген антигендерге организмнің беретін жауабы өзгерген, ерекше болатыны айтылды. Сырттан енген антигендер- дәрілер, химиялық заттар, вакциналар, тамақ аллергендері аллергияға бейім балаларда антиденелердің кем болуымен байланысты толық залалсыздандырылмайды. Сондықтан қанда антигендер мөлшері көбейіп (антигенемия), олар қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады, яғни экссудация жоғарылайды. Осы өзгеріспен байланысты тері және шырышты қабаттарында диатезге тән белгілер пайда болады. Көбейген антигендер организмдегі су және тұз алмасуын, белоктар мен витаминдер алмасуын да бұзады, соның салдарынан ацидоз байқалады.
Шырышты қабаттағы өзгерістер:
– баланың тілінің үстіндегі эпителий клеткалары көп түскендіктен тілі шұбарланып көрінеді- «географиялық тіл»;
-ауыз қуысының, жұтқыншақтың, трахеяның, бронхтардың шырышты қабаттарының аллергияға бейімділігінен, тез қабынуға ұшырауынан балада жиі стоматиттер, фарингит, трахеит, бронхит байқалады;
-ас қорыту ағзалары тарапынан- тамақтандырудағы азғантай кемшіліктің өзі ас қорытылуының бұзылуына әкеледі;
-зәр шығару жолдарының қабынулары да жиі байқалады;
-лимфа түйіндері және таңдай бездерінің үлкею байқалады.
Экссудативті диатезбен ауыратын балалардың дене құрылысы да өзгеше болады. Организмде су және тұз алмасуының бұзылысынан денеде артық су жиналады,тері асты май қабаты жоғарылап, балада паратрофия байқалады. Сырт көзге бала толық, денсаулығы жақсы болып көрінеді. Бірақ олардың қорғаныш күштері төмен, басқа аурулармен жиі ауырғыш келеді және ол аурулардың жазылуы қиын, ұзаққа созылады. Кей жағдайларда баланың жағдайы тез нашарлап, өліп кетуі де кездеседі.
Организмде зат алмасуының барлық түрінің бұзылуын лабораториялық тексерістер арқылы анықтай аламыз. Қанның жалпы анализінде эозинофилия- аллергияға бейімділікті көрсетеді. Қанның биохимиялық тексерістеріндегі өзгерістер: гипопротеинемия, диспротеинемия, гипохолестеринемия, гипергликемия, ацидоз- белок майлар, көмірсуларының алмасуының бұзылуын көрсетеді.
Алдын алу.Диатездердің профилактикасы біріншілік және екіншілік болып екі топқа бөлінеді.
Біріншілік профилактика диатездерді болдырмауды көздейді:
-жүкті әйелдердің ауруларының, токсикоздарының алдын алу;
-баланы рациональды, табиғи тамақтандыру;
-дұрыс күн тәртібін, күтім ұйымдастыру;
-жұқпалы аурулардың алдын алу;
-бала күтіміне химиялық заттарды пайдаланбау;
-алдын-алу егу жұмыстарын сақтықпен жүргізу;
Екіншілік профилактика диатезге шалдыққан балаларға жүргізіледі:
-баланың қорғаныш күштерін арттыру;
-организмдегі аллергияға бейімділікті төмендету;
-витаминдер комплексін тағайындау.
Препарат түрі | 1 жасқа дейін | 1-3 жасқа дейін | 3-8 жас | 8-14 жас |
Димедрол | 0,002-0,005 | 0,005-0,15 | 0,015-0,02 | 0,02-0,03 |
Дипразин | 0,005-0,01 | 0,01-0,015 | 0,015-0,02 | 0,025 |
Диазолин | 0,005-0,03 | 0,03-0,05 | 0,03-0,05 | 0,05-0,1 |
Фенкарол | 0,005 | 0,005-0,01 | 0,01-0,015 | 0,015-0,025 |
Тавегил | 0,0005-0,001 | Күніне 2 рет тамақтан кейін |
Лимфатико—гипопластикалық диатез.
