Реферат
Тақырыбы: Пациент оқыту кезеңдері, әдістемесі, деңгейлері және тәсілдері
4.1.Пациентті оқыту өрісі
Пациент денсаулығығының төмендегенінің салдарынан кейбір іс-әрекеттерді орындай алмайды, сол қабілеттіліктерін дамыту үшін кәсіби тұрғыда әсер ете алатындай адамды (пациентті) оқыту өрісінде білімдар болуы керек.
- 1. Танымдық– пациенттердің қоршаған ортадан алған білімін, әсерін талдап және жинақтауына дағдылануына бағыталған өріс.
- 2. Эмоционалдық– жеке тұлғаның мынадай: әсерлі, аяушылық, қайырымдылық, қатыгездік және т.б. эмоционалдық қасиеттерінен тәуелді болатын көңіл күйін сипаттайтын өріс.
Пациентті бақылау кезінде мейірбике оның анық сыртқы өзгерістерін байқайды:
- кекті – қатынас жасау қажеттілігінің, эмоционалдық өрісінің бұзылулары, психикалық аурулар, мінездегі және тәрбиесіндегі ақаулар;
- қорыққан– қорқыныш сезіміне, психикалық жағдайларына (фобия, невроз және т.б.), темпераментіне (меланхол), күмәншілікке, тұрақсыздыққа нұсқайды;
- енжарлық- темпераменттігі бойынша »флегматик» болып саналады, өрісінің патологиялық өзгерістер (селсоқтық), жігерінің патологиясының (абулия немесе гипобулия) өзгеруі мүмкін, сонымен қатар мінез-құлқының жекелік ерекшеліктері болуы мүмкін.
- сасқалақтық – жеке басының ерекшелігіне, қорқыныш сезіміне (алдағы тексерістің мәнін, ем алу жоспарын, ауруының болжамын білмеу және т.б.) нұсқайды; Өз-өзіне орын таппауы, психомоторлы қозуымен дәлелденеді, алдағы жасалынатын тексерістерден, операциядан, манипуляциялардан және т.б. қорқу, ауруының батып ауруы, эмоционалдық шок;
- аффектегі жағдай – эмоционалдық өрісінің қысқа мерзімге қозуы;
салмақты – тұрақты эмоционалдық жағдайының, мінез-құлқының ережесі болып табылады;
- ұрейленген белгісі – қолын уқалау, дауысындағы эмоционалдық жағдайының және мінезінің ерекшелігінің тұрақсыздықтың байқалуы, алдағы манипуляциялар мен тексерулерден қорқуына нұсқайды.
- Психомоторлық өрісі мінезінің, сезімінің, қозғалысының өзгерісінің дамуының өзгеруін сипаттайды, жеке тұлғаның жалпы психомоторлық дамуынан, жүйке-психикалық ауруларынан тәуелді болады.
4.Әлеуметтік – психологиялық өрісі – пациенттің азаматтық жағын, оның жекелік және қызыметтік ерекшеліктерін, яғни қабілеттілігін, ой-өрісін, өз-өзіне баға беруін, бағытын, еңбекке қабілеттілігін, оқып-үйренуіне деген қатынасын бейнелейді.Пациентті оқыту пациенттің немесе оның жанұя мүшелерінің келесі педагогикалық жағдайларда орындайтын қызыметіне байланысты қалыптасады:-сырттан қабылдаған ақпарттарды енжар қабылауынан және ұғынуынан. Бұл жағдайда оқыту негізіне дайын ақпараттарды келесі хабарлау, түсіндіру, көрсету және пациенттің кейбір іс-әрекеттеріне талап ету әдістері жатады.
Ақпаратты қолдану және белсенді түрдегі өзіндік іздену, бұл жағдайда пациент әсердің салдарынан қалыптасып жатқан өз мақсаттары мен назарын субъект ретінде қарастырады. Бағытты іздену және ақпараттарды қолдану арқылы сырттай ұйымдастырылған іс-әрекеттер.Үшінші жағдайдағы оқытудың негізінде мейірбикелік проблемаларды қою, қойылған мақсатарды пациентпен және оның жанұя мүшелерімен бірлесіп талқылау, бірлесіп жоспарлау, нәтижелерді бағалау, қателіктерді талқылау әдістері бойынша жүзеге асырылатын процесстерді басқарып отыру жатады. Пациенттің денсаулығын қалпын келтірудегі дағдысы мен ептілігін қалыптастыру мейірбикенің практикалық іс-әрекеттеріне бағытталуы тиіс.
- Білім алудағы пациенттің және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру.
