Есте сақтаудың тиімді жолдары 

Есте сақтаудың тиімді жолдары 

Күнделікті айланамыздағы зулап өтіп жатқан ақпараттардың бәрін есте сақтау мүмкін емес,бірі болмаса бірін ұмытып қала бересің,айталық: қажетті телефон нөмірі, емтихан не реферет тапсыру уақыты, автокөлік нөмірі,туған күндер…т.б. ТОҚТА! Өз атымызды ұмытып қалатын жағдайға жетпей тұрғанда ШАРА қолдану қажет!

Ендеше,есте сақтау қабілетін жақсарту әдістеріне СІЗ де көз жүгіртіңіз:

  1.  Ешқашан жалқаулыққа салынба. Өйткені, жалқау адамның ойлары әлсіз келеді де, есте сақтау қабілетін төмендетеді.
  2. Егер бір нәрсені ұмытып қалсаң,айталық: есеп-қисап цифрлері, бір сөздің мағынасы, әншінің есімі т.б. бірден сөздік,кітапша, интернет көмегіне жүгінбей, бірнеше минуттың ішінде еске түсіруге тырыс.
  3. Қызықты кітаптарды оқығаннан кейін қысқаша сюжетін, басты кейіпкерлердің аттарын қойын кітапшаға жазып қой. Уақыт өте әлгі жазбаны көзіңмен бір шолып, оқыған дүниеңді еске түсіріп отыр. Бұл еске түсіру қабілетін жақсарту жаттығуы болып табылады,оның үстіне достарыңның ортасындағы отырыстарда *жұлдыз* болуыңа ықпалы зор. Әйтпесе,әңгіме-дүкен барысында оқыған кітаптардағы оқиға желісі, кейіпкерлердің есімі кімнің есінде тұрады дейсің…ал сен оп-оңай зуылдатып бересің.
  4. Спортпен шұғылдан,көп қимылда,үнемі қозғалыста бол. Белсенділік адамның миындағы қан айналымды жақсартады, хабарламаларды қабылдау барысын реттейді.
  5. Есіңде болсын, көз алдыңда тұрған мәтінді мағынасын жете түсінбей жаттап алу кері әсерін тигізеді,неғұрлым өз сөзіңмен айтып жеткізсең, есте сақтау қабілетің жоғарылай түсері хақ.
  6. Қайталау- есте сақтаудың қайнар көзі болып табылады. Бірақ, мәтінді бір дегенде бес мәрте емес,бес күннің ішінде бір реттен /түнге қарай болса тіпті жақсы/ қайталап оқып отырсаң, әлдеқайда есте қалады.
  7. Қолөнер бұйымдарын тоқумен айналысуды үлкен апаларымыздың не үйде отырған әйелдердің ғана ісі деп танысаң-қателесесің. Тоқыма,шілтер тоқу, моншақ тізу,киім тігу істерінің бәрі- мидың есте сақтау қабілетін бекіте түседі.
  8. Балық, мұхит тағамдары, сұйық май,көкөністердің тигізер пайдасы зор. Кейде шоколод жесе де болады.
  9. Ал психологтарымыз шет тілдерін үйрену қартаюдың жолын қысқартады деп дәлелдеген көрінеді,яғни ол да есте сақтау қабілетін арттыруға ықпал етері сөзсіз.
  1.  Ал кей адамдар сандарды әр түрлі әдістер арқылы есте сақтайтын   көрінеді: 2218 санын жаттау үшін: 2 саны–аққуға, 1 саны–бағанаға, 8 саны- матрешкаға /қуыршақ/ ұқсайды, осыдан «жаттығу» құралады… «екі аққу ұшып келіп,бағанаға қонғанда, алыстан матрешканы көреді…» (күлкіңіз келіп кетті ме…сабыр сақтаңыз…бұл небәрі жаттығу түрі ғой…)

Related articles

Шелдон, Личко, Кречмер, Вундт бойынша мінез жіктелуі

  Темперамент – ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің бірі. Оған...

Адам мотивациялық сферасы

Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз...

Сана

  Сананың философиялық концепциясы Сана – болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам...

Дәрігердің коммуникативті дағдылары

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен...

Пациент мәселелерін және қажеттіліктерін анықтау. Пациенттің қажеттіліктерінің ауытқуын анықтау

Реферат Тақырыбы: Пациент мәселелерін және қажеттіліктерін анықтау. Пациенттің қажеттіліктерінің ауытқуын...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика