Психология ғылымындағы негізгі терең де, мәнді, мазмұнды әрі мағыналы ұғымдардың бірі — қарым-қатынастық. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамыр-жетілуін талдап, білу мүмкін емес. Қарым-қатынас ұғымы адамдардың бір-бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс-әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Дәл осы қарым-қатынас кезінде адамдар бірінен-бірі өзара керекті мәлімет, ақпараттар ала алады, бірін-бірі дұрыс қабылдап, түсініп,бірігіп қызмет атқару үшін бәріне бірдей жоспар құрады. Өзіміз күнделікті қолданып жүрген қарым-қатынасты бірнеше түрге бөлуімізге болады. Олар: тура, жанама, біреу арқылы (тура емес). Олардың алғашқысы тура қарым-қатынас соның көмегімен адамзат тарихының мәдениетінің т.б. өркендеуі негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болған. Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асатын толық емес психологиялық контакт. Адамзат тәжрибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа да әр түрлі техникалық құрал-жабдықтардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін тездетіп, әрі күрделендіре түсті. Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынасты ары қарай жеке адамдар аралық және көпшіліктік деп екіге бөлеміз. Жеке адам аралық қарым-қатынаста топтарда адамдардың жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп, іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын болса, көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрде таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет ақпарат құралдары арқылы жасалатын бір жақты қарым-қатынас. Осындай қарым-қатынас түріне өнердегі және эстетикалық қарым-қатынасты енгіземіз.   Қарым-қатынас барысында адамдар өзін көрсетеді. өзі үшін және басқа лар үшін жеке дара қасиеттерін аша түседі. Сонымен қатар кейбір қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады, өзгеріске ұшырайды.

Жоспар

  1. Қарым – қатынас функциялары,құрылымы
  2. Конфликт және оның түрлері
  3. Дәрігер-науқас
  4. Дәрігер-науқас туысы
  5. Әр жастағы науқастар

Қарым-қатынас түрлері және функциялары, құрылымы

Қарым-қатынаста адамдар идеялар, қызығушылықтар, көңіл-күймен, сезімдермен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әр түрлі мәлімет, ақпарат ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғылар арасындағы ақпарат алмасуынан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелгі — кері байланыс процесі. Коммуникативті баръер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі (вербалды – сөз жүзіндегі, вербалды емес- сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Қарым-қатынастың вербалды деңгейінде пайдаланатын негізгі құрал —тіл. Адамдар арасындағы ақпарат алмасу процесі бір жақты болмайды, ал керісінше екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші – коммуникатор, оны қабылдаушы реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті беруден екінші бір адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнеге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм — “кері байланыс” іске қосылады, ол реципенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалануына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Олар тура және жанама кері байланыстар: Тура кері байланыста реципиенттің пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: “сенің пікірің маған ұнамайды”, “не айтып тұрғаның маған түсініксіз” т.б. және де әр түрлі қимыл-қозғалыс (жест, мимика, пантомимика), ренжу, қуану, жақтыртпау т.с.с. кері реакциялардан байқалады.

Жанама кері байланыс – психологиялық мәліметті берудің асыратын түрі десек те болады. Бұл жағдайда әр түрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялардың болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнерінің не айтқысы келетінін оның нені көздеп отырғанын түсіну керек. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан бұл жағдайда түсінісу қиынырақ болады. Қарым-қатынас процесінде мәлімет алмасудың екінші бір деңгейі – вербалды емес түрі. Вербалды емес деңгейіне оптикалық кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық – кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түр пішіні, әсерлі қимыл – қозғалыстары және ым-ишара т.б. жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамдардың сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осындай жақтарға көңіл аударамыз. Акустикалық жүйеге сонымен қатар коммуникатордың дауысының сапасын (тембрі, жоғарылығы, қаттылығы – жұмсақтығы) интонациясын, сөйлеу темпін, дауыс екпінін және де әртүрлі сөз арасындағы үзілістер (паузамен), жөтелдерін, күлкілер т.б. жатқызамыз.

Қарым-қатынас бұл – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас

Педагогикалық қарым-қатынас – белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Перцептивтік қарым-қатынас

Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.                                             Фатикалық қарым-қатынас

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus – ақымақ) – қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

Қарым-қатынастың жетекші түрі

Қарым-қатынастың жетекші түрі – осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

Қарым – қатынас  адамның  тіршілік бейнесі.  Ол адамның дүниетануында,  мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет.

Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу – әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын  қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлығы сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір – қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі.  Тұлғаны дамыта   оқыту мәселесін зерттеген В.В.Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз-жаңа материалдық және рухани өнімді өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады. Қарым-қатынас күрделі шығармашылық әрекет.

Л.С.Рубинштейн «дамудың  негізі себептердің ішкі жағдайға байланысты әрекетінде. Сондықтан өзіндік белсенділік балада /оқыту, ішкі жағдай/ туындаушы емес, бастапқы болады. Бастапқы болып қалатындар  осы ішкі әсерлер, нормативтік қоғамдық үлгілер т.б., бірақ олар жанама түрде адамның барлық өмірінде ішкі жағдайлардың тұтас жүйесіне/ тұқым қуалау, өмірлік тәжірибе/ және адам тұлғалығына басымдық танытады. Яғни, қандай да болсын ішкі себептердің әрекеттесуі дамудың ішкі  негізіне байланысты» болатынын көрсетеді .

Қарым – қатынас мәнін анықтауда  оның  функционалдық және деңгейлік  ұйымдасуы жайлы зерттеулердің маңызы ерекше (Б.Д.Парыгин, Г.М.Андреева, А.А.Бодолев, А.А.Брудный, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, Л.А.Карпенко, В.Н.Панферов, Е.Ф.Тарасов, Я.Яноушек және т.б.) [3].  В.Н.Панферов қарым – қатынасты: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас деп бөліп, осыған сәйкес қарым – қатынасты зерттеуде: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеушілік бағыттарды ұсынған.

Қарым-қатынастың құрылымы мен  атқаратын функциясының күрделілігі   қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:

–       ақпараттық (немесе коммуникативтік),  қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;

–       өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.

–       түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.

Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті – әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.

Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.

Қарым-қатынаста бірінің  әрекеті екіншісінің әрекетіне  бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы – әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі.

Әлеуметтік институт –  адамдар бірігіп әрекет етуін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Өмір салты – адамның тарихи нақты әлеуметтік қатынастары типтік болып табылатын өмір сүру формасы. Фактілік қатынас – коммуникативтік құралдарды тек қатынас процесін қолдау мақсатында ғана пайдаланатын қатынас.

Әлеуметтік-психологиялық  біліктілік – индивидтің өзін қоршаған адамдармен тұлғааралық қатынастар жүйесінде тиімді әрекеттесе алу қабілеті.

Формасы мен түрі жағынан қарым-қатынас алуан түрлі. Психологтар тікелей және тұспалдық, тура және жанама, вербалды (сөзбен) және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді.

Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-қатынаста туындайды, іске асады  және танылады.

Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады :

  1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
  2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады.  Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді.

Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.

  1. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.
  2. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.
  3. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.

А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты,  жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.

Дегенмен кей мамандықтарда қарым-қатынастың бұл түрі өте тиімді қолданылады. Бұған: барлық әскери уставпен анықталған, әскердегі қатынас; талқылауға уақыт жоқ, ал кез келген кідіру орны толмайтын шығындарға алып келетін төтенше жағдайлардағы барлық жұмыс түрлері. Бірақ императивтің қолданылуы орынсыз болатындай салаларды көрсетуге де болады. Ол достар, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, бала – ата-ана, сондай-ақ педогогтік қатынастардың бүкіл жүйесі.

Б. Манипуляциялық қатынас  императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты – қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі.

Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.

В. Диалогтық қарым-қатынас  өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді.

Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу,  байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы  жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып  адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады.

Топтардың түрлері мен сипаттамалары (Топ психологиясы)

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.

  1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).
  2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);
  3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).
  4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).
  5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).
  6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.
  7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.
  8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.

Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.

Тұлғааралық қарым-қатынас.

Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл – қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған.

Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:

Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.);

Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);

Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз– оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.

Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.

Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.

Кәсіби маманның коммуникативтік құзіреттілігі сөйлеу қызметі арқылы қалыптасады. Коммуникативтік құзіреттілік – іс-әрекет барысында түрлі коммуникативтік міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып табылады.

Қатынасу қашықтары :

  1. О ден 45 см-ге дейін интимді,
  2. 45 см ден 120 см-ге дейін жеке қашықтық
  3. 120 см ден 400 см-ге дейін жеке әлеуметтік қашықтық
  4. 4 метрден 7,5 метрге дейін- бұқаралық қашықтық

Қатынасу кезіндегі жалпы қателіктер(Вербальді емес белгілерінің қателіктері)  :

  1. Көзді басқам жаққа тайдыру.
  2. Беделді немесе менсінбеушілік сөздің тоны,ашуланған немесе жазғырған бет көрінісі.
  3. Ашушаңды түр.
  4. Сөйлеушінің көзіне қарамау.
  5. Бір жерден екінші жерге жүру.
  6. Есінеу.
  7. Мазақтау.
  8. Тісін шұқу.
  9. Тырнағын тазалау.
  10. Дене қозғалысын түсінбеу, яғни науқастың дене қозғалысын маңызды мәлімет ретінде қабылдамау

Тұлғааралық  қарым-қатынас.

Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл – қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған. Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады. Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:

Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.);

Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);

Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз– оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады. 

Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы.

Тұлғааралық қатынаc – практик психологтың психодиагностикалық жұмысының пәні ретінде. Практикалық психологтың тұлғааралық қатынас және қарым-қатынас мәселесін психодиагностикалау жұмысы – кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қамтиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды.

Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді.

Адами ресурстарды басқаруға көшу бір жағынан теориялық және қолданбалы әлеуметтану, екінші жағынан теориялық және қолданбалы психология, сонымен қоса әлеуметтік психология, еңбек психологиясы мен психодиагностикасы тағы басқа өзара байланысатын адам жағдайындағы ғылымдар жүйесіне негізделетін бөліп айтқан жөн.

Адами ресурстармен басқаруда үш негізгі аспектіге  ықпал етіледі:1)Индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайы; 2) Әрекеттің  әр саласындағы түлға аралық қатынасы; 3) Субъекттің өзін қоғам мүшесі, профессионал және толыққанды тұлға қалыптастырудағы даму үдерістері. Аталмыш аспектілер алуан түрлі ортада көрініс табады – білім алуда, еңбекте және т.б.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған практикалық талаптардың шешуге негізделген түрақты ғылыми базаны құру шарт. Олар өз алдына психологиялық теорияның даму бағыттарын анықтайды, зерттеу әдістерін бағалау және т.б.