Пациенттердің қандайда бір қажеттілігін ашудағы қанағаттануының бұзылуы кезінде пациенттте аурушандық жағдай дами түседі.
Пациенттің және оның жанұясының өміріндегі белгілі бір сәтіндегі қажеттіліктерін ашуды, оның денсаулығын жақсарту мақсатында белсенді әсер етуге болады және де бұл процессте мейірбикеге көп көңіл бөлінеді. Ол үшін мейірбике:
-пациенттің өмір қалпы бағалайды;
-пациенттің өзіне күтім жасау оқуындағы қажеттіліктерін анықтайды;
-пациенттің әлеуметтік және мәдени ортасын бағалайды;
-оқушының психологиялық ерекшеліктерін, дамуын бағалайды.
- Пациенттің білім және ептілігінің бастапқы деңгейіне баға беру
Іскерлік оқыту процессінің нәтижесі болып танылады. Іскерлік деп өзгеріп отыратын жағдайлардағы қалыптасқан білім негізінде қандайда бір іс-әрекеттерді болдыру қабілеттілігін айтады. Әрбір оқушы жеке тұлғалық және іскерлік ерекшеліктеріне, оқуға деген қарым-қатынасына ие болады.
Дәлелдеу-оқыту процессінің бірінші бөлігі.
Дәлелдеу »дайын болу заңы» – ақыл-ой іс-әрекеттерінің қалыптасуының бірінші міндетті түрдегі кезеңі. Дәлел – ол адамды қандайда бір іс-әрекет жасауға талаптанып, ынталануын анықтайды. Пациентті оқытуда ішкі және сыртқы дәлелдері болуы мүмкін.
Сыртқы дәлелдерге денсаулығының қалпына келуі, материалдық пайдасы, сөгіс алуы, марапатталуы және т.б. жатады. Ішкі дәлелдерге өзінің оқулық деңгейін өсіруге талаптануы, бұрындағы алған білім мен ептілік деңгейлерін көтерулері жатады.
Дәлелдің 4 құрылымдық компоненттері бар:
- Қызметтің өзінен қанағаттануы.
- Жеке тұлғаның өз нәтижесіне деген мәнділігі.
- Жасаған іс-әрекеттері үшін марапаттаудың »дәлелдеу» күші.
- Жеке тұлғаға күштеу арқылы қысым көрсету.
Пациенттің оның жанұя мүшелерінің қабілеттілігін бағалау.
Адамның қабілеті өзінің жекелік психикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Адамның қабілеті жас кезінен денсаулығына, мінезіне байланысты әр алуан болып, танымдық белсенділігінің деңгейін анықтайды. Мейірбике пациенттердің және оның жанұя мүшелерінің жекелік психикалық жағдайына, қызмет ету сипатына, оқулық және тәрбиелік жағына, жеке қасиеттерін, қарым – қатынасын, ептілік дәрежесінің даму қабілеттіліктерін бағалап отырады. Мейірбике оқушылармен туындайтын қиыншылықтарды ескеріп, өзінің жұмысын әрі қарай жоспармен ұйымдастырады.
Оқу мазмұнын анықтау.
Оқу мазмұны жекелік оқу жоспарына бейнеленеді. Пациенттердің оқу мазмұнының негізгі бағыты – денсаулықты сақтау, өмір деңгейін көтеру болып табылады. Мейірбике оқу мазмұнын анықтамас бұрын, жаңа оқу технологияларымен танысуы, оның оқу процессіндегі қолданылатын жаңа терминдер мен түсініктерді анықтап алуы қажет. Оқытудағы алынған білімнің тереңділігі, жүйелілігі, бірізділігі жас қабілетімен, денсаулық жағдайымен, жеке тұлғаның танымдық белсенділігімен анықталады. Мейірбике педагогикасының мазмұны кейбір күтім көрсету нысандарымен жұмыс жасағандағы, жәрдем көрсетудегі дағдыны, іскерлікті және т.б. қалыптастырады. Пациенттер әр түрлі практикалық жұмыстарға белсенді қатыса отырып, өз қажеттіліктерін, ықыласын, бейімділігін қалыптастырады.
Оқуды жоспарлау, оның қасиеттерін бағалау, оқудың тиімділігі.