Лимфатико-гипопластикалық диатезге тимико-лимфатикалық аппараттың гиперплазиясы және бүйрек үсті безінің, хромаффинді тіндердің, қалқанша безінің, жыныс гормондарының, жүрек, аорта, бірыңғай бұлшықетті мүшелердің гипоплазиясы тән. Бұл диатездердің популяциядағы жиілігі 3-24 % дейін бағаланады.
Диатездің бұл типінде организмнің адаптациялық мүмкіндіктерінің төмендеуі болады. Балалардың стресске тұрақтылығы төмен. Көбінесе 3-7 жастағы балаларда байқалады. Олар лимфа жүйесінің ауруларына, тері және жоғары тыныс жолдарының ауруларына бейім.
Клиникасы:
Балалар тітіркенгіш, мазасыз. Қарағанда: ісінген, тері қабаттары бозарған, тері асты май клетчаткасы барынша жақсы дамыған, денесі салыстырмалы түрде қысқа, аяқ-қолдары ұзарған, кеуде қуысы тарылған, жауырын сүйектері ұзын. Тіндердің тургоры төмендеген, бұлшықеттері бос. Лимфа түйіндері барлық жерде ұлғайған. Миндалиналары үлкен, болбыр. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында лимфатикалық фолликулалар ұлғайған және аденоидты тіндердің өсуі байқалады. Тимус мөлшері үлкен. Оны перкуторлы және рентгенологиялық жолмен анықтайды. Осының әсерінен тыныс алудың бұзылуы, стридор, астматикалық жағдай, асфиксия ұстамалары болуы мүмкін. Инфекцияға қарсылық күші төмендеген. Қанда лимфоцитоз және эозинофилия. Артериялық гипотензияға бейімділік болады.
Емі. ЛГД-мен науқас балаларды емдеуде маңызды болып күн тәртібін сақтау, таза ауада көбірек болу, біртіндеп шынықтыру, жүйелі түрде массаж және гимнастика жасау табылады.
Тамақтану барысында сиыр сүтін және жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (ботқалар, кисель, қант) шектеу қажет және сиыр сүтін айранға ауыстырған жөн.
Үнемі адаптогендер, организмнің қорғаныш күшін және бүйрек үсті безінің қызметін күшейтетін заттар тағайындау керек: глицирам, дибазол, метацил, пентоксил, вит В5, В6 және В12, А, Е, алоэ, элеутерококк, женьшень, калий орататы. Кезеңді түрде кальций дәрілері, бифидумбактерин, бификол тағайындалады.
Нервті-артритикалық диатез кезінде бөлімшелік педиатр эндокинологпен бірге бақылайды. Невропатолог 6 айда 1 рет қарауы керек. Қараған кезде назар аудару керек: жоғары нервті қозғыштыққа, баланың психикалық даму сипатына, интелектісіне, тәбетінің сипатына, құсудың болуына, ацетонемиялық құсу болатын болса, вегетоневроз белгілеріне, аллергиялық реакцияларға, ауырсыну симптомдарына бейімділгіне /бауыр, бүйрек, ішек, шаншуларына/.
Жүргізілетін тексерулер: қанда зәр қышқылы концентрациясын анықтау, зәр анализі 6 айда 1 рет.
Клиникалық айқындалуы: Аллергиялық диатез баланың 3-5 айлығында басталып 1-2 жылға созылады, ал кейде тіпті өмір бойы айқындалып демікпеге, аллергиялық бронхитке, аллергиялық дематозға асқынуы мүмкін.
- Аллергиялық диатездің терідегі айқындалуы:
а/ Үлкен еңбектің тұсында шаштың арасында майлы сары қабыршықтар пайда болады, бірте-бірте бұл қабыршықтар қалыңдап тұтас қабыққа айналады да, баланың басына телпек кигізіп қойғандай болады. Бұны себорея немесе гнейс деп атайды.
б/ Баланың күтімі жақсы болса да оның тері қыртысында баздану пайда болады, бұл базданудың емделуі өте қиын.
в/ Баланың бетінде құрғақ есекжем пайда болады. Тері қызарып, қалыңдап, қабыршықтанып кетеді. Кейбір кезде асқынып құрғақ есекжем сулы есекжемге айналуы мүмкін. Есекжем шыққан кезде баланың денесі дуылдап қышып кетеді, ол мазасызданып ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.
- Аллергиялық диатездің шырышты қабатында айқындалуы:
а/ Бұл балаларда ринит, фарингит, ларингит жиі дамиды.
б/ Себепсіз іш өту кездеседі.
в/ Баланың тілінің үсті шұбарланып, тілініп, «географиялық карта» пайда болады.
- Аллергиялық диатезде шеткі лимфа бездері ісініп үлкейіпкетеді.
Аллергиялық диатездің асқынуы-стрептодермия-терінің іріңді жарасы.
Емі:
1.Баланы жасына қарай тиімді тамақтандыру керек. Оның тамағынан мүмкін деген аллергендерді алып тастау керек. Сиыр сүтінің орнына айран беруге болады., ал жұмыртқаның сарысын баланың үсті таза кезде ептеп 1/3 бөлігінен бастап берген жөн, балаға берілетін майлардың 1/3 бөлігі өсімдік майы болуы керек, ас тұзын да азайтқан жөн.
2.Қандай тамақтың аллерген екенін білу үшін баланың анасы «Тамақтандыру күнделігін» жүргізеді. Онда күнделікті балаға берілетін тамақтың құрамы және баланың организмінің ол тамаққа тері және шырышты қабаттар жағынан берген жауабы жазылып отырады.
3.Жалпы емдеу- баланың денесінің қышуын азайтып, ұйқысын жөндеу үшін, аллергендердің әсерін басу үшін антигистаминдік, гипосенсибилизациялаушы терапия өткізіледі: пипольфен, тавегил, супрастин, димедрол, кальций препараттары т.б.
Жекеленген орындарды емдеу:
а/ Себорея болған кезде баланың басына стерильді жылы өсімдік майынан 2 сағатқа компресс жасау керек, соңынан жиі тісті тарақпен тарап қабыршықтарын алып тастаған жөн.
б/ Сулы есекжем болса балаға әртүрлі дәрілерге малынған дәріні 15-20 минутқа таңып қояды. Дәкені итошаған-череда қайнатпасына, Буров сұйығына малуға болады. Мақсаты: сулы есекжемді құрғақ есекжемге ауыстыру.
в/ Құрғақ есекжемге құрамында мырыш-тальк-глицерині бар және гипосенсибилиздаушы майлар (димедролды май, лоринден, оксикорт т.б.) қолданылады.
г/ Балаға түймедақ, итошаған, емен қабығы қайнатпаларымен және крахмалмен емдеу ваннасын жүргізуге болады.
д/ Денесі базданған кезде жөргекке бос орап, ауа ванналарын өткізіп, стерильді өсімдік майын жағу керек.
е/ Баланың денесі қатты қышынып, мазасызданып кетсе қасынбау үшін екі қолына тақтайша байланады, ал бетіне екі көзін, аузын, мұрнын ашық қалдырып дәріге малынған дәкемен маска жасалынады.
ж/ Егер диатез іріңді жараға асқынып кетсе, құрамында антибиотиктері бар майлар пайдаланылады.
Күтімі:
- Гигиеналық жағдайды мұқият сақтау.
- Таза ауада жиі серуендеу.
- Баланың диетасын қадағалау.
- Өте еппен шынықтыру.
- Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
- Диспансерлік бақылау.
- Егулерді аллергияны басатын дәрілердің фонында жасау.
Алдын алуы: Аналар аяғы ауыр кезінде және емізіп жүрген кезде аллергияны жиі шақыратын тамақтарды мейлінше аз жегені дұрыс.
Балаға да сол тамақтарды ептеп берген жөн.
Қорытынды
Диатез – терінің аллергиялық қабыну сырқаты. Оған көбіне тектік бейімдігі бар балалар шалдығады. Бұндай тектік бейімдікті «атопия» деп атайды. Нәресте шақта атопия көбіне атопиялық дерматит түрінде көрініс береді. Оны бұрын «экссудативті диатез» деп атайтын. Атопия көптеген аллергендерге қатысты болуы мүмкін: тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық, вирустық аллергендер, т.б.
Диатез жүре келе аллергияның ауыр түрлеріне ауысуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық тұмау немесе қолқа демікпесіне. Балада аллергияның бұл түрлерінің бәрі қатар жүруі мүмкін, бұл ауру түрін «аллергиялык триада» деп атайды.