Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік — экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен — еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілеттілігінің    даралық    ерекшеліктеріне    дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары. Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады.

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект — адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект — ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде интеллект түсінігін психологияға ХІХ ғасырдың соңында Ф.Гальтон еңгізген. Гальтон бойынша интеллект тұқым қуалаушылық жолымен берілетін қабілет. Осындай көзқарас бірінші интеллект тесттердің негізінде жатыр. Бине, Кеттелл, Термен даму жағдайларына тәуелсіз қабілетті өлшейміз деп есептеген. Психологияда интеллект туралы бір көзқарас жоқ.  Интеллект мәнісін түсіндіретін бір неше амал бар:

  1. Оқуға деген қабілет (А. Бине, Ч. Спирмен, с.Колвин, Г. Вудроу т.б.)
  2. Абстракциялармен жұмыс істеу қабілеті (Л.Термен, Р.Торндайк, Дж. Петерсон )
  3. Жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті (В. Штерн, Л. Терстоун,

Эд. Клапаред, Ж.Пиаже)

Интеллект функциялары: оқуға деген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі. Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:

  • абстрактылы интеллект;
  • ересектер зияты;
  • нақты интеллект;
  • кристалданғая интеллект;
  • қарапайым интеллект;
  • жануарлардың зияты;
  • жасанды интеллект;

Іс-әрекетке сәйкес интеллекттің мынадай түрлерін бөлуге болады: практикалық іс-әрекетте — кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте — түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдікте — эстетикалық,                                                                                                                     хореографиялық, сценалық, әдеби-ақындық, сурет салу өнері мен музыкалық, коммуникативті іс-әрекетте-лидерлік дарындылық, рухани — бағалық іс-әрекетте — адамдарға қызмет ету, тағы басқалар. Дарындылықтың әр түрі барлық психикалық мүмкіндіктерді нақты іс-әрекет түрінде ерекше, маңызды болып табылатын сапалардың басым болуы мен біруақытта қосылуын болжайды.Іс-әрекеттің басым ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін анықтасақ та, әр дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттінің сипаттамасы бойынша көркемдік — эстетикалық болып табылады. Бірақ сонымен қатар, онымен танымдық, практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-әрекет түрлері қолданылады.

          Бірінші критерий — «дарындылықтың қалыптасу деңгейі» бойынша потенциалды және көкейтесті дарындылықты бөледі: көкейтесті дарындылық — бұл жас ерекшелігі шамасына сай, нақты бір пән аумағында іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуында байқалатын, адамның қол жеткізген көрсеткіштерімен байланысты болатын психологиялық ерекшелік. Көкейтесті дарынды адамдардың ерекше категориясын, талантты адамдар құрайды. Талантты адам обьективті көкейтестілікті және әлеуметтік маңызды талаптарға жауап беретін іс-әрекеттерді орындауда нәтиже береді. Талантты адамдар нақты эксперттермен бағаланады (іс-әрекеті аумағында білімі сәйкес келетін жоғары квалификацияланған кәсіпкер).

Екінші критерий — дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша, айқын және жасырынды дарындылықты бөледі. Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні көбінесе осыған дейін қарастырылған дарындылықтың түрлеріне ұқсас. Айқын дарындылық — бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайлар болса да, жеткілікті түрде ашық немесе айқын түрде көрінеді. Мұғалімге немесе кәсіпкерге баладан осы дарындылықты айқындау және олармен әрі қарай жұмыс жасау бағдарламасын дұрыс белгілеу оңайға түседі.Жасырынды дарындылық іс-әрекетте аздап білдірілген формада көрінеді. Сондықтан да дарындылықты балалардан анықтау және олармен жұмыс жасауда қателер кетуі мүмкін. Осымен қатар, мұндай «перспективасы жоқ балалар» уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Мүндай қателер келтірмеу үшін, балаларға әдістемелерді кешендік-кезеңді қолданумен диагностика жүргізу қажет.