Тәжірибеде пайда болатын мәселеледі жүзеге асырудағы ғылыми базаны құру бүрынғы классикалық қатынастармен қатар, құрылымды өзгертуді талап ете отырып, олар төменгі әрекеттерден түрады:

1.Субъект өмір  үрдісінің анализі, ол адам  дамуының үрдісі, қажеттіліктердің  пайда болуы мен оларды қанағаттандыру; қарым – қатынастарды қалыптастыру  және дамыту;

  1. Әлеуметтік үрдістегі және ірі топтардағы жеке субъектілердің өмір жолдарының интеграцияларын  зерттеу – «жеке» және «қоғамдық»  сананың қатынасы, үйымдардағы адамдар  әрекеті;

3.Сауда үрдісі  деп аталатын ортадағы психологиялық  жайттарды зерттеу: жеке меншіктердің  өзгеруі және үйым конверсиясы  және т.б.

Мамандар жүйелеудің көрсеткіштерін психодиагностикалық міндетіне әдістемелердің адекваттылылығын бағалайтын аспектісі ретінде көрсетеді.

Әр психодиагностың алдында әрдайым әдістермен жұмыста таңдау мәселесі тұрады. Бұл пәннің мәнін нақты түсінуді, зерттейтін, психологиялық ақиқаттың механизмдеріне түсінуді талап етеді. А.А. Бодалев және В.В. Столин әдістерді таңдауда бастапқы есептеу нүктесін зерттеуді ұйымдастырудың негізі деп санайды, себебі зерттейтін психологиялық деңгей жұмысын құрылымдайды (мысалы, «зерттелетін өзара әрекет – интеракция қатысушыларының жеке мінездемелері – әлеуметтік жағдаяттың субъективті бейнеленуі» сызба бойынша). Осыдан келе міндеттерді шешудегі диагностикалау әдістерін таңдауда көрінеді, ол практикалық психологтың алдында тұрады. Төменде көрсеткіштер негізінде анықталған психодиагностика процесіне және мақсаттық тұрғылардың шартталған топтары көрсетілген

Тұлғааралық қатынасты субъективті қалаулар негізінде диагностикалау. Мұнда мысал ретінде бәріне танымал социометриялық тестті (Moreno J, 1934) және оның модификациясын айтуға болады. Мұнда топтың тікелей бағалау әдісінде кіргізуге болады. (Дорцов А. И., 1984) Бұл әдістемелер тобының кемшіліктеріне әлеуметтік бекітілім әсерінен болатын саналы бағалау, зерттеу процесіне деген қатынас немесе психологиялық қорғаныштың әсерінің салдары түбегейлі өзгеруі жатады (бастысы рационализация және реактивті құрылулар). Мұнда адам санасындағы эмоционалды қатынастың бейнелену мәселесі де жатады.

Ал тұлғааралық қатынасты жанама бағалау әдістемесіне тоқталатын болсақ, мұнда әлеуметтік психологиядағы эмоционалды қатынас заңдылықтарының әсеріне негізделген соның ішінде, вербальды емес мінез-құлық, поралингвистикалық параметрлердің әдістемелік тәсілдері жатады. Бұл әдістемелердің қатарына адам мінез-құлқының прокимикалық заңдылықтарына негізделген ең танымал әдістер кіреді. Мұндағы негізгісі адамның кеңістіктегі орны өзгелермен тұлғааралық қатынасына байланысты болады, арақашықтықта болатын жағдайда таңдалады. Осы топтағы барлық әдістемелерді үш категорияға бөлуге болады:

– нақты жағдаятты  бақылау әдістемесі;

– нақты жағдаятты  символикалық модельдеу әдістемесі;

– проективті әдістер.

Тұлғааралық қатынысқа әсер ететін жеке-тұлғалық қасиеттерін анықтау негізінде құрылған әдістемелер тобы да жеткілікті. Мұнда қолбасшылық, авторитарлық, сәйкестік, үрейленушілік, тұлғалық құндылықтар және т.б. қасиеттерді өлшейтін тесттер мен шкалалар енеді.

Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:

медициналық қызметкер – емделуші,

медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,

медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

Дәрігер – науқас арақатынасыныңекі түрі белгілі: императивті және диалог.

Императивті қатынас- бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекет жасау. Қарым-қатынастың бұл түрінің мақсаты – науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі – науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары – бұйрық, нұсқау, талап.

Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы,сырттай бағынышты жағдайды және таланты орындату- адамның ішкі ойы мен сенімінен,оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер – науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емесболады.

Диалогтық қатынас.Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:

  1. Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
  2. Науқасыкпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
  3. Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
  4. Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) – қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп,басқалардың пікірлеріне жәнебеделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері менталаптарын көрсету.

Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.

Арақатынастың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасуды, ақпарат беру және кабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» – әрекеттесу) мағынасы – қатынасқа түскендәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық

әрекеттіұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы – бұл дәрігердің науқасты түсінуі,білуі. тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы.

Сөзсіз қатынасу.Қатынас жасаған кезде басқа адамның физикалык бейнесінің жекеше белгілеріне назар аудару (бет әлпеті, қол, иық қимылдары, жестілері, позасы, интонациясы) арқылы қосымша мәлімет жинастырып, қатынасу процесін дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіншілік алады, әсіресе көп мәліметті (сигналдарды) тындаушы адамның бет-жүзі береді. Бұл сөзсіз қатынасу арқылы дәрігер ойын ауру адам қабылдап,я қабылдамағанын, оның түсініп сенім білдіргенін немесе күмәнданғанын көрсетеді.

Қосақтастыру техникасы— бұл пациентпенбір дәрежелі психологиялық жанасу арқылы ем тиімділігін іске асыру. Басқа адамды түсіну және сезіну дәрігердің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, дәрігер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіру кажет. Егер науқаста, дәрігерді таңдау кұқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда, дәрігердің науқаспен алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды.

Тыңдау тәсілінің техникасы. Мақсаты – науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі:

  • бағалай отырып тыңдау;
  • бағалаусыз тыңдау.

Дәрігерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі колданылады.

Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігін калыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарауға болмайтынын ескере отырьш, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалау­сыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт – үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жағатыны – аурудың сұраққа жауап беруден кашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, талас немесе басқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанын жасыруға тырысады.

Конфликт және оны басқарудың жолдары

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.

Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы  позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.

Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының  қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», – деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу.

«Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады: «қиындықпен шешілетін» немесе «өткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің аллды болып саналады.

Кез келген конфликті құндылықтардың, мақсаттар мен мотивтердің қайшылықтарын көрсетеді. «Конфликтология» ұғымымен «конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады.

Б.И.Хасанның айтуынша, мәдени-тарихи психологияның дәстүрінде конфликт маңызды орын алғанмен де зертеу пәні болып табылмайды. Осы терминнің мәдени-тарихи концепцияда пайдаланылуына байланысты үш негізді бөлуге болады.

Конфликт диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде – конструктивті және продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Сонымен қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін көрсетеді.

Конфликт диагностикалық ситуация ретінде – осы контексте ол ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір жетістіктерді тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады.

Конфликт үйрету – оқыту ситуацияларының негізі ретінде – мұның позитивті мәні бала үшін оның өзінің мүмкіндіктерін ашып беруінде. Мінез-құлықтың қалыптасқан формасы «қажеттіліктер және мотивтер-нақты объект» байланысына сәйкестігін жоғалтқан кезде балаларда конфликт пайда болады.

Конфликт бір жағынан, жасқа байланысты қайшылықтар ретінде (Л.С.Выготский) көрсетілсе, екіншіден- үйренудегі шынайы қайшылықтар ретінде (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин) көрінеді. Екі қайшылықтар да бала мінез-құлқының табиғи және мәдени формаларының қосындысындағы қозғаушы күш ретінде қарастырылады.

Конфликтідегі мінез-құлықтың 12 ережесі:

  1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек. Өйтпейінше, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сеззімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның өз-өзіне келуі үшін әрекет ету керек.
  2. Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана нақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір. Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатастырады. Сондықтан, серігіңнен «айтып тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.
  3. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.
  4. Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт. «Сен мені алдап тұрсың-ау?» дегеннің орнына «Мен өзімді алданғандай сезініп тұрмын».
  5. Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң бірге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.
  6. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке, жеңіске бірге жетулерің керек.
  7. Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
  8. Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?-деп жиі-жиі сұраңыз.» Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.
  9. Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.
  10. Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма.н, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.
  11. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.
  12. Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз.

Конфликті түрлерін дәстүрлі түрде бөлу конфликтіге түскен жақтардың ерекшеліктеріне негізделуі мүмкін. Мысалы, ол К.Боулдингтің топтастыруындай болуы мүмкін, яғни жеке тұлғалар арасындағы, тұлға мен топ арасындағы, тұлға мен ұйым арасындағы, топ пен ұйым арасындағы, әр түрлі типтегі топтар мен ұйым арасындағы конфликтілер. С.Чейз 18 деңгейлі құрылымдық топтастыруды ұсынған, ол тұлғааралық және тұлғаішілік конфликтілерден басталып, мемлекет, ұлт және т.б. арасындағы конфликтілерді қамтыған.

Психологияда  (Анцупов, Шипилов, 1997; Донченко, Титаренко, 1989; Василюк, 1984; Юрлов, 1995) тұлғаішілік конфликтінің көрсеткіштерін бөліп көрсетеді.

Тұлғаның конфликтіге түсетін ішкі дүниесінің негізгі құрылымдары мыналар болып табылады деп айтуға болады (Шипилов, 1997).

А. Әр түрлі деңгейдегі тұлға ұмтылыстарын көрсететін (қажеттіліктер, қызығушылықтар, мүдделер, тілектер, құштарлықтар және т.б.) мотивтер. Олар «қалаймын» («Мен қалаймын») ұғымынан байқалуы мүмкін.

Б. Қоғамдық нормаларды көрсететін және соның арқасында міндет эталоны ретінде болатын құндылықар. Біз бұл жерде тұлғалық құндылықтарды, яғни ол қабылдаған, сондай-ақ, тұлға қабылдамайтын, бірақ олардың қөоғамдық немесе басқа маңыздылығына қарай тұлға  оларды орындауға міндетті мәжбүр болатын құндылықтарды айтып отырмыз. Сондықтан олар «қажет» («Мен тиіспін») ретінде белгіленеді.

В. Өзін өзі үшін өзіндік құндылық тұлғаның мүмкіндіктерін, сапаларын және басқа адамдар арасынан алатын орнын бағалау ретінде анықталатын өзін-өзі бағалау.  Тұлғаның талаптану деңгейлерінің көрінуі сияқты, өзін-өзі бағалау белсенділіктің, мінез-құлықтың өзінше бір түрткісі болады. «Істей аламын» немесе «істей алмаймын» («Я есть») ретінде көрінеді.

Тұлғаның ішкі жан дүниесінің қандай жақтары ішкі конфликтіге түсетіндігіне байланысты тұлғаішілік конфликтінің алты негізгі түрлерін бөліп көрсетеді. .

