Реферат
Тақырыбы: Пациент мәселелерін және қажеттіліктерін анықтау. Пациенттің қажеттіліктерінің ауытқуын анықтау.
Жоспар
- Адамның негізгі қажеттіліктері
- В.Хендерсон үлгісі
- Н.Роупер үлгісі
- Д.Джонсон үлгісі (1968)
- К.Рой үлгісі (1976)
- Орэн үлгісі
- А. Маслоу бойынша адамның негізгі қажеттілік сатылары:
- Диагностикалау немесе пациенттің мәселелерін анықтау
Адамның негізгі қажеттіліктері
Адамның өмір сүруі көп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе физиологиялық ұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамның түсінуіне тойтарыс етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке шақырып, мінезінің себебі түрінде болады. Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін, адамға үнемі өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек. Мысалы: салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік, мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру.
Қажетті әрекетіне ауысқанды адамның психоэмоцианалдық, психомоторлық өзгерістері пайда болады, олар адамның өмір жасына, білім денгейіне, қабілеттілігіне, жекелік қасиеттерімен байланысты.
Қажет адамның қасіретіне, ерігінен әсер етіп, жеке адамның бағытын құрады. Басымды болатын қажет басқа қажеттерді басып, адамның іс әрекетінің негізгі бағытын анықтайды, мысалы: шөлдеген адам судан басқа ештемені ойламайды. Басқа адам өнегелі қажеттікті бастан кешіреді, ол шөл түгелі өзінің өмірін қиюға бас тартады. Қажеттік ұғынулық аз ұғынулыққа бөлінеді. Аз ұғынушылық үнемі мазасын кетіріп себепсіз жағдай жасайды. Адам сана сезімімен өзінің қажеттілігін реттейді, осымен жануарлардан айырмашылығы бар.
Қажеттерді реттеген кезде мыналарды есепке алу керек: сыртқы факторларды, моральдық мінез құлқын, адамның жасын. Қоршаған ортасына кіретін сыртқы факторлар: өмір, қоршаған орта, әлеуметтің, рухтың, материалдық жағдайлары.
Өзгермейтін факторлар: жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы. Қажеттіліктің іске және әрекетке көшуі сезіммен (эмоциямен) сақталады. Эмоция дегеніміз қажеттіліктің индикаторлары. Қажеттілікті қамтамасыз ету үшін эмоция жағымды, жағымсыз болады.
Барлық қажеттік үш топқа бөлінеді:
І топ— виталдық (өмір сүру қажеттілігі, өзінің өмірін қамтамасыз ету)
ІІ топ— әлеуметтік (қоғамда өзінің орнын табу)
ІІІ топ— танымдық (ішкі және сыртқы әлемді танып білу)
Американдық психофизиолог А. Маслоу 1956 ж адамның 14 негізгі қажеттілігін анықтап оларды бес сатыға бөлген:
I.Физиологиялық қажеттілігі — демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзін қорғау.
II.Сенімділік қажеттілігі — материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтамасыз етуін ыңғайлау.
III.Әлеуметтік қажеттілік- қоғамдық қары-қатынастар.
IV.Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну.
V.Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттау, өзінің ой-пікірі. Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап отырып, мейірбикелік үрдісті қолданып, көмек көрсетуі тиіс.
- В. Хендерсон үлгісі (1966)
Пациент қажеттіліктері:
1) қалыпты тыныс алу
2) сұйық пен тағамның қажетті көлемін тұтыну
3) организмнен тіршілік өнімдерін сыртқа шығару
4) қозғалу, қимылдау және қажетті кейіпті демеп тұру
5) ұйықтау және тынығу
6) өз бетінше киіну және шешіну, киім таңдау
7) сәйкесінше киім таңдау арқылы дене қызуын (температураны) қалыпты шекті деңгейде ұстап тұру
8) жеке бас гигиенасын сақтау, сыртқы түріне қамқорлық жасау
9) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және айналадағыларға қауіп төндірмеу
10) өз эмоцияларын және пікірлерін білдіріп, басқа адамдармен қатынас жасау
11) өз сеніміне сәйкес дін салттарын, рәсімдерін жасау
12) сүйікті ісімен айналысу
13) тынығу, ермекке және ойындарға қатысу
14) қалыпты дамуға көмектесетін өз қызығушылығын қанағаттандыру.
- Н.Роупер үлгісі
(1976)
Пациент қажеттіліктері:
- Қауыпсыз қоршаған ортаны қолдау.
- Сұхбаттасу.
- Тыныс алу.
- Тағамды және суды қолдану.
- Өмір қызметінің өнімдерін бөлу.
- Жеке бас гигиенасын сақтау.
- Дене қызуын бақылау.
- Қимылды белсенділік.
- Жұмыс, жұмыстан бос уақыт, көңіл көтеру.
10.Жеңсіктік.
11.Ұйқы.
12.Өлім.
- мүгедектік;
- ұлпадағы патологиялық өзгерістер;
- кездейсоқ жағдай;
- жұқпалы аурулар;
орта факторларының әсері
- Д.Джонсон үлгісі (1968)
Пациент қажеттіліктері: қажеттілік, адам іс-әрекетіне байланысты. өзара байланысты іс-әрекет жүйе бөлігін алуға болады.
- Жетістік: өзін және қоршаған ортаны бақылау.
басқа адамдармен жақын қарым-қатынас.
- Агрессивтілік: қауіптен, өзіндік бекітуден өзін қорғау.
- Тәуелді: басқалардан тәуелді.
- Бөліп шығарушы: өмір қызметі өнімдерінің бөлінуі.
- Асқорытулық: организм тұтастығын сақтау, жалпы денелік қанағаттану жағдайы. Жеңсіктік: сексуальды қанағаттану.
- К.Рой үлгісі (1976)
Пациент қажеттіліктері: салыстырмалы тепе-теңдік жағдайын ұстау. Бейімделу деңгейіне әсер беретін тітіркендіргіштер:
- ошақты: адамның қоршауында болады;
- ситуациялық мейірбикелік көмек көрсету кезінде туындайды;
қалдықтық: бұрынғы уайым нәтижесі.
Пациент мәселесінің көзі: бейімделуінің әрбір түрін жүзеге асыруға, заттың тапшылығы немесе шамадан тыс көп болуы.
- Орэн үлгісі (1971)
Пациент қажеттіліктері: өзіндік күтім қажеттілігінің үш тобы:
- Әмбебапты
- ауаны жеткілікті қолдану
- тағамды жеткілікті қолдану
- белсенділік және демалыс арасындағы балансты сақтау
- жеке болу уақыты қоғам уақытының балансы
- өмір қауыптілігінің алдын алу.
- Даму кезеңімен байланысты қажеттіліктер.
Денсаулық бұзылысынан туындайтын қажеттілік
Пациент мәселесінің көзі: егер пациентін өзін күту жағдайынан жоғары болса, онда мейірбикелік араласу қажет.
Болатын проблемалар:
- Қоршаған орта және қауып-қатер факторлары.
- Пациенттің медициналық диагнозы, немесе дәрігерлік диагнозы. Дәрігерлік диагностиканың мақсаты пациентке дұрыс ем тағайындау.
- Ем жүргізгенде жағымсыз әсер болуы мүмкін, мысалы, жүрегі айну, құсу осының өзі проблема болып саналады.
- Ауруханадағы жағдай қауыпке әкеліп соғуы мүмкін (пациентке ішкі ауруханалық инфекцияның жұғуы).
- Пациенттің жекелік жағдайы (төмен әлеуметтік жағдайлы пациент) толық тамақтанбауы, оның келешекте денсаулығына зиян келтіруі. Пациенттің денсаулығына баға бергеннен кейін мейірбике пациент проблемаларын жинақтап немесе мейірбикелік диагностика жүргізуі керек.
7. А. Маслоу бойынша адамның негізгі қажеттілік сатылары:
I Физиологиялық негізгі қажеттіліктер.
- Демалу Тірі қалуы.
- Тамақ ішу
- Су ішу
II Сенімділікке деген қажеттілігі —
- Шығару
- Демалу
- Таза болу
- Киініп-шешіну
- Дене қызуын ұстау қауыпсіздік
- Дені сау болу
III Әлеуметтік қажеттіліктер.
- Аурулардан, қауіптерден аулақ болу
- Қозғалу Тиістілік.
IV Өзінің адамгершілігін сезіну — табысқа жету
- Қатынасу
V Өз болмысын айқындау, қызмет ету.
- Табысқа жету
- Ойнау, оқу, жұмыс атқару
Диагностикалау немесе пациенттің мәселелерін анықтау
Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болып саналады.
Мейірбикелік диагноз дегеніміз — ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады.
Мейірбикелік диагноз — бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.
Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.
Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:
— дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген серпілісін білуге бағытталған;
— дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;
— дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет;
— дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады;
— мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.
Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді:
— қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)
— дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)
— қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)
— ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)
— зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)
— гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)
— мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)
— зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)
— назарлық (өз бетінше, еріксіз)
— ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)
— ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)
— эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)
— гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)
— организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-
физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.