Үшінші критерий — дарындылықтың әр түрі іс-әрекет көрініс берудің ауқымдылығы бойынша, жалпы немесе ақыл-ой дарындылығы және арнайы дарындылықты бөледі. Жалпы дарындылық — іс-әрекеттің әр түрлері мен формаларында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Ақыл-ой қабілеті кез-келген істі табысты орындау үшін қажет.Арнайы дарындылықтың арнайы психикалық қасиеттері ашылатын, белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің, әдеби-ақындық дарындылық т.б.).

Төртінші критерий — «дамудың жас ерекшелігі» бойынша ерте және кешеуілдеген дарындылықты бөлуге болады. Өмірлік практикада дарындылықтың ерте көрінуі байқалып жүр. Бұл — психикалық даму жылдамдығымен  байланысты.  Ерте       дарындылық    мысалы  ретінде «вундеркиндтер» («таңқаларлық бала» мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда т.б.). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етеді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау т.б.). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:

  • интеллектуалды, оның түрі — академиялық
  • көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
  • модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.

Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, — дейді. Шығармашылықты дарындылық — бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.Әр амалдың кемшіліктері бар. Мысалы, егер интеллекті оқуға қабілет ретінде қарастыруға болады, бірақ оқу нәтижесі тек қана интеллект деңгейіне емес көптеген факторларға тәуелді екендігі мәлім. Егер интеллекті абстракті ойлаумен байланыстырсақ, онда интеллект түсінігі шектеледі. Егер интеллектіні бейімделу процессі арқылы қарастырсақ, онда біз интеллекттің функциясын анықтаймыз, бірақ оның мәнісі белгісіз болып қала береді. Сонымен қатар, адаптация терминін психологтар бірдей түсінбейді. Сонымен интеллект мәнісін түсіндіруде байқалған сәтсіздіктер интеллект түсінігін интеллектуалды орындау түсінік арқылы қарастыруға әкелді. «Интеллект деген не?» сұрағы  «қандай жүріс-тұрыс интеллектуалды болады?» сұраққа ауыстырылды. ХХ ғасырда пайда болған тесттерге интеллектуалды жүріс-тұрысты (интеллектуалды орындауды) талап етеін проблемалық сұрақтар кірді. Сондықтан, кейбір психологтар интеллект бұл интеллект тесттері арқылы анықталатын құбылыс деді. (Бине, Спирмен. Тернер).

IQ коэфициенті интеллект синонимы ретінде қарастырылды. Ендігі пайда болған сұрақ интеллект тесттеріне кіретін тапсырмалардың мазмұны қандай болу керек? Бұл сұраққа бір жауап табылған жоқ.  IQ көрсеткіші бір топ шеңберінде аса өзермейді. Яғни, бала кездегі IQ көрсеткіштері ересек кездегі IQ көрсеткіштерімен тығыз байланысты болып шықты. (корреляция коэфициенті 0.8)

IQ коэфициенті адамның өмір сүру жағдайларын және мәдени ерекшеліктеріне тығыз байланысты екендігі дәлелденген. Яғни, адамның интеллект деңгейіне өмір сүру салты, тәрбиелеу, білім деңгейі, мотивация сияқты факторлар әсер етеді. Осы жайла А.Анастази былай деп жазған:

« Интеллект тесттері адамның осы сәтте не істей алатынын көрсетеді. Неге ол  тестті осылай орындағанын біз білмейміз. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз осы адамның дамуын, мотивациясын, тағы да басқа қасиеттерін зерттеуміз керек». Сонымен, біз интеллектуалды тесттер шын мәнісінде жалпы интеллект деңгейін өлшейді деп айталмаймыз,  олар адамның ойлау әрекетінің кейбір ерекшеліктерін және кейбір қалыптасқан білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын  анықтайды. Психодиагностикада «тесттік интеллект» немесе«психометрикалық интеллект» деген түсінік пайда болды.  Швед психологы С. Боман айтқандай бұл  түсінік адамның қабілетін белгілемейді, ол оның тестте берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруін белгілейді. Шындығында да философия мен ғылымы дамымаған ел өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды. Мемлекетте интеллектуалды жаңаша ойлай алатын адамдар болмаса, қоғамның ешбір  саласы сапалы жаңа деңгейге  көтерілуі қиын.  Қазір де саяси-экономикалық жағынан ілгерілеп,  алға шыққан мемлекеттер интеллектуалдық жағынан да дамыған мемлекеттер қатарында болып саналады.