  1. Мотивациялық конфликт. Тұлғаішілік конфликтінің жиі зерттелетін, оның ішінде  психоаналитикалық  бағытта  көп зерттелетін   түрлерінің  бірі. Санасыз ұмтылыстар (Фрейд, 1903) арасындағы,  меңгеруге және кауіпсіздікке  деген  ұмтылыстар  арасындағы (Хорни, 1943), екі жағымды тенденциялар – «Буриданова осла» классикалық диллемасы (Левин, 1939), немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі (Кузьмин, Семенов, 1987) конфликтілерді бөліп көрсетеді.
  2. Адамгершілікті конфликт. Этикалық ілімдерде оны көбінесе моральдық конфликт деп атайды. (Бакистановский, 1972; 1983; Арницане, 1978; Федоркина, 1970). Ол әлеуметтік сферадағы немесе жеке индивидтің санасындағы адамгершілікті қайшылықтардың негізінде пайда болатын және айқын адамгершілікті компоненті бар бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын конфликт ретінде қарастырылды.

Конфликт  негізінде  жатқан  қайшылықтардың   табиғатына  сүйене  отырып,  оларды екі  топқа  бөлуге  болады:

  1. Адамға қатысты сыртқы обьективті  қайшылықтардың  ішкі  әлемге  өту  нәтижесі ретінде  пайда  болатын  тұлғаішілік  конфликтілер  (мотивациялық, адаптациялық, конфликтілер және т.б.)2. Тұлғаның  қоршаған  ортаға  қатынасын көрсететін, ішкі  жан – дүниесінің (ішкі әлемінің)  қайшылықтарынан  пайда  болатын  тұлғаішілік   конфликтілер (мотивациялық  конфликтілер, адекватты  емес  өзін-өзі   бағалау  конфликтісі). Е.Донченко  мен  Т.Титаренко (1989) психологиялық  қайшылықтар   дамуының  үш деңгейін  бөліп  көрсетеді:

– тұлғаның  ішкі  жан дүниесінің  психологиялық  тепе- теңдігі;

– тепе- теңдіктің  бұзылуы, іс әрекеттің  негізгі  түрлерінің  шиелінісуі, қиындауы, психологиялық  дискомфортты  жұмысқа проекциялау, қоршағандармен  қарым-қатынас (тұлғаішілік  конфликт);

– жоспар мен   бағдарламаларды  жүзеге  асырудың  мүмкін  болмауы, «өмірдің үзілуі», қайшылық (өмірлік  дағдарыс) жойылмайынша, өз өмірлік  функцияларын  атқарудың  мүмкін  еместігі.

Осы  деңгейлердің  әрбіреуінде  қайшылықтарды  шешу  мүмкін  болады. Бұл мүмкіндік адамның  қалыпты  өмір  сүруіне  не  қажеттігіне, оның  қандай мұқтаждықтарына  орындалмау қаупі төніп  тұрғандығына байланысты  былай болуы да мүмкін; яғни адам  бүкіл өмірін  қарапайым  қажеттіліктерді қанағаттандыруға  арнай отырып, ішіп-жедік, енді ұйықтауға  болады: ұйықтадық, енді ішіп-жеуге  болады  сызбасы  бойынша өмір сүре  отырып  тұлғаішілік- конфликтіге дейін  жетпейді. Бірақ  көбінесе  қайшылық  ары қарай  дамиды, ішкі конфликтіге ұласады. Неге былай  болады?

Тұлғаішілік конфликтілердің  салдарлары. Тұлғаішілік  конфликтінің   жағымды  және жағымсыз  салдарлары бар. Тұлғаішілік  конфликтілер  конструктивті (продуктивті,  оптимальді) және  деструктивті (адамның  тұлғалық  құрылымдарын  бұзушы).

Конструктивті  болып дау-дамайға түсушілердің  максимальды  дамуымен және  оны шешуге  максимальды  тұлғалық  шығындардың жұмсалуымен  сипатталатын  конфликт  табылады. Конструктивті  түрде  жеңуге болатын  тұлғаішілік  конфликт  тұлғалық  дамуды үйлестіру  механизмдердерінің  бірі болып  табылады.

Бала дамуының  ерте кезеңдерін талдай  отырып,  В.М.Афонькова (1974), Л.И.Божович (1981)  ішкі  конфликтілердің  психикалық  өмірді  қиындататын  оның  қызмет көрсетудің  жаңа  деңгейлеріне  өтуіне  мүмкіндік  беретіндігін  атап  көрсетеді.

Қолайлы тұлғаішілік  конфликт моральдық  дамудың  негізгі  ретінде қарастырылады. Индивид ішкі тұлғалық   қайшылықтар  мен  конфликтілерді  шешу  негізінде  өзін тұлға ретінде ұғынады (Столин, 1983). Позитивті  түрде  шешілген  конфликтілер  мінезді, мінез-құлықтың  тұрақтылығын,  кездей –соқ  жағдайларға  тәуелсіздікті  шыңдайды, тұлғаның  тұрақты  бағыттылығының  қалыптасуына  мүмкіндік  береді. (В.С.Мерлин « психологиялық  конфликтілер  мінез-құлықтың  жаңа қырларын  қалыптастыруда  және  тұлғаны  түпкілікті  өзгертуде  маңызды  рөл  атқарады (1964) деп санады.

Тұлғаішілік  конфликт  өз  кезегінде  тұлғаның  өзін-өзі тануы  мен  өзін-өзі дамытуына көмектесетін  адекватты  өзін-өзі  бағалаудың  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.

Деструктивті  болып  өмірлік   дағдарыстарға ұласатын  немесе  невротикалық  реакциялардың  дамуына  әкелетін  тұлғаның ажырауын күшейтетін  тұлғаішілік  конфликтілер  табылады. Ұзаққа  созылған  тұлғаішілік  конфликт  іс-әрекеттің  нәтижелігіне  қауіп  төндіреді (Куценко, 1990). Орыс философы А.Бердяевтің ойынша,  «рефлексияшылдар мен сенімсіздер бұл өмірде белсенділік таныта алмайды, ол жауынгер де бола алмайды,- ол өзін әлсіздендіретін ажырауға толығымен берілген, ол өмірге ықпал ететін белсенді, шығармашылық күшке сенімсіз…Рефлексия, ажырау, сенімсіздік қажеттіліктер өмірінің көпжақтылығына бейімделу деген сөз. Сенімсіздік күйі тәуелділік» (1916).

Ұзаққа  созылатын  ішкі  конфликтілер   тұлғаның  дамуын  тежеуі мүмкін. Л.И.Божович, «… үнемі  ішкі  конфликтілерге  топ  болатын  адам  мінез- құлықтың  тұрақсыздығымен,  сенімсіздікпен,  сапалы  түрде  қабылдаған   мақсаттарға  жетуге  қабілетсіздікпен  ерекшелінеді, яғни, ол  адамда  психологиялық  түрде  кемеліне  келген  тұлғаның   сипаттамасына  кіретін  ерекшеліктер  болмайды»(1981)

Жиі  болатын  тұлғаішілік  конфликтілер  адамның  өз  күштеріне   сенімділігін  жоғалтуға,  кемшілікті  сезінудің  тұрақты  комплексінің  қалыптасуына,  ал  кейде- өмірдің   мағынасын  жоғалтуға  әкеп  соқтыруы  мүмкін.

Шиелініскен  тұлғаішілік  конфликтілер, әдеттегідей,  жанұядағы,  жұмыстағы  тұлғааралық  қатынастардың  деструкциясына  душар  етеді. Олар  тым жоғары агрессивтіліктің,  мазасызданудың,  қарым-қатынастағы  ашушандылықтың  себебі  болуы  мүмкін.

Тұлғаішілік  конфликтінің  невротикалық  конфликтіге  ұласуы проблемасына  ерекше  тоқталу қажет. Конфликтіге  тән уайымдар тұлға  қатынастарының  жүйесінен  басты  орын алған  жағдайда, аурулардың  көзі  болады. Адам   конфликтіні  патогенді  күштену  жойылатындай  және  қалыптасқан   жағдайдан шығудың  рационалды  жолы  табылатындай  етіп  өзгерте алмайды. Мұндай  конфликт  адам  өмірінде  жетекші  орын   алады, оған  шешілмейтіндей  болып  көрінеді және ұзаққа  созыла  отырып,  қайшылықтарды  шиеленістіретін, тұрақсыздық пен   әсерленгіштікті   жоғарылатын, уайымдарды  тереңдететін  және  бірдемені  күйзеле  бастан  кешіретін,  өнімділік пен  өзін-өзі  басқаруды  төмендететін  аффективті  күштенуді  туғызады.

В.Н.Мясищев  (1960) невротикалық   конфликтілердің  дамуының  ішкі  механизмдерін  есепке  ала  отырып,  классифлкациясын  жасады. Ол истериялық, обсессивті- психастеникалық  және  невроастеникалық типтегі  конфликтілерді  сипаттайды.

Бірінші типі  тұлғаның  обьективті жағдайларды  немесе  қоршағандардың    талаптарын  жете бағалай  алмауына  байланысты  тым жоғары қоятын талаптарымен  сипатталады.

Екінші  типі  өзіндік қажеттіліктердің  қайшылықтарымен, тілек пен  борыш, міндет арасындағы моральдық  принциптер мен  жеке  құштарлықтар  арасындағы тартыспен  сипатталады.

Үшінші  типтегі конфликт  невроастениялы тұлғаның   мүмкіндіктері  мен  оның  өзіне қоятын  тым  жоғары талаптары  арасындағы қойшылық  болып  табылады. Мұндай  жағдайларда  индивидтің  өз-өзіне  бағытталған  агрессивті әрекеттері мысалы: суицидальді әрекеттер болып  табылатын  аутоагрессияның пайда  болуы  мүмкін.

Әлеуметтік конфликт. Әлеуметтік конфликт дегеніміз –  әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз  эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды  шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыәрекет  жасап, бірақ бұл кезде  бір-біріне  жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе  керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы әрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными).

Әлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дәлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пәні- олардың пайда болу даму және конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.

Конфликт  психологиясын қарастырылатын феноменнің үш түрі қызықтырады: тұлғаішілік конфликтілер , әлеуметтік конфликтілер және зооконфликтілер.

Конфликт психологияның орталық обьектісі – әлеуметтік конфликтілер ал олардың ядросы – тұлғааралық конфликтілер болып табылады. Басқа әлеуметтік конфликтілермен салыстырғанда аса күрделі емес болып табылытын тұлғааралық конфликтілерді зерттеу конфликтілі өзара әрекеттесудің негізгі себептерін ашуы мүмкін.Психикада болып жатқан  және адамның конфликтілі мінез-құлқын анықтайтын процестерді зерттемей әлеуметтік конфликтілердің мотивтерін ұғыну (қиындық туғызады) ауыр болады.

Дәрігер-пациент

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік алады.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.

Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

Дәрігердің компотенттігі- науқаспен қарым-қатынас құру негізінде.

