Қантты диабет

Қантты диабет организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, нервтердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жіктеуі (1981 ж.) бойынша қантты диабеттің ең кең тараған екі түрі бар:

  1. инсулинге тәуелді (І-түрі)
  2. инсулинге тәуелсіз (ІІ-түрі)

  І-түрі — 25 жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің толық болмауынан дамиды. Ол сырқаттың қатты арып-азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына, адамның өліміне әкеледі.

  ІІ-түрі — ұлғайған адамдарда кездесетін диабет. Бұл түрі барлық диабеттің мөлшерінен 70%-ға жуығы. Қанда инсулиннің деңгейі аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты денгейде. Сонымен бұл кезде инсулиннің жеткіліксіздігі салыстырмалы түрде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында семіру жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамымайды. Көпшілік жағдайда бұндай ауруларды тіпті дұрыс емдәммен емдеу жеткілікті болады.

Балаларда қант диабетінің ең жиі кездесетін түрі инсулинге тәуелді түрі, яғни I-типі. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек кездеседі.

Себептері:

Қант диабетінің белгілері:

Қантты диабеттің дамуы

Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды.

Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға шыдамдылығы (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.

Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналуы мүмкін. Бұл аурудың ең жиі көріністері: қан тамырларының бүліністері (ангиопатиялар) және бүйректің бүліністері (нефропатиялар) байқалады.

Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Глюкозаның зәрмен шығарылуы организмнен суды көптеп ала кетеді. Осыдан полиурия дамиды. Бұл организмнің сусыздануына қан плазмасының осмостық қысымы көтерілуіне, шөлдеу сезіміне, полидипсияға (грек. Polydipsia — қатты шөл) әкеледі.

   Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшық еттерде атрофия дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

  Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді.

 Қантты диабет кезінде тұздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ зәрмен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың зәрінде натрий иондары көбейеді.

Зәрде глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8-10 л зәр шығарылады.

 

Қантты диабет асқынулары:

Қантты диабет диагностикасы

— Инсулинмен емдеу-инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар. 8 сағат, 10-14 сағат және 24-36 сағ.

-Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретке бөліп салу керек. Тағы бір ерекшеліктері:

Мориак синдромы

Мориак  синдромы (P. Mauriac, франц. врач, 1882—1963) — ерте жастағы балалардың инсулинге тәуелді қант диабетінің ауыр асқынуы. Мориака синдромы балаларда узақ уақыт инсулиннің адекватты емес дозасын қолдануынан, сонымен қатар липодистрофиялық жерлерге инсулинді систематикалық енгізу салдарынан дамиды.   Инсулиннің үнемі жеткіліксіздігі барлық зат алмасу түрлерінің бұзылысына алып келеді, соның ішінде бірінші орында көмірсу алмасуының бұзылуы. Бауырда гликоген сіңуі жоғарылап, бауырдың майлы дистрофиясы дамиды, гепатомегалия, зәрде кетонды денелер концентрациясы жоғарылайды, холестерин синтезі жоғарылайды, қанда  b-липопротеиндердің концентрациясы мен бос май қышқылдары жоғарылап кетеді. Мориака синдромының клиникалық көрінісі комплексті симптомдардан тұрады:

Организменің көптеген жасушалары қызмет атқару үшін негізгі энергияны глюкоза тотығуынан алады. Ал, ми жасушалары қызметтерінде энергия тек глюкозамен өндіріледі. Сондықтан қанда глюкозаның деңгейі 3,5-5,5 мМ/л мөлшерінде ұсталып тұруы организмнің маңызды бір гомеостаздық механизмі. Көмірсулары алмасуының бұзылыстары көптеген біртектес патологиялық үрдістер мен дерттер кездерінде байқалады.

Көмірсулары алмасуының бұзылыстары:

  1. көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуі;
  2. гликогеннің түзілуі мен ыдырауы;
  3. көмірсуларының аралық алмасуы бұзылыстары кездерінде болуы мүмкін.

Көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуінің бұзылуы ас қорыту ағзаларының  ферменттерінің әртүрлі себептерден (панкреатит, энтерит ж. б.) жеткіліксіз болғанда байқалады. Сонымен бірге ішектер қабынғанда глюкозаның сіңірілуі бұзылады.

Инсулин жетіспеушілігі тұқым қуалайтын және жүре пайда болған болуы мүмкін. Біріншісі генетикалық ақаулардың болуынан ұйқы безінің β — жасушаларында инсулиннің мүлде түзілмеуі немесе тым аз түзілуінен дамиды. Жүре пайда болған инсулиннің аз түзілуі көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларға: ұйқы безінің ісіктік, инфекциялық (туберкулез, мерез бактериялары, қызамық, паротит ж. б. вирустары), қабынулық бүліністері, Лангерганс аралшықтарында қан тамырларының тарылуы (атеросклерозы), тромбозы, қатты жиырылуы нәтижелерінде гипоксия дамуы, организмде пуриндердің алмасуы бұзылуынан аллоксан көп өндірілуі,  немесе организмде цинк иондарының жетіспеушілігі, ұзақ мерзім тым артық қызмет атқарудан β — жасушаларының қалжырауы ж. б. жатады.