Диагностикасы:
- Қан анализі – лейкоцит мөлшерін анықтау үшін
- Биохимиялық анализ – уремияны жоюға
- Зәр анализі – ақуыз мөлшерін анықтау үшін, гипертониялық кризде гематурия және протеинумия
- Эксперсс-тест – глюкозаны анықтауға
- ЭКГ
- Рентгенография
- КТ – мидың қанайналымының бұзылысы
Жедел жәрдем алгоритмі:
- Науқасты тыныштандыру,отырғызу немесе жатқызамыз
- көк тамырға 25% 5 мл магний сульфатын енгіземіз
- диуретиктер: фуросемид 1 % 2-4 мл көк тамырға
- қан қысымын өлшейміз, нәтиже болмаса 4 % 5-6 мл эуфиллин көк тамырға енгіземіз
ЭКГ-дағы өзгерістер:
- Гипертониялық криз кезінде ЭКГ-да сол жақ қарыншаның систолалық жүктеме кезіндегі ST тісшесінің интервалының төмендеуі және Т тісшесінің екіфазалы немесе теріс тісше, QRS комплексінің кеңеюі.
Емдеу принциптері:
- Антигипертензивті препараттар
- Перифериялық вазодилататорлар (натрий нитропруссид,нитроглицерин, гидралазин) және адреноблокаторлар (лабеталол,эсмлол,фентоламин)
- Шұғыл госпитализация
Науқас шағымы:
- Жалпы әлсіздік
- Ұйқысыздық
- Жұмысқа қабілеттілік төмендеуі
- Бас айналу
- Құлақтағы шуыл
- Жүрек қағуы
- Қорқыныш сезімі,мазасыздық
- Беттің қызаруы мен ісінуі
Аурудың себептері:
- Жүйке мен психиканың нашарлауы
- Тұқымқулаушылық
- психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер;
- Сұйықтықты, тұзды тағамдарды мөлшерден аса ішу;
- Ауа райының, атмосфералық қысымның өзгерістері, метео-сезімталдық; көбіне метеосезімталдық омыртқа жотасының мойын-кеуде бөлігінің остеохондрозы бар немесе неврозға ұшыраған адамдарға тән; ауа райының құбылысынан болатын криздер күз, көктем айларында жиіленеді;
- Инфекциялық ауруларға шалдығу;
- Бұрыннан қолданылып келе жатқан емді бірден үзу (клофелинді, допегитті)