  1. Науқастың вербальды және вербальды емес қатынасы белгілерін дұрыс танып біліп, одан іске қатысты қажетті ақпаратты мейлінше көбірек алу.
  2. Тиімді диагностика жасау тек қана тәндік симптомдарды анықтау ғана емес , сонымен қатар соматикалық симптомда оның психологиялық жіне әлеуметтік табиғаттарын анықтау, емнің басқаша жоспарын талап етеді.
  3. Тиімді коммуникативті дағдыларын науқасқа тағайындалған емін қабылдауға және науқастың емді құптауына оң әсер етендігі зерттелді, тағайындалған емге бойын ұсынбау медицинаның күрделі мәселесі болып табылады.
  4. Науқастарға адекватты медициналық ақпараттарды ж/е денсаулықты жақсартуда, сонымен қатар аурудың алдын алудағы салауатты өмір сүруге насихаттау арқылы дәрігер ролін жоғарылату.
  5. Аурудың әр түрлі көріну формаларына әсер ету ж/е компенсаторлы механизмдерді белсенділеу, науқас тұлғасының психосоматикалық потенциалын жоғарылату, оның әлеммен байланысын қайта қалпына келтіруге көмектесу,  үйреншікті қорқынышты жеңу, аурумен пайда болған стреотиптерді бұзу ж/е сау көз қарасты тудыру,
  6. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы ерекше деликатты жағдайларда дәрігерлердің тиімді әсері, мысалы науқастың жазылмайтын аурумен ауыруы н/е науқас туыстарына қайтыс болатындығы жөнінде жеткізу т.б.

Өткен ғасырларда дәрігердің рөлі жиі аурудың табиғи жолын қарапайым бақылауға дейін қысқартылды. Жақында дейін қарым-қатынас стилі, пациент дәрігерге шешім қабылдауға сенген. Дәрігер, алайда, «тек пациенттің мүддесі үшін», ол көргендей, жасады. Мұндай көзқарас емдеудің тиімділігін арттырады: пациент күмәнданбайды және белгісіздікке ұшырайды, ал дәрігер оны толығымен қамқорлайды. Дәрігер өз күдіктерін пациентке бөлмеді, оған жағымсыз шындықты жасырды.

Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас моделі бірнеше:

Ақпараттық (импульсивті дәрігер, толықтай тәуелсіз пациент);

түсіндірме (сендіру дәрігері);

кеңес беру (сенім мен өзара келісім);

патерналистік (дәрігер-қорғаншы).

Аз білімді адамдар үшін түсіндірме моделі, денсаулығының проблемаларын түсінетін білімді адамдар үшін кеңестік үлгі болып табылады. Бұрын таралған патерналистік модель пациенттің құқықтарын бұзуды көздейді және шұғыл операцияға, реанимацияға байланысты науқастың өміріне тікелей қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, бүгінгі күні қолданылмайды.

Дәрігер-науқас туысқандары

Тым қамқор туыстары жиі дәрігерге науқастың жағдайы мен емделуі туралы кең ауқымды сұрақтар мен талқылаулар жүктейді. Алайда, олардың арасында жеке айырмашылықтар белгілі бір дәрежеде ескерілуі керек. Сөйлейтін және алаңдаушылыққа толы туыстарына оны тыңдағысы келмейді деп ойламауы үшін сөйлеуге мүмкіндік беру керек. Бірақ дәрігер сөйлесуді дұрыс бағытта ауыстыруға тиіс.

Туыстық түрлері:

Ең жақын туысқандар бірінші линия: әйел,ата-анасы,балалары. Пацент туралы толық информацияны беруге болады.

Екінші линия туысқандары:жалпы мәлімет.

Достар мен таныстары-дәрігерлік құпияны сақтау қажет. әрігер мен науқастың туыстары арасындағы қарым-қатынас жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Егер науқастың денсаулығы емделу барысында жақсарса, онда дәрігер мен науқастың туыстары арасындағы қарым-қатынас жақсы болады. Егер науқастың денсаулығының жай-күйі қорқыныш туғызса, әңгіме ашық болады, ал дәрігер әдетте туыстарынан аурудың маңыздылығын жасыруға себеп болмайды.

Дәрігерлер көбінесе науқастың туыстарының емдеуге кедергі ретінде қарастырады, бірақ емделушінің ауыр жағдайында емделуге оң әсерін таниды.

Дәрігер нені ескеру жөн:

  1. Туыстарымен қарым-қатынас жасау науқас емдеудің қажетті бөлігі ретінді қарау.
  2. Байланысқа дайындалу науқастың туыстары: уақытты және қажет болған жағдайда сөйлесу күні алдын ала келісіп, бөлшектер туралы келіседі әңгіме (бар болса) ұйымдағы туыстарына көмек көрсету күтім, тасымалдауға көмектесу, анықталды ауыр сырқат немесе жағдай,өмірге қауіп төндіретін науқас).
  3. Жұмыс орнына, құжаттарға дайын болу, моральдық және психологиялық тұрғыдан ерекше назар аудару, әңгіме тақырыбын және стилін нақты анықтаңыз.
  4. Науқастың жағдайы туралы толық және сенімді ақпарат алуға ағымдағы сәтте (сөйлесу сәті).
  5. Науқастың туысқандарымен қарым-қатынасына келісімін алуы керек (егер пациент жеткілікті түрде сананың күйінде болса, онымен түсіндіріп, туыстарынан оның ауру туралы және қандай дәрежеде туралы ақпарат беруіне мүмкіндік береді).
  6. Сөйлесуге жеткілікті уақытты (кем дегенде 3-4 минут), тиісті жағдайларда (тыныш жерде, бейтаныс адамдарсыз) рұқсат етіңіз.
  7. Туыстарын құрметпен, атын және әкесінің атын көрсете отырып (науқаспен туыстықтың дәрежесін анықтаған), оларға қол жетімді тілде сөйлеп, кәсіби терминдерді түсіндіріңіз
  8. Пациенттің туыстарына психосоматикалық жағдайға ерекше көзқараспен қарауды қолданыңыз, алайда байланыс мүмкіндігінше сыпайы және дұрыс болуы керек.

Әр жастағы науқастармен жұмыс

Балалар – ата-ананың ең қымбатысы. Кішкентай пациенттермен жұмыс істеу өте күрделі және жауапты жұмыс. Пациентпен психологиялық контакт орнату, бала жиі кем емес маңызды емдеу қарағанда. балаларға арналған, жалпы аурудың хабардар болмауына, шағымдарын тұжырымдау қабілетсіз, белгілі бір ауру белгілері күшті эмоциялық реакциялардың, қорқынышты оқиғалардың ретінде емдік және диагностикалық рәсімдердің қабылдау, ауру кезінде баланың сипаты ақауларды және білім арттыру, мазасыздану, скука, жалғыздықтан сияқты психологиялық ерекшеліктерін сипатталады ата-аналарынан алыс емдеу мекемесінің қабырғасында.

Күтімді ерекшелігі баланың жас санатына, оның ауруының сипатына және ауырлығына байланысты. Медициналық қызметкер өзінің кәсіби борышын орындай отырып, қазіргі медицинаның барлық жетістіктерін пайдаланып, оның іс-әрекеттерін физикалық жағдайына және психикасына зиян келтірмеу үшін қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етуге міндетті.

Жасөспірімдермен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері жеке тұлғаның жеке қасиеттеріне – сипаты, темпераменті, жеке тәжірибесіне байланысты. Жасөспірімдердің психологиялық мінездемесі: психологиялық басым жастың басым болуы – «ересек адамға деген талап», ішкі психологиялық осалдығы бар өзін-өзі қорғаудың өзіндік нысаны ретінде, аурудың қауіп-қатер факторларына деген көзқарасты бұзу.

Жасөспірімдер өздерінің ауру-сырқау жағдайларын сезініп, оларды қауіппен және емдеу қажеттілігімен қорқытады, ауруды белсенді түрде жоятын ерік-жігерін жұмылдырады, болашақ емделумен байланысты қорқыныш пен теріс эмоцияларды басады. Жасөспірімдермен қарым-қатынас жасаудағы деонтологиялық тактика жас ерекшелігіне байланысты психологиялық сипаттамаларын, жасөспірімдердің тәуелсіздікке және ересектерге тәуелділігін ескере отырып, қарым-қатынас жасау болып табылады.

Жұмыс жасындағы науқастармен, сондай-ақ жасөспірімдермен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктері жеке тұлғаның жеке қасиеттеріне байланысты. Медицина қызметкеріне, ең алдымен, ауруға, медициналық қызметкерлерге, пациенттің медицина қызметкерлерімен өзара қарым-қатынасына қатысты көзқарастарын түсіндіру қажет.

Емхана және аурухана қарт пациенттер даусыз көпшілік ретінде Қарттар Денсаулық, әрқашан дәрігерлер назарына орталығы болып табылады. жасына физикалық аурудың ықтималдығы тұрақты өсуі, бірақ қарт жалғыздықтан тап адамның, іскерлік өмірінің жоғалту, достар қайтыс әсіресе әлеуметтік жағдай ғана емес, – Бұл үшін сол себебі белгілі. Қарттар психологиялық сипаттамалары жиі шатасуы себебі, ашу-ыза, жанжал болып табылады. Сонымен қатар қартаю жас бейнебақылау белгілері сындарлы жиі, психологиялық қорғаныс пайдалануды анықтайды тұрақты жақындап қайтыс туралы қорқынышты ой көзі болып. өз солуы күштер бір жағынан, ескі қасиеттері даналық, түйсіну жомарттық бередi, екінші жағынан, олардың артсақ, ауруды, дәрменсіз, Мрачность және айналуы атап, аңыздар ескі жасы аурасын қоршаған қорқады. Ғылыми-зерттеу Intelligence егде айтарлықтай жасқа байланысты өзгерістер ой процестерді тек кейбір әсер көрсетеді. Сондықтан, айқын шоғырландыру қабілеті төмендеуі, жаңа интеллектуалды міндеттерді шешуде қиындық, ақпаратты өңдеу жылдамдығын азайту, ол, ұзақ мерзімді еске алуға операциялық көптеген басқа да функцияларды сақтау ұштастыра емес ұшпа жады қоңырау егжей-қиындық жылжиды сияқты ақпаратты ұйымдастыруға қиындық. Әсіресе қолданыстағы логикалық меңзейді бойынша құрылыс, стандартты емес жағдайларда шешім табу үшін, кез келген саласындағы сарапшы болуы мүмкіндігін анықтау деп аталатын кристалдық іргелі білім күшін атап. егде жастағы адамдардың өмір тәжірибесі пайдаланылады практикалық және үнемі ойлау иелену стратегиясын еңсеру тактикасын бай түрлі анықтайды.

Қорытынды:

Медициналық қызметкердің жұмысында өте маңызды нәрсе – пациентті түсіну, оған қолдау көрсету, науқастың жасына қарамастан қалпына келтіруге бейімделу. Бұл медицина қызметкерінің медициналық қызметінің негізі. Дәрігерге деген сенім диагностика мен емдеу процесінің міндетті компоненті болып қала береді. Дәрігерлер аурудың кез-келген дәрі-дәрмектерінсіз әрекет етуі мүмкін екендігі белгілі: мысалы – плацебо әсері. Медицинада плацебо емдік қасиеттері жоқ («жалған дәрілер») дәрі бар.

Осылайша, медициналық көмек көрсету кезінде дәрігер мен науқастың өзара әрекеттестігі табыстың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Ең танымал дәрі-дәрмек – бұл дәрігер, егер сіз оған науқастың көзімен қарасаңыз, дәрігердің жеке басы – барлық плацебодағы ең қуатты.

Share This Class:

Яндекс.Метрика