Интеллектуалды тесттер

Бұрынғы кеңес психологиясында интеллектуалды тесттерді екі топқа бөледі:

  1. вербалды
  2. вербалды емес

Вербалды интеллектуалды тесттерде  стимулдық материал тілдік формада келтірілген. (сөздер, пікірлер, пайымдаулар, текст). Зерттелінушілер алдына қойылатын міндет осы тілдік формада келтірілген стимулдардың арасында логикалық-мағыналық байланыс орнату. Вербалды емес тесттерде стимулдық материал көрнекі формада (сурет, графика, сызықтар) немесе заттық формада келтірілген (кубиктер, заттардың бөліктері).  Сонымен, вербалды тесттер сөздік-логикалық ойлаудың деңгейін көрсетеді, ал вербалды емес тесттер бейнелі-логикалық және бейнелі-әрекеттік ойлаудың деңгейін көрсетеді.

Шетел психодиагностикада интеллектуалды тесттердің 3 түрі қарастырылады:

  1. әрекет тесттері
  2. тілдік емес тесттер
  3. вербалды емес

Әрекет тесттер әр түрлі әрекеттерді, қимыл-қозғалыстарды орындауды талап етеді. Тілдік емес тесттерде стимулдық материал вербалды емес формада келтіріледі, және инструкция көрсету.

Зияткерлілік коэффициент – (ағыл.т IQ — intelligence quotient,) адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. Оны арнайы жасалған тест арқылы, қарапайым адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап салыстыра анықтайды.

IQ тесттерін орташа есепке теңестіріп, шамамен 100 деп алатын болсақ, 50% адамдардың IQ-і 90 мен 110-ның арасында болуы тиіс немесе 25 % адамдардың  IQ-і  90-нан төмен, 110-нан жоғары болуы керек. Ал 70-ке жетпеген адамдардың ақыл-есі жетілмеген болып саналады.

1912 жылы неміс ғалымы Вильгелм Штерн зияткерлік коэффициентін енгізді. Ол адамдардың жас аралық ақыл-ой кемшіліктеріне аса мән берді. Штерн интеллект көрсеткіштерін жеке жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деп ұсыныс жасаған. IQ ең алғаш 1916 жылы Стенфор-Бине шкаласында қолданылды. Адамдардың IQ-ның гендік мәселеге тікелей қатысы бары «Plomin et al.» (2001, 2003) атты  кітаптан бастау алды. Балаларға жасалған сынақ нәтижесінде тұқым қуалаушылық 0,4 пен 0,8 көрсеткішін көрсеткен. Олардың IQ дәрежесі тек аз мөлшерде генетикалық тұқым қуалаушылыққа тәуелді екені, ал қалғаны қоршаған орта әсерінен қалыптасатыны анықталған.

IQ–ді қалай жоғарылатса болады?

Зерттеулер IQ-дің жоғары болуы 40-80 пайыз адамдардың генетикалық белсенділігіне байланысты деген қорытындыға алып келді. Алайда әртүрлі ізденістер, оқулықтар, білім алу және дұрыс тамақтану секілді іс-әрекеттерімен зияткерлілік коэффициентін жоғарылатуға болатыны дәлелденген.

 Жоғарылатудың жолдары:

  1. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Неліктен сіз интеллигент адам болғыңыз келеді? IQ-дің қандай болғанын қалайсыз? Егер де сіздің мақсатыңыз болмаса, сізді алдыға жетелейтін де ықпал болмайды, және де сіздің жасаған іс-әрекеттеріңіз аяқсыз қалады.
  2. Оқу.Кітап оқу, өз бетінше іздену секілді іс-әрекеттер IQ-ді міндетті түрде көтереді. Ғылымға бет бұра отырып сіз дүниетанымыңызды кеңейтумен қатар логикалық ойлау мен есептеу қабілеттеріңізді арттырасыз.
  3. Пазлдарды жасаңыз.The Wechsler Adult Intelligence Scale мен the Stanford-Binet ұйымдары адамдардың ақыл-ойын қалай дұрыс анықтау керек екені туралы сан алуан әдістер мен амалдар қарастырған. Сол себепті зияткерлілікті бір ғана әдіспен анықтау қате. Кез келген нәрсеге машықтану үшін бір әрекетті бірнеше рет қайталап, жылдамдық пен есте сақтау қабілеттеріне  қатысы бар жаттығуларды жиі жасап тұруыңыз керек.
  4. Суреттермен жұмыс. Суреттермен жұмыс кез келген нәрсені жақсы сипаттауға, суреттерді ажыратуға, бір-бірімен байланыстыруға көп ықпал жасайды. Алдымен өте аз уақыттың ішінде суретке қарап, көзді жұма кездейсоқ бір бөлігін таңдап сипаттауға тырысыңыз. Егер де алдыңызда тыңдаушы кісі болмаса, үнтаспаға жазып, жіберген қателіктеріңізді түзеп алыңыз.
  5. Медитация.Медитация ағзаның қан айналымын жақсартады, сонымен бірге ойыңызды, есте сақтауыңызды бір қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Күніне 30 минут уақытыңызды медитацияға арнаңыз. Сонымен қатар 10 немесе 15 минуттан әр кезде қолыңыз бос бола қалса медитация жасаңыз.  Таңғы жаттығулардан кейін және жатардың алдында істегеніңіз абзал.
  6. Жаттығу. Спорт – денсаулық кепілі. Таң ертең тұрып таңғы жаттығулар жасаңыз. Жиі жүгіріп, суға түсіп тұрыңыз.
  7. Дұрыс тамақтану. Аптасына кемінде 3 рет майлы балықпен тамақтаныңыз. Мәзіріңізде жеміс-жидек, көкөніс, дәнді-дақылдардың болғаны шарт.

Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара – психологиялық ерекшелігі.

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады. Бастауыш сыныпта оқыту барысында бала анық білім мен қабілеттілігін қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева, К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады.Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика — ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді.Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады. Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.

Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігін көресетеді. Қабілет жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүрді дейді К.Маркс. Ғылым осы тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.

Әрбір адамның іс-әрекеті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы — көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.

Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамдық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады.

Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады..

Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның  даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.

Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны «өнерлі тип», ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, «ойшіл тип» деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген. Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның  даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.

Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны «өнерлі тип», ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, «ойшіл тип» деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген.

Қорытынды

Интеллект деген — ақыл, парасат, таным, ғылым, білім деген ұғымды білдіреді. Интеллектуал  деп қарапайым сөзбен  білім-ғылымды меңгерген, ой-өрісі кең, өзіндік ойы-пікірі бар, жан-жақты  кемеліне келген адамды айтуға болады.  Былай қарағанда адамдардың бәрі бірдей. Бірақ кез-келген адам интеллектуал емес. Сондықтан да болашақта біздерге талантты, ғылымның барлық саласында алдыңғы сапта жүретін талапты да интеллектуалды жастар қажет. Сапалы білім біздің болашағымыз. «Жастардың және еліміздің басты капиталы — сапалы білім» — деп, Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастардың болашағынан үлкен үміт күтіп, оларға сенім артып парасатты, білімді, жан-жақты интеллектуал болып өсулеріне жол көрсетіп берді. Елбасы өз дәрісінде «1 тонна  металдан америкалықтар 20-30 компьютер жасаса, КСРО-да 5 рельс, ал Ауғанстанда ештене де жасалмайды» деген мысал келтірді. Бұл елімізге жаңа технология мен  ғылымның  жаңалықтарын өндіріске тікелей енгізіп отыруымыз керек дегені. Жалпы адамның интеллектуалдық деңгейін сол мемлекеттің философиясы мен ғылымының деңгейіне қарап байқауға болады.Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік — күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді. Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де,  осы күнге дейін оның тұрақты анықтамасы жоқ.Бүгінгі күнде дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген,  және дағдарысы мен дарындылық табыстылығы арасында қарама-қайшылық бар.  Дарындылық нәресте шақтан пайда болады,  ол үнемі дамытуы қажет етеді

Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандықка таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.Әрине, бүдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің үштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дүрыс үштасқанда  ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика