СӨЖ
«Пациентке бағдарланған оқыту» пәнінен
Тақырыбы: Пациент және жақындарының қауіпсіз қоршаған ортасы.
Жоспар
- Қауіпсіз ауруханалық орта
- Инфекциялық қауіпсіздік
- Санитарлық – эпидемияға қарсы режим
- Пациент және қызметкер үшін қауіпсіз орта
1.Қауіпсіз ауруханалық орта
Аталған термин – науқас пен медициналық қызметкелерге жаңа ауруды жұқтыру қаупін туындатпайтын қоршаған ортаның болуын білдіреді. Ауруханаға немесе емханаға емделуге келген науқас инфекциялық індет, психологиялық жарақат, дәрілік заттардың немесе емдеудің физикалық әдістерінің жағымсыз әсерінен алшақ болуы тиіс. Сонымен қатар, мейірбике де, дәрігер де, басқа да аурухана қызметкерлері де –кәсіби факторлардың жағымсыз әсерінен сақтайтын жақсы ұйымдастырылған қызметтік ортада болуы тиіс.
Сондықтан, қауіпсіз ауруханалық орта – персонал мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі, науқастарды тасымалдаудың қауіпсіз жағдайлары, олардың қозғалыс белсенділігін ерекше режимі, науқас пен персоналдың психикалық қорғанысы, науқастарды және медицина қызметкерлерін психологиялық қорғау түсініктері жиынтығын қамтиды.
- Инфекциялық қауіпсіздік
Медициналық қызметті ұйымдастырудың бірінші реттік міндеттерінің бірі – инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аурухана ішілік инфекциялардың өрістеуін болдырмау.
АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары
Ауруханаішілік (нозокомиалды) жұқпалар (АІЖ) – емдеу-профилактикалық мекемеге медициналық көмекке жүгінуді қажет еткізетін, яғни емдеу, тексерумен байланысты инфекциялық аурулар. Негізгі ауруға қосыла отырып, ауруханаішілік инфекциялар аурудың ағымын және болжамын күрделендіреді. АІЖ өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Әр-түрлі нозологиялық формалары табылу кезіндегі өлім-жітім 3,5 -нен 60% -ке дейін болуы мүмкін.
Қазіргі кезде АІЖ-нің пайда болуына себепкер бола алатын 200-ден астам агенттер табылған. АІЖ-нің негізгі қоздырғыштарына: бактериялар, вирустар, санырауқұлақтар, қарапайым және көп жасушалы паразиттер жатады. АІЖ-нің шамамен 90% бактериалды болып келеді. Көбінесе, АІЖ-нің қоздырғыштарына шартты-патогенді микроорганизмдер яғни, стрептококк, стафилококк, көк-іріңді таяқшалар, ішек таяқшалары, сальмонелллар, протейлер жатады. Вирустардың ішінде ең қауіпті В, С және Д гепатитінің вирустары, АИТВ-инфекциялары, цитомегаловирустар, ротавирусты инфекциялар болады.
АІЖ қауіптілігі, оның ем-шараға тұрақты төтеп бере алатын госпитальды штамдардан құралуы. Госпитальды штамм — бұл өзінің генетикалық қасиеттерінің циркуляциясы кезіндегі мутацияға немесе гендердің өзгеру кезіндегі «жабайы» штаммға тән емес қасиеттері пайда болған микроорганизм. Госпитальды штамдар әрбір ауруханада немесе бөлімшеде тек бір штамға тән биологиялық қасиеттердің жиынтығын құрастыруға бейім.
АІЖ-ның қоздырғыштары ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, фекальды – оральды, алиментарлы жолдарымен, трансфузионды, трансплацентарлы, нәрестенің туылу жолдарымен өту кезінде, жынысты және басқаша да берілуі мүмкін.
- Санитарлық–эпидемияға қарсы режим
Санитарлық – эпидемияға қарсы режим – бұл ұйымдық кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық эпидемиялық іс – шараның кешені. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕАМ –гі негізгі тапсырманың бірі деконтаминация- қорғау және жою мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үрдісі.
Емдеу-алдын-алу мекемелерде аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу сұрақтары бойынша басты рөл орта және кіші медицина қызметкерлеріне тиесілі. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің талаптарын күнделікті, толық ұстану қауіпсіз аурухана ортасының негізі.
Санитарлық – эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі талаптар ҚР ДСМ бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен немесе ережелермен (СНжЕ) реттелінеді. Эпидемиолог ЕСМ санитарлық –гигиеникалық және эпидемияға қарсы режимнің зерттемесін жасайды, санитарлық-профилактикалық іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады.
Аурухананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Профилактикалы-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшіне тазалау жұмыстарын жасайды.
- Пациент және қызметкер үшін қауіпсіз орта
Емдеу-қорғау режимі –бұлберілген емдеу мекемесінде белгіленген нақты тәртіп. Осы режимнің негізінде бөлімшедегі науқасты күтудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастардың толық демалуы мен ұйқысының дұрыс болуы, дұрыс тамақтануы, теріс эмоцияның болмауын, физикалық күш түсудің болмау шарты қойылған.
Аураханадағы күн тәртібі. Осы белгілеудегі бастысы рациональді күн тәртібі, қолайсыз сыртқы факторларды болдырмау (қатты сөйлеу, шу, есікті қатты жабу). Науқасты тітіркендіретін барлық жағдайларды болдырмау, теріс эмоциядан қорғау, медиуиналық күту құралдары теріс әсер ету мүмкін ( қан тиген мақта қалдықтары, шприц, скальпель қан іздерімен, шара, лас бинттер мен мақталармен толтырылған). Науқастар хабардар болу үшін күн тәртібі ережелерін ең жақсы көрінетін жерге іледі. Емдеу –сақтандыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайды. Науқастың жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емес, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың емдеу-сақтандыру ережесін бұзса, науқас ауруханадан шығарылады, жарамсыздық парағына бұл туралы белгі қойылады.
07.00-07.30 | Науқастарды ояту, дене қызуын өлшеу, гигиеналық гимнастика (жалпы режимді науқастарға арналған), бөлімшені желдету. |
07.30-08.00 | Науқастардың тазалығы, бөлімшені жинастыру |
8.00-8.30 | Таңғы ас |
8:30 | Дәрі қабылдау |
8:30-13:00 | Емдеу шаралары, дәрігерлік қарау |
14:30-16:00 | Тынығу уақыты |
16:30 | Түстен кейінгі ас |
16:00-19:00 | Науқастардың туыстарының келуі, серуендеуі |
18:00 -18:30 | Кешкі ас |
18:30 | Дәрі дәрмек қабылдау, емдеу шаралары |
19:00 | Термометрия |
20:40 | Кешкі тазалық |
22:00 | Ұйқы |
Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:
- белгіленген күн тәртібімен режимді қадағалау;
- дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде орындау;
- белгіленген диетаны ұстану;
- тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, аты-жөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды. Тез бұзылатын заттарды тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;
- палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау, төсекті және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;
- жалпы гигиеналық ережелерді сақтау – тамақ ішер алдында қолды жуу, тісті тазалау және т.б.;
- аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;
- ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.
Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс белсенділігін қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері.
Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі
Қатаң төсек режимі– науқас максимальді шектелген, төсекте активті қозғалу қатаң тиім салынады, тіпті бір бүйірінен келесіне бүйіріне орнын ауыстыру да. Бұндай режим реанимацияда және интенсивті терапияның бөлімшесінде, ота жасалғанан кейін, омыртқаның және бас ми жарақатынан кейін тағайындалады.
Төсек- науқас төсектен тұрмайды, отыра алады, бұрыла алады. Барлық жеке басына қатысты гигиеналық шаралар төсекте кіші медбикенің көмегімен жүргізіледі.
Жартылай төсек– науқас барлық уақытын төсекте өткізеді, төсектің шетіне отырады немесе тағам қабылдауға арналған орындықта отырады, таңертеңгілік тазалығын және дәретханаға медбикенің көмегімен бара алады.
Бөлмелік (палаталық)- науқас көп уақытын төсекте өткізеді,бөлменің ішінде еркін жүруге рұқсат етіледі. Барлық жеке басына қатысты шаралар бөлменің (палатаның) ішінде жүргізіледі.
Жалпы (еркін)-науқас бөлімшеде, аурухананың шекарасында және аурухананың территориясында активті қимыл қозғалысының шектелуінсіз бола алады. Коридорда еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың шекарасында серуендеуге рұқсат етіледі. Режимнің түрін тек дәрігер тағайындайды, рұқсатынсыз режимді өзгертуге болмайды.
Науқастың күтімі кезінде әрқашан да ауыр сырқатты науқастардың орын ауыстыруы және көтерілуі кезінде проблемалар болатын. Әсіресе толық, әлсіз, қарт, салмағы 80-100 кг-нан асатын немесе төсекте төсектегі жадайын ауыстыруға мұршасы жоқ науқастармен жұмыс өте қиын.
Ауыр сырқатты науқастарға жайлы орын әрі қозғалмалы режим қамтамасыз ету мақсатымен жасалған функциональді төсек қазіргі кезде кең қолданылады.
Функциональді төсек басқарма бұрандамаларын қозғалту арқылы қалыптарын өзгертетін бірнеше секциядан құралады. Бас және аяқ шеттері керекті қалыпқа тез орнатылады. Бұл төсектерге науқастарға жағдай жасау үшін арнайы құрылғылар, яғни: төсек жанындағы үстел, дәріні тамшылатып құю үшін арналған штативтер, зәр қабылдағыш және судно сақтайтын бөлімшелер бекітілген.
Функциональді төсек
Мейірбике бақылау үшін емдеу-сақтандыру режимін қамтамасыз ететін шараларда негізгі орын науқастың психологиялық жағдайына беріледі. Ауруханадағы жағдай тек қана гигиеналық емес, эстетикалық талаптарға да сәйкес болу керек.
Мейірбикелік персонал барлық этикалық және деонтологиялық ережелерге сай барлық науқастарға мейірімді әрі қамқор жағдайлар туғызу керек. Науқастар уақтылы және қажет мөлшерде тамақтануын қадағалау керек. Қажет жағдайда мейірбике науқастарды тамақтандырумен айналысады. Науқастар тамақ қабылдаудан бас тартқан жағдайда мейірбике шұғыл түрде дәрігерге хабарлау керек.
Сонымен қатар, науқастардың дұрыс тынығуы негізгі болып саналады. Мейірбике түскі тынығу уақытында және түнгі ұйқы кезіндегі тыныштықа және науқастардың дұрыс тынығуын бақылау керек (жарық беретін құрал-жабдықтардың, радио, теледидар және т.б. дер кезінде сөндірілуіне). Кіші медициналық персоналға науқастардың тынығуы кезінде палаталарда жинастыру жұмыстарын жасауға тиым салынуын айту керек.
Науқастармен сұхбат жүргізу – емдеу-сақтандыру режимінің бөлігі. Мейірбикелер науқасқа сауығуға деген үміті жүзеге асырылатынын айтып, оның көңіл-күйін көтеріп, бәрі жақсы келе жатқанын көрсету керек. Бұл кезде мейірбикенің шыншылдығы және мейірімділігі үлкен рөл атқарады.
Яғни, дұрыс құрастырылған емдеу-сақтандыру режимі науқастың емдеу мекемесінде болуы кезінде оған оптималды жағдай жасай отырып, науқастың сауығу процессіне оң әсер көрестетіндіктен үлкен рөл атқарады.
Аурухана ішілік инфекция (госпитальді, нозокомиальді) – науқастардың емдік мекемелерде сырқаттануымен жүретін инфекционды аурулар. Аурухана ішілік инфекцияның жиі қоздырғышы антибиотиктерге резистентті ішек таяқшалары, алтын стафилококк, көк ірің таяқшасы, протей, клебсиелла, кандида саңырауқұлақтары болып табылады.
Аурухана ішілік инфекциялардың негізгі себептері – санитарлы-эпидемияға қарсы режимнің дөрекі бұзылуы: эффективтілігі төмен дезинфекциялық заттар қолдану, сумен қамтамасыз етуде ақаулар, медицина қызметкерлерінің қолды өңдеуде гигиеналық нормаларды ұстанбауы, медициналық құрал-жабдықтарды стерилизациялау мен дезинфекцияны дер кезінде немесе сапасыз жасалуы.