Мейірбике жоспарды құру, оқыту процессінің орындалуын қадағалап, бағалап, және оның сапасын, тиімділігін тексеріп, дәлелдерін қалыптастырудан тұратын оқыту процессін ұйымдастырып отырады. Оқу жоспары пациенттің жекелік қасиеттерін, оқытуға бөлінетін уақытты ескере отырылып, пациентпен бірлесіп талқыланады. Оқу процессі егер де мейірбике және пациент немесе оқушы белгілі бір мәселелерді ұғынуы бойынша қойылған мақсатта жетсе, онда оқыту тиімді деп саналады. Бұл жағдайда мейірбике коммуникативтік дағдылар, педагогикалық тактиканы және де педагогика, психология негіздерін білуі керек.
- Мейірбикелік үрдіс туралы түсінік, оның мақсаты және мақсатқа жету жолдары
Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.
Мейірбикелік үрдіс – мейірбике пен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын проблемалар жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік практиканың ғылыми эдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.
Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
– Пациент туралы ақпараттар базасын құру;
– Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау;
– Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету;
– Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама көрсетіп отыру;
– Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін бағалау.
Мейірбикелік үрдістің I кезеңі мейірбикелік тексеріс жүргізу әдісі арқылы жағдайды бағалау процессін өзіне енгізеді.
- Керекті ақпараттарды жинау:
а. Субъективті мәліметтер, оның ішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары.
ә. Объективтік мәліметтері: бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғи қызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.
б. пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау,. эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік – экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер факторларын, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаның мәліметтерін анықтау.
- Жиналған ақпараттар талдауы.
ІІ.кезең: диагностикалау немесе пациенттің проблемасын анықтау
-пациеттің негізгі және потенциалдық проблемасын анықтау;
-күтудегі бірінші кезеңдегі мәселесін өңдеу;
-пациентпен оның анықталған проблемаларын талқылау.
ІІІ кезең – керекті көмекті жоспарлау:
-мақсаттарды қою (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді);
-пациентпен бірге күтім нәтижелерін анықтау;
-пациентке қажетті мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау;
-мейіркештік кірісулер жоспарын құру;
-пациентпен күту жоспарын талқылау;
-күту жоспарын, күтімді жүргізушілермен таныстыру.
IV кезең – күтім жоспарын енгізу:
– мейірбикелік қызметті жоспар сәйкестігі бойынша үйлестіру;
-жоспарланбаған немесе жоспарланған күтімді үйлестіру.
V кезең – мейірбикелік күтімнің қорытынды бағасы.
-жетістікке жеткен қорытындысын жоспарланғанмен салыстыру;
-жоспарланған кірісудің нәтижесіне тиімділігін баға беру;
-егер қажетті нәтижеге жетпеген жағдайда келешек бағасын және жоспарын енгізу. Мейірбикелік үрдістің барлық кезеңдеріне сын қорытындысын жасау және қажетті түзетулерді енгізу. Мейірбикелік үрдіс мейірбикелік бағалау картасында құжатталады.
8.Мейірбике ісінің үлгілерінің мазмұны
Дәстүрлі күтім үлгісі ағзаның физиологиялық қызметіне және жүйесіне бейімделіп тығыз байланысқан. Мейірбикелік күтім ауру аспектілерінен денсаулық аспектілеріне көшкен кезде әлеуметтік тұрғыда медико-биологиялық үлгі басым түседі. Ауру адам өмірін бұзушы қағида болып қоймай, адам өмірінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Үлгінің мазмұны – мейірбике ісінің белгілі бір уақыт кезеңіндегі мазмұны болып табылады.
Бүкілодақтық Денсаулық Сақтау ұйымының шешімі бойынша В. Хендерсон үлгісін қолданады. Бұл үлгіде пациенттің физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік қажеттілігі ескеріліп отырады. Хендерсон пікірі бойынша 14 күнделікті әрекеттердің түрлері болады.
Күнделікті әрекетінің түрлері:
- Бір қалыпты дем алуы.
- Теңбе-тең тағам мен сұйықтық.
- Ағзаның норма бойынша физиологиялық қызметінің атқарылуы.
- Қозғалыс, әр түрлі қимылдар.
- Ұйқы және демалу.
- Сәйкес киімдерді таңдап кию және шешу.
- Дене қызуын бір қалыпты үстау.
- Денені таза үстап күту.
- Қоршаған ортаның қауіпті факторларынан алшақтап, басқаларға зиян келтірмеу.
- Басқалармен қарым-қатынаста болып өз ойларын, пікірлерін білдіру.
- Сәйкес діни пікірлерін сақтау.
- Нәтижелі жұмыс атқару.
- Басқада демалу түрлеріне қатысу немесе ойнау.
- Денсаулықты сақтап және оны қалыпты жағдайда ұстау үшін әр түрлі амалдар қолдану.